Ауыл шаруашылығындағы машина жасау
Доклад, 27 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Ауыл шаруашылығы -Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Саланы реттеудегі басты рөлді мемлекет атқарады. Қазіргі таңда аталмыш саладағы негізгі заңнамалық акті ҚР «АӨК және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңы болып отыр. Аталған заң елдің аграрлық секторын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың құқықтық және экономикалық негіздерін анықтайды.
Работа содержит 1 файл
Ауыл шаруашылыгы.pptx
— 960.68 Кб (Скачать){
Ауыл шаруашылығы
Орындағандар: Ерпанова Мадина
Иманбекова Ұлжан
Мусаева Мадина
Сарчекен Нариман
- Ауыл шаруашылығы -Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Саланы реттеудегі басты рөлді мемлекет атқарады. Қазіргі таңда аталмыш саладағы негізгі заңнамалық акті ҚР «АӨК және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңы болып отыр. Аталған заң елдің аграрлық секторын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың құқықтық және экономикалық негіздерін анықтайды.
- Ауыл шаруашылығының маңызы
- Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.
- Ауыл шаруашылық техникасы — ауыл шаруашылығында қолданылатын қондырғылар, машиналар мен құралдардың жиынтық атауы. Қазақстанда мақта, қызылша, картоп, көкөніс, бақ, мал шаруашылықтары, сондай-ақ топыраққа тыңайтқыш себу процестері жақсы механикаландырылған. Ауыл шаруашылық техникасы қолданылу мақсаттарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Энергетика, көлік және тиеуіш машиналарына түрлі тракторлар, тіркемелер, тиеуіштер, майқұйғыштар, жүккөтергіштер, жылу және электр моторлары жатады. Тракторлар тарту күшіне қарай түрлі кластарға бөлінеді. Олар жалпы және арнайы жұмыстарға арналған дөңғалақты және жыланбауырлы болып келеді. Павлодар трактор зауытында ДТ-75Т “Қазақстан” (класы 30 кН) тракторы шығарылады. Оған түрлі аспалы және жартылай аспалы құралдар жегіледі. Мұндай трактор көмегімен жер жырту, тырмалау, қопсыту, тұқым себу, қар тоқтату, суландыру жұмыстары атқарылады.
- Петропавлда шығарылатын қуаты 1 кВт агрегат шағын электр стансасы ретінде мал қораға, шопан үйіне, мал шаруашылығы мен егін ш-ның түрлі қызметтеріне жарық беру үшін қолданылады. Топырақ өңдеу, тыңайтқыш себу, егістік зиянкестерін жою мақсатында қолданылатын машиналар да топырақ өңдейтін аспалы және жартылай аспалы соқалар, қопсытқыштар, тісті, инетісті және делегейлі тырмалар, тығыздағыштар, тыңайтқыш сепкіштер, көң, сұйық тыңайтқыш шашқыштар; сұйық және түйіршікті улы қоспаларды бүріккіштер және тозаңдатқыштар, дән улағыштар, фумигаторлар, аэрозоль шашқыштар; қар тоқтатқыштар жатады.
- Қазақстанның ауыл шаруашылық машина жасау кәсіпорындарында (Астана, Қарағанды, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Атбасар, Өскемен т.б. қалаларда осы топқа жататын 57 түрлі күрделі және қарапайым ауыл шаруашылық техникасы шығарылады. Дәнді дақылдарды себуге, өсіруге, жинауға, өнімдерін баптауға арналған машиналар тобына: сепкіштер, қатар аралығын өңдейтін культиваторлар, астық орғыштар, астық комбайндары, сабан жинағыштар, дән тазартқыштар, кептіргіштер, астық тиегіштер жатады. Республикада бұл топқа жататын 17 түрлі машина, құралдар шығарылады
- Мал азығын дайындайтын машиналарға шөп орғыштар, жемшөп жинайтын комбайндар, шөп орғыш-ұсақтағыштар, шөп орғыш-жаныштауыштар, шөп тырмалары, ысырмалар, дестелегіштер, жинағыш-престер, жинағыш-шөмелегіштер, мая салғыштар, мая тасығыштар, сүрлем комбайндары, үйінді шөпті кептіргіштер жатады. Қазақстанда бұлардың 12 түрі шығарылады. Техникалық дақылдар өсіруге, жинауға арналған машиналарға арнайы жұмысқа бейімделген сепкіштер, отырғызғыштар, қарық жасағыштар, қатар аралық культиваторлар, мақта, картоп, томат жинайтын комбайндар, көкөніс жинағыштар жатады. Республика заводтарында олардың 7 түрі шығарылады. Бау-бақшада, жүзімдікте қолданылатын машиналарға соқалар, жинағыштар, жүзім жинағыштар, темекі жапырағын жинағыш сілкуіштер жатады
- Мал шаруашылығына арналған машиналарға мал фермаларында, жеке шаруашылықтарда қолданылатын сүт, ет, жүн т.б. өнімдер өңдеуді механикаландыратын машиналар мен жабдықтар, атап айтқанда мал азығын араластыратын, тиейтін, үлестіретін машиналар, азық шанақтары, мал суғаратын жабдықтар, сауын қондырғылары, сүт тоңазытатын аппарат, сүт сепараторы, қой қырқу, жүн өңдеу агрегаттары, қаракөл елтірісін өңдейтін жабдықтар, инкубаторлар, жылумен, сумен қамтамасыз ететін жабдықтар (сорғы, құдық қазатын және су тартатын қондырғылар, жылу генераторы мен жылытқыш аспаптар) жатады. Суландыру машиналары канал қазуға, егіс суғаруға, ашық және жабық дренаж жасауға, жаңа жер игеруге арналған.
- Суландыру машиналары канал қазуға, егіс суғаруға, ашық және жабық дренаж жасауға, жаңа жер игеруге арналған. Олардың қатарына экскаватор, бульдозер, скрепер, грейдер сияқты машиналар, механизмдер, сондай-ақ арық қазатын, тазалайтын, қарықша жасайтын, жер тегістейтін, тас жинайтын және ұсақтайтын, егін суғаратын қондырғылар мен жабдықтар, жаңбырлатқыштар жатады. Суландыру машиналарының кейбір түрлері Кентауда (экскаватор), Қызылордада (грейдер т.б.), Түркістанда (сорғы станәиясы) шығарылады. Орман шаруашылығында қолданылатын машиналарға орман соқалары плугтар мен фрезалар, орман культиваторлары, ор қазатын, алаң жасайтын, ағаш және бұта тамырларын қопаратын, кесетін, ағаш отырғызатын, ағаш тұқымдарын себетін, топырақтың беткі қабатын сыдыратын, өрт сөндіретін (мотопомпа т.б.) қондырғылар мен жабдықтар жатады.
- Алайда Бүгінгі күні еліміздің ауылшаруашылық саласы қажетті техникамен 40-60 пайыз мөлшерінде ғана қамтамасыз етілген. Оның да 80-85 пайызы әбден тозған. Бұл ауылшаруашылық дақылдарын өсіру және жинаудың агротехникалық талаптарына мүлде сәйкес келмейді. Сондықтан жарамсыз техникалар есептен шығарылып, шаруашылықтар заманауи жаңа техникалармен қамтамасыз етілуі қажет. Соңғы 15-20 жылда бұл керісінше, күрт қысқарып барады. Ал техниканың жетіспеушілігінен өсімдік шаруашылығындағы көптеген технологиялық операциялар толық орындалмай, агротехникалық талаптар бұзылуда. Бұл өнімділіктің 20-25 пайыз төмендеуіне алып келеді. Оның үстіне ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге дұрыс қолдау көрсетілмей отыр. Демеуқаржы тек жанар-жағармай, тұқым, тыңайтқыш, гербицидке беріледі, ал қажетті техниканы сатып алуға қаржы жетіспейді. Нақтырақ айтатын болсақ, негізі қорлардың есептен шығарылуы жаңа техника алуға қарағанда бірнеше есе көп. Ал машина-трактор паркін жаңарту дәрежесі соңғы 20 жылда 10-12,5 пайыздан 1-3 пайызға дейін төмендеді.
- Дамыған елдердегі ауыл шаруашылығын механикаландыру және машина жасау салалары жақсы дамыған. Соған сәйкес, техникамен қамтылуы да жоғары. Біз сол тәжірибені үйреніп, ең озық үлгілерін өзімізде енгізуіміз керек. Мысалы, ауыл шаруашылығының техникамен қамтылу деңгейі әр 1000 гектар егістік жерге шаққанда Германияда - 124, Голландияда - 91, Ұлыбританияда - 86, Францияда - 85, Бельгияда - 82, Италияда - 70, Данияда - 58, АҚШ-та - 35 трактордан тура келсе, бұл көрсеткіш ТМД-ға кіретін Өзбекстанда - 26, Украинада - 12, Беларусьте - 19, Ресейде - 4 дананы құрайды. Ал астық жинау комбайндары әр 1000 гектарға Швецияда - 32, Германия, Голландияда - 22, Данияда - 21, Бельгияда - 20, Францияда, АҚШ-та - 19, Ұлыбритания, Италияда - 14 данадан тура келсе, ТМД-дағы Беларусьте - 11, Украинада - 8, Өзбекстанда - 7, Ресейде - 5 дананы құрайды.
Дамыған мемлекеттерде 5, 10-15, 20-30 жылдарға арналған қысқа, орта және ұзақ мерзімді ауыл шаруашылығын механикаландыру бойынша тұжырымдама немесе техникалық саясат қабылданады. Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өндірісінің дамуына ықпал ететін ішкі және сыртқы әсерлер:Қазақстанда нақты ауыл шаруашылығы техникасын жасау және оны сату жүйесі қалыптаспаған, тұтынушылар өзімізде дайындалған техника және қосалқы бөлшектермен бар-жоғы 1 пайызға қамтамасыз етілген. Бұл жағдайдан шығу үшін ауыл шаруашылық өнімдерін сатудың кепілдікті баға механизмін реттеу және ауыл шаруашылығында қайта өңдеу салаларын дамыту өте-мөте қажет. Бүгінгі күні ауылшаруашылық машиналарын кім жасайды, кім құрастырады, қай зауытта жасап шығарылады, оны сынақтан кім өткізеді, кім тұтынушыларға жеткізіп береді, кім техникалық сервис қызметін көрсетеді деген өзекті сұрақтардың бірде-біріне толық жауап жоқ. Тиімді үйлестіру ұйымының жоқтығынан бұл сала құлдырау жағдайында тұр.
- Ауылшаруашылық машиналарын жасау саласының құрылымы терең қайта ұйымдастыру және түбегейлі техникалық жаңғыртуды қажет етеді.
Ғалым-экономист А.Төлембаеваның деректеріне сүйенсек, бүгінгі күні 60 пайызға жуық (қауіпсіздік дәрежесінен 3,5 есе артық) азық-түлік өнімдері сырттан тасымалданады. Егер шұғыл шаралар көтерілмесе, ауылшаруашылық өнімдерінің тапшылығы қайта өңдеу, мал шаруашылығы т.с. өндірістердің құлдырауына алып келеді. Ал ауылшаруашылық машиналарын жасау саласы - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі. Осы тұрғыдан да бұл саланы дамытуды жедел және мықтап қолға алу қажеттігі айқын көрінеді.
- Әлемде техника да көп, техника атқаратын жұмыс та көп. Дегенмен ауыл шаруашылығындағы техниканың орны өте ерекше. Өйткені атқарылатын жұмыстардың дені техниканың үлесіне тиеді.
- Ауыл шаруашылығының техникамен қамтамасыз етілу дәрежесі әрбір 1000 га егістік алқабына шаққанда:
- _• Тракторлармен: Германияда – 124, Голландияда – 91, Ұлыбританияда – 86, Францияда – 85, Бельгияда – 82, Италияда – 70, Данияда – 58, АҚШ-та – 35, Өзбекстанда – 26, Беларусьте – 19, Украинада – 12, Россияда – 4 дана тура келеді;• Астық жинау комбайндарымен: Данияда – 21, Бельгияда – 20, Францияда, АҚШ-та – 19, Ұлыбританияда, Италияда – 14, Беларусьте – 11, Украинада – 8, Өзбекстанда – 7, Россияда – 5 дана тура келеді. Бір комбайнмен жиналатын орташа астық алқабы: Швецияда – 32, Германияда, Голландияда – 45, Данияда – 48, Бельгияда – 50, Франция, АҚШ-та – 53, Ұлыбритания, Италияда – 72, Беларусьте – 91, Украинада – 125, Өзбекстанда – 143, Россияда – 200 гектарға тура келеді._
- Дамыған мемлекеттерде техникамен толық қамтамасыз етілуі нәтижесінде астықты 5-10 күнде толық жиып-теріп алады, ал бізде – 30-40 күнге созылады.
- отандық ауылшаруашылығы машиналарын жасау саласының жағдайы – Бұрынғы Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін еліміздегі ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсіпорындарының жұмысы ақсай бастады. Кеңес Одағында зауыттардың барлығы бір-біріне тәуелді (шынжырлы) ұстаным бойынша жұмыс істеген. Осы байланыс үзілген соң кәсіпорындар өз бетінше тәуелсіз жұмыс істей бастады. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында техника сату көлемі өндірілген өнімге байланысты болып, соның салдарынан техникамен қамтамасыз ету шетелден сатып алуға тәуелді болып қалды. Соның салдарынан елімізде машина жасау ісі дағдарыска ұшырады, ал ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласы толық тоқтады деп айтуға болады.
- .
- Республикада нақты ауыл шаруашылығы техникасын жасау және оны сату жүйесі қалыптаспаған, тұтынушылар отандық техникамен бар-жоғы 1%-ға жуық қамтамасыз етілген, қалған 99%-ы шетелден сатып алынған машиналар. Шетелдік техникалардың басым көпшілігі елімізге мемлекет тарапынан жүйесіз, реттелмеген, техникалық және технологиялық сараптамасыз, сынаудан өтпеген, мөлшерлемелі-техникалық құжаттарсыз сатып алынуда.
Әлемде ауыл шаруашылығы техникаларын жасап шығаратын 5 мыңға жуық фирмалар және кәсіпорындар бар. Бүгінгі күнде республикамызда 100-ден аса шетел фирмаларының әртүрлі ауыл шаруашылық техникалары пайдаланылуда. Тек, астық жинайтын комбайндардың 50-ден аса модификациялары кеңінен пайдаланылуда, олар – 15-тен астам фирмалардың өнімдері. Егер әрбір фирманың өзіндік техникалық құпиялары – «ноу-хауы» барын есепке алсақ, ол техникаларға сервис қызметін көрсету, қосалқы бөлшектер мен жағармайды жеткізіп беру, мамандар дайындау, инженерлік-техникалық қызметті ұйымдастыру қосымша мәселелер тудырады.
- Deere&Co, Case-New Holland, agco , SAME-Deutz-Fahr трансұлттық компаниялары әлемде пайдаланылатын техниканың 70%-ын шығарады. Бұдан басқа, жетекші фирмалар: claas (Германия) – дәнді дақылдарды жинайтын, kuhn (Франция) – жемшөп дайындайтын, Kverneland (Норвегия) – топырақты өңдейтін, Kongskidle (Дания) – тұқым себетін, «Беларусь өндіріс министрлігіне» қарасты зауыттар түрлі техникаларды шығарады.
- Жоғарыда аталған компаниялар мен фирмаларда материалдық-техникалық ресурстар, сондай-ақ түрлі қызметтермен қамтамасыз ететін жүйелер қалыптасқан, тұтынушыларға техниканы сату, сервис қызметін көрсету және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету бойынша дилерлер қызметі көрсетіледі. Барлық құрлықтарда фирмалардың өкілеттіктері, орталықтары, қоймалары, бас және жылжымалы шеберханалары бар, дилерлермен келісімшарт бойынша іс жүргізеді, кез келген мемлекеттерді қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету кепілдігін өз міндетіне алған. Егер қосалқы бөлшектер қажет бола қалса, оларды фирма 48 сағат ішінде қамтамасыз етеді. Ал егер ол 48 сағат ішінде жеткізіп бере алмаса, онда тапсырыста көрсетілген бөлшек тұтынушыға тегін беріледі.
- Еліміздегі машина жасау саласындағы кәсіпорындардың жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті техникалар шығаруға мүмкіндігі - Ең бастысы, бүгінгі нарық заманы ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өндірісін жаңғырту, бұл саланы техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтау жұмыстарын жүзеге асыруды өмірдің өзі талап етіп отыр. Қазіргі кезде сала кәсіпорындары ескірген технологиялар, әбден тозығы жеткен, өзінің қызметін өтеп болған станок және аспап-қондырғылар негізінде жұмыс істеп тұр. Ондай технологиялар мен станоктарды сақтап отырудың өзі кәсіпорындарымыздың экономикалық жағдайына кері әсер етеді. Жұмсалып жатқан қаражаттар олардың орнына жаңа, заманауи станоктар сатып алудан да қымбатқа түседі. Ол өндірісті үлкен шығынға соқтырады. Сондықтан елімізде заманауи ауыл шаруашылығы машиналарын жасауға шетелдің жетекші фирмалары мен компанияларын тарту керек.