Өлгеннен кейінгі өзгерістер

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 16:02, курсовая работа

Описание работы

Өлім пайда болуының жылдамдығына байланысты тез, кенеттен, агониясыз болған және баяу өлу, яғни бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке созылған агонияның болуымен дамыған өлім болып екіге бөлінеді.
Өлім белгілерін, күмәнді және нақты өлім белгілері деп бөлеміз.Өлімнің күмәнді белгілері өлім пайда болған бойда анықталатын белгілер және оған жатады:
а)пассивті, қозғалыссыз дене,

Содержание

Кіріспе:
Негізгі бөлім:
Өлім түрлері
Өлімнің ықшамдарын анықтау (Танатогенез)
Өлгеннен кейінгі өзгерістер

Работа содержит 1 файл

Желдыбаева Алия 220 патан.pptx

— 991.41 Кб (Скачать)

{

 

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

Өлім,Оның ықшамдары. Танатогенез.

Өлгеннен  кейінгі өзгерістер

 

                 

 

 

                                              Дайындаған: Желдыбаева А.М      220-топ ЖМФ

Тексерген:Апбасова С.А

 

 

 

Семей 2013 ж

    • Кіріспе:    
    • Негізгі бөлім:
    • Өлім түрлері
    • Өлімнің ықшамдарын анықтау (Танатогенез)
    • Өлгеннен кейінгі өзгерістер

 

    • Қорытынды бөлім.

 

    Пайдаланған  әдебиеттер тізімі.

 

  
 
 
               ЖОСПАР:

    • ӨЛІМ.
    • Өлім биологиялық түсінік, сонымен қатар адами қоғамдағы әлеуметтік құқықтық көрініс болып табылады.
    • Өлімнің биологиялық тұрғыдан жіктелуі табиғи немесе физиологиялық және де табиғи емес немесе уақытынан бұрын өлу деп бөлінеді.
    • Физиологиялық өлім организмнің қартаюымен немесе жаңа туған нәрестелердің физикалық және физиологиялық дамуы әлсіздігімен сипатталады, ал уақытынан бұрын өлу аурулардың, әртүрлі сыртқы әсерлердің, денсаулық жағдайына дәрігерлік және дәрігерлік емес әсерлердің, физикалық күйреудің, ашығудың сонымен қатар организмнің механикалық әсерлерден болған оттегіне ашығуынан болады.
    • Әлеуметтік құқықтық жіктелуі өлімді категориясына, туыстығына (род) және түріне бөлуді қарастырады. Категориясына байланысты өлім зорлық және зорлық емес өлім, яғни әртүрлі аурулар нәтижесінде пайда болған өлім болып бөлінсе, туыстығына (родына) байланысты: зорлап өлтіру, өзін - өзі өлтіру (өз - өзіне қол жұмсау) және кенеттен болған өлім болып бөлінеді.

 

 

    

Өлім пайда болуының жылдамдығына байланысты тез, кенеттен, агониясыз болған және баяу өлу, яғни бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке созылған агонияның болуымен дамыған өлім болып екіге бөлінеді.

Өлім белгілерін, күмәнді және нақты өлім белгілері деп бөлеміз.Өлімнің күмәнді белгілері өлім пайда болған бойда анықталатын белгілер және оған жатады:

а)пассивті, қозғалыссыз дене,

б) тері жамылғысының бозаруы

в) сана сезімнің (есінің) болмауы

г) тыныстың, пульстің, жүрек соғысының болмауы

д) термиялық, химиялық және т.б. тітіркендіргіштерге кез келген реакциялардың болмауы;

е) көз қарашықтарының жарыққа реакциясының болмауы

ж) дененің салқындауы.

Өлу процесінің сатыслары:

Агония алды жағдай, ткандік гипоксия мен ацидоз дамуына әкелетін қан айналысының және тыныс алудың айқын бұзылыстарымен сипаталатын жағдай. Бұл кезде адамда есінен тану, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясы әлсіз, рефлекстері әлсіреген, тыныс алуы және жүрек соғысы әлсіз, жиі және беткей, артериалық қан қысымы төмендеген. Бұл кезде организм негізгі өмірлік функцияларды қалпына келтіру және бір қалыпта ұстап тұруға бағытталған компенсаторлық механизмдерін қосады агония алды жағдай бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.

Терминалды үзіліс сатысы – кенеттен тыныстың тоқтауы және жүрек қызметінің тежелуімен сипаталатын бірнеше секундтан 3-4 минутқа созылатын жағдай. Адам толықтай есінен танады, рефлекстер жойылады. Бұл кезеңнің ерекшелігі ми қыртысының терең тежелуіне қарамастан, ондағы бульварлы орталықтар қызметінің сақталған, соның нәтижесінде организм дезорганизациялық сипатта болады.

{

 

Агония (күресу) – организмнің өмір үшін күресуі. Агония қысқа уақытқа тыныстың тоқтауымен сипатталады, кейін жүрек қызметі баяулап, әртүрлі мүшелердің функциялық бұзылыстары пайда болады. Бұл кезде өлу клиникасы зат аалмасудың терең бұзылыстары мен ткандік гипоксияның дамуымен сипатталады. Қан айналсының және тыныстың төмендеуінің нәтижесінде дамыған гипоксия, орталық нерв жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеледі, адам есінен танады. Тоникалық құрысулар пайда болады. Сфинктерлер босап, рефлекстер жойылып, көз қарашықтары ұлғайып, тыныс алу және жүрек қызметтері баяулайды. Артериялық қан қысымы төмендеп, толы,ымен жойылады. Жүрек қызметтері баяулауы өкпенің ісінуіне әкеледі. Өлім пайда болу кезінде алдымен тыныс, кейін қанайналу тоқтайды да адамның сыртқы келбеті өзгереді, яғни тері жамылғысының түсі бозарып, көз алмасы түседі, төменгі жақ (отвисает). Агонияның ұзақтығы өлімнің түрі мен механизміне байланысты әртүрлі болады. Ұзақтығына байланысты агонияны төртке бөледі: а) дене тұтастығының тез бұзылуына байланысты агонияның болмауы; б) әртүрлі сипаттағы жедел өлім кезіндегі 4-5 минуттық өте қысқа агония; в) бірнеше сағатқа немесе күнге созылатын агония; г) реанимациямен ұзартылған агония.  

Клиникалық өлім – тыныс пен қан айналсының тоқтауынан кейін дамитын орташа есеппен 5-6 минутқа созылатын кезең. Клиникалық өлім кезінде организмде дамитын бұзылыстар толығымен қалпына келуі мүмкін. Жалпы медицина үшін клиникалық өлім кезіндегі процестердің қайтымды болуының маңызы зор, себебіол реаниматологияның дамуына әкелді.

Биологиялық өлім - қайта қалпыны келмейтін жағдай, яғни бұл кезеңде адам организмінің маңызды функцияларын қайта қалына келтіру мүмкін емес. Ең алдымен қалпыны келмейтін бұзылыстар ми қыртысында пайда болады, бұл дегеніміз мидың өлімі болып табылады.

{

 

         

 

Танатология адам организмінің өлу процесін және өлгеннен кейінгі мәйіттік құбылыстардың пайда болуын зерттейтін ғылым.

Танатология жалпы және жеке танатология болып екіге бөлінеді. Жалпы танатология өлімнің статикалық және динамикалық сұрақтарын, өлім белгілерін мәйіттің сыртқы орта факторларымен әсерін, өлім себебін анықтау үшін мәйіттерді зерттеу ерекшеліктерін оқытады. Жеке танатология әртүрлі өлім түрлерін зерттейді.

    • Мәйіттік құбылыстар – организмнің өмірлік функцияларының тоқтауының нәтижесінде мәйітте дамитын қалпына келмейтін процестер. Бұл белгілер пайда болуына және даму мерзіміне байланысты ерте және кеш мәйіттік құбылыстар болып бөлінеді. Сонымен қатар, кейбір сыртқы орта факторларының табиғи әсеріне байланысты дамитын уақыт өтуіне тәуелсіз мәйіттік құбылыстарды да ажыратамыз.
    • Ерте пайда болатын мәйіттік құбылыстар, өлгеннен кейінгі алғашқы тәулік ішінде пайда болатын белгілер және оған дененің салқындауы, мәйіттің сіресуі, мәйіттің кебуі, мәйіттік дақтар және аутолизді жатқызамыз.

 

    • Мәйіттің салқындауы организнің барлық өмірлік маңызды қызметі, бірінші кезекте жылу алмасудың тоқтауының нәтижесінде жүрек қызметі тоқтағаннан кейін, біртіндеп дене температурасы төмендеп, сыртқы орта температурасымен теңеседі.
    • Қалыпты жағдайда мәйіттің салқындауы дененің ашық аймақтарынан (бет, мойын, қолбасы) басталады, кейін дененің киіммен жабық аймақтары салқындайды. Бөлмелік температура кезінде дене 1гр.С салқындайды. Ескеретін жағдай, мәйіттің салқындауына әртүрлі сыртқы орта факторлары әсер етеді, мысалы: ауаның температурасы, ылғалдылығы, ауаның қозғалысы, мәйітте киімнің болуы және оның сипаты, мәйіттің дене салмағы, өлім себебі, агонияның болуы және оның ұзақтығы. Бұл аталғандардың барлығын мәйіт температурасын және өлім пайда болу мерзімін бағалау кезінде ескеру қажет.

Мәйіттің салқындау дәрежесін алдымен дененің ашық аймақтарын, кейін киіммен жабылған аймақтарын пальпаторлы зерттеу арқылы анықтаймыз. Мәйіт денесінің салқындау температурасын жылы, жылырақ немесе салқын деп ажыратамыз. Дене температурасының салқындауы жөніндегі нақты мәліметті термометрия көмегімен анықтау қажет. Бұл үшін әйнек лабораториялық ртутный, электрондық және портативті электрондық термометрлер пайдаланылады. Термометрдің көмегімен мәйітте қолтықасты аймақтың, ауыз қуысының, тік ішек, өңеш арқылы кеуде қуысы ішілік және бауыр температурасын өлшейміз. Дененің салқындауы әр мүшелер мен тканьдерде біркелкі емес. Қолтық асты аймақтың темпертатурасы 16 сағаттан кейін, тік ішек температурасы 19 сағаттан және бауыр температурасы 25 сағаттан кейін қоршаған ауа температурасымен теңеседі.

{

 

  

 

Дене темпертаурасының салқындауын анықтау үшін белгілі бір уақыт ішінде бірнеше рет тексеру қажет.

Дене қызуының өзгеруі бойынша өлім пайда болған уақытты анықтау үшін келесі Бурман формуласын қолдануға болады:

t = 36,9-T/0,889

t- өлім пайда болған уақыттан бастап өткен уақыт, Т – дене қызуы

мысал: t = 36,9- 33,5/0,889=3,8 сағ.

немесе тік ішек қызуын өлшеу арқылы келесі Т.Фиддес және Т.Паттен формуласын қолдану арқылы анықтауғада болады:

t = 36,9-T/0,889

Тт – тік ішек температурасы;

және Н.П.Марченко және В.И.Кононенко формуласын қолданып кеуде қуысы ішілік қызуды өлшеу арқылы анықтауға болады:

t = Tж-Тт/Тч

Тж – тірі адамның қалыпты дене қызуы (36,6 C), Тт – кеуде қуысы ішілік дене қызуы, Тч-кеуде қуысы ішілік дене қызуы төмендеуінің орташа мәні.

              

 

 

    • Мәйіттік сіресу - мәйіт бұлшықеттерінде біртіндеп дамып олардың тығыздалуына, қатаюына және қысқаруына әкелетін процесс. Сіресу әдетте өлгеннен кейін 1-3сағаттан соң, алдымен беттің шайнау бұлшықеттерінде, кейін мойын, кеуде, іш, аяқ қол бұлшықеттерінде дамиды. Бұлшықеттік сіресу 24 сағаттан соң ең шарықтау шегіне жетеді, ал 24-48 сағаттан соң пайда болу реттілігімен біртіндеп босаңсиды да 3-7 күн ішінде толықтай жазылады. Бұлшықеттік сіресудің пайда болу уақыты мен сатысы сыртқы орта факторларынада тәуелді. Бұлшықеттік сіресудің дамуында өлім түрінің, өлу процесі және өлім себебінің алатын маңызы зор.
    • Бұлшықеттік сіресуді пальпация арқылы, мойынды бүгу, жазу және бұру, сонымен қатар қол аяқтарды буындарда бүгу және жазу арқылы тексереді.

 

    • Мәйіттік кебу. Өлгеннен кейін тер және басқада бездердің бөлу қызметтері тоқтайды, нәтижесінде дененің белгілі бір аймақтарындағы ылғалдылық сыртқы факторлардың әсерінен буланып (испаряется), дененің кебуі пайда болады. Ең алдымен көздің қабақпен жабылмаған аймақтары кеуіп бастайды. Өлгеннен кейін 1-3сағаттан кейін көздің мөлдір қабығы мөлдірлігін жояды, (роговица) 6-12 сағаттан кейін үшбұрышты сарғыш күлгін түсті кебу аймағы пайда болады (Лярше дағы).

 

    • Мәйіт дақтары тері және теріасты май шел қабатында жиналған қанның мәйіт терісі арқылы көрінуі. Мәйіт дақтарының пайда болуынынң негізінде қанайналысы тоқтағаннан кейінгі ауырлық күшінің әсерінен төмен орналасқан дене аймақтарына қанның ағумен түсіндірілетін физикалық процесс пен тамыр қабырғаларының жиырылуы, яғни капиллярларда қанның ығысуына әкелетін фактор жатады. Мәйіт дақтары өлгеннен кейін бір екі сағаттан соң пайда болады және ол ашық көкшіл, көкшіл күрең және күлгін түсті болуы мүмкін. Мәйіттік дақтардың пайда болуынада негізгі үш сатысын ажыратады. Бірінші мәйіттік гипостаз өлгеннен кейін ауырлық күшінің әсерінен қанның ағуының нәтижесінде төмен орналасқан дене мүшелерінің веналары мен капиллярларында қанның жиналуы. Бұл процесс өлгеннен кейін бір екі сағаттан кейін басталып сегіз он бес сағатқа дейін созылады. Бұл кезде саусақпен басып қараған кезде немесе мәйітті жатқан бетінен ауыстырған кезде өлік дағының толықтай жойылып тез қалпына келуімен көрінеді.
    • Екінші сатысы мәйіттік стаз плазма диффузиясының жалғасуының нәтижесінде тамырлардағы қанның одан әрі қоюлануымен сипатталады. Бұл сатысы 24-28 сағатта шарықтау шегіне жетеді және саусақпен басқан кезде бозарып баяу қалпына келеді. Үшінші сатысы мәйіттік имбибиция. Екінші сатыдан үшінші сатыға өту әртүрлі мерзімде болуы мүмкін және ол ең алдымен қоршаған ортаның ауа температурасына тәуелді. Эритроциттердің шіріп ыдырауына және сонымен тікелей байланысты гемолиздің әсерінен ыдыраған қансарысуының айналасындағы тіндерге сіңуі, бұл кезде саусақпен басқан кезде мәйіттік дақтар түсін өзгертпейді. Мәйіт дақтарының орналасуы оның положениесіне байланысты.
    • Өлік дақтарының түсі негізінен өлу жылдамдығы мен өлім себебіне байланысты. Кенеттен болған өлім, асфиксия және электрожарақаттар кезінде тез пайда болған өлім кездерінде қою қошқыл түсті болады, ал өлу процесі ұзаққа созылған жағдайда, кан тамырларды қоюланады да дақтар ашық күлгін түсті болады.

 

    • Аутолиз өлім пайда болғаннан кейінде кейбір мүшелер мен тіндерде ферменттердің бөлінуі жүреді. Ферменттердің белсенділігі (пепсин, трипсин и т.б.) бірден тоқтамайды, сонымен қатар жасушалар ыдырап ферменттер шығарады. Алдымен аутолиз протеолитикалық ферменттері жоғары деңгейде жинақталған мүшелерде (ұйқы безі, бүйрек үсті безі, талақ, бауыр) басталады. Тіндер мен мүшелер жұмсарып, олардың құрылысының бұзылуы болады.

 

Шіру – аэробты және анаэробты микробтардың әсерінен белоктардың шоғырлануы. Шірудің пайда болуына әсер ететін факторлар: температура және оттегінімен қамтамасыз етілуі және ылғалдылық.

Шіру түрлері:

А) құрғақ, денеде сұйықтық аз болғанда (кахексия, қан кету кезінде)

Б) ылғалды, сүйықтық көп болған жағдайда (әртүрлі ісіктер кезінде)

В) газды, микробтар көп болған жағдайда (сепсис, суға бату)

Шірудің белгілері: а)мәйіттік көгеру (трупная зелень), бастапқы кезде мықын аймақтарында, кейін, уақыт өтуіне байланысты дененің барлық аймақтарында пайда болады. Оның негізінде тамырлардағы қан шіріп, гемоглабиннен күкіртті темір түзілуі жатады;

б) шіру көпіршіктері

в) мәйіттік эмфизема (ісіну).

Майлану (жировоск) пайда болуының негізінде ауа алмасуының (аэрация) жеткіліксіздігі немесе толықтай болмауы жатады, бұл дегеніміз мәйіттің бұзылуының баяулауына немесе толықтай тоқтауына әкеледі. Майланудың пайда болу мерзімі әртүрлі, мыс. ылғалды жерлерде немесе судың астында алты айдан кейін пайда болуы мүмкін.

    • Мумификация мәйіт тіндері мен мүшелерінің сусызданып, құрғауы. Мумификацияның пайда болуының басты себебі мәйіттің ашық ауада болуы, яғни құрғақ климат, қоршаған ауа температурасының жоғары болуы және вентиляцияның жақсы болуы, ал егер мәйіт көмілген болса топырақтың құрғақ болуы. Мумифицирленген мәйіттің көлемі мен салмағы аз болады, себебі тері асты май шел қабаты жойылып, үшкі мүшелер мен бұлшықеттердің көлемі кішірейеді. Мәйіт терісі күлгін қоңыр түсті, өте құрғақ, қатты, сынғыш болып келеді. Мумификация кезінде мәйіт бірден немесе біртіндеп кеуіп бастауы мүмкін.
    • Трофтық илену процесі мәйіттер ұзақ уақыт болотада (балшық) немесе суда болған жағдайда әртүрлі қышқылдық заттардың әсерінен пайда болады. Мәйіттің сыртқы көрінісі мумификация процесі кезіндегідей болады. Торфтық илену кезінде мәйіттер өте ұзақ мерзім сақталады.

Информация о работе Өлгеннен кейінгі өзгерістер