Силикаттан жасалған кірпіштің өндірісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 20:14, реферат

Описание работы

Кірпішті өндіру – бұл күрделі көп сатылы процесс. Барлық операциялар белгілі бір уақытта жасалады. Әңгіме кірпіштің шикізат негізі жайлы: құм мен әк. Олар бөлек және бір уақытта жасалады. Бірақ барлығы жайлы кезек-кезек айтамыз. Бұл кірпіштің негізі. Кірпіштер құмнан жасалады. Осы көне құрылыс материалының негізін құрайтын бұл алғашқы материал. Карьер «Октябрьский» деп аталады. Карьер көлемі 86 гектарды құрайды. Мамандардың болжауынша, қазіргі уақыттағы құм шығару қарқыны 40 жылға жетеді. Карьер зауыттың жанында орналасқан.

Работа содержит 1 файл

Силикаттан жасалған кірпіштің өндірісі.docx

— 30.71 Кб (Скачать)

Силикаттан жасалған кірпіштің өндірісі

Адамзат әрқашан «Өз үйім – өлең төсегім» деген принципті ұстанып жүрген. Біз жайлылықты жақсы көреміз, өзімізді қауыпсіздікте сезінгенді ұнатамыз. Көне заманда да солай болған, бүгінде дәл сондай жағдай. Біздің ата-бабаларымыздың идеялары түрлі болған. Олар құрылыс материалдарының орнына сабанға араластырған саз балшықты қолданған. Заманға сай кірпіштің алғашқы түп нұсқасы осындай болған. Оны жаппай Көне Мысырда жасай бастаған. Бүгін кірпішті өндіру процессі жаңара түсті.

Кірпішті өндіру – бұл күрделі көп сатылы процесс. Барлық операциялар белгілі бір уақытта жасалады. Әңгіме кірпіштің шикізат негізі жайлы: құм мен әк. Олар бөлек және бір уақытта жасалады. Бірақ барлығы жайлы кезек-кезек айтамыз. Бұл кірпіштің негізі. Кірпіштер құмнан жасалады. Осы көне құрылыс материалының негізін құрайтын бұл алғашқы материал. Карьер «Октябрьский» деп аталады. Карьер көлемі 86 гектарды құрайды. Мамандардың болжауынша, қазіргі уақыттағы құм шығару қарқыны 40 жылға жетеді. Карьер зауыттың жанында орналасқан. Сондықтан шикізатты жекізуде зауытта еш қиындық туындамайды. Карьерден құмды жүк көліктерімен тасиды. Бақылау пунктінің қақпаларынан жүк көліктері құмды сақтау қоймасына барады. Қойма іші лас сияқты көрінгенімен ол жер өте таза. Құммен байланысты өндірістегі тазалық сақталады. Осы кезеңде барлық операцияны фронтальды жүк тиегіш атқарады. Оның қуаттылығы жарты тонна құмды діріл қоректендіргіші бар бункерге салуға мүмкіндік береді. Осы жерден шикізат келесі кезеңге ауысады.  

 

Бірақ алдымен құмды сеуіп алу қажет. Сондықтан материал ленталы конвейерде «дірілгүрсіл» атты қорқынышты атауы бар машинаға жіберіледі. Нақтырақ айтсақ – дүрілгүрсіл – елеуіштің рөлін атқаратын қондырғы. Көлемі 20/20 және 10/10 мм екі тор бөтен денелерді алып тастайды: ірі тастар, саз, және басқа да табиғи қоқыстар. Ал тазаланған құм сақтау бункеріне апарылады.  Сонымен, бөтен қоспаларсыз және түйіршіктерсіз құм ленталы конвейер арқылы бункер-жинақтаушыға жіберіліп, ол жерде келесі кезегін күтеді.Силикат кірпіштің екінші құрамдас бөлігі – әк дайындайды. 

 

Жүк тиегіш арқылы сөндірілмеген әкті қоймадан қабылдау бункеріне жібереді. Назар салыңыз, кесек әк қолданылады. Сондықтан оны құммен араластырмай тұрып, шикізаттың бұл түрін дайындаған дұрыс. Алдымен әкті ұнтақтағыш қондырғыдан өткізеді. Оның көлемі 10 есе азаяды: 5-тен 0,5 мм дейін. Кірпіштің өндірісі үшін шикізат әлі ірілеу. Сондықтан көлемі мен кейпін анағұрлым өзгерткен әк келесі қондырғыдан өткізіледі – усақтағыштан. Мұнда қажетті түйіршік көлемі жасалады – 0,08 мм-ден 8 микронға дейін. Осы қондырғыдан шығарда – әк шаң түрінде шнек конвейері арқылы жинақтаушы бункерге жіберіледі.  

 

 

 Шикізат материалдарын тасымалдау: құмды, әкті осы кезеңде пневмотранспортерлердің көмегімен жасалады. Майдалаудан өткізілген құм мен әктің құрамы өте майда болады. Олар сорғы мен ауаның арқасында айдалады.  Әк-құм қоспасын дайындау автоматтық түрде іске асады. Шикізат материалдары мөлшерлеуіштер арқылы екі валдық араластырғыш қа түседі. Оның ішінде құмның ылғалдығын өлшеуіш пен тартқыш орналасқан. 

 

Бұл өлшеулерді жасау қажет, өйткені әк сөндірілмеген болып түседі. Сөндіру процессі келесі кезеңде жасалады. Сондықтан құмның ылғалдығының көрсеткіші өте маңызды. Судың қандай көлемін беру керектігі соған байланысты. Компоненттерді араластыру екі валды араластырғышты жасалады. Бірақ ауа конвейері арқылы шикізат 8 пайыз әк, 90 пайыз құм үйлесімділігімен жіберіледі. Қалған 2 пайыз суға қалады. Алайда, соңғы компоненттің көлемі шикізаттың ылғалдылығына қарап жасалады. Кірпіш қоспасы араласқан соң раектор бункеріне түседі, онда біраз уақыт сақталады. Бұл әкті сөндіру үшін жасалатын әдіс. Бірақ әк неліктен көпіршіктену және сөну процесін ертерек бастамайды? Өйткені әктің сонуіне уақыт керек. Екі сағат ішінде әк реактор суыққоймасында бұқтырылады. 90 градустың температурада . Мұнда әк гидратация процессінен толығымен өткізіледі. 

 

Гидратация — Су молекуларалырының басқа заттардың молекулалары мен иондарына қосылуы. Біздің жағдайда – кальций тотығына, бұл әктің негізгі құрамы.Нәтижесінде, ақ майда ұнтақ аламыз – гидтарры әк. 

 

Құм, әк, су – кезек кезек суқоймаға салынады. Температура 30-дан 90 градусқа дейін көбейетінін көрсетеміз. Ыстық бу шығады. Бәрі қайнауда. Қасында уақыт: 0 ден 120 минутқа дейін. Басқа тұрба бойынша шыққан қоспа төгіп жіберілді. Содан соң реактордан дайын силикатты қоспа екі валды араластырғышқа массаны араластырып, ылғалдау үшін жіберіледі. Оны қажетті қалыптасу деңгейіне дейін ылғалдайды. Қоспа температурасы 50 градусқа дейін төмендейді. Сосын ол қысқыштар бункеріне шикі кірпішті жасауға жіберіледі.

Қысқыш әрекетінің принципі: Қондырғы астының қозғалмалы бөлігі – құйылғыш форма.  Бірінші отсекте пішін шикізатпен толтырылады. Одан кейін қысқыш-пішіне көшіріліп, 140 вар қысыммен шикі өнімнен үйреншікті кірпіштен жасалады және төсеуге жіберіледі.                                          

Кірпіш әлі шикі кезінде кеуіп үлгермегендітен оны буға ұстап алады. Егер процестің осы міндетті әрекетін ескермесе, кірпіш қирап қалады. Осындай вагоншаның біреуінде 672 кірпіш бар. Олармен қолмен тасыған әрі ауыр, әрі ұзақ уақыт алады. Сондықтан вагоншалар электр қуатты көпір арқылы жөнелтеді. Бұл өзіндік паром, рельс арқылы жүреді, бір уақытта осындай 2 вагонша таси алады.. Келісін өлшесе ше? Осындай қондырғысыз әрине, қиын болар еді.... 

 

Кірпішті буға ылғалдау автоклавта жасалады. Осындай бір бункер 20 вагоншаға тиеледі. Автоклавтың ішінде бір сантиметр квадратқа сәйкес келетін 16 келілік қысым жасалады. Температура 203 градусқа дейін көтеріледі. Нәтижесінде, компоненттердің кристалдануы орын алады. Бұл химиялық әсер жұмсақ және ылғалданған кірпішті мықты материалға айналдырады. Назар салыңыздар, автоклавқа түскенде шикізаттың түсі қандай болады? Және шығарда қандай?Барлық кірпіштердің түсі бірдей болмайды. Олардың түсі неге байланысты деген сұраққа жауап іздемес бұрын, кішкене өткенге көз жүгіртейік, шикізаттың қысымға жіберілу процесіне. 

Компоненттерді араластыру және процесстің гидратациялау кезеңінде – болашақ өнімнің түсін анықтайтын бояу қосылады. Бұл кәсіпорында күлгін түсті, қара және жасыл кірпішті де дайындауға тапсырыстар алған.

Жалғастырайық. Кірпішті булап болғаннан кейін, оған демалуға уақыт қажет. Кірпіш 2,5 сағат суиды. Дәл осы уақытта әрбір партиядан зертханалық зерттеулер үшін үлгілер алынады. Егер барлығы дұрыс болса, пачкаға кірпіштің нөмірі мен маркасы жапсырылады. Сөйтіп ол буып түбге аттандырылады. Порталды ұстатқыш кірпіш пачкасын ағаш діңгекке қояды. Осыдан кейін оны тікесінен, сосын көлденеңінен байлап, дайын өнімдер қоймасына аттандырады. 

 

Процестің Соңғы кезеңінде басты манипуляциялар жасау қалды. Технологияның бұл кезеңі қаптамасыз атқарылады. Кірпішті полимерлі пленкаға ораудың қажеті жоқ. Ең бастысы пачка формасын жоғалтпас және шашылып қалмау үшін оны резеңкемен тартып тастау керек. Каршы дайын құрылыс материалын вагондарға тиейді, сөйтіп кірпіш өзінің қажет жеріне дейін саяхатқа аттанады. Бір үйдің немесе зәулім сарайдың сенімді бөлігі, ұзақ мерзімді тірегі болуы үшін.


Информация о работе Силикаттан жасалған кірпіштің өндірісі