Экономика в сфере торговли

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 20:08, реферат

Описание работы

«Есеп, аудит және талдау» кафедрасының аға оқытушы Жұматаева Бақытжамал Әшімқызы, сайт internet – bahyt_ jumataeva@mail.ru

Байланыс телефон: 358129, ішкі 55-07(жұм.)

Содержание

1. Силлабус 4

2. Глоссарий 8

3. Қысқаша дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойына әдістемелік нұсқау 11

4. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі 87

5. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен оларға, методикалық нұсқау 88

6. Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар мен оларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 99

7. Семинарлық және практикалық сабақтарды өткізу жоспары және дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулар 101

8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар 107

9. Оқу пәні бойынша иллюстрациялық материал…..............................................................124

Работа содержит 1 файл

УМК Стат пром 29.10.11 вечер.doc

— 344.00 Кб (Скачать)

a)      Берілген айдағы өндірілген, тиелген және төленген тауарлық өнім

b)      Қоймадағы және жолдағы дайын тауарлық өнімдердің қалдықтарының өзгерісі, кезең басындағы және аяғындағы қалдық құндарының айырмасы ретінде.

Қазіргі уақыттағы кәсіпорынның көтерме – босату бағаларында есепке алынады. Қазіргі таңда статистикалық есептіліктің №1-П формасында өнім бойынша- сатылған өнім бойынша «сату көлемі» құндық көрсеткіші түрінде көрсетіледі.

    2. Өмірде еңбек бөлінісінің кеңдігіне орай бір саладағы қызметкерлер бірақ әр түрлі кәсіпорындарда әр түрлі жұмыс түрлерімен айналысады. Біреулерінің еңбегі материалдық құндылықтарды өндіруге бағытталған, енді біреулердің еңбегі әртүрлі қызметтер мен жұмыстарды атқаруға бағытталған. Кезең соңында қызметкерлер берілген салада қандай қызмет түрімен айналыспасын барлық еңбек нәтижесінің құндық сипаттағы есептілігін беру қажеттілігі туындайды. Біздің елімізде осы мақсаттар үшін түгелдей өндіріс көлемінің есебіне арналған құндық көрсеткіштер қатары ойластырылған және қолданыста, кәсіпорындар, яғни микродеңгейде, сонымен қоса макродеңгейде де:

1.       Материалдық өндіріс саласы деңгейінде де;

2.       Өндірістік және өндірістік емес қызмет саласындағы барлық халық шаруашылығы деңгейінде.

   Нарыққа көшу жағдайына байланысты өзара байланысты, тұтастай экономиканың жалпы нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі өзгерді. Халық шаруашылығында ертеде қолданылған баланс макроэкономикалық үлгі ретінде қазіргі таңда мемлекеттің қазіргі заманғы экономикалық даму талаптары мен тенденцияларын жауап бере алмайды. Халықаралық стандарттар мен нарықтық экономикаға бағдарланған ұлттық статистика есебінің үлгісін енгізу тәжірибелік қажеттілікте туындады. Бұндай үлгі әлемнің 120дан астам елінде қолданыста және «ұлттық шоттар жүйелері» (ҰШЖ) деген атқа ие. ҰШЖ өзара байланысты өндіріс, бөлу, қайта бөлу және өнімді ақырғы пайдалану көрсеткіштерінің балансын сипаттайды. ҰШЖ нарықтық экономика талаптарына толықтай жауап береді. Халық шаруашылығы балансының теориялық негізі жалпы қоғамдық өнімді,өндіріс процесінің кезеңдерін, халық шаруашылығындағы материалдық және өндірістік емес қызмет салаларындағы шекараны оқыту болып табылады. ҰШЖ құрылымының негізінде «шаруашылық айналым» тұжыырымдамасы жатыр, ол тұжырымдама ең бірінші экономикалық айналымды сипаттайды. Бұндай тұжырым экономиканы біртұтас етіп қарастырады. ҰШЖ экономикалық айналымның неғұрлым дамыған үлгісі, өйткені ол кірістердің пайда болуынан соңғы қаржылық нәтижелерге дейінгі , қаржылық активтер мен пассивтер,олардың құрамыныдағы өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді. Халықаралық статистикада қоғамдық өндіріс нәтижелерінің көрсеткіштерінің 2 жүйесі танымал. Біздің елімізде халық шаруашылығының баланстық жүйесінде негізгі жинақтаушы көрсеткіштер:

1.       Жиынтық ұлттық өнім

2.       Ұлттық табыс

ЖҰӨ- 1 жыл ішіндегі барлық материалдық игіліктердің құны. Ол жиынтық өнім сомасы сияқты анықталады, сондықтан бұл көрсеткішті жалпы ұлттық өнім деп те атайды.

ЖҰӨ= жиынтық өнім сомасы= С + V + m

жиынтық өнім сомасы – материалдық өндіріс саласындағы барлық кәсіпорындардың

С- негізгі және көмекші материалдар мен шикізаттардың құны

     Жанармай құны

     Барлық материалдық шығындар құны

     Энергияның барлық түрлерінің қосындысы

     Еңбек шығындары

     Амортизациялық аударымдар

V- тірі еңбек төлемдері (еңбекақы, кәсіпорын дотациялары, сыйақылар)

m-пайда

С + V – с/ст-ть

V + m – таза өнім

C + V + m – толық құн

ТАЗА ӨНІМ.

Таза өнім- белгілі бір уақыт мерзіміндегі еңбекті бағалау нәтижесі. ТӨ өз құрамында өнімге аударылған өткен еңбек шығындарын есепке алмайды. ТӨ 2 тәсілмен есептеледі:

1.       Берілген кезеңге жалпы еңбекақы қорына қайта бағаланған құн арқылы алынған табысыты қосу арқылы. ТӨ «қосылған құнның» өзі.

ТӨ= V + m

2.       Жиынтық өнім мен материалдық шығындар арасындағы айырма ретінде алынады.

ТӨ= ЖӨ- МЗ

 

ШАРТТЫ ТАЗА ӨНІМ

Бүкіл әлем экономисттері жаңа өнімді, қызметті құру барысында қалыпты деңгейде қызметкерлер еңбегі сияқты өнімге деген құны амортизациялық аударымдар түрінде көрінетін негізгі қорларды да қабылдайды. Сондықтан, қайта құрылған құнды ШТӨ көрсеткіші бойынша есептеу қажет деп есептейді, ол өз кезегінде ТӨ мен амортизациялық аударымдар қосындысы арқылы табылады.

ШТӨ=ТӨ+А

Экономистер ойынша, қызметкерлер еңбегі неғұрлым негізгі қорлармен толықтырылса, соғұрлым ол өнімдірек болып табылады деп есептейді. ТӨ мен ШТӨ микродеңгейде-кәсіпорындар мен салалар деңгейінде есептеледі.

ҰЛТТЫҚ ТАБЫС.

ҰТ – бұл қайта бағаланған құн, бірақ толықтай материалдық өндіріс саласында. Ол ЖҰӨ бір бөлігі.

V-жеке табыс, қызметкерлердің еңбек еткендері үшін төлемдері.

m- қоғамдық табыс, мемлекеттік, муниципалды бюджет арасында қайта бөлінеді, салық және басқа да міндетті төлемдер үзеге асқанна кейінгі қалған жоғары тұрған ұйымдар арасында айыппұл және басқа да төлемдер түрінде және ұйымның таза табысы түрінде көрінеді.        

 

 

4- Тақырып   Негізгі капитал статистикасы

Мақсат: негізгі капитал, оның  классификациясы,  негізгі құралдар балансы түсінігіне анықтама беру.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: негізгі капитал, айналма капитал, актив және пассив балансы, негізгі қор.

Мазмұны:

1.       Негізгі капитал түсінігі

2.       Негізгі капиталдың классификациясы мен оны бағалау

3.       Негізгі капитал балансы

4.       Негізгі капиталды қолдану көрсеткіші

1. Негізгі қор түсінігі

Негізгі қор –  бұл негізгі капитал, инвестициялық ресурстар. Өндіріс процесі жүзеге асу үшін ресурстардың 3 түрі қажет:

1.     еңбек тәсілдері (НҚ – негізгі капитал)

2.     еңбек құралдары (айналма капитал)

3.     еңбек ресурстары (еңбек капиталы) – шығындардың құны еңбекақы болып табылады.

Негізгі капитал немесе инвестициялық ресурстар – бұл тауарларды өндіруде, жұмыстар мен қызметтерді орындауда және оларды соңғы тұтынушыға жеткізуде қолданылатын барлық өндіріс тәсілдері.

НҚ – бұл ғасырлар бойы жұмысшылар жасаған, мемлекеттің халықтық байлығының негізгі бөлігі. Оларға бағасы 100 млн. асатын, қызмет ету уақыты 1 жылдан көп барлық НҚ жатады.

НҚ былайша бөлінеді:

1.     өнеркәсіптік – өндірістік НҚ – олар негізгі өндірісте қолданылады

2.     өндірістік емес НҚ – материалдарды өндіру процесіне қатыспайды, барлық шаруашылықтар мен өндірістік емес сферадаға қызмет көрсетеді.

     Өнеркәсіптік – өндірістік НҚ  ұзақ уақыт бойы өндірістік процеске қатысады, олар біртіндеп тозады және тозу құны-амортизациялық есептен шығару- бойынша өзінің құнын дайын өнім бөлшектерінің өзіндік құнына ауыстырады. Қызмет ету мерзімінде олар сыртқы-табиғи формасын өзгертпейді және кәсіпорынның өзінің құралдары – пайда, амортизациялық қор есебінен бағасының ұдайы өндірісін жүзеге асырады.

     Өндірістік және өнеркәсіптік емес НҚ қосымша құнмен қоса жоғалтқан пайдасының  орнын толтырады.

НҚ өндіріске қатысуына байланысты  2 түрге бөлінеді:

1. Активті (машиналар, жабдықтар) – өндірістің нәтижесіне, өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің саны мен сапасына  әсер етеді.

2.   Пассивті – өндіріс процесіне қатыспайды, тек сол процеске қажет жағдайды жасайды.

Кәсіпорындар әртүрлі НҚ қажет ететін әртүрлі қызметтер жасайды, сондықтан НҚ өндіріс процесіндегі рөлі, құрылымдық ерекшеліктері, қалыптасуы, қызмет ету уақыты және т.б. қасиеттеріне байланысты тағайындалуы мен қолдану сферасына қатысты классификацияланады.

2.     Негізгі капиталдығ классификациясы мен бағасы

НҚ зерттеуде олардың топтары қолданылады:

1.     экономикалық тағайындалуы бойынша (өндірістік және өндірістік емес)

2.     меншік формасына байланысты

3.     салаға байланысты

4. тағайындалуы мен қызметтеріне байланысты түрлері бойынша:

·        ғимарат

·        құрылыс

·        қосымша құрылыс

·        машиналық жабдықтар 

·        транспорттық құралдар

·        құрал-саймандар

·        өндірістік инвентарь

·        өзге де НҚ

     НҚ бағасы

НҚ бағасы мыналармен байланысты болуы мүмкін:

1.     ұштастырылу кезеңіне. Оның түрлері:

а)   бастапқы құн

б)   қалпына келтіру құны

2.     күйіне. Түрлері:

а)   толық бастапқы құн

б)   қалдық

Толық бастапқы құн – бұл жеткізумен, жинаумен, орнатумен, ескі құралдарды жөндеумен байланысты қосымша шығындарды қосқандағы НҚ бастапқы құны.

Қалпына келтіру құны – бұл қазіргі заманғы жағдайда НҚ алу мен жүргізу үшін шығындар құны. Ол НҚ қайта бағалау кезінде анықталады.

Тұтынушы қасиеттерiне байланысты әртүрлi уақытта алынған негiзгi қор

әртүрлі бастапқы құнға ие, сондықтан  мұндай аралас баға толық

бастапқы құн бойынша негiзгi қор көлемі динамикасын талдауға  мүмкiндiк бермейдi.

Негiзгi қордың бiркелкi түрлерiнің  жеке топтары үшiн қайта бағалау әртүрлi коэффициенттерге байланысты жүргiзiледі, сондықтан негiзгi қорлар балансында  бастапқы құн бойынша ғана емес, сонымен қатар қалпына келтіру бағасымен   есепке алынады.

Қалдық құн - бұл амортизациялық тозу құнын шегергендегі  негiзгi қордың бастапқы құны. 

Ол кәсiпорын балансында айдың аяғы мен басына ауысып отырады, 

яғни негiзгi қор және олардың құнының қозғалысы болады.

Ол баланста мыналар есебінен өсе алады:

1.     орташа және iрі жөндеулердi өткiзу, яғни

өткiзiлген жөндеулердi олардың жоғалтылған құнының қалпына келтiрілуі

2.     жаңғыртудың құнына жаңғыртулар өткiзу есебiнен

3.     толық бастапқы құн бойынша жаңа  негiзгi қорлар енгiзу есебiнен.

Қалдық құн баланста мыналар есебінен азаяды:

1.     тозған  негiзгi қорларды есептен шығарудан;

2.     амортизацияның өлшемiне тұрақты  ай сайынғы тозу.

Таратушы құн - бұл толық тозу немесе керексiз болу - моралдiқ тозу -нәтижесінде есептен шығарылған негiзгi қорлардың құны.Тозу - бұл

жұмыстың тиiстi мерзiмiнде жабдықтың толық тозуы, яғни толық бастапқы құнның толық жоғалуы.

Моралдiқ тозу -  негiзгi капитал құнсызданып, біртіндеп жоғалады, өйткенi негiзгi қорды қазіргі заманғы, жақсы техникалық-экономикалық көрсеткiшті жоғары өнiмдi жабдықтармен алмастырылуы бұрынғыларымен салыстырғанда қымбаттау болып табылады.

3.     Негiзгi капиталдың балансы

Кәсіпорындардағы негiзгi қордың құны негізгі қорлардың тозуы, жөндеулердiң өткiзілуі,  жаңғыртылуы есебінен енуі немесе есептен шығарылуына байланысты  өзгеріп отыратындықтан, негізгі қорлардың балансы құрылады: 

1.     толық бастапқы құн бойынша: жыл басындағы негізгі қордың мөлшері + бір жылда енгізілген  негізгі қорлар құны – толық бастапқы құн бойынша бір жылда енгізілген негiзгi қорлар құны = жылдың соңындағы негiзгi қордың мөлшері. 

2.     қалдық құн бойынша: жылдың басындағы қалдық құн + жыл бойына түскен жаңа негiзгi қорлар + өткізілген орташа және толық жөндеулердің құны + негізгі қорларды жаңғырту құны – жыл бойына есептен шығарылған негізгі қорлар құны – бір жылда негізгі қордың тозуы (бір жылдағы

амортизацияның өлшемi ) = жыл соңындағы негізгі қор мөлшері.     

 

Мәлiметтер бойынша  негiзгi қорлардың бірқатар  көрсеткiштері бар

1.     жылдың басы мен аяғына  негiзгi қор құнның абсолюттiк өсiмi (кемуі)

2.     негiзгi қорлар динамикасының салыстырмалы көрсеткiштерi:

•        негiзгi қордың өсу қарқыны

•        негiзгi қордың өрлеу қарқыны

3.     бір жылда негізгі қордың жаңару коэф –т і 

4.     бір жылда негізгі қордың есептен шығару коэф –т і 

5.     бір жылда негізгі қордың тозу  коэф –т і 

6.     бір жылда негізгі қордың пайдалылық коэф –т і.

Негiзгi қорлар балансы            (мың сом)

 

Қ

Қ’

Көрсеткіштер

Толық бастапқы құн бойынша

Қалдық құны бойынша

Жыл басындағы негізгі қор мөлшері

2500,0

1875,0

Жыл бойына енгізілген негізгі қор

+ 480,0

+ 480,0

Өткізілген орташа, толық жөндеулер және жаңғырту

-----

+ 50,0

Жыл бойына есептен шыққан негізгі қор

- 320,0

- 30,0

Бір жылдағы амортизация

-----

- 206,4

Жыл соңындағы негізгі қор мөлшері

2660,0

2168,6

Информация о работе Экономика в сфере торговли