Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 02:01, доклад

Описание работы

Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалу шешендік өнердегі маңызды да жауапты кезең. Д. Карнеги: «Сөйлейтін сөзін алдын ала дайындамай, көп адамдар түзелмес қате жібереді»,- дейді.

Содержание

Кіріспе.

Көпшілік алдында сөйлеуге дайындықтың маңызы

Негізгі бөлім:

I. Сөйлеуге күнделікті дайындалу

II. Нақтылы сөз сөйлеуге дайындалу

II.I. Ауызша сөзді дайындау кезеңдері

Қорытынды.

Сөйлеуге дайындық – күрделі шығармашылық процесс

Работа содержит 1 файл

Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалу.docx

— 74.42 Кб (Скачать)

 

 

ОСӨЖ-1

 

Көпшілік алдында  сөйлеуге дайындық түрлері

 

 

 

 

 

 

Тексерген: Рахметова Р.С.

Орындаған: Ғұсманова Ә.Қ.

ЭжМГИФ, 1-курс студенті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы-2012 

Мақсат:

1. Көпшілік алдында сөйлеуге  алдын-ала дайындықтың маңыдылығын  түсіндіру 

2. Көпшілік алдында сөйлуге  дайындықтың жолдары мен тәсілдерін  зерттеу

3. . Көпшілік алдында сөйлуге  дайындықтың жолдарына қойылатын  басты талаптар

Міндет:

Көптеген әдебиеттердің  арасынан көпшілік алдында сөйлеуге дайындықтардын ең ыңғайлы тәсілін  табу. 

Жоспар:

Кіріспе.

Көпшілік алдында сөйлеуге дайындықтың маңызы

Негізгі бөлім:

I. Сөйлеуге күнделікті  дайындалу 

II. Нақтылы сөз сөйлеуге  дайындалу

     II.I. Ауызша сөзді дайындау кезеңдері

Қорытынды.

Сөйлеуге дайындық – күрделі  шығармашылық процесс

 

 

Кіріспе.

Көпшілік алдында сөз  сөйлеуге дайындалу шешендік өнердегі маңызды да жауапты кезең. Д. Карнеги: «Сөйлейтін сөзін алдын ала дайындамай, көп адамдар түзелмес қате жібереді»,- дейді.

Бүгінгі қоғам талабы – егеменді еліміздің  әрбір азаматын тек дипломды маман  ғана емес, іскер де сауатты, өз пікірін  ашық та айқын жеткізе алатын тұлға  етіп тәрбиелеу. Тіл-халықтың болмысын ашып көрсететін, бар салт-дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыратын болмысын айқындайтын белгі. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарай кісі ал» демекші, адам болар кісі сөзінен танылады. Тіл мәдениетін дұрыс негіздеу үшін тек сөздерді байланыстары білу жеткіліксіз. Сөз мағынасын толық түсініп, жеке ұғым қалыптастыру, асыл сөздің қыры мен сырына терең үңілу қажет.

Сыпайы, келісті сөз сөйлеушінің абыройын арттырады, тыңдаушының ықыласына  бөлейді, ол туралы жақсы пікірілердің қалыптасуына септігін тигізеді, тыңдаушының тіл мәдениетіне деген ықыласының артуына игі етеді.

 

 

Негізгі бөлім.

Дайындықтың екі түрі болады: күнделікті дайындық және нақтылы сөзге дайындық.

I. Сөйлеуге күнделікті дайындалу

 

Сөйлеуге күнделікті дайындық шешеннің іс-әрекетінің әр түрін қамтиды.

1.Өздігінен білім  алу.

Бұл, яғни:

    • Жаңа білімдерді иегеру;
    • Ғылым мен техниканың әрбір саласынан мәліметтер жинау;
    • Күнделікті баспасөзден, радио және телехабарлардан ақпарат алу;
    • Ғылыми-техникалық, публицистикалық және көркем әдебиетті оқу.

2. Шешеннің жалпы мәдениетінің  қалыптасуы.

Шешендік өнерді адамның жалпы мәдениетінен бөліп қарауға болмайды. Бұл мәселеге тек шешендік өнердің теоретиктері ғана емес, сонымен бірге шешендік өнердің нағыз шеберлерімен араласқан адамдар да көңіл аударған.

3. Жеке архивін  қарастыру.

Көпшілік алдына жиі шығатын  адамдарға айналасындағыларға ыждағатпен қарап, қажет нәрселердің бәрін тізіп отыру қажет.

Өз сөзінде цитата, нақыл  сөз, мақал-мәтел  қолдану керек  пе, тағы басқасын ойластырған жөн.

Белгілі лектор-әдіскер Б.А. Адамовтың айтуынша, архивсіз лектор- аспабы жоқ музыкантпен тең. Әрине, өмірдің барлық жаңалықтарына алдын ала материалдар жинап қою мүмкін емес, бірақ  қажетті түрде жинастыру дайындық жұмыстарын жеңілдетіп, уақытыңды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мұндай мұрағат шешенге  келесі сөзге дайындалуға уақыты тығыз болып қалғанда «жедел көмек» береді. Сондықтанда өзіңнің материалдарды жинау және оларды жүйеге келтіру әдісіңді жасап, мұрағатыңды құрастыра бер.

4. Сөйлеу техникасын  меңгеру.

Жақсы қойылған дауыс, сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алу, анық дикция, мінсіз дыбыстау шешенге аудиторияның назарын өзіне аударуға, сөйтіп айтайын деген ойын тыңдаушыларға дұрыстап жеткізуге, олардың ақыл-ой, сана-сезіміне ықпал жасауға мүмкіндік береді. Өзінің сөйлеу аппаратын үнемі жұмыс қалпында ұстау үшін шешенге сөйлеу техникасын жақсарту жөніндегі арнаулы жаттығуларды орындау керек.

5. Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін арттыру.

Күнделікті дайындық ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін арттырудың негізгі жолы болып табылады. Әсіресе, күнделікті тұрмыста сөйлеу мәдениетін сақтауға машықтанған пайдалы. Әр уақытта дұрыс, дәл, ашық және түсінікті тілмен сөйлеуге жаттығу керек, өз ойыңды бейнелі және сезімді тұжырымдай алу- әркімге қажетті біліктілік.

Мысалы, егер адам күнделіті  қатынаста бір сөздерді дұрыс  айтпай не оған екпінді тура түсірмей дағдыланса, сол теріс дағды қөпшілік алдындағы сөзде де қайталануы мүмкін, сондықтан да әрбір адамның өз сөзінің, әсіресе көпшілік алдында айтылатын сөзінің таза, тура болуына баса назар аударған жөн.

Адамның жалпы дамуы, қажетті  сөйлеу дағдыларын меңгеру, сөйлеу мәдениетін арттыру үшін, іскерлік әңгімелерге, сабақтарда, пікірталастарда жиі  сөзге шығып тұру қажет. Ұдайы  хат жазып тұру шешендікке алғашқы  қадам басушылар үшін табылмас мектеп. Хаттарда әр түрлі әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылай отырып, хат иелері өздерінің сөз саптау мәнерлерін жетілдіреді, ойын, пікірін  жеткізуге машықтанады. Әрине, мұндай хаттарды жазу оңай емес. Ол үшін ықылас, уақыт және табандылық керек. Бірақ, ұлы Цицеронның : «Қалам- көркем сөздің ең жақсы, ең тамаша жасампазы әрі ұстазы» деген нақыл сөзін ұмытпайық!

6. Көпшілікке арналған  сөздерді сынап-талдау.

Шешендік шеберлікті шыңдай түсуге көпшілікке арналған сөздерге сын көзімен қарап, талдаудың  да тигізетін пайдасы өте көп. Шешендердің радио, теледидар арқылы сөйлеген сөздерін тындай отырып, әр түрлі  мәжіліс, жиналыс, кеңестерге, көпшілікке арналған дәрістерге қатыса жүріп, сөздердің  мазмұнына ғана емес, сонымен бірге  шешеннің сөзінде не ұнады, не ұнамады, өз пікіріңше қандай тәсілдер, қимылдар, сөз оралымдары сәтті болды, керісінше, қайсылары сәтсіз болды, осының бәрін зерделі түрде бақылап отыру керек. Әсіресе, шешеннің аудиторияда қалай жұмыс істейтіндігіне, тыңдаушылармен қалай байланыс орнатқандығына, сөйлеу барысында кенет пайда болған жағдайларда өзін қалай ұстайтындығына мұқият қараған жөн.

Уақыт өткен сайын адам тәжірибе жинай бастайды, өзгенің  ғана емес, өзінің де жетістіктері мен  кем-кетіктерін байқап, талдау жасауға  мүмкіндік алады. Шешен сөзінің  күшті де осал жақтарын біліп, оларды талдау негізінде сөйлеу шеберлігін арттыра түсу керек.

7. Көпшілік алдында  сөйлеу тәсілін меңгеру.

Күнделікті дайындықтың бір бөлігі – ол шешендік өнер саласындағы әдістемелік білімдерді меңгеру болып табылады. Шешеннің іс-әрекеті қандай кезеңдерден құралады, тыңдаушылармен кездесуге қалай дайындалу керек, сөзді қалай құру керек, аудиторияны меңгерудің қандай тәсілдерін қолданған пайдалы екендігін білу аса маңызды.

Шешендік өнердің тарихы атақты шешендердің қалай жұмыс істеп, сөзге қалай дайындалғандықтары туралы көптеген деректерді сақтаған.

Сонымен, күнделікті дайындық-бұл  шешеннің өзінің шеберлігін арттыру жолындағы үздіксіз, қажымай-талмай жұмыс істеуі. Мұндай жұмыс шешеннің кәсіби дәрежесін арттырып, көпшілік алдындағы сөйлеудің негізін қалайды.

 

 

II. Нақтылы сөз сөйлеуге дайындалу

Нақтылы сөз сөйлеуге дайындалу, ең алдымен, оның тақырыбына, сөйлеушінің  алдына қойған міндет-мақсаттарына және ауызша сөздің түріне, оның ерекшеліктеріне, тыңдаушылардың құрамына, т.б. байлынысты. Мұның барлығын нақтылы сөз сөйлеуге дайындық барысында ескерген жөн.

 

Ауызша  сөзді дайындау кезеңдері

 

  1. Сөздің тақырыбын анықтау.

Кез келген сөзге дайындық оның тақырыбын анықтаудан басталады. Мұның өзінде де әр түрлі жағдаяттар болуы мүмкін. Кейде белгілі бір тақырыпқа сөйлеуді ұсынады, яғни сөз тақырыбы алдын ала белгіленген болады. Бұл жағдайда шешенге оны нақтап, анықтау қажет. Бірақ көбінесе тақырыпты өзің таңдап алатын жағдайлар жиі кездеседі. Тақырып таңдағанда өз өмір тәжірибеңді және таңдаған тақырыбың туралы қаншалықты хабардар екеніңді естен шығармау керек. Оның бергі жағында таңдаған тақырыбыңыз тыңдаушылырға қызық болғаны жөн.

  1. Тақырыптың аты.

Тақырыпты таңдап алғаннан соң, оны қалай атау керек екендігін  жақсылап ойланған жөн. Тақырыптың аты  барынша қысқа, түсінікті, анық болуы  керек. Ол сөздің мазмұнын алдын ала  білдіріп, тыңдаушыларды қызықтыратындай  болғаны дұрыс. Тақырыптың аты сәтті  болса, аудитория оған қызығып, ықыласпен  тыңдайды.

Ұзың тіркестер, таныс  емес сөздерден тұратын аттар  тыңдаушыларға жағымсыз әсер етеді, болашақ сөзге олардың тарапынан  жағымсыз көзқарас пайда болады. Өте  жалпылама атта онша ұнамайды. Мысалы, дәрістің тақырыбын «Болашаққа қамқорлық» деп алсақ, бірнеше сұрақ тууы мүмкін. Ең алдымен кімнің қамқорлығы туралы сөз болғалы отыр? Мемлекеттің бе, отбасының ба, денсаулық сақтау орындарының ба? Екінші сұрақ, лектор кімдердің болашағына қамқорлық туралы айтпақшы, оқушылардың ба, жұмысшылардың ба, мемлекеттің бе, қаланың ба? Сондықтан да нақтылау ат берген жөн. Мысалы: «Сақтандыру-денсаулық кепілі», т.б.

Сөйлеген сөзінің тақырыбын  тұжырымдай алу-тек шешендер үшін ғана емес, сонымен бірге мекеме басшыларына, менеджерлерге, қызметкерлерге аса  қажетті біліктік.

  1. Сөздің түрлері.

Тақырыбы табылғаннан  кейін әдетте алдағы сөйлейтін сөздің түрі анықталады.

Аудитория мен шешеннің өзара  қатынастарының сипатына қарай аузыша сөздің монологтік және диалогтік түрлері ажыратылады. Монологте негізінен шешен сөйлейді де, тыңдаушылар «үнсіз топ» рөлін атқарады. Тыңдаушылар белсеңді түрде сөзге араласып, сөйлеушіге сұрақтар беріп, онымен пікірталасқа түссе монолог диалогке айналады.

Ауызша сөздің монологтік түрлерінің ішінен мыналар жиі кездеседі:

Дәріс – материалдарды белгілі мақсатқа сай баяндау (мысалы, банк салымдарының түрлері туралы дәріс).

Хабарлама – (ақпараттау) – тыңдаушыларға әр түрлі оқиғалар, жағдаяттар туралы жедел ақпарат беру, аудиторияға басқа деректерден белгілі ақпараттарға түсініктеме беру, өндірісте, мекемеде жедел өндірістік жиындар өткізу, т.б.

Әңгімелесу – бірнеше оқиға мен фактіні біріктіретін хабарламадан айырмашылығы – бір фактіні не оқиғаны баяндайды. Әңгіменің тұлғалық сипаты оны қызықты етіп, эмоциялық тартымдылық береді. (Мысалы, экскурсия жүргізушінің мұражайдағы суреттің жазылу тарихы  туралы әңгімесі).

Шолу – аудиторияға бір тақырыпқа жататын бірнеше факті мен оқиғаны біртіндеп, егжей-тегжейлі түсіндіріп шолу жасау.

Баяндама - адамдарға толық, жан- жақты ақпарат берудің кең тараған түрі, белгілі бір тақырыпқа, оқиғаны талдауға, белгілі бір міндеттерді тұжырымдауға (фирма басшысының жарты жылдық жұмыс қорытындысы туралы баяндамасы) арналады.

Презентация- өзіне, фирмаға, идеяға, тауарға, қызметке, жобаға, т.б. көңіл аудару үшін, бір нәрсеге сендіру үшін айтылатын сөздер.

Іскерлік ауызша сөйлеудің диалогтік түрлерінің көбірек тараған түрлері:

Әңгіме- жүргізушінің басшылығымен әр түрлі мәселелерді белгілі мақсатпен сұрақ-жауап түрінде ұжымдық талқылаудың түрі. Әңгіме жеке, көзбе-көз (2 кісі) немесе топтық (8-10 кісі), ұжымдық (25-30 кісі) болуы мүмкін. Іскерлік әңгіменің жеке түрлері – әңгімелесу (жымысқа қабылдау, конкурс өткізу кездерінде), сұхбат (мұндайды көбінесе журналисттер жүргізеді).

Жиналыс – әр түрлі мәселелерді талқылаудың ұжымдық түрі (өндірістік жиналыс, кәсіподақ жиналысы, т.б.).

Келіссөздер – белгілі бір мақсатқа жету үшін мақсатты және бағдарлы диалог түрінде өткізілетін іскерлік қатынас түрі.

Диспут – пікірталас түрінде өткізілетін көпшілік талқылауы. Мақсаты- шындыққа жету. Диспутқа қатысушылар бірыңғай көзқарас қалыптаспаған және жауабы күні бұрын дайындалмаған мәселелерді талдайды.

Дискуссия – бір мәселені баяндамадан кейін талқылау, пікір алмасу.

Егес - бір мәселені талқылау кезіндегі сөз жарыс, мұндайда әр жақ өз пікірін, өз шындығын жақтайды. Егес өзінен-өзі, егесуші екі жақтын біреуінің бастамасымен туады.

Тыңдаушылармен кездесуге дайындалғанда шешен тыңдаушылардан не талап ететінін, оларға қалай әсер еткісі келетінін анық білуі қажет. Соған байланысты сөйлесудің белгілі бір түрін таңдап алу қажет.

  1. Сөйлесудің мақсаты.

Қатынас барысында, әсіресе  іскерлік қатынастарда, әрбір сөз, әрбір  сөйлем бекерге айтылмауы қажет. Сөйлеуші сөзін дайындауға кірісерде  оның мақсатын анықтап алу керек. Ол сөзді қандай мақсатпен айтатынын, тыңдаушылардан не талап ететінін анық білу қажет. Егер шешен сөзінің мақсатын білмесе, оның бұл сөзі табысты болмайды. Сөздің мақсаты жалпы және нақты болып бөлінеді.

Сөздің  жалпы мақсаттары.

Сөздің жалпы мақсаты сергіту, мәлімет беру, жігерлендіру, сендіру, белгілі бір іс-әрекетке шақыру болуы мүмкін. Жалпы мақсаттарына сай сөз түрлері де өрбиді. Сөзді дайындауға кіріскенде осыны естен шығармау керек. Егер сөйлеудің жалпы мақсаты жұртты сергіту болса, онда бұл арада мәліметтер бермей-ақ, сендіріп, үгіттемей-ақ қоюға болады. Сөздің әрбір түрі белгілі бір талаптарға сәйкес келуі қажет. Оларды жеке-жеке қарастырып байқайық.

Сөздің түрлері.

  1. Сергітетін,көңілдендіретін сөздің басқа мақсаты болмайды, ол тыңдаушыларды сергітіп, күлдіру керек. Бар мақсаты – қызықты бол.
  2. Ақпарат жеткізу сөзі. Негізгі мақсаты – тек қызығушылық, ынта оятып қана қоймай, зат не құбылыс туралы жаңа түсінік беру. Негізгі қызметі – білім беру және оны байыту.
  3. Жігерлендіруші сөз. Әдетте мұндай сөздерге жаңа ақпарат болмайды, айтылатын идеялар да жаңа емес, оның мақсаты – сендіру және дереу іс-әрекет, қимылға бастау.
  4. Сендіруші сөз. Сендіру дегеніміз – логикалық дәлелдермен бір нәрсенің растығына көз жеткізу немесе теріске шығару.
  5. іс-әрекетке, қимылға шақыру сөз тыңдаушыларды жедел түрде іс-әрекетке кірісуді не бұрын орын алып отырған іс-әрекеттерд жалғастыруға немесе тоқтатуға шақырады.

Информация о работе Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық түрлері