Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 02:01, доклад

Описание работы

Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалу шешендік өнердегі маңызды да жауапты кезең. Д. Карнеги: «Сөйлейтін сөзін алдын ала дайындамай, көп адамдар түзелмес қате жібереді»,- дейді.

Содержание

Кіріспе.

Көпшілік алдында сөйлеуге дайындықтың маңызы

Негізгі бөлім:

I. Сөйлеуге күнделікті дайындалу

II. Нақтылы сөз сөйлеуге дайындалу

II.I. Ауызша сөзді дайындау кезеңдері

Қорытынды.

Сөйлеуге дайындық – күрделі шығармашылық процесс

Работа содержит 1 файл

Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалу.docx

— 74.42 Кб (Скачать)

Сөз сөйлеудің  нақты мақсаттары.

Шешен сөз сөйлер алдына жалпы мақсаттармен қатар нақтылы  мақсаттар да қояды. Егер жалпы мақсат тыңдаушылардан не күтетініңізді анықтайтын болса, нақты мақсат тыңдаушы не білуі  керек, нені сезінуі қажет, не істеуі керек деген сұрақтарға жауап  беруі қажет. Яғни, сөйлеуші сөзін  тек өзі үшін ғана емес, сонымен  бірге өзінің тыңдаушылары үшін де дайындалуға тиіс.

Егер тыңдаушының бар  ойы шешеннің не айтқысы келетінін  табуға кететін болса, ондай тыңдаушыларға әсер ету оңай емес. Егер алдын ала сөздің жалпы мақсатын (сергіту, мәлімет беру, жігерлендіру, үгіттеу, сендіру), нақты мақсатын (тыңдаушылар үшін тұжырымдау) анықтамасаңыз, сөйлеу түрін (лекция, баяндама, әңгіме, т.б.) таңдап алмасаңыз, сөзіңіздің сәтті шығуы екіталай.

 

  1. Сөз сөйлеуге қажетті материалдарды жинау.

Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалудың келесі кезеңі – ол сөзге қажетті материалдарды жинау, құрастыру. Өз сөзіңіз үшін қажетті ақпараттың, қызғылықты фактілерін, мәліметтердің, мысалдардың кездер мыналар:

  • ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер;
  • анықтама, әдебиеттер: энциклопедиялар, энциклопедиялық сөздіктер, статистиалық жинақтар, әр түрлі мәселелер жөніндегі жылдық басылымдар, кестелер, библиографиялық көрсеткіштер;
  • көркем әдебиет;
  • газет-журналдардың мақалалары;
  • радио және теледидар хабарлары;
  • әлеуметтанушылық сұраунамалар;
  • жеке байланыстар, әңгімелер, сұхбаттар;
  • жеке өмір тәжірибесі, алған білімі;
  • бақылағандары мен түйгендері.

Сөз мазмұнды да мағыналы болып  шығуы үшін бір емес, бірнеше көзді  пайдалану керек.

Сөзге материал жинау біраз  уақытты қажет етеді, сондықтанда  оған дайындықты ертерек жасаған  ыңғайлы.

 

  1. Сөз дайындауға қажетті әдебиетті іріктеп алу.

Бұл кезеңде мынандай іс-әрекеттер  жасау керек. Сөз тақырыбына байланысты бұрын оқыған әдебиетті еске түсіру; жеке кітапхананы қарап, каталогтер мен журналдардың мазмұнын, библиографиялық  басылымдарды, анықтамаларды, парақтап шығу.

Осы іс-әрекеттерді жүйелі түрде қайталап тұру шешеннің сөзге  дайындалар алдындағы әдебиеттерді іріктеу дағдыларын қалыптастырып, дайындалу процесін жеңілдетіп, тездетеді.

Бұл кезеңде шешенге кітапханаларда жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан  да әр түрлі каталогтерді (әліппелік, жүйелік, пәндік), библиографиялық басылымдар мен анықтамалық әдебиеттерді пайдалану  тәсілдерін білу мен жаттықтыру аса  айдалы.

 

  1. Іріктеліп алынған әдебиетті оқу.

Сөзге дайындалудың маңызды кезеңінің бірі – ол іріктеп алынған әдебиетпен танысу, оқу, олардан қажетті нәрселерді іріктеп алу.

Кітаппен жұмыс істей  отырып, өзіңізді белгілі бір күйге  келтіру, өзіңізге-өзіңіз тиісті «нұсқау» беруіңіз керек. Оқу кезінде қандай мақсат қою керек? Ол әр түрлі болады. Шешен мұндай жағдайда өз алдына мынандай мақсаттар қоюы мүмкін:

  • Кітаптан алдағы сөйлейтін сөздің тақырыбы мен мазмұнына байланысты жерлерді, мәселелерді оқу;
  • Кітаптың мазмұнын сын көзбен қарап талдап шығу;
  • Өз пікірінің автордың немесе басқа да беделді адамдардың пікірімен сәйкес келу-келмеуін тексеру;
  • Сөйлеуге қажетті фактілерді, мысалдарды, қызықты пікірлер мен тұжырымдарды таңдап алу, т.б.

Мұндай мақсаттар шешенге  кітаппен анағұрлым тиімді жұмыс  істеп, ең алдымен, оқудың түрін таңдап алуға көмектеседі.

 Кітаппен жұмыс істеуді  онымен алдын ала танысудан бастаған жөн. Ең алдымен оның титулдық параға оқылады. Шыққан жылына назар аударыңыз. Егер сіз 50-60 жылдары шыққан кітапшаны оқып отырсаңыз, ондағы келтірген мәліметтер атам-заманда ескеріп қалғанын естен шығармаңыз. Егер кітапта алғы сөз, кіріспе не соңғы сөздер болса, оларды да оқу керек.

Сонымен іріктеліп алынған  кітаптарды алғашқы рет осылай қарап  шығу болашақ сөзді дайындаудың  маңызды кезеңі болып табылады. Ол іріктеліп алынған кітаптардың  қайсысының дайындалып жатқан тақырыпқа  сай келетіндігін, қайсысы тәптіштеп  оқу қажеттігін анықтауға көмектеседі.

 

  1. Оқығанның мәнін түсіну.

Оқу кезінде оқығандарыңыздың мәнін түсініп, оларды бұрынғы біліміңізбен байланыстырып, салыстыру қажет. Бұл  материалды талдап, жүйеге келтіруге, қажетті тұжырымдар жасауға көмектеседі.

Оқығанды түсінгендіктің айқын белгісі – ол оқу мазмұнын өз сөзімен айтып бере алу біліктігі.

 

  1. Оқығанын жазу.

Дәріске, баяндамаға, кез  келген сөз сөйлеуге дайындалу кезінде тиісті жерлерін міндетті түрде жазып отыру керек. Д.И.Менделеев: «Табылған, бірақ жазылмаған ой,таба сала жоғалтып алған көмбеге парапар» деген екен.

Жазудың ең қарапайым түрі – көшіру. Көшіріп алған материалдарды пайдалану оңай болу  үшін оларды бір белгілі ретпен көшіреді. Көшірмелерді көлемі бірдей карточкаларға жасау тиімді. Әр карточкаға бірден артық көшіріп жазылмайды. Карточканың жоғарғы жағында көшірімнің қандай тақырыпқа қандай қатысы бар екендігін. Ал төменгі жағында көшірім жасалған нұсқаның барлық шығыс мәліметтерін, автордың аты-жөнін, кітаптың атын, басылған жылы мен орнын көрсетеді. Көшірімді карточкаларының тек бір бетіне жазып, қажет болған жағдайларда қосымша жазып, оларға түсініктемелер беріп, өз ойларыңды түсіріп отыру керек.

 

  1. Өз көзқарасын ұстану

Болашақ сөзге нағыз дайындық дегеніміз – ол сөзде көтерілген мәселелерге өз пікіріңді, өз көзқарасыңды анықтап алу, өз идеяларыңды болашақ  аудитоияның көзқарасы жағынан  талдау болып табылады.

«Дайындау дегеніміз, - дейді Д. Карнеги, - бұл – ойлау, бұл ойды тууы, еске түсіру, іріктеу, ұнағандарын өңдеп, белгілі бір тәртіппен орналастыру деген сөз».

 

  1. Сөзді сөйлеуге дайындау.
    1. Сөздің жазбаша мәтінін түзу.

«Тек жазудың көмегімен  сөздің жеңіл болуына қол жеткіземіз» - деген екен кезінде Рим риторы Квинтилиан. Көптеген тәжірибелі атақты шешендер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, шешендік өнердің теоретиктері сөйленетін сөз міндетті түрде жазылуы тиіс деп санаған.

Сөздің мәтінін жазу оңай тірлік емес. Бірақ есте сақтағаннан  жазбаша мәтіннің көптеген артықшылықтары бар. Жазылған сөзді тексеруге, жөндеуге, жазбаша мәтін бойынша адамның  ақыл-кеңесін алуға болады.

Алғашқы рет әр түрлі стильдік кемшіліктерге онша мән бермей, алғашқы  нұсқаны жазып шығу керек. Содаң сон жақсылап қарап шығып, кемшіліктерін жөндеп, артық жерлерін алып тастап, ақырғы таза нұсқасын дайындау керек. Дәптер емес, бөлек парақтардың бір бетін ғана пайдаланған жөн.

    1. Сөз материалдарын меңгеру.

Осы кезең – өте жауапты кезең. Бұл кезеңді тағы репетиция деп атайды. Ең алдымен, шешенге «Мұның барлығының қандай болатынын» көз алдына елестету керек. Жаттығу кезінде барлық сөз немесе оның кейбір үзінділері айтылып, ширата түсіледі.

Әсіресе, сөздің кіріспесі  мен қорытындысын тексеру, мысал  ретінде келтірілетін жағдайларды  пысықтау қажет. Әрбір сөйлеуші өзінің алдын ала «сөйлеу» әдісін қалыптастырады. Біреулер оны ішінен, екіншілері «дауыстап» орындайды. Ал, енді қалыптасын келе жатқан шешенге көпшілік алдына шықпастан бұрын, келешек сөзін, алдына сағат қойып, «айтып шығу» міндетті түрде керек.Оған өз дауысының шығуына,сөйлемдерінің қалай айтылатындығына, уақытты сезе білу дағдысын қалыптастыруға үйрену қажет. Сонымен қатар жаттығуға тыңдаушылар алдында қозғалыс, алғашқы шығу, аудитория алдында өзін-өзі қалай ұстаудың басқа да элементтерін қосу керек. Екінші жағынан бұл табиғи нәрсе. Өзін-өзі көрсету және қатынас процестерінің барысында ғана шешеннің ақыл-ойы, сана-сезімі, барлық рухани және дене күштері түйісім табады.

    1. Мәтінге сүйене отырып, сөз сөйлеуге дайындалу.

Мәтіннің өзін де, сөздің негізгі мәселелердің де астын сызып, түсіндіріліп отырылған мәселелерді нөмерлеу, аты-жөні, атаулар, статистикалық мәліметтерді, цитаталардың басы мен аяғын, мысалдар мен көрнекі материалдарды белгілеп қою керек. Белгілеу және ерекшелеу жүйесі әр түрлі болып келуі мүмкін.

Сөйлеу кезінде мұңдай мәтіндерді пайдалану аса жеңіл. Қағаз бетінде бір қарағанның өзі жетіп жатыр: ой жүрісі өз жүйесіне түсіп, керекті материалдар тез  табылады, мәтінге сүйеніп сөз  сөйлеу материалдары еркін меңгергендік сезімін туғызады да, шешенге тыңдаушылармен сенімді, еркін түрде тілдесуге мүмкіндік береді.

    1. Жазусыз сөз сөйлеуге дайындалу.

Көптеген шешендер көпшілік алдында ешқандай жазусыз сөз сөйлеуге армандайды. Психолингвистика саласының аса ірі маманы А.А.Леонтьев «Көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық механизмдері және оның дағдыларын тәрбиелеу» деген еңбегінде шешендерге мынадай кеңестерді ұсынады:

а) тәжірибе жеткіліксіз  жағдайларда айтатын сөздердің  бәрін түгелде» жазып шығу.

ә) шешен сөйлеу кезінде  кездейсоқ жағдайлардың әсерінен өз сөзінен жаңылмайтыңдай жағдайға жеткен кезде толық конспект жазуға көшуге болады. Оның мәтіннен айырмасы сол, онда сөз дәлме-дәл жазылмайды, конспектіде кейбір мәтіннен сәттер қалдыру пайдалы:

- бірінші, тіпті: 2-3 фразаны;

- қорытындысын (2-3 фраза)

- кейбір осы сөйлеуге  қажетті тұжырымдар;

- цитаталар, цифрлық, мәліметтер, жеке атауралар, т.б.

б) Шешендік өнерді меңгерудің келесі сатысы – толық емес, ішінара  ой топтарының бірінен екіншісіне етуді  белгіленген конспектілеп сөз сөйлеу, онда негізгі тұжырымдар сақталады.

в) Біртіндеп конспектіден жоспарға көшуге болады.

г) Көпшілік алдында сөйлеудің  ең шыңы – сөйлегенде ешқандай жазба  материалдарды қолданбай сөйлеу.

 

 

Қорытынды.

Сөзімнің қорытындысында американ президенті Линкольн пайдаланған сөз сөйлеу әдісін ұсынып отырмын.

Сөз сөйлеуге дайындалу  үшін естелік (Линкольн әдісі).

Отыра қалып, 30 минут ішінде сөз дайындауға әрекеттенбеңіз. Сөз  самса сияқты тапсырыспен пісіруге болмайды. Сөз өзінен-озі тууы, толғағы  жетуі керек.

Аптаның басында тақырыбын  таңдап алыңыз, бос уақытыңызда жақсылап ойлап, күні-түні естен шығармаңыз.

Оны достарыңызбен бірге  талқылаңыз.  Оны әңгіме тақырыбына айналдырыңыздар. Осы тақырып бойынша өзіңізге әр түрлі сұрақтар беріңіз. Ойыңызға келген ойлар мен мысалдарды парақтарға жазып қойыңыз, одан әрі ізденіңіз.

Идеялар, ойлар, долбарлар  сіздің басыңызға әр түрлі уақытта  суға шомылып жатқаныңызда, көшеде келе жатқанда, түскі  асты күтіп  отырғаныңызда келуі мүмкін.

Сонымен сөз сөйлеуге дайындық – күрделі шығармашылық процесс, бұл аудиториямен қатынас орнатуға, тыңдаушылармен еркін сөйлесіп, оларды өзіне тартуға үйретеді.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Әбдiхалықов М.Н., Күнтуарова Б.С., Парфенова Л.А.  
    Сөздiк қатынас негiздерi: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2007. - 376 б. - ISBN 9965-35-286-0 (167-190 б)

Информация о работе Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық түрлері