Романтикалық стильдегі киімдердге қолданылатын мата түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 10:32, курсовая работа

Описание работы

Мода – мұның өзі өмірдің немесе мәдениеттің кез келген саласындағы белгілі бір талғамдардың қысқа мерзімді үстемділігі. Киімде мода бір стильдің ауқымында белгілі бір формаларға, пропорцияларға, мүшеленулерге, материалдарға, түстерге және т.б жаппай әуестілікті бейнелейді. Мода тек жекелеген адамның бейнесін ғана емес, сонымен бірге көшенің де, елдің де бейнесін қалыптастырады.

Работа содержит 1 файл

Романтика стильдегі киім.doc

— 72.50 Кб (Скачать)

    Матаның тығыздығы.

    Матаның тығыздығы белгілі бір ұзындықтағы  жіптің саны мен сипатталады. Негізі және арқауы бойынша тығыздықты бөлек анықтайды. Егер негізі мен арқауы бойынша матаның тығыздығы бірдей болса, тең тығыздықты мата дейді. Маталардың тығыздығы шындығындағы, барынша жоғары және салыстырмалы болып бөлінеді.

    Матаның ең жоғарғы тығыздығы барлық жіптердің  диаметрі бірдей және олар ешқандай жылжымастан, ұйпаланбастан бірінен-бірі жанасып тұр деп қабылдаған шартты тығыздық.    

    Салыстырмалы  тығыздық – шындығындағы тығыздықтың өте жоғары тығыздыққа қатынасы. Салыстырмалы тығыздық Е-мен өрнектеледі, мына төмендегі формулалармен есептеледі:

    Егер  шындығындағы және ең жоғарғы тығыздық өзара тең болса, яғни жіптер біріне-бірі жанасып жатса, матаның салыстырмалы тығыздығы 100%. Егер шындығындағы тығыздық ең жоғары тығыздықтан екі есе кем болса, яғни жіптердің ара қашықтығы олардың диаметріне тең болса, матаның салыстырмалы тығыздығы 50%. Егер салыстырмалы тығыздық 100%-тен артық болса, онда жіптер бір-біріне тығыз жабысып жатыр деген сөз.

    Тоқыманың айқаспа турлері.

    Тоқыманың айқасу түрлері өте әр түрлі және олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты мен өрнегі көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы бетінің жылтыры негіз бен арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалындығына, қаттылығына, апшуына, ылғал жылумен өңдегенде тартылуына және тағы басқа қасиеттеріне әсер етеді.

    Күрделігіне қарай тоқыманың айқаспалары 4 класқа бөлінеді: жай өрнекті, майда өрнекті, күрделі өрнекті және ірі өрнекті.

    Әрбір тоқыма айқасуының негіз бойынша  және арқау бойынша раппорттар болады. Негіз бойынша раппорт-айқаспаның өрнегін түзетін негізгі жіптердің саны. Арқау бойынша раппорт-айқаспаның өрнегін түзетін арқау жіптерінің саны.

    Матаның өлшемдік сипаттамасы.

    Матаның қалыңдығы жіптің жуандығына, бүгілу дәрежесіне, айқасуына, тығыздығына және өңдеуге байланысты. Тоқылатын жіптердің сызықтық тығыздығына неғұрлым жоғары болса, соғұрлым мата да қалың болады. Өте жұқа малар 1,56 тексх2 және 2,33 тексх2 жібек шикізаттан тоқылады, ал ең жұқа мақта мата-5-11,7 текс иірілген парақтың мақта жіптерден, драп және басқа қалың маталар 165-92 текс иірілген жіптерден тоқылады.

    Матаның тығыздығы артқан сайын иірілген жіптер жабысып немесе жылжиды, яғни матаның қалыңдығы артады. Өңдеу процесінде матаның қалыңдығы өзгеруі мүмкін.

    Матаның қалыңдығы әріптің молшеріне, тігістің жалпақтығына, түріне әсер етеді. Жаппай пішкенде салатын қабаттың саны да оның қалыңдығына байланысты.

    Тігін инесін, жіптерін таңдап, жіп шығынын  анықтау, тігіс жиілігін, ылғалдылығымен өндеу, режимін белгілеу қалыңдығына байланысты. Қалың маталармен жұмыс істегенде жуан инелерді, мықты әрі жуан жіптерді пайдаланып, сирек шаншып тігу керек.

    Маталарды талшықтық құрамына қарай классификациялау

    Талышқтардың  түріне қарай маталар біртекті және әртекті болып бөлінеді:

    Біртекті  мата дегеніміз, құрамында тек бірақ түрлі талшығы бар, яғни құрамында мақта талшықтары бар, немесе таза жібек талшықтары бар маталар.

    Әртекті мата дегеніміз —әртүрлі талшықтардың тұратын   мата,   мысалы, жүн мен вискоза талшықтарын араластырып тоқыған, немесе негізгі вискоза талшықтарынан да, ал арқауы мақта мата.

    Барлық  өртекті маталар үш топқа бөлінеді:

  1. аралас-қоспалы-негізі мен арқауы мен құрамындағы әртүрлі талшықтар кіргенге дейін араласады.
  2. аралас-жіптер жүйесі әртүрлі талшықтардан тұратын мата. Әдетте матадағы жіптер жүйесінің біреуі мақта, мысалы, негізі мақта, арқауы жүн немесе негізі жібек, ал арқауы мақта. Мұндай маталар жартылай жібек, жартылай зығырлы деп аталады.
  3. Аралас-қаршылай қоспалы —жіптердің бір жүйесі біртекті, ал екіншісі аралас талшықтардан тоқылған мата. Мысалы, матаның негізі мақта, ал арқауы жүн мен штапельді вискоза талшықтарының қоспасынан болуы мүмкін.

    Матаның талшықтық кұрамын анықтау әдісі.

    Маталардың  талшықтық құрамын органолептикалық және лабораториялық әдіспен анықтайды.

    Органикалық әдіс дегеніміз- матаның талшықтық құрамын сезім органдары арқылы анықтау: көзбен көру, иісін сезу, түйсіну (зрение, обоняние, осязание). Бұл әдісте матаның құрамын: матаның сыртқы көрінісі, ұстап көру қыртыстанғыштығы бойынша, негіз бен арқау жіптердің түрі, үзілу, жану жанған сипаттарына қарай анықтайды.

    Матаның талшықтық құрамын анықтағанда  ең алдымен оның үстіне, жылтырына, жуандығына, тығыздығына назар аудару керек.

    Сонан соң қолмен қыртысқандығышын байқау керек.

    Өңделмеген  түсі мақта маталардың түсі сарғыш, ал өңделмеген зығыр маталардың түсі —сұрғылдау немесе жасылдау. Мақта маталарға қарағанада зығыр маталар жылтыр, қолға қатты әрі суық болып сезіледі.

    Таза  жібек мата жұмсақ, жұқа, жасанды  талшықты маталарға қарағанда аз қыртыстанады. Олардың жылытыры көзге жұмсақ, ал химиялық талшықтардан жасалған матаның жылытыры бетінде көзге ұрып тұрады, немесе жылтыры мүлде болмайды.

    Жүн маталарды қолға ұстап көргенде жүнді сеземіз. Қолмен мыжғылап көру арқылы да, маталардың түрін анықтауға болады: таза жүнді маталарға қолмен тегістегенде кетіп қалатын майда қатпарлар түседі, бірақ өсімдік тектес талшықтар араласқан жүн маталарда бедерлі ірі қатпарлар пайда болады.

    Егер  жіпте 10 градусқа дейін өсімдіктік қоспа болса, балқыған түйірде жылтыраған шоқ көрінеді, бірақ ол тез сөнеді: күйген мүйіздің исі сезіледі. Егер жіпте 15-20 градус өсімдіктік қоспа болса, жіп 1,5-2 см — дей жанады да өшеді күйген мүйіздің иісі сезіледі. Егер жіпте өсімдіктік қоспа болса, 25 градустан көп болса, жіп түгел жанып кетеді, борпылдақ сүр түсті күл қалады жүннің бар екендігін тек күйген мүйіздің иісінен білуге болады.

    Микроскоптартар мен химиялық реактивтерді пайдалану  арқылы матаның талшықтық құрамын анықтауды-лабораториялық әдіс деп аталады. Мата кұрамын бұл тәсілмен анықтау үшін талшықтардың құрылымы мен олардың химиялық қасиеттерін жақсы білу керек.

Информация о работе Романтикалық стильдегі киімдердге қолданылатын мата түрлері