Романтикалық стильдегі киімдердге қолданылатын мата түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 10:32, курсовая работа

Описание работы

Мода – мұның өзі өмірдің немесе мәдениеттің кез келген саласындағы белгілі бір талғамдардың қысқа мерзімді үстемділігі. Киімде мода бір стильдің ауқымында белгілі бір формаларға, пропорцияларға, мүшеленулерге, материалдарға, түстерге және т.б жаппай әуестілікті бейнелейді. Мода тек жекелеген адамның бейнесін ғана емес, сонымен бірге көшенің де, елдің де бейнесін қалыптастырады.

Работа содержит 1 файл

Романтика стильдегі киім.doc

— 72.50 Кб (Скачать)

Кіріспе 

    Мода – мұның өзі өмірдің немесе мәдениеттің кез келген саласындағы белгілі бір талғамдардың қысқа мерзімді үстемділігі. Киімде мода бір стильдің ауқымында белгілі бір формаларға, пропорцияларға,  мүшеленулерге, материалдарға, түстерге және т.б жаппай әуестілікті бейнелейді. Мода тек жекелеген адамның бейнесін ғана емес, сонымен бірге көшенің де, елдің де бейнесін қалыптастырады. Ол киім мәдениетінің, жаппай эстетикалық талғамының бейнесі болып табылады. Адамдардың модаға зер салуының себептері алуан түрлі. Ол барша секілді тіршілік етуге талпыныс,моданың жетекшілерінен қалыптасу, сөйтіп әдемілікке, жетілуге және уақыттан қалыспауға  тырысу, бұқарадан оқшау шығып, жетекші болуға талпыну және басқалар. Суретшілер- модельшілер жаңа мода киімнің жасаушылары да, нағыз насихатшылар да кең  көлемдегі тұтынушы  жаңа моданың бас төрешісі болады. Тұтынушылар қабылдаған мода дамып, жалпыға бірдей өрістеуі оны «тығырыққа» таянғанша өрісін кеңейте береді. Осы кезде жаңа мода дүниеге келеді.20 ғасырдағы костюм формасының дамуы киім формаларының негізгі стильдік шешімдерін тудырды. Олар классикалық, спорттық және романтикалық. Романтикалық стиль дегеніміз – бұл жеп- жеңіл ұшып бара жатқандай, түр- түсі қанық немесе төсеніш түсіндей, әйел затының нәзік тігін, майда желбіршектер және  әдемі жабо, өте көп тоқылған сәндік кружева, банттар, желбезектер, қолдан жасалған гүлдер. Дегенменде ешқандай желбезексізде романтикалық стильдегі көйлекті тігуге болады, тек мата өте жеңіл, ауаға жеңіл ұшатындай сезілсе және белінде бархаттан белдік болса, етегі кең клёш болса,кеудесі қыналып, үлкен декольте болса онда бұл модельді де романтикалық деуге болады. Романтикалық стильдегі киімдерді көбінесе мерекелік кештерде, үлкен жиында, демалыста ұсынылады.Роман стильі –ІХғ. Орта ғасырлық Батыс киім үлгілері. Романтизм –ХІХ ғасырдың алғашқы он жылдығында қалыптасқан романтикалық батырлар мен батылдар стильі.

    Зерттеу жұмысымыздың мақсаты: Стиль түрлерін зерделеу, романтикалық жаздық киім үлгілерінің өңделу технологиясын анықтау.

    Зерттеу жұмысының міндеттері:

    - Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттер мен сән журналдарына талдау жасау;

    - Стильдің түрлерін, стиль ұғымын зерделеу;

    - Романтикалық стильдегі блузканы өңдеу технологиясын анықтау. 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Стиль ұғымына теориялық  мағлұмат
 

    Мода – мұның өзі өмірдің немесе мәдениеттің кез келген саласындағы белгілі бір талғамдардың қысқа мерзімді үстемділігі. Киімде мода бір стильдің  ауқымында белгілі бір формаларға, пропорцияларға,  мүшеленулерге, материалдарға, түстерге және т.б жаппай әуестілікті бейнелейді. Мода тек жекелеген адамның бейнесін ғана емес, сонымен бірге көшенің де, елдің де бейнесін қалыптастырады. Ол киім мәдениетінің, жаппай эстетикалық талғамының бейнесі болып табылады. Адамдардың модаға зер салуының себептері алуан түрлі. Ол барша секілді тіршілік етуге талпыныс,моданың жетекшілерінен қалыптасу, сөйтіп әдемілікке, жетілуге және уақыттан қалыспауға  тырысу, бұқарадан оқшау шығып, жетекші болуға талпыну және басқалар. Суретшілер- модельшілер жаңа мода киімнің жасаушылары да, нағыз насихатшылар да кең  көлемдегі тұтынушы  жаңа моданың бас төрешісі болады. Тұтынушылар қабылдаған мода дамып, жалпыға бірдей өрістеуі оны «тығырыққа» таянғанша өрісін кеңейте береді. Осы кезде жаңа мода дүниеге келеді.20 ғасырдағы костюм формасының дамуы киім формаларының негізгі стильдік шешімдерін тудырды. Олар классикалық, спорттық және романтикалық. Романтикалық стиль дегеніміз – бұл жеп- жеңіл ұшып бара жатқандай, түр- түсі қанық немесе төсеніш түсіндей, әйел затының нәзік тігін, майда желбіршектер және әдемі жабо, өте көп тоқылған сәндік кружева, банттар, желбезектер, қолдан жасалған гүлдер. Дегенменде ешқандай желбезексізде романтикалық стильдегі көйлекті тігуге болады, тек мата өте жеңіл, ауаға жеңіл ұшатындай сезілсе және белінде бархаттан белдік болса, етегі кең клёш болса,кеудесі қыналып, үлкен декольте болса онда бұл модельді де романтикалық деуге болады. Романтикалық стильдегі киімдерді көбінесе мерекелік кештерде, үлкен жиында, демалыста ұсынылады.Роман стильі –ІХғ. Орта ғасырлық Батыс киім үлгілері. Романтизм –ХІХ ғасырдың алғашқы  он жылдығында қалыптасқан романтикалық батырлар мен батылдар стильі.

    Классикалық стиль формалардың тұтастығы, көлемдердің  адам тұлғасының пропорцияларына сәйкес келуі, детальдардың өзара өлшемдестігі, конструкциялық мүшелеу жүйелерінің қысқалығы мен айқындығына тән болып келеді. Жалпы ұстамдық фактура мен материалдар түсінің, декардың қаталдығынан көрінеді. Өздерің білетіндей классикалық стиль ол моданың негізінен алынады. Бұл стильдегі киімдер кеңнен таралған және де матаның да фактурасы мен түр- түсі адамға жағымды болып келеді, яғни  олар – жүннен әзірленген маталар,  жібекетн тоқылған маталар, мақта маталар, леннан  және  жартылай аралас  маталар, табиғи  маталарға  ұқсастырылған  химиялық олмен алынған  маталар.Классикалық  стиль- бұл қарапайымдылығымен, ықшамды пішілген бөлшектерімен және де бірнеше ондаған жылдар бойы тігіліп зерттеліп келе жатқан әрі өте  қатал салмақты іскер үлгідегі киімдер.Бұл  киімдегі стильдерге негізінен- костюмдер,  ағылшын жакеттері, кардиган тағыда көптеген киім үлгілері жатады, бұл киімдерге қосымша ретінде юбкалар мен шалбарлар жатады. Сонымен қатар костюмдердің ішінен киетін блузкалар ерлер киіміне жақын болып келеді.

    Роман стильі – ІХғ орта ғасырлық Батыс киім үлгілері.

    «Готика» - орта ғасырда ХІІІғ Европада пайда болған киім стильі. Киім конструкциясының қалыптаса түскен шағы. Киімнің жаңа формасы конструкциялық сызықтары, бүкпелердің қалыптасуы.

    Ренесанс- ХV-ХVІ ғ.ғ басында Европа елдерінде қалыптасқан өнер стильі (ренесанс француз тілінен аударғанда «Жаңару» деген ұғымды білдіреді)

    Барокко –ХVІІ ғасырдағы Европа елдерінде қалыптасқан Конвентті нұсқауымен дайындалған револютционер халықтың қарапайым формалы костюм үлгілері.

    Классицизм  стиль- француздардың революциялық Конвентті нұсқауымен  дайындалған революционер халықтың қарапайым формалы костюм үлгілері.

    Рококо-ХІІІ ғ. Европа елдерінде нәзік талғамды өнер стильі.

    Неоклассицизм- ХVІІІғ. Екінші жартысындағы көркем мәдениет бағытында рококоны ығыстырды. Әсіресе әдебиет, сәулет, сұңғат, театрда неоклассизм деп аталса, киімде Людовик ХVІ  стильі делінеді.

    Ампир- (фр тілінен аударғанда еmpive – «имперация») – сәнді әрі ұлы император стильі.

Романтизм – ХІХ ғасырдың алғашқы он жылдығында қалыптасқан романтикалық батырлар және батылдар стильі.

    Модерн- классикалық стиль, ол түрлі онер саласы синтездеуге, интериердегі заттарды тіпті үлкен ғимараттарды  бір-бірімен тұтас тұтас байланыстыруға  бағытталды. Бұл стиль түрлі елдерде түрліше аталды. Францияда – «ар-нуво»,  Германияда –«Югенд-штиль», Австро-Венгрияда- «Сецессион», Америкада – «тиффани», Россияда –«Модерн»- деп аталады.

    От- кутюр –«Haute Couture» (фр тілінен аударғанда – жоғары тігін) «Жоғарғы мода» дегенді білдіреді.

    Конструктивизм –(латын тілінен аударғанда constvuctio –«құрастыру»)-  1920-30 жылдардағы өнер бағыты. Көрме шығарманың конструкциялық және техникалық жақтарына аса назар аударып, тиімділік пен үнемділік талапқа сай бояу жақтарын көздейді.

    «Ар деко» -1920-1930 жылдардағы Европа мен Америкадағы сәндік өнер аталуы. Ар декео  француз тілінен аударғанда  L’Avts Derovatifs – «Сәндік өнер»  мағынасын береді.

    Кубизм- ХХ ғасыр бірінші ширегіндегі бейнелеу өнерінен бір бағыты  Кубизм негізін Пикасо өзінің «Авилондық қыздар» атты картинасында алғаш салынған.

    Сюрреализм- (француз тілінен аударғанда шындыққа жанаспайды дегемағынаны білдіреді. Шығармада ақылға симайтын шындыққа жанаспайтын көріністер бейнеленеді.

    Нью- Лук- ағылшын тілінен new look –«жаңа көзқарас», «жаңа бағыт» дегенді білдіретін киім модасының коллекциялары.

Прет-а  порте – көпшілікке арналған киім стильі

    Поп-Арт – (ағылшын тілінен аударғанда  рор avt popu lap ari  сөзінің қысқаша аталуы –«белгілі өнер») көркем бағыт.

    Джинси-ХІХ ғасыр 60ж Американың Комидюрнел Штаты пайда болды, джинсы киімдерін «Levis», «Wvandler», «Lee» мануфактуралары шығаруда  джинсы сөзі- Дженева қаланың атына байланысты аталады. Себебі,  осы қалада тоқылған желкен матасынан американдық шалбар тіккен.

    Постмодернизм- ХХ ғасыр 80-ші жылдары пайда болған өнер бағыты. (поп-арт өнерінің жалғасы). Заттың, бұйымның жеке бөліктеріндегі бір- біріне ұқсас «заттар» мен  бөлшектерді қайталау арқылы көркемдеу тәсілі.

    Минимализм- 1970 жылдары Америкада қарапайым силуэетті, айқын сызықты, секцуальды, сәнді әрі қолайлы ұзын киім үлгілері. Оның негізін қалаған Американдық дизайнерлер Кельвин Кляйн, Хальстон және Джефри Бин.

    Оп- АРТ (ағылшын тілінен аударғанда ор avt,  optical  арт сөзінен қысқартылған –«оптикалық өнер») мағынаны білдіреді. Оп-АРТ ХХ ғасыр 50-60 жылдары европалық сұңғат пен графика өнерінің бағыты. Мұнда суретшілер түстік контрастылық пен түрлі сызықтардың түйісуі негізінде көрерменге көз бояушылық әсер туғызуды көздеді.

    Деконструктивизм- 1960 ж филосифия, әдебиет, сәулет өнері мен бейнелеу өнері саласында маңызды әсер еткен стиль. Мода ағымында белгиялық және жапондық шеберлердің туындыларында осы стиль байқалды. Бұл стильдің ерекшелігі классикалық пропорцияны, кеңістіктегі құрылымды немесе көркем объектіні,  қалыпты киім формасын өзгертуі мен байқалды.

    Инсталляция- (ағылшын тілінен аударғанда –«қондыру» түрлі элементтер арқылы құрылған кеңістік компазициясы. Ол тұрмыстық бұйымдар, өндіріс бұйымдары мен материалдары, табиғат объектілері, тақырыптық немесе  ақпараттық көріністер болып авангард өнерінде кеңінен қолданылды.

    Эклектика – түрлі стильдердің өзара  топтасуы.

    Авнгард- алдыңғы, сыртқы деген ұғымды білдіреді. 1970ж Нью- Йоркте, 1980 ж Парижде  Кэндзо, Миякэ, Ямомато  секілді  жапон модельерлері ұсынған біртүрлі тік, геометриялық немесе формасыз силуэтті киім үлгілері европалықтарды таң  қалдырған.

    Авангард  мода ол ешқандай стильге жатпайтын  өзіндік пішілу мен тігілу жағынан  ерекшеленіп көзге түсетін киім үлгілері. Жоғарыдағы киім эскизінде барлық стильге  тән өзіндік ерекшеліктер алынған және сонысымен көзге түсіп тұр. Бұл пальто қатаң және өзіне-өзі  сене алатын және де соны мен қатар әйел нәзіктігін сезіне алатын  қынама кеудесімен, әйел аяғының сұлулығымен көзге түседі. Төменгі сурете сол эскизден тігілген пальто. 
 
 

2 Романтикалық стильдегі киімдердге қолданылатын мата түрлері 

    Матаның құрылымы негізгі және арқау жіптердің  өзара орналасуы және байланысы  мен анықталады. Матаның құрылымына әсер ететіндер: мата жасалған жіптердің  құрылымы, негіз бен арқаудың тығыздығы, тоқылу түрі.

    Матаның сыртқы көрінісі, қасиеті және қандай мақсатқа жұмсалатындығын оның құрылымына байланысты.

    Иірілген  жіптер мен басқа жіптердің құрылымы.

    Иірілген  жіптердің және басқа жіптердің  жуандығы, ширатылуы және құрлымы матаның құрлымына ықпалын тигізеді. Сызықтың тығыздығы жоғары жіптерден қалың, ауыр және ірі тоқылған мата шығады. Егер негіз бен арқаудың жуандығы әртүрлі болса, онда олардың үйлесімсіздігі салдарынан матада тік және көлденең жолақтар пайда болып, дөңес, томпақ торкөздер пайда болады.

    Жіптерді  қатты ширатқан сайын, матаның қалыңдығы  жұқарып, серпілділігі мен қаттылығы  артады. Қатты ширатылған, езілген  жіптерден тоқылған жұқа жүн мақта  және жібек маталарда, бүктелген  кезде, әрқашан өзгеріп тұратын  толқынды сызықтар — муар тиімділігі пайда болады.

    Матаның құрамына жіптің ширатылуының қаттылығы  ғана емес, оның ширатылу бағыты да әсер етеді. Егер негіз бен арқау бір  бағытта ширатылса, онда орамдар  әртүрлі бағытта орналасады. Мұның  өзі тоқылған өрнектің едәуір айқын көрінуіне себепші болады. Егер негіз бен арқаудың ширатылуы әр бағытта болса, жіптердің оралуы бір бағытта болады да, матаның беті тегіс көрінеді. Ондай мата жақсы түктеледі.

    Кейде әр бағытта ширатылған негізгі немесе арқауды бірге пайдалынады. Мысалы: креп-атлас, оңға-солға ширатқан екі жіпті арқау жіптерін кезекпен алмастырып тұрады. Соның нәтижесінде матаның беті қиыршықтанып көрінеді. Түйінді, ілмекті, шыршықтала иірілген жіптерді және де борпылдақ көрінеді. Түйінді, ілмекті, шыршықтала иірілген жіптерді және борпылдақ, үзілгіш синтетикалық жіптерді пайдаланғанда мата қалың, жұмсақ болып шығады, әрі әдемі көрінеді.

Информация о работе Романтикалық стильдегі киімдердге қолданылатын мата түрлері