Жөндеу түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 11:29, реферат

Описание работы

Жөндеудің үш түрі қарастырылады. Олар: қалпына келтіру, ағымдағы жөндеулер және күрделі немесе толық жөндеулер.
Қалпына келтіру жөндеулері – бұл әртүрлі жағдайларға: табиғи апаттарға (топан су, өрт, жер сілкінісі және т.б.), әскери қиратуларға, негізгі құралдардың ұзақ уақыт бойы қызмет істемей тұруына байланысты болатын жөндеулердің ерекше түрі. Қалпына келтіру жөндеулері мемлекеттің арнайы қаражаттары есебінен жүргізіледі.

Работа содержит 1 файл

40 Жөндеулердің үш түрі.doc

— 157.00 Кб (Скачать)

40 Жөндеулердің  үш түрі

Жөндеудің үш түрі қарастырылады. Олар: қалпына келтіру, ағымдағы жөндеулер және күрделі  немесе толық жөндеулер.

Қалпына келтіру  жөндеулері – бұл әртүрлі жағдайларға: табиғи апаттарға (топан су, өрт, жер сілкінісі және т.б.), әскери қиратуларға, негізгі құралдардың ұзақ уақыт бойы қызмет істемей тұруына байланысты болатын жөндеулердің ерекше түрі. Қалпына келтіру жөндеулері мемлекеттің арнайы қаражаттары есебінен жүргізіледі.

Ағымдағы жөндеу – бұл өндірістік процесс кезінде  негізгі құралдарды қызметтен алмай жасалатын ұсақ жөндеулер. Ол өндірістік процесті ұзақ уақытқа тоқтатпайды. Ұсақ жөндеулер кезінде жекелеген бөлшектер ауыстырылады, әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Күрделі немесе толық жөндеулер – бұл негізгі  құралдардың толығымен қайта жөндеуді қарастырады, оның барлық ескірген бөлшектері толығымен ауыстырылып, жөнделген қалпы бастапқы қалпына жақын болуы тиіс.

 

41 Жөндеуді  ұйымдастыру формалары. Жөндеу  шаруашылығының негізгі техникалық-экономикалық  көрсеткіштері 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

42 Сапа  кәсіпорынның нарықтық экономика  шарттарындағы табыс факторы  ретінде 

Қазіргі уақытта  өнім сапасын көтеру – біздің елімізбен  қатар шет елдерде де негізгі  мәселелердің бірі. Бұл мәселенің  маңыздылығы алдыңғы уақытта  арта түсері сөзсіз. Оның себептері өндіргіш күштердің, экономикалық жағдай, оның даму перспективасы деңгейіне байланысты. Сапаны жақсарту үшін, бәрінен бұрын, оны сандық анықтай білу керек, себебі сандық әдістерді қолдану – қолданылатын басқару шешімінің дұрыстығының маңызды алдыңғы шарттарының бірі. 
Өнімдердің көптеген түрлерін өткізудің қиындығы оның сапасын әр түрлі стадияда: техникалық тапсырманы, жұмыс жобасын, тәжірибелік үлгісін, ең соңында сериялық өнімді, дұрыс анықтауды білмеуден. Бұл өткізуді баяулатуға, кей жағдайда сатуға мүмкіндік бермеуге әкеліп соқтырады. Ал бұл халық шаруашылығын орасан зор шығынға ұшыратады. 
Капиталистік елдерде, нарыққа күресе отырып, әр фирма конкуренттерінің жетістіктерін мұқият бақылап отырады. 
Мысалы қырынатын лезвие шығаратын Жилетт фирмасы дүние жүзіндегі таңдаулылардың бірі. Сондықтан, конкуренттерінің жартылай автоматты лезвие магазинін шығарған кездегі олардың мазасызданғанын түсінуге болады. Бөлім конструкторлар мен өндірістік бөлімдерден осыған ұқсас бір жаңалықты өндіріске енгізулерін талап етті. Бірақ сапамен қамтамасыз ету бөлімі бағалаған кезде, жаңалықтың қосынды бағасы салыстырмалы түрде шамалы ғана болды, сондықтан оны шығарудың маңызы болмай қалды. Дегенмен есептеулер, Жилеттің бұйымдары басқа көрсеткіштері бойынша конкуренттерінен төмен қалды, бұл оның комплекстік бағасын төмендетеді. Бұл көрсеткіштерге сапамен қамтамасыз ету бөлімі көңіл аударуды ұсынды. Дұрыс баға құру – (нарық) өнімнің сапасын объективті бағалаумен тығыз байланысты. 
Өнімді бағалауда сапаны ескерудің орындылығын экономистердің көпшілігі қлодайды. Бағаның сапаға тәуелділігін табу үшін оларды өлшей білу қажет. Бағаның өзінің мәні бойынша сандық формасы бар. Сондықтан елімізде бағаны құрудың практикалық қажеттілігі сапаны бағалаудың ғылыми тұрғыда негізделген комплекстік сандық принциптерін қажет етеді. Бұлай бағалау әртүрлі автоматтандырылған жобалардың пайда болуынан шықты. 
Осы кезеңде өнім сапасын бақылауда объективті сипат алған үлкен қиындықтармен кездесуде. Және жаппай өндіріс өнеркәсібі мен тауар алмасудың дамуының ерекшеліктерімен анықталатын өсімге әсер етеді. 
Дегенмен, қорытындылағанда, бүгінгі таңда квалиметрияның келісті теориясы пайда болды деп тұжырымдау әлі ерте. Квалиметрияның пайда болғанына өте аз ғана уақыт өтті, оның зерттеу объектісі өте салмақты (маңызды). Дегенмен бұл ғылыми бағыттың қалыптасуы, принциптері мен сапаны бағалаудың тәсілдері туралы мәселені шешуге мамандардың барлық күш-жігері жұмсалуы керек.

 

 

 

 

43 Квалиметриядағы  сапаны өлшеудің мәні 

Қазіргі уақытта  әр түрлі еңбек өнімдеріне қолданбалы қосымша сала қалыптасып келеді. Бұл жүйеде өзінің спецификалық зерттеу объектісін (жалпы принциптері мен сапаны бағалау әдістері), өзінің спецификалық зерттеу пәнін (адам еңбегі жемісінің жиынтығы), өзінің спецификалық математикалық аппаратын, өзінің спецификалық проблемаларын, математикалық, физиологиялық және социологиялық мінезі бар.

Бұл жүйенің  басқа ғылыми тәртіптерден айырмашылығы мағынасын анықтайтын терминнің  болмауы. Қойылған мақсатты жүзеге асыру  үшін ежелгі грек және латын тілдері  қолайлы болып саналды. Мамандар тобының арасында түсінікті болу үшін бұл термин салааралық ғылымды түсіндіру керек. Ғылымның бұл жағы «квалиметрия» деп атау ұсынылды, латын тілінен «квали» (qualitas – сапа, мінез, quails – қандай, сапасы қандай) және ежелгі грек тілінен «метрео» -өлшеу.

«Метрео» түбірі халықаралық лексиконда көп қолданылады. Ал «квали» түбіріне келсек, одан тарайтын көптеген мағыналы сөздер ( квалификация, квалификациялау т.б.), көптеген елдерде  ол «сапа» деген мағынаны білдіреді. Мысалы ағылшын тілінде – quality («кволити»), испан тілінде – cualidad («квалидад»), француз тілінде – qualite («калите»), итальян тілінде – qualita («квалита»), голланд тілінде – kwaliteit («квалитайт»), неміс тілінде – qualitat («квалитет»).

«Квалиметрия» термині өте ыңғайлы болып келеді: түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар үшін түсінікті; «сапаны өлшеу» терминінің мазмұнын дәл түсіндіреді.

Квалиметрияда екі термин жиі қолданылады, олар: бағалау және өлшеу.

Екеуі екі түрлі  мағынаны береді. Квалиметрияда сандық бағалау термині – қарастырылатын өнімнің сапа деңгейіне қатынасы (көбінесе пайызбен анықталады). Өлшеу мен бағалаудың айырмашылығын мінездейтін қарапайым мысалды қарастырып кетейік. Соңғы тексеру кезінде бетон 250 кг/см2 сығу мықтылығын көрсетті. Бұл жағдайда 250 саны – сапаны бағалау нәтижесі, яғни сапа көрсеткіші. Бірақ бетонның сапасын білу үшін (немесе басқаша айтқанда, бетонның жақсы немесе жаман екендігін білу үшін), сапа көрсеткішін базалық көрсеткішпен салыстыру қажет. Мәселен, бетонның беріктік жобасы 300 кг/см2 болу керек, онда баға 250/300=0,83-ке тең. Егер беріктік жоба тек 200 кг/см2 болса, онда сапа бағасы көп жоғары болады: 250/200=1,25.

Сонымен, өлшеу  – шаманы өлшеммен анықтау болса, онда 0,83 пен 1,25 - әртүрлі өлшемді  қолданғандағы өлшеу мәнінің  қорытындысы (300 – бірінші жағдайда, 200 – екінші жағдайда). Алайда бұлай түсіндіру қателестіреді, себебі өлшеу деп бір физикалық масштаб шкаласындағы сапа көрсеткішінің сандық мәнін де және бұл мәндерді салыстыру қорытындысын да түсінеді. Сондықтан өлшеу терминін «Метрология. Терминдер мен анықтамалар» мемлекеттік стандарт жобасында көрсетілген «Өлшеу – арнайы техникалық құралмен тәжірибе жүзінде алынған физикалық шаманың мәнін табу»

 

 

44 Сапаны бағалау қасиеттері

Сапа - объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамтамасыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы (ИСО 8402). Сапа деген ұғым үш элементті қамтиды: объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек. Сапаны бағалау - объектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру (ИСО 8402). Егер тексеру кезінде талаптардың орындалмауы себепті сәйкессіздік анықталған болса, онда оны жою үшін мекеме түзету шараларын жүргізеді. Кез келген тексеру екі элементтен тұрады:

  1. объектінің нақтылы жағдайы жөнінде ақпараттар алу (өнім үшін оның сапалық және сандық сипаттамалары);
  2. алынған ақпаратты бұрыннан белгіленіп қойылған талаптармен салыстыру, яғни екінші түрде ақпарат алу.Өнім сапасын тексеру - өнімнің сапалық және сандық сипаттамаларын тексеру. Сапаны тексеру жұмыстарына өлшеу, талдау, сынау операциялары кіруі мүмкін.

Өлшеу дербес жұмыс  түрі ретінде метрологияның объектісі болып табылады. Өнімді талдау - материалдар мен шикізаттардың құрамы мен құрылымын талдау сараптамалық әдістермен (химиялық талдау, микробиологиялық талдау, т.б.) жүргізіледі. Сынау - сынау объектісінің сапалық және сандық сипаттамаларын эксперименттік әдіспен анықтау. Сынау кезінде негізгі қажетті заттар - сынау құрал-жабдықтары, ал көмекші заттар - қажетті реактивтер, материалдар, т.б. Сынау кезінде өнім мен қызметтің сипаттамаларын анықтаудың әр түрлі әдістері қолданылады: өлшеу, сараптамалық, тіркеу (тоқтап қалу санын, зақымдалған өнімдердің санын және т.б.) органолептикалық (сипаттамаларды адамның сезім мүшелерінің көмегімен анықтау). Өткізу орнына байланысты сынаулар зертханалық, полигондық, табиғи болып бөлінеді. Тауарларды сынаудың негізгі түрі - зертханалық сынау. Сынау жүргізудің сапа көрсеткіші - дәлдік және нөтижелердің қайталануы. Бұл талаптарды орындау метрология ережелерін сақтауға тікелей байланысты. Қажетті сынаудың сапасын дәлелдеу үшін зертханалар тіркеуден өтуі керек. Зертханаларды тіркеу - сынау зертханаларын орган ретінде белгілі салада жұмыстарды жүзеге асыруға мекеменің құқықтылығын өкілетті мемлекеттік органның ресми мойындауы (ҚР СТ.7.0. 99). Қазақстан Республикасында сынау зертханаларын тіркеуден өткізу жүйесі құрылды. Елімізде сертификаттауды жүргізу ережелері бойынша нақтылы өнімді сынау жұмыстарын жүргізу құқығы тек қана тіркеуден өткен сынау зертханаларына беріледі.

 

 

 

45 Сапаны  басқарудың негізгі бес кезеңі

Сапаны басқару  – басқару практикасы мен сапаға ұмтылуға негізделген кәсіпорын  философиясы. Ендеше, сапа – кәсіпорын  өзегі. Сапаны жаппай басқару кез-келген кәсіпорынның басқарудағы жаңа жолы, яғни сапаға бағытталған, кәсіпорынның барлық мүшелеріне негізделген және тұтынушы талабын қанағаттандыру мақсатына негізделген. Қазіргі кезде сапаны жаппай басқару қоғамда күн сайынидиологияға айналып бара жатыр, яғни бізге қиындықтан шығу үшін және бәсекеге қабілетті елге айналу үшін керек.Сапаны жаппай басқару жақын арада үлкен және кіші кәсіпорын басшыларына керекті болады.

Сапаны жаппай басқарудың негізгі мақсаттары:

  • кәсіпкердің тұтынушы талаптарын қанағаттандыруға бағытталған саясаты
  • кәсіпкерлік сапаны мақсатқа айналдыру
  • кәсіпорынның барлық ресурстарын қолдану

Сапаны басқару: Бұл жүйеде немесе институционалдық деңгейде, жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру және жалпы оны жақсарту үшін жиі пайдаланатын іс-шаралар жиынтығы. Осы термин сапаны жоспарлау, сапаны бағалау, сапаны қамтамасыздандыру және оны жоғарылату механизмдері арқылы сапаны көтеруге бағытталған саясатты жүзеге асыру іс-шараларының барлығын қамтиды. Бұл қызметкерлердің арасында қызығушылық тудыруы мүмкін үнемі жетілдіру, клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталу, стратегиялық менеджмент, басқарушылықтың шеберлігі сияқты факторларға ерекше мән беретін, сапаны басқарудың ерекше толық және жан-жақты тәсілі. Сапаны басқарудың мұндай тәсілі:

- қойылған мақсаттарды және стандарттарды ( өз күштерімен немесе сыртқы органдардың, қаржыландыру ұйымдарының көмегімен бекітілген);

- тұтынушылардың сұраныстарын  қанағаттандыру шараларын; 

- сарапшыларды және кәсіби ой-пікірлерді;

- бәсекелестерді бағалауды қарастырады. 

 

 

 

 

46 Сапаны басқару  жүйесінің функциялары

Сапаны жақсарту мәселесін кесіпорында тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін енгізу арқылы ғана шешуге болады. Осындай сапа жүйелері көптеген жылдар бойы құрылып және жетілдіріліп келеді. Қазіргі кезде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарда белгіленген сапа жүйесі қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі - сапаны басқаруда өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары мен кезеңдерін қамту. Өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда болып отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып табылады. Өмір циклі маркетингтен басталады. Маркетинг деңгейінде - өнімге тапсырма берушілер және олардың талаптары анықталады. Жобалау деңгейінде тұтынушының барлық талаптарына сай өнімді жасау қарастырылады. Өндіру кезінде жобада белгіленген сапа деңгейі қамтамасыз етіледі. Айналым деңгейінде қалыптасқан сапа тасымалдау, сақтау, сатуға дайындау, сату кездерінде сақталуы керек. Пайдалану деңгейінде сапаны басқаруға тұтынушы кірістіріледі. Тұтынушының өнімді пайдалану жағдайы жақсы болса, онда оның қолдану мерзімі де артады. Қолданыстан шығару деңгейінде пайдаланылған өнімнің табиғи ортаға зиянды әсерін болдырмау керек. Кәсіпорынның іс-қимылы өнімді қолданыстан шығарумен бітпейді. Осы кезеңге қарай немесе одан да ертерек қажеттілік анықталады және маркетинг жүргізілгеннен кейін кәсіпорын жаңа өнім түрін жобалауға кіріседі. Осылай сапаны басқару саласындағы жаңа айналым басталады. Сапа жүйесінің қажетті элементтері: ұйымдық құрылымы, әдістемесі, ресурстар мен процестер. Сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы кәсіпорын жұмысын басқару шеңберінде құрылады да, оның бөлімшелерінің және қызмет істеушілерінің арасында құқығын, міндеттерін және функцияларын бөліп беру болып табылады. Әдістеме - іс-қимылдарды жүргізудің белгіленген тәсілдері (ИСО 8402). Ресурстар - қызмет көрсетушілер, қызмет ету құралдары, құрал-жабдықтар, технология. Процесс (ИСО 8402) - қолданылатын элементтерді (өнімге қатысты - шикізаттар, материалдар) дайын өнімге айналдыратын өзара байланыстағы ресурстар мен іс-қимылдар. Сапа жүйесінің бар екендігін және оның қойылған талаптарға сөйкестігін осының барлығына тиісті құжаттар болғанда ғана дәлелдеуге болады. Құжаттар сапа жүйесін жасаушыларға, қолданушыларға және тексеру органдарына көрсетуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, сапа жүйесі - сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымы, әдістеме, процесс және ресурстар жиынтығы.

 

47 Сапаны  басқару жүйесінің көрсеткіштері 

Сапа қасиетінің көрсеткіштері 
Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар: 
Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік-техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет. 
Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын, жөндеуге жарамдылығын көрсетеді. 
Технологиялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды. 
Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандартталған және сәйкестендірілген бөліктерінен тұрады. 
Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б. ылғалдылықтың әсерлері). 
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді. 
Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді. 
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер ─ патенттік тазалық, патенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді. 
Экологиялық көрсеткіштер ─ өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің деңгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радиациялық сәулелердің болу мүмкіндігі). 
Қауіпсіздік көрсеткіштер (өнімді жөндеу, сақтау,тасымалдау, шығару, қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау). 
Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестері сапаны басқару жүйесіне кіреді.

 

 

 

 

 

48 Өнімнің  өмірлік циклінің ИСО стандартының 11 кезеңі

 

 

 

 

49 Өнімді сертификаттау  түсінігі

Сертификаттау – сәйкестікті растау бойынша  орган өнімнің, қызмет көрсетудің белгіленген  талаптарға сәйкестігін жазбаша  куәландыратын процедура.

Латын тілінен аударғанда сертификатату – «дұрыс жасалған» деп аударылады. Өнімнің «дұрыс жасалғанына» көз жеткізу үшін, оның қандай талаптарға сәйкес келетінін білу керек.

Информация о работе Жөндеу түрлері