Табыс және оның түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 17:47, доклад

Описание работы

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Работа содержит 1 файл

рефменедж.docx

— 24.90 Кб (Скачать)

   Кәсіпорынның  нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы.  Шетелдік арнаулы әде-биеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:

   "Табыстар  дегеніміз - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" (15).

   Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң  күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" (11). Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезе-гінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен    алынатын    табыс;    төтенше    жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

   Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жат-қызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

   Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай  арт-ты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қа-лыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табы-лады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның ендірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің мен-шікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бүл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.

   Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйым-дар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызме-тін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.

   Ол  оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

   Нарықтық  экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:

  1. мемлекеттік бюджет табысының көзі;
  2. кәсіпорын   мен   бірлестіктердің   өндірістік   және әлеуметтік даму көзі.

   Функциялардың және олардың езара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

   Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

   1. Жуықтаудың  белгілі бір дәрежесінде, өнім  бағасы еңбектің  қоғамдық  қажетті   шығындарын   керсетуі   тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.

  1. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықгау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
  2. Табысты  бөлу  (тарату)  механизмі  белсенді  рольатқаруы  керек және  өндірістің дамуы  мен  оның  тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.

   4. Табысты   тиімді   пайдалану   тек   қалған   барлық қаржы тұтқаларының  жүйесінде  (амортизациялық аударымдар,   қаржылық   санкциялар,   салық   салу, акциздер, 
жал   төлемі,    дивидендтер,    пайыздық    мөлшерлемелер,арнайы    қорлар,    салымдар,    пай    (жарна)    төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, 
валюта   және   бағалы   қағаздар   курсы   және   т.б.)   ғана мүмкін.

Табысты тануға байланысты 2 негізгі мәселе бар:

1. Табыс  қашан (қай есепті кезеңде ) танылуы қажет

2. Қандай  сала табыс ретінде танылуға  тиісті.

 Консерватизм  қағидасына сәйкес табысты тану  қажет есепті кезең анық-ды. Осы  қағида бойынша табыс ең алғашқы  кезеңде, яғни к.о. табысты алу  мақсатында барлық әрекетті жүзеге  асырған кезде танылуға тиісті.

 Табыстың  қандай сала мөлшерінде танылуы  қажеттігі сату қағидасына сәйкес  тьанылуға тиісті. Мысалы: компания  екінші компанияға ксерокс сатып  алу жөнінде келісімшарт  жасады. Ксероксті келесі айдың басында  жеткізіп беру келісілді. 

 Егер  келісім желтоқсан айында жасалған  болса, онда консерватизм қағидасына  сәйкес сатып алушы ұйым сатушыдан  ксерокс келіп жеткенге дейін  сатушы табыс алғандығын көрсете  алмайды. Егер аппаратты қаңтар  айында жеткізген болса , онда  табыс сомасы келесі есепті  жылы танылуға тиісті.

 Сату  қағидасына қатысты мысал: 

 Сауда  ұйымы кондиционерлерді 30000тг сатады. Сатып алушы 30 күн ішінде шотты  төлеуге келісім береді. Сатушы  ұйым сатып алушы ұйымның төлем  қабілеттілігінің жоғары болуға  байланысты 30000 тг мөлшеріндегі табысты  танып есепке алады. 

 Қаржылық  септілік көрсеткіштері ретінде  табысты тану үшін келесі шарттардың  бірі орындалуы қажет :

1. Алынатын  табыс сомасының өте жоғары  шынайлық дәрежесінде бағалау  мүмкіндігі бар

2. Осы  іс – шарамен байланысты табыс  сомасы  алынуының мүмкіндігі  өте жоғары болған жағдайда

 Табыс  келесі операциялар нәтижесінде  алынуы мүмкін:

1. Тауарлы  – материалдық қорларды сату  нәтижесінде

2. Қызмет  көрсету нәтижесінде 

3. Активтерді  уақытша пайдалануға беру нәтижесінде

Қызмет  көрсетумен байланысты табыстар келесілер  орындалғанда танылады:

1. мәмленің  есепті кезең соңына аяқталатындығын  дәл анықтау мүмкін болғанда

2. мәмлені  жүзеге асырумен байланысты шығындарды  дәл бағалау мүмкін болған  жағдайда

     Өндіріс пен тауарды өткізуден кәсіпорынның негізгі және айналым капиталының  қозғалысын қамтамасыз ететін қаржы  ресурстары қалыптастырылады. Қаржылық көрсеткіштерге талдау жүргізгенде  қалыптасқан табыстың құрылымы мен  оның қалыптасу динамикасына көп  көңіл бөлінеді. Бұл кәсіпорынның жағдайын анықтаудың және салық арқылы мемлекеттік бюджет түсімін қамтамасыз ететін бірден бір шарасы.

     Кәсіпорын қызметінің сәттілігін қамтамсыз ететін маңызды бір фактор ол операциялық  қызмет негізінде алынған табыс жатады. Кез келген ұйым табыс табу мақсатында құрылғады, сонда оның алатын табыс түрі де әр түрлі болып келеді. Мысалы, қызметкерлердің алып жатқан жалақысы, жалға берген мүліктен түсім, берілген несие бойынша немесе бағалы қағаздар бойынша төленетін пайыздық табыс түрлері.

     Табыстар  өз ерекшігіне, ұйым қызметінің бағыты мен шарттарына қарай келесілерге  бөлінеді:

  1. Жай қызмет түрінен алынатын табыс;
  2. Операциондық қызметтен түсетін табыс;
  3. Өткізуден тыс қызметтен алынатын табыс түрі.

Жай қызмет түрінен алынатын табыстан басқа  өзгеше табыс түрлері басқа да түсімдер деп танылады. Өзге де табыс  түріне төтенше түсімдері де жатады.

Жай қызметтен  алынатын табыс деп қызмет көрсетумен және тауар өндірумен байланысты тауарларды сатудан түсетін табыс. Тауарлар мен құралдарын уақытша пайдалануға беру арқылы табыс алатын ұйымдардың табысы деп осы қызметтен, яғни жалға беру қызметінен түсетін түсімді айтамыз.

Жай қызметтен  алынатын табысқа мыналар да жатады:

  • Өзіне тиесілі актвитерді, патенттік құқықты, өндіріс схемалары мен интеллектуалды меншік түрінің басқа да құқығын уақытша пайдалануға беру қызметінен түсім;
  • Басқа ұйымдардың жарғылық капиталына салым жүргізгенде.

Операциондық  табысқа төмендегілер жатады:

  1. Ұйымның активтерін уақытша пайдалағаны үшін төлем;
  2. патенттік құқықты, өндіріс схемалары мен интеллектуалды меншік түрінің басқа да құқығын уақытша пайдалануға беру қызметі бойынша төлем;
  3. Басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталының мүшесі бола отырып, оның бағалы қағаздары бойынша немесе пайыздар бойынша алынатын табыс;
  4. Серіктестік қызмет түрінде басқа ұйымдармен біріккен қызмет атқару арқылы алынатын түсім (жай серіктестік келісім шарты негізінде);
  5. Негізгі құралдарды, өзге де активтерді, тауарлар мен өнімдерді сатудан түсетін түсімдер;
  6. Кәіспорынның бос ақша қаражаттарын уақытша пайдалануға беруден және сол қаржы бойынша төленетін пайыздық қойылымдар (яғни банк шоттарындағы ақша салымдары).

Төтенше табыстар деп: шаруашылық қызметтің  әр түрлі төтенше жағдай кезінде  туындайтын табыстар (авария, өрт, табиғи апат, нациоландыру және т.б.); сақтандыру төлемдері, материалдық активтердің қолданысқа келмейтініне байланысты құрылған қор негізінде жабу.

Жалпы салық салынатын табыс ретінде  былай болып бөлінеді:

  • Тауарларды, мүлікті және мүліктік құқықты сатудан түскен қаражаттар;
  • Өткізуге байданысты емес түсімдер.

Енді  осы табыс түрлерін кесте түрінде  көрсетуге болады. (кесте 1.1.)

Кесте 1.1. Табыс құрылымы

Табыстар  түрі Кәсіпорын табыстарының құрылымы
А Б
1. тауарларды (жұмыс, қызмет) және мүліктерді сатудан алынатын табыс Бұл кезде табыс  деп тауарларды (жұмыс, қызмет) және мүлік пен мүліктік құқықты (бағалы қағаздар) сатудан алынған түсім  танылады.
2. Өткізуге байланысты емес түсімдер   - басқа ұйымдарға үлестік қатысудан;

  -  шетелдік валюталарды сату және сатып алудан (бұл кезде келісім шарт жасалынған күнгі Ұлттық Банктің бағамы есепке алынады);

-      келесімшарттарда көрсетілген міндеттемелерін орындауға байланысты түсімдер (пеня, санкция түрінде);

-      мүлікті жалға беруден;

-      интелектуалдық меншікті пайдалануға беруден түсетін түсім;

-      келісімшарттық займ, несие мен банктік шоттан алынатын табыс;

-      қалыптастырылған резервтер (шығындар құрамында көрсетілген қаражаттан қалыптастырылса);

-    Тегін берілген мүліктер мен меншік құқығы;

-      салық кезеңі кезінде анықталған өткен жылдың табысы;

-  құны шетелдік валютада көрсетілген мүлік пен міндеттемелерді қайта бағалау кезінде болған оң бағамы;

-      мүліктерді қайта бағалау кезінде табылған оң нәтиже;

-      тозығы жеткен және сынған материалдар негізгі құралды бүзудан алынған бөліктернің құны;

Қайырымдылқ қордан алынған тауарлар, қызмет көрсетулер мен тегін берілетін өнімдер;

-      бұрын уақыт өтуіне қарай қайтарылмай қалған кредиторлық қарыздың сомасы;

-      мерзімді шарт негізінде қаржы құралдарымен жасалынған операциялар бойынша табыс;

 - түгендеу нәтижесінде анықталған тауарлы материалдық қорлардың артықшылығы.

3.Төтенше  табысы  -  апат, табиғи апат, өрт, соғыс кезінде көмек ретінде келіп түскен түсімдер;

 -  сақтандыру төлемдері;

 - істен шыққан активтер бойынша қордан ақша аудару.

Информация о работе Табыс және оның түрлері