Қазақстан патриоттары партиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 02:47, реферат

Описание работы

Қазақстан Патриоттарының Партиясын Қазақстанның болашағына деген көзқарасына қосылатындар – ұлтаралық келісім мен әлеуметтік әділеттілік қоғамында өмір сүргісі, ертеңгі күнге сеніммен қарағысы келетіндердің бәрі қолдайды.
Қазақстан Патриоттарының Партиясы бүгінде таңдап алынған бұлжымас стратегиялық саяси бағыттың нәтижесінде халықтың қалың бұқара топтары арасында лайықты беделге ие болып, олардың көңілінен шыға білді. Және бұл құбылыстың құпиясы өте қарапайым болып шықты.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Шығу тарихы
2.2. Партия төрайымы
2.3. Партияның жарғысы
2.4. Қазақстан республикасы президенттігіне кандидат Ғани Есенгелдіұлы
Қасымовтың саяси тұғырнамасы.
2.5. Атқарушы билігі
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Каз Патриот Партия.docx

— 34.74 Кб (Скачать)

 Бұдан шығатын қорытынды  - осындай қиын жүйеде экономика  әрқашан әлсіздікке және жемқорлыққа  душар болады.

 Мен мынандай шараларды  қолданамын: ұлттық компаниялар  мен холдингтердің, мемлекеттік  қорлардың, даму институттарының  қызметтеріне толық тексеру жүргіземін, барлық тексеру жүргізілген компаниялар  мен холдингтер мемлекеттік қордан  алған қаржыларын бюджетке қайтарады  және өздері бәсекелестікке түсетін  болады. Ал қалғандары күйреуге  ұшырайды.

 Еліміздің әкімшілік-аумақтық  құрылымын қайта жандандырамын.  Барлық облыстық құрылымдар шеттетілетін  болады.

 Әкімшілік жүйе мынадай  өлшемде болады - Үкімет-министрлік - аудандық әкімдіктер және оның  қажетті құрылымдары. Облыс орталықтары  ерекше мәртебедегі Алматы қаласындай  дербес қалалар болып қалыптасады.  Осы жағдайда аудан әкімдері  сол аумақта тұратын халық  қалауымен сайланады және Президент  Жарлығымен бекітіледі.

 Жергілікті аудандық  бюджетті, ауыл тұрғындары мен  ауылдарды тікелей орталық қаржыландыратын  болады. Бұл шаралармен біз ауылдардың  ажарын бірден келтіреміз.

 Қазақ ғалымдарының  отандық және қолданбалы зерттеулерін  тиімді дамыту мақсатында әрі  дүние жүзі деңгейінде қолдау  көрсету мақсатында Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік ғылым  академиясын құрамын.

 Менің негізгі ойым  мен қамқорлығым - Қазақстан және  қазақстандықтар үшін: өз ресустарымызды  отандық өнеркәсіптерде және  ауыл шаруашылық өнімдерінде  тиімді пайдалану үшін ішкі  қажеттіліктер мен экспорттық  тауарлардың өсуін қамтамасыз  етуге, еңбек және зияткерлік  әлеуетін дамытуға бағытталған.

 Қазақстанның ашық  экономикаға деген бейілдігін  дәлелдеймін. Ұлттық экономика  мүддесіндегі сыртқы инвестицияларды  ұлғайтамын, отандық тауарлардың  тез алға шығуы үшін салықтың  барлық түрін түсіруді қамтамасыз  етемін, «көлеңкелі» капиталдың  жария етілуіне нақты шаралар  қолданамын.

 Шетелдік жұмыс берушілерге  қатаң талаптар қоя отырып, еліміздің  индустриалды бағдарламасы жалғасын  табатын болады. Қазақстанда шетелдік  күштерді пайдаланғаны үшін арнайы  салық төлеу енгізілетін болады.

 Сыртқы саясат саласында  бұрынғы қабылданған халықаралық  міндеттерді орындау бекітілетін  болады. Қазақстанмен тікелей шекаралас  елдер Қытай, Ресей Федерациясы,  Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан  мемлекеттері арасында халықаралық  қатынастардың күшеюінің жаңа  алғышарттары болып табылады. Астанада  осы сала бойынша мамандар  даярлайтын мемлекеттік Орталық  Азия университетін ашамын.

 Мемлекеттегі гендерлік  саясат басты мәселе болып  қала береді. Отбасын қорғау, ана  мен бала, еңбек орындарындағы  әйел құқықтарын қамтамасыз ету,  балаларға әлеуметтік жәрдемақылар  беру, әйелдердің 55 жаста зейнетке  шығу құқын қайтару мәселелерін  заң жүзінде атқарушы орталық  және жергілікті билік орындарында  қалпына келтіру шаралары жүзеге  асатын болады.

 Экономикалық реформаның  ақшалай-қаржы, несие, бюджет, өндірістік  және ауыл шаруашылық саясаттарына  жаңа өзгерістер енгіземін. Негізгі  басымдықтар қарапайым халықтың  мүддесіне арналады. Құпия жағдайда  масқаралықпен жүргізілетін девальвациялаулар  арнайы заңдармен тыйым салынады. Осымен біз халықты ашықтан-ашық  тонаушыларға тосқауыл қоямыз.

 Қазақстан мүдделеріне  шығын келтірген жағдайда шетелдік  компаниялармен жасалған келісімшарттарды  дер кезінде қайта қарап, оларда  көзделген шарттарды көпшілікке  жариялау басымдық деп санаймын.

 Ұлттық қордағы қаржыларды  пайдалануды бақылау, Парламенттің  құзырына жатқызу керек, мұнайдан  түскен пайданың жартысы білім,  медицина, ғылымды түбегейлі қаржыландыру, инновациялау, зейнетақы мен мемлекеттік  қызметшілердің жалақысын кем  дегенде 2 есеге өсіруге бағытталу  қажет. Табиғи ресурстар-халық  байлығы, олар қоғамға жұмсалуы  қажет.

 Қазақстандық компаниялардың  қаржысы, Қазақстанның экономикасына  жұмыс істеуі тиіс. Қазақстандық  компаниялармен дүние жүзіндегі  арнайы оффшорлық аймақтарда  банктік есеп-шоттар ашу, келісімдер  мен банктік операциялар жасауға  рұқсат берілмейтін болады. Арнайы  оффшорлық аймақтарда келісімдер мен банктік операциялар жасаудың соңғы өтпелі уақыты 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталатын болады.

 Жүздеген миллион долларлардың  еліміздің экономикасына жұмыс  істеуі үшін, жағдайы тәуір барлық  қазақстандық кәсіпкерлердің қордаланған  капиталдарын Қазақстанға қайтаруды  ұсынамын. Бұл бүгінде елге оралуға  жолы кесілген жандарға да  қатысты. Олардың жүздеген миллион  долларлары ел экономикасына  жұмыс істеуі қажет.

 Қазақстанда кіші және  орта бизнестің нәтижелі дамуына  барлық жағдайды жасаймын. Салық  салу жүйесін және салықтық  есепті беруді қысқарту - алғашқы  қадам болмақ.

 Жүргізіліп жатқан  әлеуметтік саясат, түбегейлі өзгеретін  болады. Жағдайы төмендер, мүгедектер, зейнеткерлер мен ардагерлер  лайықты өмір сүру жағдайлары  мен қаржылық төлемдермен қамтамасыз  етіледі. Мемлекет өзінің барлық  азаматтарына мейлінше қамқорлық  пен қолайлы жағдай жасау қажет.

 Сонымен, ай сайынғы  мүгедектерге төленетін төлемдер, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар  мен зейнетақылар қайта қаралатын  болады. Барлық төлемдер азық-түлік  себетінің, қызмет көрсету мен  тағам санатына жатпайтын тауарлардың,  сонымен қатар мүгедектердің  ерекше қажеттілігіне қатысты  медициналық қызметтер, дәрі-дәрмектермен  әр түрлі препараттардың ең  төменгі деңгейімен пропарционал  болады.

 «Ардагерлер туралы»  Заң қабылданатын болады, соғысқа  қатысқандарды коммуналдық төлемдерден  босату, қоғамдық көліктерде тегін  жүру және стационарларда тегін  медициналық жәрдем көрсету мәселелері  қарастырылады.

 Зейнеткерлерге, мүгедектерге, әскери қызметкерлерге және құқық  қорғау органдарының қызметкерлерін  коммуналдық қызмет көрсетудің  әлеуметтік пакеттпен қамтамасыз  етуін 50 пайыздан төмендетудің  шараларын қолданамын.

 Күнкөрісі төмен азаматтарды  қолжетімді және тегін амбулаторлық  пен стационарлық емдеумен, сондай-ақ  барлық өңірлерде, еліміздің қалалары  мен ауылдарында дәрі-дәрмекті  ақылға қонымды бағамен сатуды  қамтамасыз етемін.

 Жас отбасылары үшін  қымбат емес және сапалы тұрғын  үймен қамтамасыз ету Бағдарламасын,  сондай-ақ ұзақ мерзімді 10 жылға  арналған белгілі ішкі және сыртқы қаражат көзі анықталған мемлекеттік бағдарламасын қабылдаймын. Ұзақ мерзімді жеңілдетілген тұрғын үй салу мәселесін қалпына келтіремін (жылдық 3-4 пайыздық деңгейінде).

 Мемлекеттік құрылыс  компаниялары құрылып, әлеуметтік  тегін тұрғын үй жаппай салынатын  болады. Барлық жеке тұрғын құрылыс  салуға тілек білдірушілерге  жер учаскілерін беру тәжірибесін  енгізіп, оларды қымбат емес  құрылыс материалдарымен қамтамасыз  етеміз.

 Тұрғын-құрылыс кооперативтерін  қалпына келтіреміз. Азаматтар өздері  құрылыс фирмаларын құрып, құрылыс  жүйесін бақылайтын болады.

 Ипотекалық қарызды  төлеуге пайдаланатын «Аналық  капитал» жүйесін енгізуді қарастыру  қажет. Бұл бала туудың өсуін  ынталандырады.

 Барынша тегін, жоғары  сапалы, бәсекеге қабілетті орта  және жоғары білім берудің  жағдайын қамтамасыз етемін.

 Көптеген мемлекеттік  мәселелердің шешілуі – еліміздің  өңірлерін игерудің жаңа тұжырымдамасын  әзірлеу мен енгізу болып табылады. Елеулі жер ресурстары республикамыздың  негізгі стратегиялық байлығымыздың  бірі. Бұл мәселедегі сауатты  мемлекеттік саясат халқы тығыз  орналасқан оңтүстіктің, батыс,  солтүстік және шығыстағы халықтың  жеткіліксіздік проблемасын шешеді.

 Бұл жұмыс, ең бастысы,  шекаралық аумақтардан басталып, одан әрі ел ішіне енуі тиіс. Аталған мәселе ұлт тәуелсіздігі  мәселесін тиімді шешуді қамтамасыз  етеді.

 Шекаралық аумақтарды  игеру мақсатында еліміздің азаматтарына  шекара маңында жеңілдік несие  беру және әлеуметтік шарттары  негізінде қайтарымсыз жер телімдерін  беруді ұсынамын. Осы орайда қауіпсіздікті  күшейту және шекаралық жерлерді  қажетті қаржы және материалдық  ресурстар берудің тиісті Мемлекеттік  бағдарламасы әзірленеді.

 Ауылдық жерлердегі  жеке дербес және ұжымдық жұмыстарды  тауар-ауылшаруашылық өндірісті  нақты мемлекеттік қолдауды қаржыландыру  және субъсидиялау, сыртқы және  ішкі нарықта тиімді қорғау  арқылы іске асырамыз. Ауылдық  жерлерді шағын несиелендіру  көлемі айтарлықтай ұлғайтылуы  қажет.

 Өндіріс құралдары  (жер, техника, құрал-жабдықтар,  мал, тұқым, т.б.) бірлескен жекеменшікте  болған ұжымдық форматты қалпына  келтіруді тиімді деп санаймын.

 Сонымен бірге барлық  жерлерде мемлекеттік агроөнеркәсіптік  кәсіпорындар және кешендер құрылатын  болады. Ауыл тұрғындарын несиелендіруді  жеңілдету үшін мемлекеттік «ҚазАгроБанк»  ашылады.

 Осылайша біз ауыл  шаруашылығын нығайтып, сонымен  бірге еліміздің экономикалық, азық-түлік  қауіпсіздігін сыртқы жағымсыз  әсерлерден қамтамасыз ете аламыз.

 Мәдениет, білім беру, ғылым, адамдардың рухани өмірі  мемлекеттің ерекше назарында  болуы керек. Мен халқымыздың  тарихи мұрасы мен мәдениетінің  қайта жандануы, өздеріне, еліміздің  қарыштап дамуына деген сенімі, елшіл сезімдері артуы үшін  бәрін жасаймын. Мемлекетімізде  қоғамдағы ынтымақтастық пен  достық, Қазақстанда тұратын барлық  ұлттар мен ұлыстарды қолдау, олардың ұлттық дәстүрлері мен  мәдениетін көтеру іс жүзінде  қамтамасыз етілетін болады.

 Тіл мәселесі менің  басты назарымда болатын басымдық. Бұл мәселе бойынша мемлекет  тарапынан түбегейлі жаңа көзқарас  болу керек деп есептеймін. Еліміздің  әрбір тұрғыны үшін қазақ тілін  білу қажеттілік болатындығына  барлық жағдай жасалады. Еліміздің  барлық азаматтары үшін мемлекеттік  тілді білгендері үшін төлемнің  үш деңгейлік жүйесін енгіземін.  Бірінші деңгей - тұрмыстық, ауызекі  тілді білгендері үшін айлық  жалақыға 10 пайыз, екінші деңгей - сөйлеп, жазып, оқып, іс жүргізіп  және іскери хат алмаса алатындарға-20 пайыз, үшінші деңгей – тілді  терең кәсіби түрде білетіндерге, сабақ бере алатындарға, лекциялар  оқитындарға, ғылыми мақалаларды  аударатындарға - 30 пайыз. Білім деңгейін  мемлекеттік сертификаттар беретін  құқығы бар арнаулы комиссия  анықтайды.

 Бұл қазақ тілін  үнемі жетілдіруге жағдай жасайды,  қоғамдығы қарама-қайшылықтарды  жояды. Бұл мөлшерлер заңнамалық  деңгейде бекіп, 2025 жылға дейін  жұмыс істеуі керек.

 Өз Жарлығыммен Қазақ  тілінің мемлекеттік академиясын  құрамын, сонымен бірге «Ана  тілі» атты мемлекеттік мереке  белгіленеді.

 Барлық конфессияларға, діндерге жаппай құрметпен қарауды  қамтамасыз етуді өзімнің міндетім  мен парызым деп есептеймін. Діни  сенімдерге, руханилыққа ерекше қарым-қатынас және қолдау үшін барлық туындаған мәселелерді шешетін дербес мемлекеттік ұйым құрылады.

 Еліміздің әрі қарай  дамуының басты жағдайы ұлтаралық  келісім болып табылады. Республикада  қазақ тілінің және мәдениетінің  басымдықпен дамуымен қоса, барлық  этностар мен мәдениеттердің  тең мүмкіндіктерінің құрылу  бағыты жалғастырылады.

 Экономикамен өмір  сүрудің қылмыссыздандырылуын қамтамасыз  етемін. Елімізде тәртіп орнатамын.  Жемқорлық пен қылмыстың барлық  түрін жою үшін барлық әрекет  жасалады.

 Бұл үшін арнаулы  қызмет пен құқық қорғау органдарының  қызметі жетілдіретін болады.

 Елде кәсіби армия  құрылатын болады. Халықтың Отанды  қорғаушылар мен құқық қорғау  органдарына деген сезімдері  оянатын болады. Мемлекет олардың  өмір сүруін қамтамасыз етеді. 

 Еліміздегі жан ауыртатын  мәселенің бірі экология мәселесі. Еліміздің экологиялық қауіпсіздігін  қамтамасыз етуде шаралар әзірленіп,  іске асырылатын болады.

 Арал теңізі, Семей  полигоны, Байқоңыр ғарыш айлағындағы  орын алған мәселелерді шешу  үшін әлемдік қоғамдастық тартылатын  болады. Еліміздің барлық аумақтарында, сондай-ақ Каспий теңізі бедерлерінде  жұмыс жасап жатқан шетелдік  инвесторлардың жұмыстарын реттейтін  экологиялық стандарттар қаралатын  болады.

 Біздің табиғи ресурстарымыз  еліміздің басты құндылығы болуы  тиіс. Қазіргі жағдайда мұнайға  деген жоғары баға барлық жағдайды  қамтамасыз етуі қажет, экспортқа  шығарылатын көмірсутегі мен  шикізат өнімдері Қазақстанның  және оның халқының әлеуметтік  жағдайын жақсартуға қызмет жасауы  тиіс.

 

 

 

 

III.Қорытынды

Қазіргі уақытта елімізді көркейтуде, әлеуметтік жағдайын нығайтуда  көптеген міндеттер күтіп тұр. Әлемдік  қаржы дағдарысы мемлекеттіміздің әлеуметтік қорғау және экономика, ішкі және сыртқы саясатына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Осындай қиын жағдайда Қазақстанға  тиімді, батыл істі, нақты жұмыстарымен тек алға қадам басушы жаңа билік  керек. Тек осы жағдайда ғана біздің әрқайсымыз біз өмір сүріп жатқан елде қандай да бір жақсы, жағымды  өзгерістерді сезінетін боламыз 

Информация о работе Қазақстан патриоттары партиясы