Саяси жүйе туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 17:19, доклад

Описание работы

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды.
Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін тұтынып қана қоймай, енді сонымен қатар өздерінің қолдарынан келетін істермен айналыса бастады. Олар қолға түскен аңдарды өздері асырай бастады. Осыдан барып мал шаруашылығы өріс алды. Енді өздеріне қажетінше мал өсірді. Дәннің жерге түсіп, қайта өнім беретінін байқаған адамдар, қажетті өнімді өздері өсіретін болды. Нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды. Құнарлы жерде жұмыс істейтіндердің өнімі өздеріне де, өзгелерге де жетті. Құнарсыз жерлердегі адамдар құнарлы жерлер иелеріне жалдануға мәжбүр болды. Қолға түскен адамдарды құлға айналдырды

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 61.14 Кб (Скачать)

– артикуляция –яғни, қоғамдағы әртүрлі  таптардың, топтардың мүдделерін анықтау, бейнелеу және оларды саяси жүйе институттары қызметінде еске алуына жетісу және тағы басқалары.

Бүкіл халықтық референдумда 1995 жылғы қабылданған  Қазақстан Республикасының Конституциясы  еліміздің саяси жүйесінің жаңа архитектурасын қалыптастырды. Осы  жылдан еліміз саяси жүйесі дамуының жаңа кезеңі басталды. Ал, еліміздің осы жылдардағы конституциялық дамуы оның іргелі негіздерінің беріктігін, өміршеңдігін, оны құраушы  институттық құрылымдардың міндеттері мен басқару мүмкіндіктерінің дұрыс анықталғандығын дәлелдеді.    

 

   Еліміздің  саяси жүйесі құрылымындағы жаңаша   түбегейлі «анатомиялық» түзілу мен түрленудің мәні мен мазмұнын жиырма жыл деңгейінен  жинақтай айтсақ, біздің пікірімізше,  негізінен мыналарға келіп саяды:

– ең алдымен, еліміздің саяси жүйесінде  бұрын болмаған Президенттік институт, қос палаталы, кәсіби негізде жұмыс  істейтін Парламент, көппартиялылық, азаматтық  қоғам институттары   Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрізді принципті жаңа саяси құрылымдардың түзіліп, қалыптасуы және қызмет жасауы;

– қоғамдағы демократия мен сөз  бостандығының даму деңгейі мен пәрменділігінің басты көрсеткіштерінің бірі тәуелсіз, беймемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының дербес те әлеуетті жүйесінің пайда болуы;

–  Қазақстанда бұған дейін болмаған, қоғамдық өмірдің барлық салаларын кеңінен қамтитын жаңа азаматтық институттардың қалыптасып, дамуы және олардың қызметіне қажетті ұйымдық-құқықтық негіздердің нығаюы;

–  халықаралық танымал демократиялық институттар негізінен біртіндеп  мойындаған еліміздің жаңа сайлау жүйесінің қалыптасуы;

– биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде еліміздің  саяси жүйесінің барлық құрамдас  бөліктері  қызметінің құрылымдық, ұйымдық-құқықтық және өзара қарым-қатынасы  мәселелерін жан-жақты реттейтін, еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағытында әлеуметтік-экономикалық дамуын  қамтамасыз ететін заң жүйесінің жаңадан түзіліп, қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге байланысты үнемі жетілдірілуі.

Бұл – қоғамдық қатынастарды, әлеуметтік топтарды, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарды қамтуының ауқымы, жалпы  табиғаты жағынан терең де, көп  қырлы, сапалық өзгерістеp. Президент, Парламент институттары, әлсіз де болса, көппартиялық жүйе осы өзгерістердің ең маңызды да, мәндісі  бағалаған жөн.     

Сөз жоқ, жаңа тәуелсіз Қазақстанның саяси  жүйесіндегі  ерекше орында, бұрын болмаған жаңа құрылым – Президент институты тұр. Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде Президент лауазымы Қазақ ССР-і Конституциясына енгізілген 1990 жылғы 24 сәуірдегі өзгерістерде анықталды.  Сол уақыттан бері халқымыз осы ең жоғарғы мемлекеттік саяси лауазымға Н. Назарбаевты  бірнеше мәрте сайлап келеді.   

1995 жылы қабылданған Конституция,  оған 1998 және 2007 жылдары  енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздегі бүкіл билік жүйесінде  Президент институтын үнемі нығайту бағытында. Ең алдымен, еліміздегі басқару жүйесі «Президенттік басқару  нысанында» деп сипатталады. 1995 жылғы Конституцияның жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын басқарған академик Ғ.Сапарғалиевтың пікірінше, бұл белгілі бір деңгейде даулы түсінік [2 ].  

 

  Ғылыми әдебиеттерде «басқару нысаны» деп республика немесе  монархия есептеледі. Осылай атау әбден  қалыптасқан, ғылыми ортада бекіген түсініктер.  Ал «президенттік басқару нысаны» деген түсінікті Конституция авторларының төл шығармашылдығы, қазақстандық конституциялық теориядағы ізденіс, басқару нысанын анықтаудың қазақстандық нұсқасы деп түсінген абзал. Бұған ресейлік белгілі мемлекеттанушы-ғалым В. Е. Чиркин кезінде назар аударып,  уақыттың басқару формалары туралы түсініктерге өзгеріс енгізетіндігін, Қазақстан Конституциясы «президенттік республика» деп ешқандай екіұштылықсыз, тура атайтындығын  арнайы атап көрсеткен болатын [3].  

Саяси жүйенің құрамдас бөлігі болып табылатын  – Президенттік институттың қалыптасып, дамуы, оның бедел алуы ұзақ, күрделі процесс. Сөз жоқ, президенттік институттың қоғамның саяси жүйесіне етене, икемді, ажырамас құрамдас бөлігі ретінде кірігіп кетуі, саяси бейімделуі бедел алуы уақытты, тәжірибені, үлкен заң шығарушылық қызметті қажет етеді. Бұл процестер біздің елімізде терең саяси тартыстарсыз, саяси сілкіністерсіз, эволюциялық жолмен  өтті.

Президенттік  институт саяси жүйедегі ерекше институт және барлық партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдар қызметінің кепілі болғандықтан, ол бүкіл саяси жүйеге немесе оның басым көпшілігіне сүйенгенде ғана саяси жүйеде топтастырушы, байланыстырушы рөл атқарады. Бұндай тірек-сүйенішсіз президенттік институттың әлеуметтік-саяси базасы әлсіз болуы мүмкін.

Назар аударарлық бір мәселе – Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы кеңестен кейінгі барлық елдерде президенттік немесе жартылай президенттік билік жүйесі пайда болды. Бұл саяси жүйе дамуындағы, ел алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің күрделілігіне байланысты. Билік тармақтары, әсіресе, Парламент пен атқарушы билік арасындағы текетірес пен шиеленісті, толассыз талас, елдердің саяси мәдениетінің ерекшелігі президенттік институтты өтпелі қоғамдар, кезеңдер алдында тұрған міндеттерді шешудің тиімді билік нысаны ретінде таңдау – ұтымды жол.

Қазақстандағы осы саяси-мемлекеттік институттың  қызметіне келсек, жиырма жылдан астам  уақыт  президенттік институттың ұтымды жақтарын көрсетіп берді.

Біріншіден, Президентті бүкіл халықтың сайлауы, бүтіндей алғанда, саяси жүйенің демократиялық легитимділігін көрсетеді, өйткені, Президент қызметі  қашан да көпшілік сайлаушылардың мүддесін білдіреді.

Екіншіден, билік тармақтарының аражігінің анықталып, президенттік институттың қызметі демократиялық саяси жүйедегі әртүрлі шектеулер мен өкілдіктер арқылы саясат таразысын тең ұстауға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, бүкілхалықтық сайлау арқылы сайлаушылар саяси жүйенің бүкіл қызметіне принципті, жанды өзгерістер енгізе алады, саяси құндылықтар мен  басымдықтарда сабақтастықты қалыптастырады.

Осы жылдары жаңадан қалыптасқан, кеңестік жүйеде болмаған  биліктің  маңызды тармағы –  қос палатадан тұратын  Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы қос палаталы Парламент болды. 

Қазақстанның  кәсіби парламентаризмге келер жолы күрделі де қайшылықты, саяси шиеленісті, бұралаңды  болды. Осы  тартысы көп, қиын жолда бұрынғы  Конституциялар бойынша (1978 және 1993 ж.) сайланған Республика    Жоғарғы  Кеңесінің 1990 жылы сайланған он екінші, 1994 жылы сайланған он үшінші құрамдары саяси себептерден өкілділік мерзімі аяқталмай, мерзімінен бұрын таратылды. Соңғы құрамы бір жылдай ғана жұмыс істеді.     Елімізде парламенттік демократия, парламентаризм көптеген қиындықтармен, саяси тартыспен, қайшылықтар арқылы, біртіндеп қалыптасып келеді.

Ел  Парламентінің 1995 жылғы Конституция  және «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі  туралы» конституциялық Заңының  негізінде он бес  жылдан астам уақыт  ішіндегі белсенді заң шығарушылық,  өкілді және саяси қызметінен   белгілі бір тарихи-саяси, демократиялық  қорытындылар шығаруға болады.    

Біріншіден, Парламент негізгі саяси  және әлеуметтік күштердің, ірі этнос өкілдерінің мүддесі тоғысқан, белсенді қызмет жасаушы коллегиялық органға айналып, маңызды мемлекеттік институт ретінде қалыптасты. Парламентсіз елімізде шынайы демократия, құқықтық мемлекет орнату мүмкін еместігіне бүкіл қоғамымыздың көзі  жетті.

Екіншіден, конституционализм талаптарын сақтай отырып, өзінің сан-салалы заң шығарушылық қызметі арқылы Парламент заңдардың күрделі архитектоникасын анықтап, бүкіл мемлекеттік құрылысты   заңнамалық нығайтудың әлеуетті кепіліне айналды.  Қазақстан Парламенті он  бес  жылда Конституция негізінде және оның қағидаттары мен талаптарын қоғамдық қатынастардың түрлі салаларында жүзеге асыру және реттеу   мақсатында 2 мыңға жуық заң қабылдап, еліміздің саяси экономикалық және әлеуметтік рухани  жаңаруын заңнамалық тұрғыдан кешенді де түбегейлі  қамтамасыз етті. Бүгінде Парламенттің заң шығарушылық қызметінен тыс қалған, мүдделері еске алынбаған  бірде-бір  маңызды қоғамдық сала немесе әлеуметтік топтар жоқ деп айтуға толық негіз бар.     

Үшіншіден, Парламент пен парламентаризмнің  демократиялық  және құқықтық-заңнамалық,  бай танымдық, тәрбиелік  ұлағатынан өткен депутаттар корпусы   ұлттық элитаның қатарын, жоғарғы мемлекеттік органдарды жаңа,  тың күштермен толықтырудың  жемісті саяси мектебіне айнала бастады деуге  толық негіз бар.   Әрине, Парламент саяси  элитаны қалыптастырудың бірден-бір мектебі емес. Олар Президент Әкімшілігі жүйесінде, ғылыми ұжымдарда, Үкімет құрамында, облыстық әкімдіктердің жоғарғы буынында, саяси партиялар жүйесінде де  қалыптасады. Алайда, саяси жариялылық пен ашықтықтың, билік легитімдігінің мектебі болып табылатын, бүкіл тіршілігі халықтың көз алдындағы парламентшілердей басқа топтар әлеуетті, саны жағынан көп емес.     

кті мәселелерді Үкімет алдына қойып, шешілуін талап етуді  игерді.   

Еліміздегі 1998 және 2007 жылдары өткен конституциялық өзгерістердің екі толқыны да, ең алдымен, негізінен, Парламенттің Президентпен, Үкіметпен өзара қарым-қатынасын, құзыреттерін және оның  депутаттарын сайлаудың ұйымдық-құқықтық  мәселесін қамтыды

Соңғы конституциялық өзгерістердегі парламент  институтының рөлін көтеруге жасалған қадамдар белгілі бір  мөлшерде парламентаризм институтын нығайтуға бағытталғанымен, біздің пікірімізше, ол әлі жеткіліксіз. Ол парламентаризм институты беделін нығайтудың түбегейлі мәселелерін шешкен жоқ.  Ал, өкілді органның пәрменді де, көпсалалы қызметінсіз қазақстандық жаңаруға қажетті құқықтық өрісті қамтамасыз ету, мемлекеттік құрылысты, кадр саясатын жетілдіру, әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күресу, елді демократиялық басқару стилін қалыптастыру мүмкін емес.

Бұл реттегі ең басты мәселелердің бірі – Парламенттің бақылау функцияларын кеңейту. Парламентаризмнің мәні – мемлекеттік билік жүйесіндегі Парламенттің белгілі бір үстемдігі және атқарушы билік қызметіне оның тарапынан нақты бақылаудың болуы. Бұл екі талап тұрғысынан келгенде де, еліміз Парламентінің қызметі шынайы толыққанды парламентаризмге қойылатын талаптарға толық сай келмейтіндігі белгілі.

Конституциялық  дамуымыздың келесі сатысында Парламентке  бүгінгі конституциялық өрісте белгілі бір бақылау функциялары берілуі керек деп есептейміз. Нақты бақылау функциялары жоқ Парламент – халық өкілеттігі мен билігін пәрменді жүзеге асыра алмайды.

Осы ретте конституциялық теория саласындағы  белгілі неміс ғалымы В. Гессеннің: «Нағыз демократиялық мемлекеттің парламенттік болмауы мүмкін емес, парламентаризм конституциялық режимнің тәжі болып табылады» [4] деген тұжырымын еске салғымыз келеді. Қазақстанның да конституциялық режим мен конституциялық жетілуі жолындағы аса маңызды қажеттілік, ең алдымен, Парламенттің, әсіресе, Мәжілістің құзыреттерін кеңейту.

Республика  саяси жүйесіндегі келесі бір елеулі өзгеріс – әлжуаз, әлсіз де болса, көппартиялылықтың қалыптасуы. Бұл үдеріс  елімізде қайшылықты, күрделі болды. Саяси партиялар да қалыптасудың, дамудың «балалық ауруын» өз бастарынан кешті.

Кемел, толыққанды партиялық жүйесі бар  мемлекеттердегідей, біздің елімізде де саяси партиялар мынадай   аса маңызды функцияларды жүзеге асыруға тұрақты  ұмтылып келеді:    

а) халықтың қоғамдық саяси белсенділігінің  стихиялық түрлерін бақылау мен  ықпалдастыруға болатын институттандырылған нысандармен алмастырып,  азаматтарды саяси өмірге қатысуға ынталандыру;

ә) халықтың әлеуметтік жіктері мен  топтарының шынайы мүдделерін анықтап, оларды сұрыптап, жинақтап, шоғырландыру және өзінің көп векторлы қызметі арқылы соларды қорғап, жүзеге асыруға ұмтылу; 

б) елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани ахуалды, олардың даму үрдістері  мен бағыттарын үнемі жіті талдап, өзгеру перспективаларына,  өзгерістері мен мүмкіндіктеріне болжамдар жасау;

в) азаматтардың саяси мәдениетін жетілдіру  және олардың саяси кемелденуі мен  азаматтық позициясын қалыптастыру жөнінде тұрақты да мақсатты жұмыс жүргізу;

г) билік органдарына сайлау кезінде  кандидаттар ұсыну және оларды қолдау, өкілетті және атқарушы билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдарының қызметіне қатысу және тағы да басқалай.

Қазақстандағы  демократиялық үдерістерді тереңдетуге, саяси партиялардың қызметін жандандырып, олардың мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысуына кең құқықтық өріс ашуда. Қазақстан Парламенті 1998 жылғы 7 қазанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының орны ерекше болды.

  Тоталитарлы мемлекет – демократиялы емес типтегі  мемлекеттер қатарына жатады. Ол латынның  «тоталис» сөзінен шыққан, қазақша  баламасы «түгел», «бүкіл», «толық».

  Тоталитарлы мемлекет – қоғамның өмір сүру барысында мемлекет жағынан жан-жақты үлкен көлемді бақылау жүреді.

  Тоталитаризм  – үкімет тарапынан қоғамды  қадағалап  отыратын, ұжымның мақсаты мен  идеологиясына бағынатын қоғамдық жүйе және қоғам өмірін ұйымдастыратын саяси тәсіл болып табылады. ХХ ғасырларда тоталитаризм саяси жүйе ретінде қалыптасып, осы ғасырдың 40-50 жж. Теориясы жүзеге асты.  Тоталитаризм  үлгісі: фашистік Германия және Кеңес үкіметіболып табылады.                   ХХ ғ. Жедел қарқынмен индустрия дамыды. Экономикалық  даму әлеуметтік және саяси сфераларға  әсерін тигізеді. Мемлекет техникасының дамуы арқылы миллиондаған адамдардың санасына ақпараттық агенттіктер арқылы әсер етіп, бағындырды.

Информация о работе Саяси жүйе туралы түсінік