Саяси жүйе туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 17:19, доклад

Описание работы

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды.
Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін тұтынып қана қоймай, енді сонымен қатар өздерінің қолдарынан келетін істермен айналыса бастады. Олар қолға түскен аңдарды өздері асырай бастады. Осыдан барып мал шаруашылығы өріс алды. Енді өздеріне қажетінше мал өсірді. Дәннің жерге түсіп, қайта өнім беретінін байқаған адамдар, қажетті өнімді өздері өсіретін болды. Нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды. Құнарлы жерде жұмыс істейтіндердің өнімі өздеріне де, өзгелерге де жетті. Құнарсыз жерлердегі адамдар құнарлы жерлер иелеріне жалдануға мәжбүр болды. Қолға түскен адамдарды құлға айналдырды

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 61.14 Кб (Скачать)

      2. Индустрияның дамуы арқылы монополиялар  пайда болып, олар экономиканың  барлық салаларын қамтыды, енді  адамдар санасында  қоғамды  құру деген идея пайда болды.  Оңай басқарылатын, керек бағытқа бұра алатын, бағынғыш қоғам пайда болады. Осы индустриялды ғасырда адамдар санасында ерекше ұжымдық – механизм дүниетанымы қалыптасты. Бұл дүниетанымның негізі – қоғамның үлкен механизмі ретінде қарастырылуы және осы механизмде  әр индивид механизмінің бір бөлшегі. Ал үкімет өз кезегінде осы механизмді басқаратын оператор. Және де бұл механизмдегі әр адам өз жұмысын нақты істеп, оператордың талабын орындауы керек. Әйтпесе механизм сынып қалады, яғни қоғам құлдырайды. Сондықтан сынбау үшін адам индивидтікке  салынбай қоғамның  талабына сай өз  міндеттерін дұрыс атқару керек. Тоталитаризмнің орнауына психологияның әсері болды. Адам ұжымнан тыс өмір сүре алмайды, өзіне әлсіз деп сезінуге        сендірді. Қоғам және ұжым адамның бүгінгі күнге де, болашағына да сенім әкелді. 1. Класқа кірген адам өзінің эмоцияларын сыртқа шығара алуы. Мысалы: СССР-де жұмысшы кластағы  адамдар байлар мен капиталистерге қарсы  шыға алды және жазаланбады. Ал Германияда  ариялық нәсілге жататындар басқа халықтарды құртуға мүмкіншіліктері болды, олар да бірақ жазаланбады. Мұндай психологиялық факторлар тоталитарлық тәртіптің пайда болуына және сақталуына себеп болды. Тоталитарлық тәртіптің пайда болуына сақталуына себеп болды. Тоталитарлық тәртіптің пайда болуына негіз болған әлеуметтер: экономикалық, саяси, кризистік периодтағы жағдайлар қоғамның жағдайын нашарлатады яғни ешқандай  классқа жатпайтын қарапайым адамдарға әсер етеді. Себебі оларды қолдайтын ешкім болмай, олардың жағдайы мүлде нашарлайды. Сондықтан ол әр түрлі үгіттерге көніп, сенеді. Міне нағыз осылар тоталитарлық тәртіптің орнауына негіз болды. Тоталитарлық тәртіптің негізі:

    1. қоғамның индустриалы дамуы
    2. қоғам өмірінде ұйымдастырушылықтың өсуі
    3. монополиялардың пайда болуы
    4. ұжымдық-механикалық дүниетанымның таралуы
    5. тұлғаның әлеуметтік жағдайына психологиялық қанағаттанбау
    6. негізгі жұмысшылардың жағдайын нашарлататын экономикалық кризистер

    Тоталитарлық  тәртіптің ерекшеліктері:

  1. Барлық тоталитарлық тәртіптердегі спецификалық ерекшеліктері бар, олар барлық тоталитарлық мемлекеттерде жүзеге асады. Утопиялық идеал барлық тоталитарлық мемлекеттергетән. СССР-де идеал болып коммунистік болашақ табылады. Ал Германияда мұндай идеал болып бақытты рейх табылады. Барлық тоталитарлық тәртіптің ерекшелігі – мақсатқа жету үшін барлық әдістер қолайлы.  Қоғамның дамуының  ең негізгі компоненті ретінде идеология болды. СССР үшін мұндай идеология Марксизм – Ленинизм болып табылады. Ал қалған идеологиялардың өмір сүруіне құқықтары болмады. Бұл идеялар патерналистік тұрғыдан қарастырылады. Басқарушы барлық мәселелерді шешті, адамдарға тек соны ғана орындау қалды. Бұл бұйрықтарды орындау жақсы нәтижеге жеткізеді және барлық мәселелерді шешеді.
  2. Ақпараттар агенттігінің мемлекет монополиясы. Ақпарат агенттері тек мемлекетке тиісті. Мемлекетлауазымды ерекше қызметші болып барлық ақпараттарды басқарады. Ал басқарусыз тоталитарлы мемлекет үшін азаматтарды біріктіру мақсатында дұшпан бейнесі пайда болады. Бұл бейне мемлекеттің өз ішінде де, және халықаралық алаңда болды. СССР - өмір сүруінің соңғы жылдарында осындай дұшпан бейнесі болып – империализм саналды. Тоталитарлық тәртіп империализмде дұшпанда көріп, оған жоламауға тырысып, қашқақтады.
  3. Бір ғана басқару партиясы бар саяси жүйе дамиды. Ол елдегі барлық басқаруды қолға алады. Бұл партия қоғамдағы нақты жинақталған түрлі игіліктерге құқығын береді.
  4. Тоталитарлы тәртіп қоғамда жаңа адамды қалыптастыруға ұмтылады. Ол индивид өз идеяларына берілген үкіметке сөзсіз бағынатын адам болуы қажет.
  5. Адамды күнделікті бақылау керек болса оның жеке өмірінде бақылау.

                                 Авторитаризм.

  Ол  демократиялы емес тәртіптер қатарына жатады. Демократия мен тоталитаризм қоғам өмірінің көп сфераларын бақылауды байланыстырады. Ал адаммен тұлға өмірінің бақылаусыздығын байланыстырады.

  Авторитаризм  жеке адамның және топтың жеке басшылығы. Бірақ саяси сфералардан тыс өзінің және қоғамның автономиясын сақтайды. Біздің ғасырда авторитаризм тәртібі маңызды емес, көбіне бұл тәртіп тоталитарлы және демократиялы мемлекет болып кетеді.

    Авторитарлық  тәртіптің ерекшеліктері:

  1. Үкіметті 1 адам немесе 1 топтың адамы (патша) басқарады, мемлекетте көп халық үкіметтен шектеледі. Халық мұндай мемлекеттерде үкіметтің саясаттың бір ғана объекті болып саналады. Бұл мемлекетте адам азамат емес, бағынушы болып есептеледі.
  2. Басқарудың шексіздігі және ел адамның берілген басқаруды бақылай алмауы. Басқару қандай болсын белгілі заңдар бойынша өмір сүреді, бірақ бұл заңдар бағынушыларға міндетті болып табылады. Албасқарушы немесе үкімет үшін бұл заңдарды орындау міндетті емес, ол кез-келген сәтте бұл заңды жойып, басқа жаңа заңды шығаруы мүмкін.
  3. Үкімет күшіне сену. Авторитарлық тәртіпте үкіметті немесе басқаруды қолдату үшін міндетті түрде күш қолданбайды, бірақ кез-келген сәтте күш қолдануы мүмкін.
  4. Үкімет монополиясы және саяси оппозицияны болдырмау. Мұнда бір ғана партия бар, қалғандарына рұқсат жоқ, ал егер ондай болып қалса ол міндетті түрде монарх бақылауында болады. Әйтпесе мүлде болмайды.
  5. Мемлекет тарапынан қоғамды тотальды бақылаудан бас тарту және саяси сфераға мүлде қатынаспау немесе шектеулі қатынасу.

Үкімет органдарына өкілді сайлау емес, тағайындау

Демократия

                                 Демократия.

 Демократия  туралы жалпы түсінік 
“Демократия” – сөзі гректің “демос” – халық және “кратос” – билік деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:  
1.Мемлекет түрі. 
2.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі. 
3.Қоғамдық құрылымның мұраты. 
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген.  
Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады. 
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. 
Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. 
Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. 
Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады. 
 
2. Демократияның антикалық, классикалық теориялары 
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. 
Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты. 
Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.  
Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды.  Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. 
Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған. 
Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты. 
Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады. 
Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның “Шумпетерлік” теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:  
1.Маңызды мемлекттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс. 
2.Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек. 
3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. 
4. Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда  топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.  
 
3. Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі 
Принциптері: 
1. Билік органдарын сайлау.                       
2. Биліктің бөлінуі.   
3. Саяси пікірдің әртектілігі.  
4. Бостандық, жауапкершілік бірлігі. 
5. Заң. 
6. Қоғамдық пікірді ескеру. 
7. Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы. 
8. Жариялылық. 
 
Жүзеге асыру формалары: 
Сайлау өткізу, есеп беру. 
Жобаларды бүкілхалықтық талқылау. 
Референдум өткізу. 
Митинг, жиналыс. 
Съезд, конференция, пленум. 
Шеру, бойкөрсетулер. 
Сессия. 
Шетелге сапарлар. 
Ереуілдер. 
 
4.Демократиялық қоғам белгілері 
Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады. 
 
Экономика саласында: 
1.Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы; 
2.Меншік түрлерінің әркелкілігі; 
3.Ауқымды өндіріс демократиясы қажет; 
4.Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қоғауы; 
5.Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы; 
6.Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау; 
 
Саяси салада: 
1. Саяси пікірдің әралуандығы; 
2. Көппартиялылықтың болуы; 
3. Демократиялық сайлау жүйесінің болуы; 
4. Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы; 
5. Оларды іс жүзінде қолдану; 
6. Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы; 
7.Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы; 
8.Оппозицияның болуы; 
 
Рухани салада: 
1.Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы; 
2.Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы; 
3.Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы; 
4.Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы; 
5.Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу; 
6.Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатынын шектелу; 
 
Әлеуметтік салада:   
1.Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы; 
2.Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы; 
3.Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы; 
4.Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы; 
5.Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы; 
6.Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу; 
 
5.Демократияның алуан түрлі элитарлық теориясы 
Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттетіледі.Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет. 
Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді. 
“Ақпараттық демократияның” негізін салушы Франция саясатшысы М.Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады. 
Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. 
Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылады. 
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз. 
Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. 
Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптенген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мешікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал. 
 
6.Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстар       
Қазіргі уақытта мынандай демократиялық қозғалыстар бар: 
1.Халық бұқарасының дүниежүзілік соғысқа қарсы күресі. 
2.Жаңа экономикалық тәртіп орнату жолындағы қозғалыстар. 
3.Нәсілдік және ұлттық кемсітушілікке қарсы бағытталған қозғалыстар. 
4.Бейбітшілік пен демократия жолындағы күрес. 
5.Ғалымдар мен дәрігер, заңгерлердің қозғалысы. 
6.Жастар, студенттер, әйелдер қозғалысы. 
7.Жер мәселесі жене әлеуметтік құқықтарды талап ету жолындағы шаруалар қозғалысы. 
8.Қоршаған ортаны сақтау жолындағы түрлі бұқаралық қозғалыстар.


Информация о работе Саяси жүйе туралы түсінік