Әуе компания деректер базасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 21:31, курсовая работа

Описание работы

Менің бұл курстық жұмысымның басты тақырыбы деректер базасын басқару жүйелері, оларды пайдаланушылар және пайдалану барысында атқарылатын жұмыстар туралы болып табылады.
Жұмыстың тақырыбы өте ауқымды және қозғалып отырған сұрақ қазіргі уақыттағы ең белсенді сұрақтардың бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………. 3
1.1 Деректер базасы әкімшілігінің функциялары ………………….. 4
1.2 Деректер базасы администраторының байланыстары ………… 6
1.3 Реляциялық деректер базасы туралы жалпы түсінік ………….. 7
2 Деректер базасын жобалау (практикалық көрінісі) …………. ... 9
2.1 Ақпараттық моделі ……………………………………………… 10
2.2 Инфологикалық модель құру …………………………………… 11
2.3 Деректерді нормальдау ………………………………………….. 14
3 Бүгінгі күнгі деректер базасы ……………………………………... 24
3.1 Деректер базасының кең түрде қолданылуының алғы шарттары 25
3.2 Деректер базасын пайдаланушылар …………………………….. 25
4 Қорытынды ......................................................................................... 26
5. Пайдаланған әдебиеттер .................................................................... 27

Работа содержит 1 файл

Әуе компания деректер базасы курстық.doc

— 1.32 Мб (Скачать)


 

Жоспар

 

Кіріспе  …………………………………………………………….      3

1.1 Деректер базасы әкімшілігінің функциялары …………………..   4

1.2 Деректер базасы администраторының байланыстары …………   6

1.3 Реляциялық деректер базасы туралы жалпы түсінік …………..   7

2 Деректер базасын жобалау (практикалық көрінісі)  …………. ...    9

2.1 Ақпараттық моделі   ………………………………………………  10          

2.2 Инфологикалық модель құру  ……………………………………   11

2.3 Деректерді нормальдау  …………………………………………..   14

3  Бүгінгі күнгі деректер базасы ……………………………………...   24

3.1 Деректер базасының кең түрде қолданылуының алғы шарттары   25

3.2  Деректер базасын пайдаланушылар ……………………………..   25

4 Қорытынды  .........................................................................................   26

5. Пайдаланған әдебиеттер ....................................................................   27

 

         

 

 

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Менің бұл курстық жұмысымның басты тақырыбы деректер базасын басқару жүйелері, оларды пайдаланушылар және пайдалану барысында атқарылатын жұмыстар туралы болып табылады.

Жұмыстың тақырыбы өте ауқымды және қозғалып отырған сұрақ қазіргі уақыттағы ең белсенді сұрақтардың бірі болып табылады.

Жұмысты жазу барысында келесідей негізгі тақырыптар қозғалмақшы:

1.      Деректер базасын пайдаланушылар, олардың категориялары және оның әкімшілігінің функциялары.

2.      реляциялық деректер базасы туралы жалпы түсінік.

3.      Деректер базасын жобалау (практикалық көрінісі).

4.      Деректер базасы, оның бүгінгі күнгі жағдайы және жұмыс атқаруы.

Деректер базасының пайда болуы жалпы алғанда есептеуіш техникалардың жетілдірілуі мен олардың құнының төмендеуіне байланысты. Алғашқы кезде есептеуіш техникалар тек “қолмен” шығаруға болмайтын математикалық күрделі есептеулерді шығару үшін қолданылды. Кейін компьютерлік технологиялардың дамуына байланысты бұндай есептеулер тек автоматтандырылған жүйелер арқылы есептеле бастады. Сол уақытта компьютерлерді ақпаратты сақтау мен өңдеу үшін қолдану ойластырылды. Адам өмірінің кез келген саласында қажет болатын ақпараттар мен мәліметтерді есептеуіш техника арқылы сақтау, өңдеу және беру/алу өте ыңғайлы болып шықты. Соған сәйкес қазіргі заманда адамдар өз қызметтерінде ақпаратты көп пайдаланатындықтан есептеуіш техникалар ақпаратты сақтау мен өңдеуге ыңғайлы етіліп жетілдірілуде.

Жұмыстың басты мақсаты болып жоғарыда келтірілген сұрақтар мен жұмыс тақырыбын жан-жақты, тыңғылықты және терең түрде қарастыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1        Деректер базасы әкімшілігінің функциялары

 

Деректер базасының администраторларының тобының құрамында олардың атқаратын функцияларына байланысты әртүрлі топшаларды бөліп көрсетуге болады. Әкімшілік топтың құрамының саны, олардың атқаратын қызметі деректер базасының масшатабына, онда сақталатын ақпараттың спецификасына, деректер базасының типіне, қолданыстағы бағдарламалық жабдықтар ерекшеліктеріне және кейбір басқа факторларға белгілі бір дәрежеде тәуелді болады.

   Деректер базасының әкімшілігінің құрамында жүйелік аналитиктер, деректер базасына қатысы бойынша сыртқы ақпараттық қамсыздандыруды жобалаушылар, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесстерінің жобалаушылары, жүйелік және қолданбалы программисттер, операторлар, техникалық қамсыздандыру бойынша мамандар болуы керек. Егер әңгіме коммерциялық деректер базасы жөнінде болса, онда бұл жерде маңызды рольді маркетинг бойынша мамандар ойнайды.

   Деректер базасының администраторлары жан-жақты функциялардың үлкен шеңберін орындайды. Әрі қарай олардың кейбіреуін қарастырып өтуге болады. Бұл функциялардың негізгілері келесідей:

1.       Пәндік облыс анализі: пәндік облысты жазбаша суреттеу, толықтылықты шектеуді табу, ақпарат статусын анықтау, пайдаланушылар қажеттіліктерін анықтау, пайдаланушылар статусын анықтау, "деректер - пайдаланушы" сәйкестігін анықтау, мәліметтерді өңдеудің уақыттық - көлемдік мінездемесін анықтау.

2.       Деректер базасының құрылымын жобалау: мәліметтер базасының файлдарының құрамы мен құрылымын анықтау, олардың арасындағы байланыстарды анықтау, деректерді тәртіптеу әдістері мен ақпаратқа енуі әдістерін таңдау, деректер базасы мен деректерді жазбаша суреттеу  тілдерінің құрылымын жазбаша суреттеу.

3.       Деректер базасы мен ДБ-н өңдеу шараларының құрылымын жазбаша суреттеу кезінде толықтылықты шектеуді беру: пәндік облысқа жататын толықтылықты шектеуді беру, деректер базасының құрылымымен шақырылған толықтылықты шектеуді анықтау, деректерді енгізу мен түзетулерде ДБ-ң толықтылығын қамтамасыз ететін шараларды құру, көп пайдаланушылар режимінде пайдаланушылардың параллельді жұмысында толықтылықты шектеуді қамтамасыз ету.

4.       Деректер базасын алғашқы жүктеу мен жүргізу: деректер базасын алғашқы жүктеу мен жүргізу технологиясын жасау, енгізу формаларын жобалау, деректерді дайындау, енгізу және енгізуді бақылау.

5.       Деректерді қорғау.

5.1.             Жүйеге пароль арқылы кіруді қамтамасыз ету: пайдаланушыларды тіркеу, парольдарды тағайындау және өзгерту.

5.2.             Нақты деректерді қорғауды қамтамасыз ету: пайдаланушылар топтарының және жеке пайдаланушылардың ену құқықтарын анықтау, жеке пайдаланушылар үшін деректерге жасалатын рұқсат етілген операцияларды анықтау, деректерді қорғаудың программалық - технологиялық жабдықтарын таңдау/құру.

5.3.             Деректерді қорғау жабдықтарын тестілеу.

5.4.             Ақпаратқа енудің қарастырылмаған жолдарын анықтау/тіркеу.

                5.5.  Деректерді қорғауды бұзудың пайда болған жағдайларын         зерттеу және оларды жою мен алдын-алу бойынша іс-шаралар жүргізу.

6.       ДБ-н қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету: ДБ-н қайта қалыптастырудың программалық-технолгиялық жабдықтарын құру, жүйелік журналдарды жүргізуді ұйымдастыру.

7.       ДБ-на пайдаланушылардың жолдауның анализі: пайдаланушылардың ДБ-на жолдауының статистикасын жинау, оны сақтау және анализдеу.

8.       ДБ-ның жұмыс жасау тиімділігінің анализі мен жүйенің дамуы: жүйенің жұмыс жасу көрсеткіштерінің анализі (өңдеу уақыты, жадының көлемі, құндық көрсеткіштер), мәліметтер базасын қайта ұйымдастыру мен қайта құрылымдау, мәліметтер базасының құрамын өзгерту, программалық және техникалық жабдықтарды дамыту.

9.       пайдаланушылармен жұмыс жасау: пәндік облыстағы өзгерістер туралы ақпарат жинау, пайдаланушылардың ДБ-ң жұмысын бағалау туралы ақпарат жинау, пайдаланушыларды оқыту, пайдаланушыларға кеңес беру.

10.   Жүйелік программалық жабдықтарды дайындау және қолдау: ДББЖ және ҚПП туралы ақпарат жинау және анализдеу, программалық жабдықтарды иемдену, оларды орналастыру, жұмысқа жарамдылығын тексеру, жүйелік кітапханаларды қолдау, программалық жабдықтарды дамыту.

11.   Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс: ДБ-н жобалау әдістемесін таңдау немесе құру, жүйенің даму бағыттарын және мақсаттарын анықтау, ДБ-ң даму кезеңдерін жоспарлау, ұйымдастырушылық-әдістемелік материалдарды жасау және шығару.

  Әдебиеттерде жиі-жиі пайдаланушылардың тәуелсіз категориясы ретінде қолданбалы программисттерді бөліп көрсетеді. Мамандардың бұл тобын ерікті категорияға қоспау керектігі ойластырылуда. Одан да оларды деректер базасының администраторларының құрамына қосу керек.

1.2        Деректер базасы администраторының байланыстары

 

ДБ-ң администраторы өз қызметінің барысында деректер базасының басқа пайдаланушыларымен, сонымен қатар ДБ-ң пайдаланушылары болып табылмайтын "сыртқы" мамандармен де қарым-қатынасқа түседі.

   Ең алдымен егер деректер базасы қандай да бір кәсіпорынды немесе ұйымды ақпараттық қамтамасыз ету үшін құрылса, онда осы ұйымның әкімшілігімен қарым-қатынас қажет. Жоғарыда көрсетілгендей ДБ-сын енгізу ақпаратты өңдеу жүйесінде ғана емес, сонымен бірге ұйымды басқарудың бүтіндей жүйесіне де өзгеріс енгізеді. Бұндай үлкен жобалардың ұйым басшылығының белсенді түрде араласуынсыз және қолдауынсыз орындалмайтыны анық. Ұйым басшылығы ДБ-мен ұсынылатын мүмкіндіктермен танысуы керек, оның басымдылықтары мен жеткіліксіздіктері туралы хабарлануы тиіс, сонымен қатар ДБ-ның құрылуы мен функционалдануы барысында пайда болатын мәселелер туралы ақпарат алуы тиіс.

  Деректер базасы пәндік облыстың динамикалық ақпараттық көрінісі болып табылатындықтан ДБ-ның администраторлары өз кезегінде ақпараттық жүйе құрылатын объектінің даму переспективасы туралы уақытында хабарлануы тиіс.

  Ұйым басшылығы мен ДБ-ның администраторы  ДБ-н құрудың негізгі бағыттары мен уақыты және оның дамуы, пайдаланушыларды қосу кезектілігі туралы келісуі қажет.

  ДБА-ның ДБ-ның бүкіл өмірлік циклінің кезеңдеріндегі өте тығыз байланыс түпкілікті пайдаланушылармен байқалады. Бұл қарым-қатынас пайдаланушылардың қажеттіліктері зерттелген кездегі, пәндік облыстың ерекшеліктері анықталған кездегі жүйені жобалаудың алғашқы кезеңдерінде басталады және жобалау процессі мен жүйенің функционалдануы кезінде де қолдау табады.

  Соңғы уақыттарда деректер базасының түпкілікті пайдаланушылары мен администраторлары арасында функцияларды қайта бөлу жүріп жатқандығын айта кеткен жөн. Бұл ең алдымен түпкілікті пайдаланушыларға бағытталған тілдік және программалық жабдықтардың дамуымен байланысты. Бұған қарапайым және соған қоса күшті сұрау салу тілдері, сонымен қатар жобалауды автоматтандыру жабдықтары жатады.

  Егер деректер базасы қандай-да бір оны қосушы автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (мысалы, АБЖ-да) құрамында функционалданса, онда ДБА-а бұл жүйеде мәліметтерді өңдеу бойынша мамандармен қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет.

  ДБ-ның администраторлары оған қатысты мамандардың сыртқы топтарымен де және ең алдымен ДББЖ және ҚПП жеткізушілерімен, басқа ДБ администраторларымен қарым-қатынасқа түседі.

  ДБ-сын мамандандырылған жобалық ұжымдармен бүтіндей немесе ДБ жобалаудың өзіндік нысаны ретінде жиі құрылады. Бұл жағдайда ДБ-ның әкімшілік қызметі ұйымдық-өндіруші ретінде де, ұйымдық-тапсырыс беруші ретінде де құрылуы керек.  

 

 

1.3        Реляциялық деректер базасы

 

Біздің негізгі жұмысымыз реляциялық деректер базасымен болғандықтан ол туралы кішкене айта кеткен жөн. Реляциялық деректер базасы қазіргі кезде көп таралған. Оның өзіндік қасиеттерімен бірге кемшіліктері бар. Реляциялық деректер базасының қасиеттеріне жататындар:

              Түсінікті бола тұра  таралған пәндік аймақты оңай модельдеуге мүмкіндік береді және нақты формальды  анықтамаларды қолданатындай абстракция жиынтықтарынан тұрады;

              Деректер базасын құрғанда реляциялық базистегі теориялық  мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін жиындар теориясына және математикалық логикаға сүйенетін математикалық аппарат бар;

              Деректер базасының физикалық ұйымдасуына қарамастан деректермен навигациясыз басқару мүмкіншілігі бар.

Реляциялық жүйе тез тарамады.  Теориялық  және  ДББЖ бірінші прототиптері   70- інші жылдары алынғанымен ондай жүйенің тиімді жасалуы мүмкін емес деп ойлады. Алайша 80-нші жылдары жоғардағы қасиеттері, әдістер жиынтығы және  реляциялық деректер база ұйымдасуының алгоритмі нәтижесінде реляциялық жүйе қарқынды қолданыла бастады.

Қазіргі кездегі реляциялық ДББЖ- нің деректердің күрделі құрылымын талап ететін дәстүрлі емес деп аталатын аймақты қолданғандағы жүйенің кейбір шектеулері негізігі сын болып табылады. Реляциялық деректер базасының тағы бір кемшілігі пәндік айматың семантикасын дұрыс көрсете алмау болып табылады. Басқаша айтқанда реляциялық деректер базасының піндік аймақ туралы семантикасы шектеулі болып келеді. Постреляциялық жүйе зерттеуі осы кемшілітерді жою болып табылады.

Реляциялық деректер базасының негізгі элементтері  деректер типі, домен, атрибут, кортеж, бастапқы кілт және байланыс болады.

Реляциялық деректер базасындағы деректер типі программалау тіліндегі типке балама болып келеді. Қазіргі кездегі РДБ символдық, сандық, биттік жол, арнайы сандық типтер және темпоралдық типтер жиынтықтары бар.

Домен программалау тіліндегі ішкі типтері сияқты болуы мүмкін. Доменнің жалпы типі деректер типінің берілгендерімен анықталады.  Егер берілген тип ақиқат болса, онда о домен элементі болғаны. Мысалы бізге деректер базасына дата енгңзу керек болса, онда ол домен элементі дата типте болады.

Қатынастар схемасы – атауы бар жұптар жиыны. Схеманың беріктілігі схеманың деңгейі деп аталады.

Деректер базасының схемасы- атауы бар қатынас схемаларының жиынтығы.

Кортеж –  атауы бар берілген типтерден тұрады. Қатынас – қатынастар схемасына сәйкес келетін кортеждер жиыны. 

Информация о работе Әуе компания деректер базасы