Адам организміне қажетті су мөлшері

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 12:41, реферат

Описание работы

Су — тіршілік көзі, табиғатта ең көп таралған зат. Су Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады.
Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді, табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді.Тірі ағзалардың 60-70 %-ы , ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.
Су — тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді екен. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады.Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады.

Содержание

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім: Су - тіршілік көзі
a) Судың физикалық-химиялық және биологиялық қасиеті
b) Гипогидратация немесе сусыздану
c) Гипергидратация немесе сулану
d) Су алмасуының бұзылыстары.
III. Қорытынды
IV.Падаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Су семестрлік жұмыс.docx

— 143.24 Кб (Скачать)

 Сонымен  бірге электролиттер қатты терлегенде  тері арқылы шығарылады. Терлеу  сыртқы ортаның ыстық температурасынан  және ауыр қол жұмысын атқарудан  болады. Осыған байланысты термен  тәулігіне  800 мл-ден 10 л-ге дейін сұйық шығарылады. Онымен бірге 420 ммоль/л-ден астам натрий, 150 ммоль/л-ден астам хлор шығарылады. Сондықтан қатты терлеуден организмнің ауыр және тез сусыздануы байқалады.   Гиперосмостық гипогидратация судың электролиттерден басымдық шығарылуы. Бұндай жағдай терең тыныстың жиілеуінен, сілекейдің көп шығарылуынан жане қантсыз диабет ж.б. кездерінде полиуриядан  дамуы мүмкін. Бұл кезде жасуша сыртындағы сұйықтың көлемі азайады, онын осмостық қысымы жоғарылайды. Осыдан су жасуша ішінен оның сыртына ауысады. Жасушаның сусызданууы қатты шөлдеу сезімін шақырады. Тіндік нәруыздардың ыдырауын кушейеді, дене қызуын көтереді, кейде сана- сезімінің болмауына, кома дамуына әкеледі. Дененің құрғап кетуін болдырмау үшін гипогидрация кездерінде организмге сұйық енгізу қажет. Ол үшін организмге қанша су жетіспейтінін немесе судың тапшылық мөлшерін анықтау керек. Судың тапшылығы (СТ) мына өрнек бойынша анықталады:   

 СТ = 0,6 х дене массасы (кг) х (1-140 : натрийдің қан плазмасындағы деңдей). Мәселен : дене массасы 80 кг болса. Қан плазмасында натрий 158 мМ/л болса, СТ=0,6 х 80 х (1-140: 158) =48 х 0,114=5,47 

 Гипергидратация немесе сулану

Организмнің сулануы: судың сырттан көп түсуінен, суды сыртқа шығаратын бүйректің қызметі бүлінуден немесе осы екеуінің біріккен әсерлерінен дамуы ықтимал.  

  Гипергидратция изомостық, гипомостық, гипермостық болып ажыратылады.   

Изомостық гипергидратция сырттан изотониялық сұйықтарды емдеу мақсатта тым артық жібергеннен кейін қысқа мерзімде байқалуы мүмкін. Бұндай жағдай жиі ісінулер кездерінде байқалады (төменде келтіріледі).  

 Гипомостық гипергидрация  (сумен улану ) организмге қайталап көп су жіберуден дамиды. Бұндай жағдай клиникада рефлекстік анурия және бүйрек жеткіліксіздіктері кездерінде байқалады.  

 Организмде  су көп жиналуынан қан сұйылып  кетеді. Қанның жалпы көлемі ұлғайғанмен,  онда нәруыздың, электролиттердің, гемоглобиннің деңгейлері салыстырмалы  түрде азайады. Эритроциттердің  ішіне көп су түсуінен олар  еріп кетеді. Гемоглобиннің деңдейі  қан сары суында ұлғайады, зәрмен  шығарыла бастайды, гемоглобинурия  дамиды. Гемоглобин бүйрек өзекшелерінде  тұнбаға ауысып, оларды бітеп  қалады. Осыдан зәр шығарылуы  томендейді.  

 Ми  жасушалары ісініп кетуінен, бас  сұйек ішінде қысым көтеріледі. Осыдан қатты бас ауыруы, лоқсу,  құсу. дірілдеу – селкілдеу ұстамалары  және кома дамып, организмнің  өліміне әкелетін құбылыстар  пайда болады.  

 Гиперосмастық гипергидгидратция теңіз суын ішуіне мәзбүр болғанда, көп гипертониялық сұйықтықтар енгізгенде байқалады. Жасуша сыртында осмостық қысым көп болғандықтан сұық жасуша ішінен сыртына көптеп шығып кетеді. Содан жасушаның сусыздануыболады (гиперосмостық гипергидратцияны қараңыз).   

 Судың  артық мөлшері қанда ұсталып  тұрмай тіндерге, ең  алдымен жасуша аралық кеңістіктерге ауысады.осыдан ісіну дамиды.  

 Ісіну, оның түрлері, даму  жолдарды. Ісіну ( oedema) –қан мен тіндер арасында су алмасуының бүзылуынан тіндерде сұйықтықтың артық жиналуы. Сұйықтықтың дене қуыстарында жиналуын шемен (hydrops) дейді. Іш қуысы сулануын гидроторакс, ми қарыншалары сулануын – гидроцефалус, жүрек қалтасы сулануын гидроперикардиум деп атайды.  

 Ісіну  көптеген аурулар кездерінде  болатын біртектес дерттік үрдіс.  Қан мен тіндердің арасында  су алмасуы микроциркуляциялық  арнада қылтамырлардың кемерлері  арқылы болады. Ісінудің даму  жолдарында капилляр ішінде қан  қысымы көтерілуі, онкотикалық  қысым азаюы, капиллярлардың өткізгіштігі  жоғарылауы, лимфа ағуының және  онкотикалық қысымдардың көтерілуі  де өзінің үлксін қосады. Ас  тұзын артық пайдаланғанда және  бүйрек қызметтері бұзылғанда  жасуша аралық кеңістіктерде  натрий иондары жиналып қалуы  мумкін.  

 Пайда  болу себебіне және даму жолдарына  қарай жүректік, бүйректің, бауырлар, ашылулық, қабынулық, уыттық, неирогендік,  аллергиялық, лимфогендік ж.б.  ісінулер ажыратылады.   

Жүректік ісіну. Жүректік ісіну жүрек қызметінің жеткіліксіздігі  кезінде веналық тамырларда қан іркіліп қалудан және жүректен шығатын қан көлемі азаюынан болады.   Жүректен шығатын қан көлемі азаюы:  

1.гипосияға,  метоболизмдік ацидозға, капиллярлар  кемерлердінің өткізгіштігі жоғарылауына;   

2. бұйрек  ишемиясына, ренин-ангитензин жүйесі  арқылы әлдостеренонның артық  түзілуіне, гипернатриемияға, гипоталамуста  антидиурездік  гормонның түзілуі көбейуне, бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңіріуі артуына әкеледі.  

 Осы  көрсетілгенденр организмде судың  ұсталып қалуына, олигоцитемиялық  гиперволемияға, сулануға және ісінуге  әкеледі (10 кестені қараныз).

Бауырлық ісіну. Бауыр аурулары кездеріндегі ісіну оның қызметі бұзылудан (қан нәруыздарының түзілуі азаюынан) гипопротеинемиямен, капиллярлар ішінде онкотикалық қысым төмендеуімен байланысты болуы мүмкін. Бауыр циррозы кезінде қан қақпа және ішек-қарын көктамырларында іркіліп қалудан, капиллярлар ішінде қан қысымы көтерілуден іш дуысында сұйық жиналып іш шемендігі дамуына әкелуі мүмкін.

Ашығулық ісіну гипопротеинемиядан қанда онкотикалық қысым төмендеуімен, капилляр кемерлерінің трофикасы бұзылуынан өткізгіштігі жоғарылаумен байланысты.

Қабынулық және уыттық ісінулер бүліну ошағында микроциркуляцияның бұзылуынан және капиллярлар кемерлерінің өткізгіштігі жогарылауынан болады. Ол қабынулық дәнекерлердің (гистамин, серотонин, брадикинин, простагландиндер ж. б.) әсерлерінен дамиды.

Нервтік ісіну су алмасуьгның нервтік реттелуі және тамыр мен тіндердің ңоректенуі бүзылыстарынан болады.

Аллергиялық ісінулердің жолдары қабынулық жөне нервтік ісінулердің жолдарымен сәйкес болады. Бұл ісінулер кездерінде микроциркуляцияның бұзылуында және капиллярлар кемерлерінің өткізгіштігі жоғарылауында аллергаяның дәнекерлері (медиаторлары) маңызды орын алады.

Ісінудің организм үшін маңызы. Ісіну біртектес дерттік үрдіс болғандықтан оның бір жағынан бүліндіруші қасиеті болса, екінші жағынан белгілі қорғаныстық маңызы бар.

Ісінулік сұйық айналасындағы  тіндерді қысып, онда қан айналымын  бұзады, қан мен жасушалар арасында қоректік заттармен және оттегімен  алмасуын қиындатады. Осыдан ісінген  тіндердің қоректенуі бұзылудың  нәтижесінде олардың микробтарға  төзімділігі төмендейді, жиі жұқпалы  ңабынулар дамуы мүмкін. Ісінген  тіндерде жиі дәнекер тіні өсіп кетеді. Сүйық ми қарыншаларында, жүрек қалтасында, плевра қуысында жиналып қалудан  тіршілікке маңызды ағзалардын қызметтері бүзылуына әкеледі.

Ісінудің қорғаныстық  маңызы: 1. қанда еріген улы заттардын сүйықпен бірге тамырдың сыртына шығуына және жергілікті тіндерде ұсталып тұруына әкеледі;

2. организмнің сұйық орталарында  осмостык, қысымның түрақтылығын  үстайды;

3. ісінулік сұйық әртүрлі ісік  дамытатың химиялық және улы  заттарды сүйылтып, олардың ауру  туындататын әсерін азайтады;

4. бүліну ошағынан қан мен  лимфаның агып кетуін шектеп, өртурлі улы заттардың (бактериялардың, уыттардың ж. б.) организмге тарап  кетуінен сақтандырады;

   5. ісінулік сүйықпен бірге әртүрлі бактерияларды жоятын және улы заттарды усыздандыратын арнайы антиденелер мен ферменттер шығарылады.

      

Организм үшін судың маңызы өте  үлкен. Ол көптеген органикалық және бейорганикалық заттарды, газдарды, ерітіп олардың тасымалдануын, алмасуын қамтамасыз етеді; организмнің ішкі ортасын  бірімен-бірін және сыртқы ортамен  байланыстырады. Ересек адам денесінің 60%-ы, жаңа туған бала организмінің 80%-ы  судан тұрады.  Судың 70%-ға жуығы жасуша ішінде, 30%-ы оның сыртында орналасқан. Тәулігіне организмге түсетін судың мөлшерімен, одан шығарылатын судың арасында қатаң тепе-теңдік болады. Организмде судың алмасуы электролиттердің алмасуымен тығыз байланысты. Судың   алмасуы   айналымдағы   қанның   көлемімен   және осмостық қысымның деңгейімен реттелінеді. Айналымдағы қан көлемі төмендеуі ірі артериялар мен жүрек қуыстарындағы көлемдік   рецепторларды (волюморецепторлар) қоздырып, әлдостеронның  түзілуін    көбейтеді. Әлдостерон бүйрек түтікшелерінде натрий иондарының кері сіңірілуін ұлғайтады. Натрий иондары қанның осмостық қысымын көтеріп, гипоталамустың осмостық рецепторларын қоздырады. Осыдан гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулалық ядроларында   антидиурездік гормон (вазопрессин) түзілуі артады. Осының нәтижесінде бүйректің несепті қоюландыру қызметі атқарылады.

Вазопрессиннің екінші қасиеті  қан тамырларын жиыру, тегіс ет жасушаларының  жиырылуын туындатады.Вазопрессиннің бұл екі әсері де қансыраудан  сақтандыруға бағытталған организмнің  маңызды бейімделу жолдары. Біріншісінің нәтижесінде бүйрек өзекшелерінде  судың кері қанға сіңірілуі болады да, айналымдағы қанның көлемін арттырады. Қан тамырларъшың жиырылуы нәтижесінде  қан қысымы: көтеріледі.

              

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қорытынды

Ауыз су міндетті түрде таза болу керек және құрамында хлор мен  оның табиғи қоспалары, ауыр металды  тұздар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, бактериялар, вирустар және басқалары  болмауы қажет. Су биологиялық тұрғыдан қол жетімді, тез сіңетін болу қажет, яғни су молекулаларының арасындағы беткейлік қысым (БҚ) деңгейі аса үлкен болмау керек. БҚ су молекулалары арасындағы тіркесу күшін, сонымен қатар сұйықтық бетінің пішінін анықтайды. Мысалы, ҮК күшінен тамшы, шабындық, жіңішке ағыс және т.б. пайда болады. Сұйықтықтың буға айналуы молекулалардың  тіркесу күшіне байланысты болады. Су құбырының суында ҮК-73 мН/м, қанда-53 мН/м бар,ал ішкі және жасушаның сыртындағы суда шамамен 43 мН/м болады. Төмен беткейлік қысымды су биологиялық тұрғыдан қол жетімді. Ағзадағы сұйықтықтың электролиттік  құрамын қуаттау үшін су нашар минералданған болуы керек. Судың қаттылығы орта болуы керек. Жасуша үшін тым жұмсақ және тым қатты су бірдей қолайлы. Су аз сілтілі болуы қажет.  Негізгі тіршілік  аз сілтілі ортадан тұратындықтан, бұл ағзадағы сұйықтықтың қышқылдық-сілтілік тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді. Осы орталардың сілтілігін төмендету кезінде биохимиялық үрдіс өзгереді, ағза қышқылданады. Бұл аурулардың пайда болуына әкеледі. Рұқсат етілетін значение қан рН 7,38-7,42 және осы диапазоннан 10 %-ға да ауытқып кете алмайды. Жансақтау бөлімінің дәрігері аурудың өмір үшін күресі қышқылдық-сілтілік тепетеңдігін қалпына келтіруден басталатынын растайды

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Пайдаланылған әдебиеттер.

 

  1. Ордабеков С. Медициналық валеология. Тараз, 2005.
  2. Брехман И. И. Валеология — наука о здоровье — М.: ФиС, 1990.
  3. Вайнер Э. Н. Валеология: Учебник для вузов. — 3-е изд.. — М.: Флинта: Наука, 2005.
  4. Дорошкевич М. П., Нашкевич М. А., Муравьева Д. М. и др. Основы валеологии и школьной гигиены: Учебное пособие для вузов. 2003, 238 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Адам организміне қажетті су мөлшері