Адам текті ұғым болып табылады

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2012 в 09:21, реферат

Описание работы

Адам текті ұғым болып табылады, сондықтан адамзат тегіне қатысты барлық белгілер бейнеленеді. Бірақ мұндай көзқарас адам мәнін анықтау үшін жеткіліксіз.

Работа содержит 1 файл

Адам текті ұғым болып табылады.docx

— 22.09 Кб (Скачать)
  1. Адам текті  ұғым болып табылады, сондықтан адамзат  тегіне қатысты барлық белгілер бейнеленеді. Бірақ мұндай көзқарас адам мәнін  анықтау үшін жеткіліксіз.

   Адамның  сапалық сипаттамасын беру мақсатында «индивд», тұлға (кісі), индивидуальдық (даралық) сияқты ұғымдар қолданылады. Адам адамзат тегінің жекелеген өкілі ретінде «индивид» түрінде қарастырылады, бұл латын сөзі «бөлінбейтін», «тұтас», «өзіндік» деген мағына береді екен. «Индивд» (дара адам, жеке адам). Жаңа туған баланы нәресте, дара адамды индивид деп атауға болады, бірақ ол әлі кісілікке, адамдық сипатқа ие болған жоқ. Онда кісі болып жетілудің биологиялық та, тіпті әлеуметтік те алғышарттары, мүмкіндіктері бар. Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Бүкіл адамзат тегіне тән жалпы белгілерімен қатар, оның өзгелерден ерекшелененін өз қасиеттері бар. Бұл табиғи – бойы, көзінің түсі, дене құрылысы және әлеуметтік дамуының интеллектуалық деңгейі, психологиялық қатпары, рухани мәдениетінің әр түрлі деңгейі сияқты ерекшеліктері болып табылады. «Индивидуалдық» ұғымы «индивд» түсінігімен тығыз байланысты. Оны индивидпен байланыстыраны – олардың негізі биологиялық, табиғи екендігі болып табылады. Индивидуалдық күрделірек және жан-жақты болады. Индивидуалдық ең алдымен адамның табиғи және психикалық қасиеттерінен, нақтылап айтқанда, оның жадынан, темпераментінен, мінез-құлқынан, эмоционалдылығынан көрінеді. Индивидуалдық белгілер адамның саналы әрекеттерінен де, оның пікірінен, қылығынан, мәдени қажеттіліктерінен де байқалады. Бір әлеуметтік топтың өкілдері арасында айырмашылық аз болғанымен, индивидуалдық үшін өзгеше нәрселер тән болады.

   Адамның әлеуметтік қасиетінің келесі бір жоғары деңгейдегі сипаттамасы оның тұлғаға айналуы болып табылады. Көбіне адамның биологиялық табиратына негізделетін индивидпен, индивидуалдықпен салыстырранда "тұлға" мәнінің ерекшелігі оның әлеуметтік қасиет-терге негізделетінінде. Бірақ табири индивидуалдыктың тұлра дамуына өз әсерін тигізетінін ескеру керек.

   "Личноспгъ" — кісі, тұлға. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жаңсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз.

   Жеке  адам, түлға қорамнан (отбасы, ұжым, т.б.) тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның жан дүниесі тек айна-ласындағылармен қарым-қатынас жасау үстінде, тәлімтәрбие, оқу, іздену, іске талаптану арқылы әркез белгілі мазмұнға ие болып отырады. Оның айналысатын іс-әрекеті мен бүкіл тыныс-тіршілігіне, ұстанған бағытына әсер ететін түрткілер көп. Солардың бастылары: ңажет пен қызығу, таным мен сенім, мұрат пен талғам, мақсат пен мүдде, т,б. Адам нақты тарихи уақытта және әлеу-меттік кеңістікте, тәрбие мен практикалық әрекет бары-сында ңалыптасады. Сондыңтан да тұлга әлеуметтік ин-дивидуалдылық ретінде - бұл әрқашан да нақты нәтиже, өте әр алуан факторлардың өзара әрекеті мен синтезі.

   Кісі (гпцлга) - бұл жаңа сападағы индивидтің өзімен бірге іштен тумаған, белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық және моральдың қасиеттер қосындыларының иесі, ақиқат болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жа-сампаз әрекет субъектісі.

   Басқаша айтқанда, ол қоғамның өмір тәжірибесін бойына сіңіріп байыған, жетілген адам. Кейбір адам өрескел қылық көрсеткенде халқымыздың: "Әй, мынау кісіліктен жұрдай екен, бар болғаны сүйек пен еттен жаралған пенде екен" деп рекжитіні белгілі. Ойлана келгенде, "кісі", "кісілік" - деген түсініктер "личкость" деген ұғымға бір табан жақын келетін сияқты, Ал кісілігі мол, азаматтығы жұрттан асқан, көпшіліктің көщлінен шықңан ардақты да ақылды адамдарды халқымыздың "маңдайға біткен тұлға" деп дәріптейтіні белгілі.

   2. Кісінің қалыптасуы оның әрекеттену  және басқа адамдармен ой алмасу  процесінде өтеді. Басңаша айтқанда, адамның әлеуметтік-әрекеттік мәні  ең алдымен тұлғаның әлеуметтену негізінде жатады. Әлеуметтену - бұл индивидтің қогамда өз өмір қамын дұрыс тәсілмен іске асыруына мүмкіндік беретін білімдердің, нормалар мен құндылықтардың белгілі бір жүйесін игеру барысында жүзеге асады, тек ең алдымен оның белгілі бір қоғамдық қатынастарға, әрекет түріндегі қарымқатынас формасына түсуі нәтижесінде іске асады. Бұл жағдайда әлеуметтену филогенезде де (адамның тектік қасиеттері мен сипаттарының қалыптасуы) жүзеге асырылады. Адамның тарихи дамуы түрғысында да, онтогенезде де түлға - индивидтің әлеуметтену нәтижесі.

   3. Бұл процесті индивидтің әлеуметтен діру процесі деп атауға болады. Әлеуметтендіру индивидке сырттан еріксіз таиылатын жай емес, керісінше, оның белсенді араласуымен, өзінің қимылы мен мінез-құлқын қоғам талабы-на лайықтап, үнемі дұрыс жолға салып, өзгертіп отыруы арқылы іске асады.

   Соның арңасында адамда өз мікез-құлқын, әрекетін басқа адамдардың сондай қылықтарымен салыстыра ба-ғалау, сейтіп, өзінің кім екенін түсіну, философия тілімен айтқанда, өзін-өзі тану қабілеті жетіледі.

   Күнделікті  өмірде тек тірліктің қамымен  жүрмін деп ойлайтын адамдардың өздері де басқаларға және өзіне сол қамдықтың  шеңберінен әлдекдйда кед көлемдегі талаптарды екінің бірінде алға тартыи жүреді. Олар үшін де белгілі бір әрекеттер әділетті, ал басқалары әділетсіз, жаксы не жаман. т.т. Ал, олар ағза мұқтаждығынан басңа нәрселердің бәрі де беймәлім жәндіктерде болмайды. Шектен шыққан өзімшіл де осы категориялармен ойлайды. Сонымен бірге күнделікті емірде осы мәнділіктің сак түрлерін кездестіреміз. Адамдардын. көпшілігі мойындайтын жалпы мәнділіктің шеңберікде көп адамдардың өзіне гана тән, жалпылықка қайшы келмейтін нақты мәнділіктері де бар. Кейде тіпті болмашы нәрселердің, жалған нәрселердің өзі адамдарға өмірінің мәніне айналып жүреді. Адамдықңа жат жауыздыңтың өзі де тұтас бір қауымдар, халыңтар, топтар үшін олардың тарихтағы болуының мәніне айналғаны да белгілі.

   Адамгершілікті, ізгілікті, әділеттілікті, т.т. мойындаудан  басқа шексіз байлыққа, билікке, үстемдік мен оз-бырлыңқа, т.т. ұмтылушылық та көп адамдардың көкейкесті пиғылдарына айналатындыгы қазіргі заманда бәрі-мізге аян. Осындай жеке адамдардың өмірлік мәні болатын тағы да көптеген нәрселерді айтуға болады. Сол сияқты көптеген тарихи кезеңдерде бір халыңтың, таптың, т.т. екіншілеріне үстемдік етуге ұмтылуы, тіпті оларды жойып жіберуді көздеуі осындай мәннің орнын басады. Мысалы, фашизм идеологиясы, солардың бірі. Олай болса, мәнді болу тек қана игілікті, ізгілікті болу деген сөз емес. Мән барлық уақытта тек жағымдылықты білдір-мейді. Бірақ, өздігінен жағымсыз қасиет, оның объективтік. жалғандығы белгілі бір өмірлік мәнге айналғанда ол көбінесе жағымды бағаланады, биік мақсат, өмірлік арман болып тұрады.

   Адамзаттың  бүкіл тарихы да, әрбір жеке адамның  өмір жолы да осындай мәнділікті іздеуге  толы.

   Адам  — өз болмысының субъектісі. Субъект болу әрбір жеке адамның өз іс-әрекетіне, сыртқы дүниеге, басқа адамдарға әрі өзіне қатынасына өзі ие, оны ол өзі жасап, өзі реттеп әрі өзі тыя алады дегенді білдіреді. Сонымен бірге ол өзінің жан әлемінде де, өзінің психикалық қызметіне де белгілі бір дәрежеде ие, олар үшін ол жауап бере ллуы тиіс. Әрбір адамда мәнділіктің өзгеше болып, оны озінше түсінуі, бірақ, жалпы объективтік мәнділіктің бо-луын жоққа шығармайды. Оны мәнділіктің ақиқаты деп атауға болады.

   Адамның дүниеге қатынасы, оның негізгі сипаты мен табиғаты осы мәнмен анықталады. Сыртқы табиғатты өзгерту қызметінің өзі негізгі екі түрлі мәнді іске асыру үшін болуы мүмкін: біріншіден, табиғат пен адамның үйлесімдібайланысы, бірін-бірі толықтыратын, жанғыр - татын және екіншіден, табигатты тек пайдалану үшін. Табиғатңа тек қана пайдагершіліктің көзімен қарап, тек өзінің бір мүңтаждығының түрғысынан қатынас жасау антикалың дәуірден бастап Еуропада кең өріс алды. Онда табиғатты тек адамның бір кәдесіне жарайтын немесе жарамайтын заттар мен қүбылыстардың арсеналы, адамның бір табиғи ңоймасы ретінде ғана ңарап іс-әрекет жасау басым болды. Әрине, еуропалық өмірде басңа қаты-настар да бар, бірақ әңгіме ңандай ңатынастың жетекші, басым болғандығын айтып отырмыз. Осы пайдагерлік ңатынас үстем болған, тіпті баз біреулердің жан дүниесінде жалғыз гана құмарлыкқа ие болған жерде табиғаттың, басқа адамдардың, жалпы өзінен тыс қүбылыстардың кайсысы болса да өзіндік дербес мағынасынан айрылады, ондай жандар үшін табиғаттың кез келген заты не пайдалы, не пайдасыз, олардың өзіндік қүндылығъі ол үшін жоқпен тең. Екінші, бір мәнділіктің табиғатты өзгертуге, меңгеруге, үстемдік етуге, пайдалануға біршама енжарлығы, бірақ оның есесіне, табиғат пен үйлесімді тіршілікке бейімділігі көбінесе Шығыста айқыныраң көрінді. XX ғ дейін осылай болды. Қазір мүнда да алғашқы ңатынас еніп келе жатыр.

   Жеке  адам, тұлға қоғамнан (отпбасы, ұжым, тп.б.) тыс өмір суре алмайды. Өйткені, оның жан дұниесі тек айналасындағылармен қарым-ңатынас жасау үстінде, тәлім-тәрбие, оқу, іздену, Іске талаптану арқылы әркез белгілі мазмүнға ие болып отырады. Оның айналысатын іс-әрекеті мен бүкіл тыныс-тіршілігіне, үстанған бағытына әсер ететін тұрткілер көп. Солардың бастылары: ңажет пен қызығу, таным мен сенім, мұрат пен талғам, мақсат пен мұдде, т.б.

   Адамзаттың  сан ғасырлың тарихында адамгершілік пен имандылыңтың үлы қозғаушы күші - сенім. Сенім жоғалған жерде адамға тән тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім - ер жетіп, есейген шақта пікірталас үстінде, әр түрлі көзқарас қақтығысында плюрализмге кең жол ашылған  жерде біртіндеп шыңдала түседі. Сенім адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау, салыстыру, тіршілік тәжірибесін жинақтап, соны ңорыту ар-ңылы, яғни әрбір қүбылысты "жеті рет өлшеп, бір рет пішу" дегендей, сын тезінен өткізіп, терең де, тиянаңты білім негізінде пайда  болады. Сенім — адамның ерік-жігер, ңажыр-ңайратының ңандай екенін көрсететін, сезімді ңозрайтын, өмір суру мақсатына  айналған өміршең білім. Сенім дүниетанымға (табиғат, адам, қоғам құбылыстары туралы білімдер жүйесі) негізделеді.

   Адамның дүниеде болуының негізінде жатқан қасиет, ол еркіндік. Спинозаның айтуынша, еркіндік дегеніміз - біздің іс-әрекеттеріміздің қажеттіліктермен аныңтала-тындығын анық білу, соган саналы түрде мойынсүна білу, соның жолымен ғана жүру. Гегель, К. Маркс пен Ф. Энгельс те еркіндікке осы көзқараста болды. Бірақ олар тәжірибелік іс-әрекетті философияның негізгі принципі еткендіктен, еркіндікті түсінуге біршама өзгеріс кіргізді. Еркіндік олар үшін танылған қажеттілік және тәжірибелік іс-әрекетте адамдардың сыртқы табиғатқа және өзінің тәнінің табиғатына да үстемдігі. Адам болмыстың заңдылықтарын қаншалықты меңгерсе әрі өз ісінде пайдалана алса, еркін іс-әрекет деп соны түсінуіміз қажет. Ерік - адамның мінез-құлңын меңгере алу қабілеті. Мәселен, кейде төсектен тұрғың келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін сөзсіз тұру керек. Бұл жерде ішкі кедергілерді  (төсектен тұра алмау) жеңу ңажет болады. Кейде көздеген мақсатымызға сырт нәрселер де кедергі жасай-ды (басқа біреудің қарсылығы, жағдай болмау, т.б.). Бұл сыртқы кедергі делінеді. Адам осы айтылғандарды жеңіп отырмаса, еркі жетіліп, шыңдалмайды. Ерік - мақсат қоюдан басталады. Мәселен, орта мектепті бітіретін оқушының түрлі мамандықты таңдауына мүмкіндігі және таудай талабы болады. Оның алда тұрған мақсатына жетуіне түрлі рухани, мәдени қажеттері түрткі болады. Адамда әр түрлі мақсат болады. Алда істелетін істің бағыт-бағдарын, мән-мәнісін, жоспарын белгілемейінше адамның талап-тілегі дүрыс жүзеге аспайды. Ерік қимылдарының алғашқы көріністерінің бірі — "тілек" немесе "ниет". Тілек - келешекте істейтін ісіміздің ойға.

Информация о работе Адам текті ұғым болып табылады