Акселерация

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 16:25, лекция

Описание работы

Акселерация – жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жас өспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы.
Планетаның магнит денесінің кернеуі төмендеген кезде жануарлардың көптеген түрінің денелерінің салмағы мен көлемінің ұлғаюы. Аккселерацияның ең айқын көрнісі ержеткен балалардың денесінің өздерінің ата-аналарының денесімен салыстырылғанда іріленуі.

Работа содержит 1 файл

Акселерация.docx

— 14.12 Кб (Скачать)

Акселерация – жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жас өспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы.

Планетаның магнит денесінің кернеуі төмендеген кезде жануарлардың көптеген түрінің денелерінің салмағы мен көлемінің ұлғаюы. Аккселерацияның ең айқын көрнісі ержеткен балалардың денесінің өздерінің ата-аналарының денесімен салыстырылғанда іріленуі.

Ю.К. Бабанский акселерацияны балалардың денесі мен психикасының аса ерте дамуы деп анықтады.

Акселерация – зерттеулер мен түсініктер. 
«Акселерация» терминінің өзіне жетпіс жылдан астам уақыт болды – оны 1935 жылы неміс дәрігері Е.М. Кох ұсынған болатын. Бұл сөзбен (латын тілінен «жылдамдату» дегенді білдіретін) балалар мен жасөспірімдердің құрдастарымен салыстырғанда бойының, салмағының және кейбір басқа өлшемдерінің ұлғаюы аталған болатын. Акселерация құбылысы АҚШ-та, Европада, Азияда, Россияда байқалады, қалаларда ауылдық жерлермен салыстырғанда күштірек көрініс береді. Оның кеңінен таралуы ғалымдарға акселерация құбылысын қазіргі заманғы адамның дамуына тән қақын ретінде қарауға мүмкіндік береді. 
Акселерацияның басты мысалдары ретінде: 
- жаңадан туған балалардың салмағы мен бойының өсуін (зерттеу кезіне (1979 ж.), орта есеппен 1-2 кг-ға және 4-5 см-ден жоғары (сол жүз жылдықтың 30-жылдары). 
- тістерінің уақытынан бұрын шығуын және олардың тұрақты тіске ауысуын (1-2 жылға) 
- скелеттің мерзімінен бұрын сүйекке айналуын (20-ғасырдың 20-30 жылдарымен салыстырғанда 2-3 жылға  ерте) 
- өткен ұрпақтармен салыстырғанда жалпы бойының 8-10 см.-ге өсуін. 
- мектп жасындағы балалардың бойының өсуі, ерте жыныстық жетілуін (ұлдарда 11-12 жаста) мысалға келтіруге болады. 
Бұл белгілерді өз жұмыстарында Ю.Е. Вельтищев пен Г.С. Грачева келтірген,                     И.М. Воронцов және А.В. Мазурин сондай-ақ акселерация жалпы өмір ұзақтығының өсуіне және екі жыныстағы ересек адамдардың репродуктивті кезеңіне байланысты екенін көрсеткен. 
Акселерацияның туындауы туралы әртүрлі теория бар, оның ішінде физикалық-химиялық (күн радиациясының, ғарыш радиациясының, толқын, магниттік өріс, көмірқышқыл газының шоғырлануының артуы және басқалары), және ескерілетін факторлар мен өмір жағдайларының факторларының кешені (өсіп келе жатқан ақпараттық ағындар, урбандық әсер, әлеуметтік-биологиялық факторлар), және генетикалық (цикликалық биологиялық өзгерістер, популяциялық араласулар), осы уақытқа дейін толығымен аталғандардың қайсысы маңызды екенін анықтау мүмкін емес. 
Ғалымдардың пікірінше даму жылдамдығына, мысалы, отбасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен тамақтану әсер етеді, бірақ нәсілдік меншіктік немесе климат мүлдем әсер етпейді.   
Сондай-ақ Б.Г. Ананьев балалардың психикалық және физикалық қасиеттерінің бір қалыпқа түсуі бірқалыпты жүрмейтінін атап айтқан болатын. Бұл дисгармониялық акселерация. Психологиялық жас биологиялық жастан қалып жататын жағдайлар болып жатады (инфантильность). Инфантильность әдетте ұлдарда кездеседі.


Информация о работе Акселерация