Анализатор

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 17:52, реферат

Описание работы

Анализаторлар туралы жалпы түсінік. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар немесе анализаторлар дейді.
Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.
Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады : 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.

Работа содержит 1 файл

Анализаторлар туралы жалпы түсінік.docx

— 51.21 Кб (Скачать)

Көз бұршағының аккомодация күші жасына лайық өзгереді: 1 жаста 25 диоптрия, 3 жаста — 20, 5-6 жаста — 15, 7-15 жаста — 12, ересек адамда 10 диоптрияға тең.

Сәбидің сауытша клеткалары жетілмеген. Сондықтан бала 1 жасқа дейін заттың түсін анық көре алмайды. Сауытша клеткалары мен таяқша клеткалардың диаметрі кішкентай болады және бір-біріне жақын. 2 жастан әрі қарай баланың фоторецепторлары жетіле бастайды да, заттың түсін анықтай алады. Ең алдымен сары, сосын жасыл, қызыл, көк түсті заттардың бояуын, кейіннен басқаларын анықтайды. Сауытшалар 3 жаста толық қызмет атқара бастайды. Дегенмен 3 жасқа дейін олар нашар жетіледі, диаметрі кішкентай, бір-біріне жақын тығыз орналасады. 4-6 жаста балалар барлық түсті айырады, бірақ тәжірибесі аз болғандықтан, ересек адаммен салыстырғанда заттың түсін тану қабілеті нашарлау келеді. Бұл  мезгілде бала затты қарағанда ең алдымен оның пішінін, содан кейін мөлшерін, ең соңында түсін анықтайды. Заттың түсін анықтау қабілеті жыныстық жетілу мерзімінде ғана ересек адамның  қабілетіне жақындайды.

Баланың алғашқы 1-2 апталық өмірінде көру анализаторының өткізгіш бөлімі жетілмегендіктен, заттың бейнесін анық көрмейді. Ең алдымен көру жүйкесі мен сопақша мидағы оның түйіспесі қалыптаса бастайды, содан соң мидағы төрт төмпешік жетіледі. Төрт төмпешік ми қыртысындағы орталық бөлімге қарағанда жылдам жетіледі. Алғашқы 1 жылдың өзінде өткізгіш бөлім қозу импульстерін орталық бөлімге таси бастағанымен, төмпешіктердегі нейрондар толық жетілмегендіктен көру қабілеті нашар болады. Өткізгіш бөлімнің қызметі тек қана 10-14 жаста толық жетіледі. Бірақ бұл  кезде жүйке жолдары жіңішкелеу келеді.

Көру талшығының қыртыс бөлімі сезгіш және өткізгіш бөлімдерінен кейін дамиды. Ең алдымен (17 аймақ), содан кейін ғана түйсік (18,19) аймақтары жетіледі. Көру орталығының нейрондары алғашқы жылы өсуін аяқтамаған, дендриттері мен аксондары кішкентай, әрі жіңішке келеді. 2-3 жаста сезгіш аймақтар өте жылдам жетіле бастайды да, 5-6 жаста толық жетіледі. Ондағы нейрондар ересек адамның нейрондарындай болады. Түйсік аймақтары алғашқы 3 жылғы өмірінде нашар дамиды: оның нейрондары өте нәзік, қызмет атқаруға әлі бейімделмеген. 5-6 жаста Бұл  аймақтар тез дами бастайды да 10-14 жас арасында толық жетіледі. Көзбен шамалау қабілеті түйсік аймақтарының дамуына лайық жақсара береді. Бұл  қабілет тек жыныстық жетілу мерзімінде ғана ересек адамның қабілетіндей болады. 4-6 жастың ішінде балалардың сезгіш аймақтары мен түйсік аймақтарының арасында жүйкелік байланыс жолдары қалыптасады, бірақ байланыс жолдарының жүйке талшықтарының миелиндері болмайды, сондықтан көру анализаторының орталық бөлімінің талдау және жинақтау қабілеттері әлі де болса кемеліне жетпеген. Ми қыртысындағы жүйкелік байланыс жолдарының толық миелинденуі жігіттік/бойжеткендік мерзімінде ғана аяқталады. Дегенмен көру анализаторының салыстырмалы толық жетілуі жасөспірімдік мерзімде аяқталады деуге де болады.

Көз және көру анализаторы заттың пішінін, түсін, мөлшерін, орналасу қашықтығын және бағытын анықтайды. Затты айқын көру үшін оның бөлшектерін жақсы көру керек. Заттың ұсақ бөлшектерін көру қабілетін көздің ө т к і р л і г і дейді. Заттың бейнесі сары даққа түскенде ол өте анық көрінеді, ал сары дақтан торлы қабықтың шетіне қарай жылжыған сайын бұл  қабілет азаяды. Көздің өткірлігі сауытша клеткаларының қызметіне байланысты. Қараңғыда, түнде көздің өткірлігі нашарлайды. Көздің өткірлігін арнайы кесте арқылы анықтайды.

Ол адамның жасына, жағдайына байланысты, мысалы, нәрестенің көзінің өткірлігі — 0,004-0,02, 3 айда — 0,05-01, 1 жаста — 0,3-0,6, 4-5 жаста -0,7-1,0, 10-15 жаста — 1,0 шартты бірлік өлшеміне тең.

Балалардың көз алмасының көлденең диаметрі ұзарғанда  немесе жарық сәулелерін сындыру қабілеті күшейгенде жақыннан көру қабілеті пайда болады. Ондай адам тек жақын жердегі заттың бейнесін анық көріп, көзден алыстау орналасқан затты бұлдыр көреді. Себебі, көзге кірген сәулелер торлы қабыққа жетпей фокусталады да, торлы қабықтың бетіне қайта шашыраған сәулелер түседі. Мұндай  жағдайда заттың бейнесі дұрыс болмайды. Көз алмасының көлденең диаметрі кішірейгенде немесе көз аппаратының жарық сәулелерін сындыру қабілеті нашарлағанда алыстан көру қалыптасады. Ондай адам жақындағы затты бұлдыр көріп, көзден алыстау орналасқан затты ғана дұрыс, анық көреді. Мұндай  жағдайда жарық сәулелері торлы қабықтан асып, фокусталады да оның бетіне әлі жиналмаған сәулелер түседі.

Балалардың жақыннан көру қабілетін екі жағы ойыңқы, алыстан көру  қабілетін екі жағы дөңестеу әйнек арқылы жөндейді.

Көздің құрылымдарының қызметіне байланысты рефлекстер де жасына сай әртүрлі: қас қағу рефлексі мезгілінен бұрын туған (шала туған) балаларда 2 аптаға дейін болмайды, ал мерзімінде туған балаларда бірінші күннен-ақ байқалады, бірақ өте баяу болады. Жаңа туған сәбилердің екі көзінің қас қағу рефлексі бірдей емес: бір көзінде болып, екінші көзінде болмауы да мүмкін. Қас қағу қимылы 1 айлығында реттеле бастайды. 2 айлығында ол көздің қимылымен ұласып, екеуінің арасында үйлесімділік туады.

Көздің ашылып-жұмылуы, жыпылықтауы сыртқы тітіркендіргіштің әсеріне сай болады. Мысалы, жарқ еткен жарық кірпік қағу рефлексін тудырады, бұл  рефлекстің жасырын уақыты 200-300 мсек. Егер жарық күшті болса, кірпік рефлексіне қоса, басты бұру — мойын рефлексі туады.

Көздің қарашық рефлекстері жаңа туған нәрестеде болғанымен, қарашық қимылы өте баяу және екі көзінде бірдей емес, Бұл  ортаңғы мидың төрт төмпешігінің алдыңғы екеуінің толық жетілмеуінен болады. 1 айлық балада қарашықтың қозғалыс мөлшері 0,9 мм, 5 айлығында 1,1 мм, 1 жасында 1,4 мм, 2,5 — 6 жасында 1,5 мм, 12 жасында 1,9 мм. Қарашық рефлексі кенеттен болған қатты дыбыстың немесе қорқыныштың әсерінен де байқалады


Информация о работе Анализатор