Анасынан және ұрық организмінде жиналған иммуноглобулиндердің кластарынан жаңа туған нәресте иммунитетіндегі рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 20:24, реферат

Описание работы

Антиген – бөгде зат, ағзаға енгенде иммундық жауап тудырады.
. Толық антиген
а) антидене тудырады
б) дайын антиденемен байланысады
2. Гаптен немесе толық емес антиген – антигендік қасиеті бар, бірақ иммуногенділігі жоқ. Сондықтан оларды толық емес антигендер деп атайды.

Работа содержит 1 файл

срс мб 15 апта.pptx

— 280.77 Кб (Скачать)

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан 

          Мемлекеттік Медицина Университеті

 

Мамандығы: Жалпы  медицина

Кафедрасы: Микробиология  және Иммунология

 

Студенттің өзіндік  жұмысы

 

Ақтөбе 2012 жыл

 

Орындаған: Пангерей Мерей 217-б

Тексерген: Серік  А.

 

       Тақырыбы: Анасынан  және  ұрық  организмінде  жиналған  иммуноглобулиндердің   кластарынан  жаңа  туған  нәресте  иммунитетіндегі  рөлі.

ЖОСПАР:

 

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

    а) антидене және  иммуноглобулиндер  туралы  түсінік

    б) ана   сүтінің  құрамы  және  сәби  иммунитеті  үшін  маңызы

ІІІ. Қорытынды

Антиген – бөгде зат, ағзаға енгенде иммундық жауап тудырады.

 

1. Толық антиген

    а) антидене тудырады

    б) дайын антиденемен байланысады

 

2. Гаптен немесе толық емес антиген – антигендік қасиеті бар, бірақ иммуногенділігі жоқ. Сондықтан оларды толық емес антигендер деп атайды.

 

Антигеннің ерекшелігі:

 

Арнайлылық – арнайы антигенге қарсы арнайы жауап пайда болады.

 

Иммуногендік – иммунитет қалыптастыру қабілеті

 

Бөгделілік

 

Жоғарғы молекулалық

 

5Антигендік – аз немесе көп антидене тудыру қабілеті

Антидене

Антидене дегеніміз – антигенге қарсы пайда болатын зат. Оларды иммуноглобулиндер деп атайды. Иммуноглобулиндердің 5 түрі бар: Ig A, IgM, Ig G, Ig D, IgE. Иммуноглобулиндер құрылысы 2 ауыр тізбек және 2 жеңіл тізбектен тұрады. Тізбектер өзара бір-бірімен дисульфидті байланысады.

Адьюванттар – бір мезгілде антиген немесе гаптенмен бірге енгізгенде иммундық жауаптудыруын күшейтеді.

  Микробтардың антигендері

1.О-соматикалық  антиген – барлық микроорганизмдерде кездеседі.

2.К-антиген (капсулалық)

3.Н-антиген (талшықтардың антигені)

Антигенді анықтау арқылы нақты диагнозды қоюға болады.

 

Иммунотерапея

  Иммунотерапея дегеніміз – емдік мақсатта иммундық препараттарды енгізу (АД, ИФН, цитокиндер т.б.).

  Иммунопрофилактика  – жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін иммундық препараттар енгізеді.

  Иммундық жүйеге әсер ететін барлық препараттарды – иммунобиологиялық препараттар деп атайды.

Ең алдымен, ана сүтінің 87%-ын су құрайды. Су биологиялық тұрғыдан белсенді және жақсы сіңеді. Сондықтан, ана сүтімен қоректенген сәбиді алғашқы жылы сумен сусындандырудың қажеті жоқ.

 

Ақуыздар сүттің 1%-ын құрайды.

Ана сүтінің ақуыздары алуан түрлі әрі бағалы. Ол баланы аурудан қорғап, организмі үшін құрылыс материалы рөлін атқарады. Ең маңызды ақуыз-қорғаушылар – иммуноглобулиндер. Ана сүтінде бала өз өмірінде кездесетін барлық микробтарға қарсы иммуноглобулиндер болады. Әсіресе А санатындағы иммуноглобулиндер маңыздырақ – олар ішектің шырышты қабатында орналасып, қанға микробтар мен вирустарды өткізбейді.

Лизоцим ақуызы – немесе табиғи антибиотик, бактерияның қабыршығын ерітіп тастайды, жоғары қысымға шыдамаған бактерия жойылып тынады. Келесі лактоферрин ақуызы өзінің құрамымен ерекшеленеді: ол сүттегі темірдің тез сіңуіне көмектеседі, микробқа, вирусқа, паразиттік саңырауқұлаққа және қатерлі ісікке қарсы күреседі. Ана сүтінде лактоферриннің үлесі басқа сүтқоректілердікімен салыстырғанда өте мол. Әсіресе, туылғаннан кейінгі кезеңде өте қажетті зат

 

Казеин бала асқазанына түссе, тығыз болғандықтан тез сіңбейді. Ана сүтінде казеиннің мөлшері төмен және құрамы жұмсақ болғандықтан, жеңіл қорытылады. Мұны сәбидің дәретіне қарап оңай айыруға болады – емізілген балада сұйық әрі жеңіл иісті, ал жасанды сүттен емген баланыкі барынша қою әрі өткір иісті.

Ана сүтіндегі майлар мидың, көздің және жүйке жүйесі жолдарының дамып жетілуі үшін маңызды. Мұнда ана сүтінен басқа еш сүтқоректіде кездеспейтін эссенциалды май қышқылдары белсенді қызмет атқарады. Сондықтан сүтте ол жеткілікті болуы үшін емізуші ана өсімдік және балық майларымен мол азықтануы тиіс.

 

Майлар ана сүтінің 2-4,5%-ын құрайды. Майдың көп бөлігі емізіліп жатқан сүттің соңғы жағында кездеседі.

 

 Көмірсу – энергия көзі мен ана сүтінің тәтті дәмін келтіруші. Ол сүтте 7%-дай орын алады, оның ішінде негізгісі – сүтті қант – лактоза. Лактоза астағы бифидобактериялар үшін тиімді жағдай жасайды, өз кезегінде асқазанда олардың көлемін арттырады. Сонымен қатар, темір мен калцийдің ыдырауына көмектеседі

Ана сүті өз өзін қорытады: оның құрамында липаза ферменті бар, ол жаңа туылған нәрестенің жеткіліксіз ферменттерінің орнын толтырады және майдың сіңуіне септігін тигізеді. Бұл фермент сиыр сүтінде де, ешбір қоспада да кездеспейді.

 

Ана сүтінің көп емес бөлігін гормондардың шамамен 20 түрі және биологиялық активті заттар құрайды. Ол баланың бейімделуінде (адаптация) үлкен рөл атқарады, баланың келешек дамуына әсерін тигізеді. Осылардың ішінен бифидус-факторды ерекше атап өтуге болады. Ол нәрестеге дисбактериоздан қорғаныш және анасы баласымен бөлісетін иммундық жасушаларды түзеді.

Ана сүтінің тағы бір ғажайып артықшылығы – баланың қажеттілігіне қарай тұрақты түрде лайықталып отырады. Егер сәби ыстықтап жатса – сүттегі майдың мөлшері төмендейді. Сәби өскен сайын – инфекциядан сақтайтын лейкоциттер мен иммунитетті бекітетін заттардың көлемі арта бастайды. Ғалымдар ана сүтінің құрамынан ылғи да жаңа заттар (қазірдің өзінде 500-дей) мен оның тамаша қасиетін таба отырып, оны таңғажайып элексир деп атауда.

 

Ең ғажайыбы – ана сүтінің қатерлі ісікке қарсы қасиеттілігі. Ана сүтіндегі HAMLET (Human Alpha-Lactalbumin Made Lethal to Tumor Cells – қатерлі ісік жасушаларын жоюшы адами алфа-лактальбумин) атауын алған қышқыл қатерлі ісіктің жасушаларын жойып жіберу қабілетіне ие.

2 жыл бойы ана сүті бала үшін энергия, витаминдер мен маңызды заттардың қайнар көзі және иммунитетті нығайтушы болып қала береді. Мысалы, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша ана сүті бір жылдан кейін  С витаминін – 60-95%, А витаминін – 38-75%, энергияны – 31%, ақуызды – 43%, калцийді – 36% қамтамасыз етіп отырады. Ресей дәрігерлерінің мәлімдеуі бойынша, бір жылдан артық ана сүтімен емізу – баланың жақ-бет сүйектерінің жетілуіне, тістердің бекуіне, дұрыс тістеудің қалыптасуына кепіл.1,5-2 жыл бойы ана сүтімен емізілген балаларда стоматологиялық және логопедиялық аурулар өте сирек кездеседі.

   Пайдаланылған  әдебиеттер

 

    • 1. Ү.Т.Арықпаева, Г.Д.Асемова, К.Х.Алмағамбетов,

    Н.М.Бисенова, С.К.Бисимбаева, Н.Б.Рахметова,

    Қ.Б.Қойшебаева, Н.В.Калина, Ғ.М.Сейтғалиев

    “Микробиология және Вирусология” 

      (жалпы бөлім)  Астана, 2005 ж.

    • 2. Б.А.Рамазанова және Қ.Құдайбергенұлының

     редакциялауымен шығарылған

    “Медициналық микробиология”

    Алматы, 2010 ж.

 

1


Информация о работе Анасынан және ұрық организмінде жиналған иммуноглобулиндердің кластарынан жаңа туған нәресте иммунитетіндегі рөлі