Балық шаруашылығындағы ең басты міндет –есепсіз аулаумен күрес жүргізу

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 10:41, реферат

Описание работы

Балықтар –сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар. Қазіргі кезде дүние жүзінің су айдындарында балықтардың 20 мыңдай түрі мекендейді. Қазір әртүрлі елдерде адамға қажетті белоктік заттар арасында балықтан жасалған тағам үлесі 17%-тен
83 %-ке дейін деп саналады. Көптеген елдердің экономикасында балықтың алатын орны ерекше. Кейінгі жылдары ең бағалы кәсіпшілік маңызы бар (қорытпа, бекіре,албырт туыстастары) балықтардың қоры күрт азаюда. Балықтар қорының азаюына әсерін тигізетін көптеген факторлардың ішінде мыналарды атауға болады.

Работа содержит 1 файл

Балық шаруа.ы.doc

— 29.50 Кб (Скачать)

СРМП:     Балық шаруашылығындағы ең басты міндет –есепсіз аулаумен күрес жүргізу.

 

Балықтар –сулы ортада тіршілік етуге бейімделген төменгі  сатыдағы омыртқалы жануарлар. Қазіргі  кезде дүние жүзінің су айдындарында балықтардың 20 мыңдай түрі мекендейді. Қазір әртүрлі елдерде адамға қажетті белоктік заттар арасында балықтан жасалған тағам үлесі 17%-тен

83 %-ке дейін деп саналады. Көптеген елдердің экономикасында балықтың алатын орны ерекше. Кейінгі жылдары ең бағалы кәсіпшілік маңызы бар (қорытпа, бекіре,албырт туыстастары) балықтардың қоры күрт азаюда. Балықтар қорының азаюына әсерін тигізетін көптеген факторлардың ішінде мыналарды атауға болады:

Есепсіз аулау –бұл құбылыс көпшілік теңіздер мен ішкі су көздерінде кеңінен  таралған. Есепсіз аулау салдарынан есеймеген жас балықтарды аулап, олардың популяциясына әсерін тигізіп, сандарының өсуіне кедергі жасап, тіпті сол түрдің құрып кетуіне себепші болады. Балық шаруашылығының ең басты міндеті есепсіз аулаумен күрес жүргізу. Суды лайлау мен уландыру да балықтардың қорына керісінше әсерін тигізеді. Теңіз және тұщы су қоймаларының әртүрлі заттармен  ластануы қазіргі жағдайда кең өріс алып келеді. Әсіресе өндіріс орындарының құрамында ауыр металдардың тұздары, синтетикалық жуу құралы, радиоктивті және мұнай қалдықтарымен таза суларды ластауы онда тіршілік ететін балықтар үшін өте қауіпті. Кейінгі жылдары ағын суларды тазалау, ластамау бағытында көптеген жұмыстар жасалуда, бірақ алдағы уақытта да бұл бағытта істейтін жұмыстар өте көп.

Өзендерде ретсіз тоғандар салу да балықтардың санының өсуіне зиянын тигізеді. Өзен бойына салынған тоғандар уылдырық шашуға аттанған балықтарға кедергі жасап, дер кезінде белгілі бір жерге уылдырығын шаша алмайды, сөйтіп балықтардың табиғи көбею процесіне кедергі жасайды. Бұл саладада біраз жұмыстар жасалынды, шаралар қолданылды. Мамандардың пікірі бойынша ондай тоғандарды балық өсіретін балық заводы орналасқан жерлерге жақын жасаған жөн, себебі тоғанға  келіп тоқтаған ұсақ шабақтарды ұстап алып пайдалануларына болады.

Тоған салған жерде судың да деңгейі  тұрақты болмай, бірде жоғары, бірде  төмен түсіп балықтардың тіршілігіне  қолайсыз жағдайлар туғызады. Мысалы судың деңгейі 8 метрге дейін көтеріледі. Ондай жағдайда тоғандар биогендік заттарды ұстап қалып, фитопланктондармен басқа организмдердің  дұрыс дамуына  жағдайсыз болып, нәтижесінде балықтардың тамақ қорын азайтады. Тұщы өзен суларының теңізге аз мөлшерде құйылуы, теңіз

суларының тұздылығын арттырып, онда тіршілік ететін балықтардың өміріне  қауір туғызуда. Өзендердің де таяздауы балықтар қорына әсерін тигізеді, санын азайтады. Өзендердің таяздау себептері көпшілік жағдайда суландыру мақсатында болады. Өзендер суының деңгейін көтеру үшін көптеген шешімі табылмаған шаралар ойластыруда. Егерде өзен мен мұхит суларының деңгейін көтеретін болса, ол тек балықтар үшін ғана емес, жергілікті ауа райына тағы да басқа да шаруашылықтарға маңызы зор блар еді. Тұщы су балықтарын қорғаудағы ең маңызды мәселе олардың уылдырық шашатын жерін, қыстайтын шұңқырларын қорғау және қыста қатып қалмау шараларын ұйымдастыру қажет. Су қоймаларының балық өнімін арттыру үшін балықтарды және балықтың негізгі қорегі жануарлар  мен өсімдіктерді жерсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Әсіресе ішкі су қоймаларындағы балықтардың қорын қөбейтуге және оларды  қорғауға ерекше көңіл бөліп отыр. Жыл сайын өзенмен көлдерге миллиардтан артық бағалы балық түрлерінің шабақтарын жібереді, оның ішінде 100 миллионнан артығы бекіре балықтары.

  Балық –халық байлығы. Оның қорын молайтуға қамқорлық жасау –балық қорғау инспекциясының балық аулаумен шұғылданатын кәсіпорындардың су шаруашылық орындары басшылығының абыройлы ісі. Бұл маңызды  іске бүкіл жұртшылық белсене қатысуға тиіс. Ол үшін ең алдымен балық шаруашылығын мықты өндірістік негізде құру, су қоймаларын ластанудан қорғау және аулауға тыйым салынған балықтарды аулауға қарсы күресу шараларын жүргізу қажет.

 


Информация о работе Балық шаруашылығындағы ең басты міндет –есепсіз аулаумен күрес жүргізу