Биологиялык алуантурлк

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 21:47, реферат

Описание работы

Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті – тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.

Содержание

Кіріспе.

І тарау. Биоалуантүрлілік туралы түсінік.

Биоалуантүрлілік құрылымы мен деңгейлері.
Жануарлардың тіршілік әртүрлілігі.


ІІ тарау. Экологиялық факторлар
2.1. Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары.
2.2. Экологиялық фактор әсерінің оның белсенділігіне тәуелділігі.

ІІІ тарау. Биологиялық әралуандылық және оларды сақтау.
3.1. Жануарлардың биоалуандылығы.
3.2. Биоалуантүрліліктің өзгерілуі.
3.3. Биологиялық әралуандылықты сүйемелдеу.
3.4. Биологиялық әралуандылықты сақтау.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

биологиялык алуантурлк реферат.doc

— 163.00 Кб (Скачать)

Мазмұны:

 

Кіріспе.

 

І тарау. Биоалуантүрлілік туралы түсінік.

 

    1. Биоалуантүрлілік құрылымы мен деңгейлері.
    2. Жануарлардың тіршілік әртүрлілігі.

 

 

ІІ  тарау. Экологиялық  факторлар

2.1.     Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары.

2.2.     Экологиялық фактор әсерінің оның белсенділігіне тәуелділігі.

 

ІІІ тарау. Биологиялық  әралуандылық және оларды сақтау.

3.1.     Жануарлардың биоалуандылығы.

3.2.     Биоалуантүрліліктің өзгерілуі.

3.3.     Биологиялық  әралуандылықты  сүйемелдеу.

3.4.    Биологиялық әралуандылықты сақтау.

 

Қорытынды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер. 
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе     

Биоалуантүрліліктің экожүйедегі  байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті  – тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.     

Биосфераның геологиялық тарихының барысында  онда тіршілік ететін ағзаларының түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр  белгілі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10-30 млн жыл түрлерінің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмір сүретін түрлер – тірі қазбалар да бар. Мысалы, мүктер өзгермеген қалпында шамамен 500 млн жыл , жалаңаш тұқымды ағаш – гингко дәуірінен бері 150 млн жыл тіршілік етіп келеді. Жануарларының ішінен тірі туатын балық латимерияны атауға болады. Ол 60 млн жыл бұрын жойылып кеткен деп есептелінді. Бірақ 1938 жылы Комор аралдарының маңынан табылған.     

Экология  ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіші құрылады, қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді. Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды.     

Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр  дараларды құрады. Генетикалық жағынан  бір біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі.     

Егер  ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануалардың 173 түрі (109 құстар және 65 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті.     

П. Ревелль мен Ч. Ревельдің болжамы  бойынша алдағы 20 жылда миллионға  жуық түрлер жойылып кетуі мүмкін. Олардың көпшілігі тропиктік ормандарды мекендеушілер.     

Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің  жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі  немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы  жануарларға қатысты алсақ бұл  факторға түрлердің жойылуының 60 пайызы жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану , содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік тұр.     

Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті  сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғи ресурстары мен табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған.   
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау. Биоалуантүрлілік туралы түсінік.

 

    1. Биоалуантүрліліктің құрылымы мен деңгейлері

 

 

     Биоалуантүрлілік – адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі.

Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық  болуының шарты және негізгі факторы  бола отырып, оның ең маңызды қасиеті  – тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.      

Экология ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіші құрылады, қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді. Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды.

Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар  және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі.     

Экология  ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Тірі материяның ең маңызды үш деңгейге сәйкес келеді:      

ағзадан төмен – малекулярлық, клеткалық, ұлпалық және мүшелер жүйесіндегі  деңгейлерді біріктіреді.      

ағзалық – ағзалық жүйені құрайды.     

ағзадан жоғары – популяциялық түр жүйесін, экологиялық жүйені және биосфераны қамтиды.     

Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен  бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіші құрылады, қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді. Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды.     

Табиғатта жануарлардың биоалуантүрлілігі көптеген белгілерге тәуелді болады. Кез келген түрде немесе экожүйеде үш негізгі әртүрлілікті көрсетуге болады. 1. генетикалық; 2. экологиялық; 3. ландшафтық. Кейбір түрдегі жануарлардың түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылысып ұрпақ береді. Бірақ кейбір жағдайларда мұндай құбылыс байқалмайды. Осыған байланысты  бұл жануарларды топтарға бөліп алуантүрлілігін анықтаған. Ғылымдардағы жаңа түрлерді сипаттау барысында қиындықтардың болуы бағалау кезінде сақтықпен айналысу қажет екендігін көрсетті. Ғылымға белгілі жануарлар саны К. Линнейдің көрсетуі бойынша 11 мыңнан астам болса, қазіргі уақытта 1 млн-ға дейін жетті. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлардың түрлерін сипаттап жаңа түрін анықтауда.      

Біздің  планетамыздың түрлерінің нақты  санын ешкім нақты мәнімен  келтіріп бере алмайды. Бірақ жануарлардың түрлерінің саны өсімдіктер мен саңырауқұлақтарының санынан әлдеқайда басым. Соның ішінде жануарлардың арасында бунақденелілердің түрлері өте көп. Олардың саны өсімдіктер мен микрофлораның санынан басым түседі. Түрдің қалыптасуы олардың құрылымы мен өсімтал ұрпақ беру мүмкіндігіне байланысты. Әр түрге жататын даралар бір бірінен сыртқы пішіні, мінез-құлқы, физиологиясы бойынша бір біріне мүлдем ұқсамайды.   
 

    1. Жануарлардың  тіршілік әртүрлілігі.

 

     Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі.       

Генетикалық алуантүрлілік  дегеніміз – түрдегі әрбір дараға тән генетикалық жиыны. Бұл әртүрлі қасиеттерге ие болудың көрінісі. Әрбір адамға көптеген ерекше генетикалық көрсеткіштер тән. Жануарлардың генетикалық әртүрлілігі өзгерісі көптеген факторларға тәуелді. ХІІ ғасыр бойы адамзат жануарлардың ерекшеліктерін бақылап, пайдалы жағын бөліп көрсеткен. Генетикалық әртүрлілікті пайдаланып қазіргі кезде үй жануарларының сұрыпталуының арқасында жасанды тұқымдарын шығаруда. Алайда тек біздің ғасырымызда селекция саласында үлкен сапалы секіріс пайда болды. Ол гендік инжинериямен тығыз байланысты.     

Экологиялық әртүрлілік – түрдің даралары таралған белгілі бір аймақты қамтитын және биотикалық қауымдастықтың бір бөлігі болуы керек. Осының арасындағы байланысты экологиялық алуантүрлілікке жатқызуға болады.      

Бұл түрге жататын популяциялар басқа  түрлердің топтарымен араласады, нәтижесінде  биотикалық қауымдастықты құрайды. Өз кзегінде биотикалық қауымдастық  физикалық ортамен қарым-қатынаста болады. Заттың үздіксіз ағымын қамтамасыз етеді, нәтижесінде қорек заттың айналымы пайда болады. Оның энергия көзі күн болып табылады. Биотикалық қауымдастық физикалық және мекен ету ортасымен экологиялық жүйені құрайды. Экожүйенің құрылымы мен қызметі ретінде  барлық белсенді ағзалардың түрлері кіреді. Физикалық орта мен  және өзара қарым қатынас орын алады.     

Экожүйенің  негізгі қасиетінің бірі динамизм. Бұл кезде бір ағзаның орнына басқа бір ағзаның орын басуы мысал болады. Ескірген ағаштардың құлауы қоңыздардың тіршілігіне байланысты болады. Бірінші болып  ағаштың тамырымен қоректенетін қоңыздардың түрлері орналасады. Олардың тіршілігі барысында ағаштың жоғары жағында мекен ететін қоңыздарға жағдай жасайды. Ағаштың діңі шіріп соның нәтижесінде ағаштың ішкі жағында тіршілік ететін қоңыздарға жағдай жасайды. Нәтижесінде қоңыздардың әсерінен 100-150 жыл ішінде ағаш толығымен өңделіп шығады.     

Ландшафтық  әртүрлілік – қоршаған ортаның ең маңызды бөлімі жер бедерінің рельефі болып табылады. Ол өміршең және құбылмалы болып келеді. Мысалы таулар, кең жазықтықтар, шөлдер, мұз айдыны биосфераның ең маңызды тіршілік сахнасы блоып табылады. Белгілі бір аймақтағы қоршаған орта неғұрлым сол жердегі ағзаның эволюциялық өзгерісіне өте көп уақыт керек. Олардың тіршілік құрамын алуантүрлі болып келеді. Жер рельефі мен оның геологиялық құрылымы облыс шекараларында біркелкі климат пен әртүрлі тіршілік әрекет етеді. Ең биік тау шыңдары бойында температура және ылғалдылық төмен болады. Өте күрделі тау аймақтарда жануарлардың тіршілігі суыққа бейім болады. Нәтижесінде суыққа төзімді жануарлар көптеп кездеседі. Кез келген ландшафт климаттарының өзгерісін басынан өткізеді. Адамдардың тіршілік әрекеті нәтижесінде биоалуантүрлілік қалыптасқан күйі бұзылып өзгеріске ұшырайды. Мысалы, шөлдену мәселесі, теңіз, көлдердің тартылуы.        
  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ  тарау. Экологиялық  факторлар.

2.1. Экологиялық факторлардың  әсер етуінің кейбір  заңдылықтары.     

Орта - организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей немесе жанама әсер ететін қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы, яғни особьты (полуляцияны, қауымдастықты) қоршап, оған әсер ететін факторлардың бәрі. Тірі организмдер - ашық жүйелер, сондықтан қоршаған ортамен зат және энергия арқылы алмасып отырады. Организмдер үнемі өзгеріп тұратын қоршаған ортаның әсерін сезініп, өздері де осы жағдайларды өзгертіп тұрады.     

Организмге  әсер ететін кез-келген орта жағдайларын  немесе орта компоненттерін экологиялық факторлар деп атайды. Экологиялық факторлар тірі организмдердіи тіршілігіне, санына (молдығына), географиялық таралуына тікелей немесе жанама әсер етеді.     

Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі организмдерге әсер етуі бойынша  әр түрлі. Барлық факторларды шартты түрде үлкен 3 топқа бөледі - абиотикалық, биотикалықжәне антропогендік (немесе антропикалық).     

Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат факторлары. Оларға климаттық (температура, ауа қысымы, жел, ылғалдылық, жарық т.б.), атмосфералық (атмосфераның химиялық қүрамы), топырақ (эдафикалық), геоморфологиялық, гидрологиялық және басқалары жатады.     

Биотикалық  факторлар - бұл тірі табиғат факторлары, тірі организмдердің бір-біріне әсерінің барлық түрлері. Бұл әсерлер өсімдіктер (фитогенді), жануарлар (зоогенді), саңырауқүлақтар және микроорганизмдер тарапынан болуы мүмкін. Тірі организмдер қорек (өсімдіктер - фитофаг-жануарлар үшін, жануарлар - жыртқыштар үшін), тіршілік ету ортасы (паразиттер үшін - иесі, үлкен өсімдіктер (эпифиттер үшін) болып, көбеюге (өсімдіктер тозаңдатқыштары) немесе химиялық, физикалық және басқадай да әсері болуы мүмкін. Биотикалық факторлар тікелей - бір организмдердің екінші бір организмдерге тікелей әсері (кейбір өсімдіктердегі паразитті шырмауықтар) және жанама (қоршаған өлі табиғаттың өзгеруі арқылы) болып бөлінеді. Мысалы, шыршаның қалың бұтақтары топыраққа көлеңке түсіріп, төмендегі өсімдіктерге жарықты аз өткізіп, шөптесін өсімдіктердің өсуіне әсер етеді. Кейбір есімдіктердің зат алмасуы нәтижесінде ортаға химиялық заттар (фитоцидтер, гликозидтер, эфир майлары) бөлуі арқылы әсер етуі. Мұны аллелопатия деп атайды (бидайық тамыр сабағы арқылы топыраққа токсиндер бөліп, мәдени өсімдіктердің түқымының өнуін нашарлатады).     

 

 

 

 

 

Антропогендік (антропикалык) факторлар  - адамнын қатысуымен қоршаған ортаға, организмдердің тіршілігіне, немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету. Антропогендік факторлар жыл еткен сайын күшейіп келеді. Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблемалар пайда болды (парникті эффект, қышқыл жаңбырлар, орманды ағаштардың көптеп қырқылуы, шөлейттену, ортаның улы заттармен ластануы т.б.).     

Информация о работе Биологиялык алуантурлк