Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 20:47, курсовая работа

Описание работы

Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдала

Работа содержит 1 файл

Рекреационные ресурсы нац парков.pptx

— 989.32 Кб (Скачать)

Қазақстан ның ұлттық табиғи саябақтарының рекреациялық ресурстары

 

Ұлттық табиғи саябақтар

 Қазақстан Республикасының

2006 жылғы 7 шілдедегі N 175

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»

Заңына сәйкес жұмыс істейді

     Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

 

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақ – ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi;

 

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi – өздерiндегi барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерінiң репрезентативтiк өкiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әртүрлі санаттары мен түрлерiнің жиынтығы;  

      15) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафттық объектiлер мен олардың кешендерi, мемлекеттiк орман қорының ерекше бағалы екпелері, сулы-батпақты алқаптар, негізгі орнитологиялық аумақтар, бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері, өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерi, өсімдіктер дүниесінің бірегей жеке-дара объектілері; 

16) рекреациялық жүктеме – есепке алу кезеңінде немесе уақыт бiрлiгiнде демалыс түрiнiң жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бiрлiгiне шаққандағы демалушылардың бiр мезгiлдегi саны; 
      19) табиғи кешендердi орнықты пайдалану – табиғи кешендердiң биологиялық ресурстарын ұзақ мерзiмдi перспективада биологиялық саналуандықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану;  

3-бап. Ерекше қорғалатын табиғиаумақтарсаласындағы  
              негiзгi принциптер

   Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негiзгi принциптер: 
      1) биологиялық саналуандықты, бiрегей және типтiк ландшафтарды сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн экологиялық желiнiң базалық құрамдас бөлiгi ретiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiн дамыту; 
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау;  

     7)жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы;  
      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетiмдiлiгi; 
      9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.  

4-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы  
              қатынастардың объектiлерi

      Табиғи кешендер, оның iшiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектiлерi болып табылады.

 5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

саласындағы қатынастардың субъектiлерi  
            

      Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өздерiнiң құзыретiне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектiлерi болып табылады.

4-тарау. ЕРЕКШЕ  ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ              АУМАҚТАРДЫ ҚҰРУ

       14-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары мен түрлері  
               1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар санаттарға жатқызылады. 
      2. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимiнiң түрлерiне байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi: 

      1) мемлекеттiк табиғи қорықтар; 
      2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер; 
      3) мемлекеттiк табиғи резерваттар; 
      4) мемлекеттiк зоологиялық парктер; 
      5) мемлекеттiк ботаникалық бақтар; 
      6) мемлекеттiк дендрологиялық парктер; 
      7) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi; 
      8) мемлекеттiк табиғи қаумалдар; 
      9) мемлекеттiк қорық аймақтары.  

3. Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимiнiң түрлерiне байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi: 
      1) мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер; 
      2) мемлекеттiк зоологиялық парктер; 
      3) мемлекеттiк ботаникалық бақтар; 
      4) мемлекеттiк дендрологиялық парктер; 
      5) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi; 
      6) мемлекеттiк табиғи қаумалдар.  

Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және (немесе) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бiрегейлiгi сипатының iшiнара немесе толық жоғалуына байланысты жүргiзiледi.  

Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешiмдi жаратылыстану-ғылыми негiздеме жасалған мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде: 
      1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi; 
      2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша - уәкiлеттi органмен келiсе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.  

       Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды «республикалық маңызы бар» санатынан «жергілікті маңызы бар» санатына ауыстыруға жол берілмейді.  

 

 

18-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк  
               ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи  
               резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи  
               парктердiң қорғау аймақтары

      1. Қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң айналасында және олардың шекараларында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде, бұл аймақтар шегiнде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерi мен оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынады және (немесе) шектеу жасала отырып, қорғау аймақтары белгiленедi.  

2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң қорғалу аймақтарының аумағында табиғат пайдаланудың мөлшерi, шекарасы, режим түрлерi және тәртiбi оларды құрудың жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiмен айқындалып, осы Заңға және Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешiмдерiмен айқындалады. 
      Бұл орайда меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiнiң шекарасы бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша белгiленетiн және жер бетiнде арнайы белгiлер қойылатын қорғау аймағының енi екi километрден кем болмауға тиiс.  

2-БӨЛIМ. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ 
ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIН, МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫ 
ОБЪЕКТIЛЕРIН ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛIГЕ ЕНЕТIН ҚОРҒАЛАТЫН 
ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ, ҚОРҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ 
ҚЫЗMETIHIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

8-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКТЕР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК 
ӨМIРЛIК ТАБИҒИ ПАРКТЕР

       44-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ұғымы және  
               олардың негiзгi қызметi

1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.  

 

 

2.Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң негiзгi қызметiне: 
      1) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерiн, бiрегей және эталондық табиғи учаскелерiн, объектiлерiн, табиғи және тарихи-мәдени мұраны сақтау;  
      2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының күзет режимiн қамтамасыз ету; 
      3) экологиялық ағартушылық; 
      4) биологиялық саналуандықты сақтаудың ғылыми әдiстерiн әзiрлеу; 
      5) Табиғат жылнамасы бағдарламасы бойынша экологиялық жүйелер мен жекелеген табиғи объектiлердiң мониторингiн жүргiзу; 
      6) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерiн, объектiлерiн, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қалпына келтiру; 
      7) мемлекеттiк ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми, рекреациялық, туристiк және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

45-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер аумағын  
               аймақтарға бөлу, оны күзету және пайдалану режимi

      1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер аумағы: 
      1) қорық режимi; 
      2) экологиялық тұрақтандыру;  
      3) туристiк және рекреациялық қызмет; 
      4) шектеулi шаруашылық қызмет аймақтарына бөлiнедi.  

2. Қорық режимi аймағында кез келген шаруашылық қызметке және мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумағын рекреациялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында аталған мемлекеттiк табиғи қорық режимiнiң түрлерiне сәйкес келетiн қорықтық күзет режимi белгiленедi. 
      3. Реттелмелi экологиялық туризмдi және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерi мен объектiлерiн қалпына келтiру жөнiнде iс-шаралар жүргiзудi қоспағанда, экологиялық тұрақтандыру аймағында шаруашылық және рекреациялық қызметке тыйым салынып, қорықтық күзет режимi белгiленедi.  

4. Туристiк және рекреациялық қызмет аймағы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркке келушiлердiң реттелмелi қысқа мерзiмдi демалысы мен ұзақ мерзiмдi демалысы учаскелерiне бөлiнедi. 
      Туристiк және рекреациялық қызмет аймағында мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн тапсырыстық күзет режимi белгiленедi, оның аумағында реттелмелi туристiк және рекреациялық пайдалануға (аң аулаудан басқа), соның iшiнде рекреациялық жүктемелер нормаларын ескере отырып туристiк маршруттар, соқпақтар, демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайлар, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай керек-жарағын жалға беру пункттерін құруды ұйымдастыруға жол берiледi.  

5. Шектеулi шаруашылық қызмет аймағында әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлер орналастырылады, әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды ұйымдастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктi күзету және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, оған келушiлерге қызмет көрсету үшiн қажеттi шаруашылық қызмет жүргiзiледi, рекреациялық орталықтар, қонақ үйлер, кемпингтер, мұражайлар және туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн салу және оларды пайдалану жүзеге асырылады. 
      6. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң барлық аймақтарында оны басқару жоспарында көзделген күзету, қорғау және қалпына келтiру iс-шаралары жүргiзiледi. 
      7. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде ғылыми және экологиялық-ағартушылық қызмет осы Заңның 41 және 42-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.  

3. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскелер мемлекеттік ұлттық табиғи парктің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес және қазіргі инфрақұрылымымен де, жаңа инфрақұрылым құру үшін де туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана беріледі. 

47-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң шектеулi  
               шаруашылық қызметiнiң ерекшелiктерi

      1. Шектеулi шаруашылық қызметi аймағында мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер мынадай қызмет түрлерiне рұқсат етедi: 
      1) жанама орман пайдалану (шектеулi мал жаю, марал өсiру, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемiстер мен жидектердi әуесқойлық мақсатта жинау); 
      2) шектеулi дәстүрлi пайдалану алаңдарында ағаш және бұта тұқымдарының екпе материалдарын, дәрi-дәрмектiк шөптер және басқа да өсiмдiктер өсiру; 
      3) өтпелi ағаш кесудi қоспағанда, санитарлық мақсатта ағаш кесудi, күтiм жасау мақсатында ағаш кесудi жүргiзу және бұл ретте алынған сүректi өңдеу;  

      4) кәдесыйлар, шағын және халықтық кәсiпшiлiктер өнiмдерiн өндiру; 
      5) балық шабақтарын және тауарлы балықтың байырғы түрлерiн өсiру; 
      6) жылжымалы бал ара павильондарын пайдалана отырып, көшпелi бал ара шаруашылығы; 
      7) әуесқойлық (спорттық) аң аулау; 
      8) әуесқойлық (спорттық) балық аулау; 
      9) мелиорациялық аулау; 
      10) ғылыми-зерттеу мақсатында аулау; 
      11) өсімін молайту мақсатында аулау.  

2. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң шектеулi шаруашылық қызметi мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн сақтау мен қалпына келтiрудi ескере отырып және өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк органдардың тиiстi рұқсаттары бойынша жүзеге асырылады. 
      Әуесқойлық (спорттық) балық аулау, мелиорациялық балық аулау, ғылыми-зерттеу мақсатында аулау, өсімін молайту мақсатында аулау заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілеріне берілген уәкілетті органның тиісті рұқсаттары бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеменің негізінде жүзеге асырылады. 

Информация о работе Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы