Эпителий ұлпасы туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 17:43, реферат

Описание работы

Эпителий ұлпасы (эпителиальная ткань); (textus epithelialis, лат. textus — ткань, ұлпа; грек, ері — үстінде, thele — кеуделік емізікше) организмді сыртқы жағынан қаптап, ішкі мүшелердін кілегейлі және сірлі қабықтарын астарлайтын және әртүрлі бездер паренхимасын түзетін ұлпа. Эпителий ұлпасы: жабынды және безді эпителий болып екіге бөлінеді. Жабынды эпителий ұлпасы организмді қаптап, оның ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан бөліп тұрады. Эпителий ұлпасы бір-бірімен тығыз орналасқан эпителий жасушаларынан (эпителиоциттерден) құралған. Эпителий ұлпасы шекаралас борпылдақ дәнекер ұлпасынан негіздік жарғақ (базальды мембрана) оқшауланады.

Содержание

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Эпителий ұлпасы туралы түсінік
Ерекше белгілері және эволюциясы
Безді эпителий
ІІІ.Қортынды

Работа содержит 1 файл

Эпителий ұлпасы.docx

— 31.05 Кб (Скачать)

 

 

 Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

    1. Эпителий ұлпасы туралы түсінік
    2. Ерекше белгілері және эволюциясы
    3. Безді эпителий

ІІІ.Қортынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Эпителий ұлпасы (эпителиальная ткань); (textus epithelialis, лат. textus — ткань, ұлпа; грек, ері — үстінде, thele — кеуделік емізікше) организмді сыртқы жағынан қаптап, ішкі мүшелердін кілегейлі және сірлі қабықтарын астарлайтын және әртүрлі бездер паренхимасын түзетін ұлпа. Эпителий ұлпасы: жабынды және безді эпителий болып екіге бөлінеді. Жабынды эпителий ұлпасы организмді қаптап, оның ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан бөліп тұрады. Эпителий ұлпасы бір-бірімен тығыз орналасқан эпителий жасушаларынан (эпителиоциттерден) құралған. Эпителий ұлпасы шекаралас борпылдақ дәнекер ұлпасынан негіздік жарғақ (базальды мембрана) оқшауланады. Эпителий ұлпасында қан тамырлары болмайды, сезімтал жүйке үштарына бай. Бірқабатты эпителий ұлпасы эпителиоциттерінде полюстік айырмашылык (апикальды және базальды полюстер) болады. Эпителиоциттердің қалпына келу (регенерация) қабілеті жақсы жетілген. Жабынды эпителий ұлпасы: бірқабатты және көпқабатты эпителий болып екі топқа бөлінеді. Бірқабатты эпителий ұлпасында барлық эпителиоциттер негіздік жарғақта орналасады, ал көпқабатты эпителийде базальды мембранамен оның тек төменгі қабатта орналасқан жасушалары жанасады. Безді эпителий ұлпасы — организмде өздерінен арнайы бөліңділер бөлетін бездер паренхимасын құрайды. Бездер: экзокринді және эндокринді болып бөлінеді. Эпителий ұлпасы организмде қорғаныс қызметін атқарады, зат алмасу, процесіне қатысады, сірлі сұйық және түрлі бөлінділер бөледі.

     Эпителий ұлпасы өзінің атауын гректің екі сөзінен «эпи»-үсті және «телий»-еміздікше деген ұғымдардан тұрады. Дәнекер ұлпалар еміздікшелерінің үстінде орналасқан ұлпаны эпителий деп атап, Бұл терминді алғаш рет Рюйеш қолданған. Эпителий ұлпасы (epithelium), дененің сыртқы бетін, куыс органдардың ішкі бетін (ішектің, асқазанның, қуықтың) және организмнің секрет бездерін алып жатады. 
Эпителий-шекаралық ұлпа, өйткені ол ішкі ортамен сыртқы ортаның аралығында жатады. Эпителий арқылы организм мен сыртқы ортаның арасында зат алмасу жүреді. 
        Ішек эпителийі арқылы қоректік заттар, белок, майлар, углеводтар қан мен лимфаға беріледі, олар арқылы организмге таралады, қоректік заттар энергия көзі болып табылады. Көп уақытта организмнен сыртқы ортаға әртүрлі продуктылар (заттар) сыртқа шығарылып отырады. Мысалы: көміртегі-өкпеден сыртқа шығады, несеп, несепқышқылы бүйрек арқылы сыртқа шығады. Эпителий шекарада түрғандықтан қорғаныш қызметін атқарады. Ол организмді химиялық, механикалық және басқа да әрекеттерден сақтап тұрады, микроб, улы заттарды өткізбейді. 
       Шығу тегі және аткаратын қызметіне байланысты эпителийдің құрылысы әртүрлі болады, бірақ та эпителий ұлпасының басқа ұлпадан ерекшелігі болады. Бұл ерекшелігі оның шекаралық жағдайына және аткаратын қызметіне байланысты. Эпителий ұлпасы клетка пластысын құрайды. Эпителий базальды мембранада жатады, оның астында борпылдақ дәнекер ұлпасы жатады. Оларда кан тамырлары болмайды, ал қоректік затты базальды мембрана арқылы алады. Эпиталий ұлпасы клеткалардан - эпителиоциттерден тұрады.

       Эпителийдің басқа ұлпалардан айыратын, жалпы белгілері болады.Эпителий организмді сыртқы және ішкі ортадан бөліп тұратын және олармен байланысты қамтамасыз ететін шекаралық ұлпа. Ішектің куысы, асқазанның, бүйректің жыныс органдардың қуыстарын эпителий ұлпасы астарлап жатады және периқордиаль, превраль және кұрсак бөлімдерін бөліп тұрады. Эпителий ұлпасының негізгі бір ерекшелігі шекаралық қызметі. Осы қызметіне байланысты эпителий ұлпасының құрамындағы клетка элементтері әртүрлі болады.Эпителийдің клеткалар кабат құрап, үлкен бетті алып орналасады. Қабат тұзіп орналасуына байланысты эпителий қорғаныштық қызмет атқарады.Эпителий ұлпасының негізгі массасын клеткалар құрайды. Бұл эволюция барысында калыптаскан касиет. Себебі регенирация жасау үшін және ол неғұрлым тез жүру үшін ұлпа клеткаларға бай болу керек. Эпителий түрлі қорғаныштық құрылымдарды (кутикула, хитин, бақалшақ) құрайды. Бұл құрылымдардың барлығы эпителий ұлпасының құрамындағы клеткалардың қызметіне байланысты.Эпителиалдық клеткалардың құрылысы полярлы келеді. Базальдық және апикальдық бөліктері құрылысы мен қызметі жағынан бірдей болмайды. Мысалы, ішектің эпителиалдық клеткаларының апикалық бетінде микробүрлер болады, ішкі торлы аппарат ядроның үстіңгі аймағында орналасқан, ол клеткалардың базальдық бөліктерінде микробүрлер мен торлы аппараттың элементтері болмайды. Эпителий клеткаларының полярлы болуы оларды шекарада орналасуына байланысты.Эпителий базальдық мембрананың үстінде жатады. Базальдық мембрана эпителий клеткалары мен оның астындағы дәнекер клеткаларының тіршілік әрекеттерінің әсерінен пайда болады және осы екі ұлпаны, бір жағынан бір- бірінен бөліп, екінші жағынан оларды біріктіріп біртұтас комплекс құрайды. Эпителийдің қоректену базальдық мембрана арқылы диффузиялық жолмен қамтамасыз етіледі. Осы жерде, эпителийде кан мен лимфа тамырларының болмайтынын, ал нерв талшықтарының көп болатынын ескеру кажет.Эпителийдің негізгі қызметі өзінің астында орналасқан дәнекер ұлпасын қорғау. Сонымен қатар кейбір жағдайларда белгілі эпителиалдық клеткалар секрет бөлу және сіңіру функцияларын да атқарады.

Безді эпителий

        Ең ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады. Жоғары сатыдағы жануарларда олар тоскауылдық, сорғыштық, бездік шығарушы осмос реттейтін қызметтер аткарады. Без эпителийі метаболизм процессінде пайда болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет ретінде гормондарды айтуға болады. Эпителий организм бездерінің негізгі массасын құрайды. Бездегі эпителиалдық клеткалардың қызметі - организм тіршілігіне қажет заттарды клеткаларда тұзіп, олардан бөліп шығару. Бездер организмде секрет бөлу қызетіы атқарады. Олардың көпшілігі қалыптасқан жеке органдар. Басқалары органдардың бөлігі болып саналады. Бездер экзокридік және эндокриндік болып бөлінеді. Экзокриндік бездер секрет тұзуші немесе бездік бөлімі мен шығарушы өзектен тұрады. Экзокриндік бездердің классификациясы осы бөлімдерінің құрылысына негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездер бездік клеткалардан тұрады және олардың шығару өзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз, эпифиз, қалқанша және калканша серік бездері, бүйрек үсті бездер, қы безінің Лангерганс аралшықтары т.б. жатады. Осылардың бэрі организмнің эндокриндік жүйесін құрайды. Экзокриндік бездер сыртқы ортаға, яғни эпителиймен астарланған органдардың куыстарына немесе терінің бетіне шығарылатын секреттер бөледі. 
     Бездердің қызмет ететін ұлпаларының ең негізгісі - эпителий ұлпасы. Бездер екіге бөлінеді: бір клеткалы және көп клеткалы. Бір клеткалы бездердің пішіні де, орналасады да әр түрлі болып келеді. Эпителиалдық клетканың ішінде орналасса, онда эндоэпителиалдық бездер деп аталады. Дене сыртында орналасса, онда экзоэпителиальді бездер деп аталады. Өзінің секретін бөлуіне байланысты да ажыратылады: канға немесе бос кеңістікке (эндо- және экзокринді бездер).  
      Ең ерте дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады. Жоғары сатыдағы жануарларда олар тоскауылдың, сорғыштың, шығарушы, реттеуші қызметтер аткарады. Без эпителийі  метаболизм процесінде   пайда болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет ретінде гормондарды айтуға болады. Секреция клеткадағы биосинтезді айтамыз. Жинақталуы және оның клеткадан тыс шығуы организмнің қалыпты физиологиялық процестерін камтамасыз етеді. Рекреция - клеткадан кейбір заттардың шығуы (су, иондар). Олар химиялық өзгерістерге үшырамайды. Экскреция - клеткадан зиянды, керек емес заттардың шығарылуы (несеп, несеп қышқылы). 
      Бездердің көбісі эпителий ұлпасының құрамында болады. Тек бүйрек үсті безінің, гипофиздің паренхималары нейрогенді. Бездер қан тамырларымен, нервтермен және дәнекер ұлпаларымен жақсы қамтамасыз етілген. 
Экзокриндік бездер экзоэпителиальдық және эндо эпителиальдық болып ажыратылады. Бездік клеткалардың тобы эпителийдің астындағы ұлпаға өтсе, ондай безді экзоэпителиальдық деп аталады. Мысалы, тері, сілекей және май бездері, бауыр т.б. ал эпителиальдық бездер клеткалардың астарлаушы ұлпаға өтпей, эпителиальдық клеткалардың кабатында калса, ондай бездері эндоэпителиальдық дейді. Мысалы, адамның көмекей үсті шеміршек эпителийінің сілекей клеткаларының тобы. Экзокриндік экзоэпителиальдық бездер бір клеткалы және көп клеткалы болуы мүмкін. Экзокриндік экзоэпителиальдық бір клеткалы бездер омыртқалыларды кең тараған: турбеляряларда, немертинде, сакиналы құрттарда, моллюскаларда. Экзокриндік экзоэпителиальдық көп клеткалы бездер организм бездерінің негізгі массасын құрайды-сілекей, көз жасы, тері, май бездері, бауыр, ұйқы безінің экзокриндік бөлігі. Экзокриндік экзоэпителиальдық көп клеткалы бездер өзегінің құрылысына қарай жабайы және күрделі бездер болып бөлінеді. Жай және күрделі бездер түтік тәрізді, альвеолалық (көпіршік) және түтікше альвеолалық болып бөлінуі мүмкін. Тармақталған бір ғана өзегі бар безді қарапайым без дейді. Егер өзектің тармақталған жүйесі болса, ондай бездер күрделі болады. Көптеген күрделі бездер өте үлкен келеді, оларды органдар деп атауға болады (бауыр мен ұйқы безі). Экзокриндік экзоэпителиальдық бездер бір клеткалы және көп клеткалы болуы мүмкін. 
Секреттің химиялық құрамы әртүрлі болады. Осыған байланысты экзокриндік бездерді белоктық, сілекей, аралас (белокты-сілекейлік) және май бездері деп бөледі. Секреторлық эпителиальдық клеткалардың пішіні түрліше болады. Секрет бөлуші клеткалардың клеткааралық кеңістігі біршама үлкен. Секреторлық клеткалардың ядросы ірі, хроматині көп және ядрошығы да ерекше болып келеді. Секрет бөлуші клеткалардың бэрінде эндоплазмалық тор мен Гольджи аппараты жаксы жетілген және митохондриялар көп болады. Бездік клеткалардың құрылысы полярлы келеді. Секреттің бөліну типтері. Безді сипаттауда секреттің клеткадан бөлінуі маңызды роль атқарады. Ертеде бездерді экструзия типі бойынша классификацияланған. Яғни секретті түзу тэсіліне карай ажыраткан. 
Мерокриндік бездерде секрет клеткалардың ішінде түзіледі де мембранамен қоршалған көпіршік түрінде клетканың бос бетіне бөлінеді. Секрецияның Бұл түрінде плазмалық мембрананың түтастығы сақталады, цитоплазманың көлемі кемімейді (бокал тәрізді бездер, асказан бездерінің клеткалары, ұйқы безінің экзокриндік бөлімі жатады). 
       Голокриндік бездерде секреция процесі кезінде клетка толықтай бұзылады, өледі, ішкі құрылысы секретке айналады (терінің майлы бездері). Апокринді бездерде секрет түзілу кезінде цитоплазманың үстіңгі бөліктері бөлініп, секреттің құрамына кіреді. Секрецияның Бұл типі кұстың жұмыртқа жолының эпителиальдық клеткаларына, сүтқоректілердің тер бездеріне және сүт бездеріне тэн. 1961 жылы Жапон ғалымы Куросуми микроскопиялық және электромикроскопиялық мэліметтерге негізделген бездердің жаңа классификациясын үсынды. Ол секрецияның 5 түрлі типін сипаттады: 
      I- тип. Голокринді секреция. Жарық микроскопы арқылы көруге болады. Секрецияның осы типі бойынша секреторлық өнім-клетка өлуімен сипатталады. 
      II- тип. Макроапокринді секреция. Жарық микроскопы арқылы сипатталған. Клетка бетінің бос кеңістігінде өсінділер пайда болады. Олар секретке толып, кейін жүлынады. Апокринді өсінділердің бетінде микроталшықтар жойылады, секреция нәтижесінде клетка биіктігі аласарады. 
      III- тип. Микроапокринді секреция. Электронды микроскоп арқылы анықталады. Ол микроталшықтардың жоғарғы бөлігінің клеткадан жүлынуымен сипатталады. Бұрын осы секрецияның типі-мерокринді типке жатқызылған. 
      IV- тип. Мерокринді секреция (клетка мембранасында уақытша пайда болған саңылаулардан секреттердің шығуы). Секрецияның осы типі кезінде клетка толған, мембранамен капталған вакуольдер клетка кабығына жақындап, оған жабысады. Осы жерде көлемі кіші саңылау пайда болады. Жеке электронды микроскоп арқылы көрінетін Бұл саңылау вакуольдің құрамындағы заттардың барлығы бездің куысына өтеді. Секрецияның Бұл типі кезінде сыртқы плазматикалық мембрана эрдайым сакталып отырады. 
        V- тип. Мерокринді секреция (секреттің бұзылмаған клетка мембранасы арқылы шығуы). Бұл секреция типтерінің ішіндегі электорімикроскопияның морфология үшін ең анықталмаған болып есептелінеді. Бұл секреция типі кезінде апикальді плазматикалық мембрана болып қалады. 
Қазіргі уақытта клетканың тіршілік циклі барысымда бір клеткада экструзия (секрет бөліну процесі) типтерінің ауысуы жүріп жататындығы анықталады. Сонымен қатар химиялық құрамы бойынша әртүрлі секреттср бөлінсе, бір клеткада секрет бөліну әртүрлі типтер бойынша жүреді және де секреция стимуляциялануы мен патологияжағдайларында-экструзия типінің басқа типпен ауысуы байқалады. 
        Жабынды эпителий сияқты безді эпителийде бір-бірінен аз ажыратылған клетка аралық заттармен бөлінген өзара өте тығыз байланыскан клеткалардан тұрады. Барлық клеткалар тіршілікке кажетті өнімдерді бөліп шығарады, бірақ безді эпителийдің өзіне ғана тән өзіндік ерекшеліктері бар, яғни клеткалар (грандулоциттер) әртүрлі секреттерді көп мөлшерде өндіреді және бөледі. Ағзада секрет ретінде: сүт, сілекей, ас қорыту сөлдері, өт, төр,әртүрлі иісті заттар, гормоны. Сөл не тері беткейіне, шырышты кабықшаға, ішкі мүшелер куысына (экзокринді секреция кезінде), не қанға, лимфаға немесе ұлпалық сұйықтықка (эндокринді секреция кезінде). 
      Эмбриогенезде безді эпителий жабынды эпителийдің туындысы болып табылады. Алғашында ол төменде жатқан ұлпаға батып тұратын клеткалық шоғыр түрінде болады. Содан соң қабат өседі және әртүрлі бағытта дифференцацияланады. Кейбір кабаттар эпителийдің бастапқы затымен байланысты болып қалады. Жабынды эпителийдіңинвагинациясы болып табылатын (сөлді бөлімімен бірге) шығару ағымына байланысты. Олардан бөлінетін өнімдер ағын арқылы ішкі ортаға шығарылады. Бездің мұндай түрін экзокринді деп атайды. Баска қабаттар эмбриогенездің ерте кезеңінің өзінде эпителийдің бастапқы затынан бөлініп кетеді және өздері бөлгеи сөл синтезделінетін қан тамырларымен тығыз байланыска түседі. Мұндай бсздерді эндокринді деп атайды. 
Барлық безді клеткаларға өздерінің өндіретін сөлінің құрамына байланысты эндоплазмалық тордың (егер сөлдің табиғаты белокты болса, онда түйіршікті, ал егер белок, көмірсу және стероидтар болса, онда түйіршіксіз), Гольджи аппартының, митохондрияның гипертрофиясы тән (күшейтілген даму).Грандулоциттердің цитоплазмасында әсіресе цитоплазманың апикальды бөлімінде эдетте түйіршіктер немесе сөлдің тамшылары жақсы ажыратылады. Әдетте олар Гольджи аппаратының ішінде шоғырланады. Органеллалардың даму деңгейі және безді клеткалардағы сөлдің мөлшері сөл бөліну циклының фазына тәуелді периодты түрде өзгеріп отырады.

 

 

 

 

 

   Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4

2.↑ Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.

      3.Электронды энциклопедия – http: /kk.wikipedia.org

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Эпителий ұлпасы туралы түсінік