Алғы сөз

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 07:53, реферат

Описание работы

Адам баласының мындаған жылдық тарихында егіншілікті игеруде көп тәжірибе жинақталды. Әр түрлі климаттық-топырақ аймақтарында егілетін дақылдардың күндылығын, бейімдшігін, кажеттілігін білуге арналған блтыл болжамдар мен қол жеткен табыстар, ұрпақтаи ұрпаққа беріліп отырды. Мысалы, Орта Азияда жүзім, өрік,шие,Грузияда субтропикалық дақылдар, Молдавияда жеміс, жүзім, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шыгыс облыстарында жеміс-жидек және жүзім өсіру ата кәсіпке айналған.

Работа содержит 1 файл

Жидек дақылдары.doc

— 502.00 Кб (Скачать)

    Ырғай жидектері дәмінің тәтті болуы, оның құрамында қанттың көп болуы және органикалық қышқылдардың аз болуына байланысты. Ресей өсімдік шаруашылығы институтының мәліметтері бойынша жемісінің құрамында 0,4-12,4% қант және 0,5-0,51% қышқылдар жинақталады және 45,8мг/%  С витамині болады. Ырғайдың жемістерін жеу үшін, қалыпты жағдайда 2-3 күн сақтау қажет. Ал бұл мерзімді ұзарту үшін суық камерада 00С температурада ұстайды. Олардан шарап, компот, тосап және де жүрек, ішек құрылысы ауруларына қарсы дәрі-дәрмектер дайындауға боалды. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында алмұртқа бұлама ретінде қолданылады. 

    Актинидия

    Актинидиялық  тұқымдастарына жатады. Қиыр-Шығыс  өлкесінің тоғайларында көбіне жабайы күйінде өсіріледі. Н.В.Мичурин бұл  өсімдікті бағалап, оның келешегіне үлкен үміт артты. Осыған байланысты Ресей Федерациясының ғалымы Ф.К.Тетеров және т.б. зерттеушілердің көмегімен оның жаңа сорттарын және түрлерін шығара бастады. Оларды жидектерінің маңыздылығына байланысты сонымен қатар шырмауықты өсімдіктердің түп нұсқасы және сәндік өсімдік ретінде пайдаланады. Ол Приморияда, Оңтүстік Сахалинде, Курил аралдарында негізінен сәндік өсімдіктер ретінде қолданылады.

    Актинидия шырмалған бұта тәрізді (лиана-ыстық  жақта өсетін бір тобының аты). Уссурия орманында 35 м және одан да жоғары биіктікте ағаш діңдеріне оралып өседі. Сахалин аралының жағдайында 10-15 жастағы лиандардың биіктгі 4-7 метр, ал жуандығы 1,7-2 см болса, мәдени сорттарының ұзындығы тек 3-7 м-ге дейін, ал жуандығы 2-5 см болады. Діңдері және бұтақтары жалаң немесе түкті. Актинидия шаруашылықтық маңызы жағынан 3 түрі кездеседі: коломита (А. kоlomik) аргут немесе үшкір ірі (А. Argata) және полигама немесе мұрынды (А. giraldi) Коломикта актинидиясының – жергілікті атауы кишмиш, жүзім, амурдың қарақаты.

    Актинидия мамырдың аяғында, маусымның басында гүлдейді. Гүлдері жақсы жұпар иісті, ақ түсті болады. Жемістері ұзынша немесе дөңгелек, ұзындығы 2-3 см, ені 1-1,5 см болып келеді. Жидектерінің түсі ұзына бойына жасыл және қара жолақты, жұмсақ, қощ иісті, тұшала дәміне ұқсас. Жеміс салмағы 1,5-4,2 гр.

    Жемістерінде 90-га жуық майда тұқымдары болады. Қиыр-Шығыста бір түптен алынатын өнімі 5-8 аг, ал ірі түптерінде 20 кг дейін. Белоруссия жағдайында орташа 8-10 жастағы  актиндиядан 2 кг, ал Москва маңында 1 түптен 3 кг жидек теріп алуға болады. Коломикта актинидиясы – қос үйлі өсімдік. Жапырақтары жылтыр, қара-жасыл, аталық өсімдіктерінде көлеңке жерде жасыл болса, жарық жерлерде ақшыл-қызғылт болады.

    Аргут актинидиясы (өткір немесе ірі) Қиыр-шығыстағы  аса ірі, шырмауықты, биіктігі 20-25 м, ал диаметрі 15-20 см болатын түрі. Маусымда гүлдесе, қыркүйектің аяғы, қазанның басында піседі. Жидектерінің пішіні – ұзынша дөңгелек, жан жағынан қысылған, салмағы 20-30 гр. Бір жидекте 180-ге дейін тұқым болдаы, түсі жасыл, шырынды, дәмі ананас тәрізді тәтті боалды. Актинидияның бұл сортының әр түбінен 50 кг жидек жинауға болады. Полигама актинидияның немесе мұрынды түрі (жергілікті аты бұрыш, бұрыш тәріздес болып аталады). Қиыр-Шығыста өседі.

    Маусымда  гүлдейді, жемістері ұзынша, ұзындығы 2-5 см және ені 0,5-2 см болады. Түсі – қызғылт. Қыркүйекте піседі. Тағам ретінде үсігеннен кейін қолдануға боалды. Ол даму таризына байлнысты, жартылай көлеңкелі жерде өседі. Оларды Солтүстік, Солтүстік-шығыс және Солтүстік-батыс жақтарда көгалдандыру үшін өсіреді. Актинидия түптерінің көлемін өңдеу жұмыстарын механикаландыру мақсатында қатарлар арасының қашықтығы 3 метр, ал қатардағы өсімдіктер арасының қашықтығы 2,5-3 метір болғаны дұрыс. Актинидия шырмауықты дақылдардың қатарына кіретіндіктен, олардың бұтақтарын ұстап тұру үшін тіркеу қондырғылары қажет болады. Тіреу ретінде таңқурайға арналған сымды аспалар немесе әрбір түптің қасына биіктігі 2-2,5 метр қазықтар қағылып, өсімдіктер байланады.

    Бұл өсімдік өзінің тарихи таралған жерлерінде 40-450С-қа дейін аязды көтере алады, ал олардың 1-3 жастағы өсімдіктері (топырақ бетіндегі бөлігі және тамыры) төменгі температураларға шыдамсыз болғандықтан, қысқы аязда өсімдіктер жабылғымен жабылып тұрады.

    Актинидияны шырпу кезінде алдымен сынған, аурумен зақымданған және өте жиіленген өркендерін қияды. Шырпуды көктемде, сабақтары ұзарып иілмей тұрғанда, шырындар қозғалысынан бұрын жүргізіледі. Жидектерінің бір мезгілде піспеуі және де піскен уақытта жидектері (ағаштарда жақсы бекімегендіктен) шашылып кетуіне байланысты өнім жинау қиынға соғады. Оның осындай пісуі өндірісті плантацияларды құруға кедергі келтіреді. Жидектері жасаң кезінде кептірілген, солғын түрінде (мейіз), қайта өңделген күйінде пайдаланылады. Жеміс-жидек дақылдарының С витаминіне өте бай, коломикта түрінде 500-930 мг/пайызға дейін болады. 

    Ұшқат немесе бөріжидек (жимолость)

    Ұшқат ұшқаттар тұқымдасына жатады. 20-ға жуық түрі бар. Оның ішінде 3 түрінің жемістерінің жасаң түрінде жеуге болады. Қара ұшқаттың жемістері бүлдіркенге  қарағанда 7-10 күн бұрын піседі. Дәмді жидектер қатарынада болуымен қатар әсем өсімдік және бақты қорғайтын компонент ретінде пайдаланылады. Ол ТМД елдерінің барлық территориясында кездеседі, әсіресе Приморск, Хабаровск өлкелерінде Магадан және Камчатка облыстарында Куриль және Сахалин аралдарында көп болады.

    Жеуге жарайтын ұшқат тығыз бұтақтанатын түп тәрізді, биіктігі 1-1,5 м, майда  әлсіз-жасыл, сопақша-эллиптикалық, немесе ұзынырақ жапырақтары болады. Бүршіктері өте ерте оянады, оның ішінде гүл  бүршіктері вегетативті бүршіктерге қарағанда 2-5 күн ерте оянады. Майда сары гүлдері 2-4 гүлден бір гүл шоғырына жиналады. Ұшқат дақылы екпе шыбықтарымен отырғызылса 3-4 жылдары жеміс сала бастайды. Жидектері жеуге жарамды, көкшіл түсті болады. Дәмі жағынан көкжидекті еске түсіреді, шырыны қара түсті болады. Вегетациялық өсу кезеңі өте қысқа, шілденің ортасында өркендерінің өсуі аяқталады. Жеуге жарайтын ұшқат табиғи өсуі жағынан үлкен тоғайларда қалыптасады.

    Ұшқат тоғайлары таулы беткейлердің дымқылды жерлерінде, ескі өртенген жерлерде, тоғай  шетінде, жағалауларда, өзен табандарында, шымтезекті, батпақты жерлерде орналасады. Бұл дақыл сондай-ақ ылғалы қаныққан құмды және сазды топырақтарда жақсы  өседі. Биологиялық ерекшеліктерінің бірі – бұтақшалары өте ақырын өседі, бір жыл ішіндегі өркен ұзындығы небары 4-7 см. Екінші жылдың аяғында 20-35 см, үшінші жыл 40-50 см-ге жетеді, 6-10 жылдары бұталардың ұзындығы 80-120 см-ге, түптің диаметрі 1 м дейін барады. Оларды отырғызу қара қарақат тәрізді жүргізіледі.

    Қатар аралықтарының ара қашықтығы 2,5-3 м болуы, өсіп-даму кезеңіндегі барлық өңдеу жұмыстарын механизациялауға мүмкіндік туғызады. Түп көлемінің  ақырын өсуіне және көлеңкені ұнататындығына байланысты қатарларды жиілетіп отырғызуға (0,5-1 м) болады.

    Ұшқат өсімдігі жай өсетін болғандықтан, 15 жасқа дейін шырпу жұмысын  жүргізбейді.

    Бірақ та уақыт өткен сайын сынып  қалған, зақымданған және жиіленген  бұтақтарды сиретіп отыруды қажет  етеді. Олардың жидектерінің құрамында С витаминінен басқа Р-тәрізді белсенді заттар, антоциана және флавондар болады. Оның қант құрамында глюкоза, фруктоза, сахароза және галактоза, қышқылдардан лимон қышқылы болады. Олардың құрамында адам организмдеріне зиян келтіретін ешқандай алколоид түрлері кездеспейді. Барлық басқа күтіп-баптаудағы агротехникалық жұмыстары қарақат дақылына ұқсас жүреді. 

    Жидек дақылдарының зиянкестері  мен аурулары және олармен күрес  шаралары

    Жидек дақылдарының өнімдері және олардың  тауарлы сапасын жақсарту үшін зиянкестер мен аурулардан қорғау, барлық агротехникалық шараларды дер кезінде жүргізу жұмыстары мен қатар, сол аймақтың топырақ-климат жағдайлары да ескерілуі қажет. Мысалы, Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарының климат жағдайлары оңтүстік, оңтүстік шығыс облыстарына қарағанд қатаң болғандықтан жидек дақылдарының көптеген зиянкестері мен аурулары мұнда аз таралады. Ал агротехникалық шаралар (суару, арамшөптерге қарсы күрес т.б.) дер кезінде жүргізілмесе, жидек дақылдары аурулар жәнезиянкестермен көбірек зақыдалады. Жидек дақылдарының өсіп-өнуіне және өнім беруіне, аурулар мен зиянкестерге қарсы күрес шараларын дұрыс жүргізу басты роль атқарады. Бұл тарауда Қазақстанда өсірілетін негізгі жидек дақылдарының көп тараған зиянкестері мен аурулары және оларға қарсы күрес шаралары баяндалады. 
 
 

    Зиянкестері

    Бүлдірген кенесі. Ересек насекомдары мен жұлдызқұрттары жас жапырақшалардың шырынын  сорады. Кенелердің көпшілігі өсімдіктің ішкі көлеңкелеу жағында топтасады. Бүлдірген кенесі өте майда –  аналықтарының ұзыныдғы 0,2 мм, ал аталықтары одан 1,5 есе кіші болып келеді, үлкейткіш әйнекпен жақсы көрінеді. Өсімдіктің зақымданған бөліктері әсіресе жаздың екінші жартысында жақсы байқалады. Жас жапырақтарының зақымданған жерлері сарғыш немесе қоңыржай түске еніп, қыржымадала бастайды, көбінесе толығымен қурап та кетеді. Бүлдірген бұтасы дұрыс өсе алмай, өнімі (10-70%-ке дейін) төмендейді.

    Бүлдірген жапырақтары сағақтарының қолтықтарында  кене аналықтары қыстайды. Көктемде ауа  температурасы 13 градусқа жеткенде, яғни бүлдірген жапырақ жая бастағанда, аналықтары оларға жұмыртқаларын салады.

    Күресу  шаралары. Арамшөптерді жою, сегетация  кезеңінің басында және өнімін жинап  алғаннан кейін карбофоспен өңдеп  шығу. Вегетация кезеңінде күкірт суспензиясын шашып өңдеген жөн. Қатты зықмданған өсімдікті учаскеден басқа жерге апарып, жою қажет.

    Ұлу. Жаз және күз айлары ылғалды болған жылдары бүлдіргенді ең қатты  зақымдайтын – ұлу. Олар жапырақтарды және жидектерді ойып, кейде толығымен  жеп қояды. Әсіресе арамшөптер басқан, өсімдіктер өте тығыз орналасқан егістіктерде үлкен зиян келтіреді. Ұлулар кешке және түнде қоректенеді, ал күндіз топырақ астында тығылып жатады. Ұлу аналықтары топырақ кесектерінің астында, жырықтарында 10-30 данадан үйіп-үйіп, 400-ге дейін ақ шар тәрізді жұмыртқасын салады. Мамыр айының аяғында жұмыртқадан салады. Мамыр айының аяғында жұмыртқадан ересек жәндіктері шығып, тез өсе бастайды.

    Күресу  шаралары. Күзде топырақты тереңдетіп қопсыту, арамшөптерді жою. Өсімдіктердегі, сондай-ақ бүлдіргенге арнайы қойылатын  көлеңкелегіш заттарға жиылған ұлуларды қолмен жинап алу. Метальдегид препарартын (5% түйіршіктелген) ағаш үгіндісімен араластырып, 1 щаршы метр жерге 3-4 г мөлшерінде сеуіп шығу.

    Таңқурай  биті. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Олар жеміс өркендерін қисайтып, толық жетілдірмейді, жапырақтардың бүктелуіне әкеп соқтырады. Жекелеген өркендер бүршіктерінің маңайында салынған жұмыртқалар қыстап шығады. Қыстап шыққан жұмыртқалардан личинкалар жеміс бүршіктерімен жарыса шығады. Бұл мамыр айына сай келеді.

    Таңқурай  биті жабық гүлдердің жалаңаштану  кезінде көбейеді. Өркендердің төбесінде  және жапырақтардың төменгі жағында  топтасып орналасады.

    Қызыл қарақат биті. Қазақстанның барлық жерлерінде, соның ішінде оңтүстік облыстардың кейбір аудандарында кеңінен  тараған. Қызыл және қара қарақатқа көп зиян келтіреді. Жұмыртқалары бір жылдық өркендер бүршіктерінің табанында, кейде қабық жарықшаларында қыстап шығады. Көктемде жеміс бүршіктері оянған кезде личинкалар балалайды. Биттер тобы жапырақтардың астыңғы жағына ораналасып, шырындарын сора бастайды.

    Тұшалар биті. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Солтүстік және орталық  облыстарда, сондай-ақ Алматы облысының  жеміс-жидек өсірілетін аймақтарында қарақат пен тұшалаға өте көп  зиян келтіреді. Соның салдарынан жапырақтары бүктетіліп, өркендері қисая бастайды, өсуі кешеуілдейді, әрі жіңішкеріп, ұзақ уақыт пісіп-жетілмейді, жидектері майдаланып, дәмдік сапасы төмендейді. Жұмырқалары қыс кезінде бұтақтардың қабығында, бүршіктердің табанында жалқы немесе шағын топтармен қыстап шығады. Ерте көктемде қарақат пен тұшаланы жасыл конус кезінде қыстап шыққан жұмыртқалардан личинкалар шыға бастайды. Олар ең әуелі бүршіктерде, содан жас жамырақтарға ауысып, шырындарын сорады. Күзде олар қосақталып, аналықтар жұмыртқа салады, сол күйінде қыстап шығады.

    Биттерге  қарсы күрес шаралары. Ерте көктемде жеміс бүршіктері әлі ояна қоймай тұрғанда, қыстап шыққан жұмыртқаларға  қарсы жидек бұталарын ДНОК-ның 40%-дық еритін ұнтағын (8-15 кг/га), нитрофеннің 60%-дық пастасы (30-40 кг/га) немесе №30 препаратының эмульсиясы (40-100 л/га) шашылады. Ал дәрілеуден бұрын және гүлденгеннен кейін төменгі препараттардың біреуімен өңдейді; актелиннің 50% концентрациясы эмульсиясы (0,6-3 л/га), карбофостың 50% концентрациялы эмульсиясы (0,6-1,2 л/га). Сондай-ақ битке қарсы сабынның 3% ерітіндісін, немесе темекі тұнбасын, сонымен қатар инсектицидті қасиеттері бар өсімдіктердің (сасық мендуана, бұрыш, қызанақ, картоп т.б.) қайнатпаларын, тұнбаларын қолдануға боалды.

    Қарақаттың  мөлдір қанат көбелегі. Қазақстанның оңтүстік шығыс аймақтарында, Алматы облысының жеміс өсіретін аудандарында және батыс облыстарда кездеседі. Қара және қызыл қарақаттарда көп, ал тұшалар сирек зақымдалады. Жұлдызқұрт өркендердің ішкі жағында қыстап, мамырдың аяғында балалайды. Қуыршақтан көбелектер шығып, ұшып кетеді де, өркендердегі бүршіктер маңайында жұмыртқалайды. Жаңа туған жұлдызқұрттар өркендердің ішін үңгіп жейді де, зақымданған бұталар солып, бірте-бірте қурап қалады.

    Қарсы күрес шаралары. Ерте көктемде зақымданған  бұтақтарды түбінен кесіп алып, өртейді. Қарақат гүлдеп болған соң, 8-10 күннен кейін, яғни жұмыртқа салу кезінде және жұлдызқұрттар туа бастаған кезде, түптерге ДДВФ-ның 50% концентрациясының эмульсиясы (2-3 л/га), карбофостың 0,15-0,2% эмульсиясы (1-3 л/га) шашылады.

Информация о работе Алғы сөз