Алғы сөз

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 07:53, реферат

Описание работы

Адам баласының мындаған жылдық тарихында егіншілікті игеруде көп тәжірибе жинақталды. Әр түрлі климаттық-топырақ аймақтарында егілетін дақылдардың күндылығын, бейімдшігін, кажеттілігін білуге арналған блтыл болжамдар мен қол жеткен табыстар, ұрпақтаи ұрпаққа беріліп отырды. Мысалы, Орта Азияда жүзім, өрік,шие,Грузияда субтропикалық дақылдар, Молдавияда жеміс, жүзім, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шыгыс облыстарында жеміс-жидек және жүзім өсіру ата кәсіпке айналған.

Работа содержит 1 файл

Жидек дақылдары.doc

— 502.00 Кб (Скачать)

    Бүлдіргеннің  гүл бүршіктері күз кезінде қалыптасады, бұл кезде күн қысқа, жарық түсетін күндер 10-12 сағат, ал температура түнде салқын +5 °+8 °С шамасында болады.

    Қазіргі кезде бүлдірген солтүстік, орта және оңтүстік аймақтарда өсе береді. Аса ірі жемісті түрлері Ресейге Голландия мен Германиядан ХІІ-ғасырдың аяғында әкелінген.

    Бүлдірген аязға шыдамсыз болып келеді, ауа температурасы 15-18°С-қа төмендесе, қарсыз қыс кезінде түптері үсіп кетеді. Ал, плантацияда қалыңдығы 15-20 см қар жатса, -24-40°С-ға дейінгі аязға да шыдай алады.

    Бүлдіргеннің  тамыр жүйелері қармен жабылмаса -8 аязда да зақымданады. Жауған қар қалындығы 20 см-ден кем болмаған жағдайда, тамырлары және жер бетіндегі бөлігі закымданбайды. Бүлдіргеннің   тамыр   жүйелерінің   негізгі   бөлшектері жер бетіне жақын орналасады, сол себептен оны ылғалмен қамтамасыз ету, басты агротехникалық шаралардың  бірі болып   саналады. Оның үстіне бүлдірген шамадан тыс ылғалданған  топырақта нашар өседі, су тұрып қалған жердегі өсімдіктер солып, өліп  қалады.

    Топырақтың  далалық ылғалмен қамтамасыз етілуі 75-80 пайыздан төмен болса, бүлдірген өнімділігінің төмендеуі байқалады. Өсімдіктердің   суды      молырақ қажет ететіндері гүлдеу және жеміс салу, сондай-ақ жеміс салып болғаннан кейін, вегетативті өсуі жалғасқан кезде  байқалады.

    Бүлдіргенді ұзақ уақыт бойы көлеңкелі жерге отырғызу зиянды, бірақ та Оңтүстікте өнімділігін жоғарлату үшін қысқа уақытқа көленке жерде есірген дүрыс. Қазақстанның оңтүстік аудандарында көлеңкелеу жерлерге отырғызылған бүлдыргеннен жақсы өнім алуға болады.

      Бүлдірген көшеттерін бір қатарлап, қатар аралықғының кеңдігі 70-80 см және өсімдіктердің бір-бірімен ара қашықтығы 20-25 см, немесе суыртпақтап (екі қатарлы 80+40х25) отырғызуға болады. Көшетті қатардың жағалауларына (7-10 см) тереңдікке қөшеттер отырғызылады. Тамырларының үстінде топырақ салынып, тығыздалады, мұнда тамырларының жоғары қайырылмауын, орталық бүршіктің топырақпен бастырлып қалмауын қадағалау қажет.

    Көшеттерді  отырғызып болғаннан кейін жауын-шашын  болған жағдайдың өзінде де, плантацияны  іле-шала суару қажет. Өнбей калған көшеттер орнына кайта кошеттер отыргызылып, қалған көшеттер түзетіп, ретке келтіріледі. Қатараралықтағы және жүйе ішіндегі ылғалды сақтау және арамшоптермен күресу мақсатында, суарғаннан кейін 2-3 күн еткеннен соң топырақты қопсыту қажет.

    Косымша егу жүмысы (бірімші және екінші рет) жүргізілгеннен кейін өсімдіктер тағы да міндетгі түрде суарылады. Өнбей қалған өсімдіктер саны оншалықты көп болмаоа, екінші рет қосымша отырғызған кезде, мүртшалардьі, өнбей кдлған өсімдіктің орнына қарай бағыттап, оны баптау арқылы өсіруге болады. Өсімдік бірқалыпты өсуі үшін, мезгілімен суарып, арамшөптерді отап, топырақты қопсытып және уақытылы үстемелеп қоректендіріп отыру қажет.

    Бүлдірген жиі-жиі суаруды қажет ететін есімдік, өйткені оның тамыры топырақтың жоғарғы қабатында орналасқандықтан тез құрғагыш келеді. Өсу кезеңінде бүлдірген жалпы 11-13 рет суарылады (4-сурет), 6-7 рет топырағы қопсытылады және 3-4 рет арам шөбі оталады. Суару және топырақ қопсыту жұмыстары шамамен келесі мерзімдерде жүргізіледі: мамыр айында бір рет суарылады, сонан соң топырагы қопсытылады, шілде айында 3-4 рет суарылып, екі рет топырағы қопсытылады, тамыздың бірінші жартысында екі рет суарылады, бір рет топырағы қопсытылады, қыркүйек айында 1-2 рет суарылып, бір рет топырағы қопсытылады. Қазанның екінші жартысында тағы бір рет суаруға болады. Оңтустік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ай сайын бір рет артық суарылады, Әсіресе шілде және тамыз айының екінші жартысында жиі-жиі суаруды қамтамасыз етудің ерекше маңызы бар, өйткені бұл кезде өсімдік шапшаң еседі және өнім беруге әзірленеді.

    Егер  алдын ала жерге көң шашылған болса, отыргызылган жылы минералды тыңайтқыштарды|енгізбесе де болады. Егер түрлі себептермен, бүлдірген егілетін жерге көң шашылмай қалган жағдайда,тамыз айыныңорта шенінде гүл  бүршіктерінің калыптасуын қамтамасыз ету үшн толық минералды   тыңайтқыштармен қоректендіруге болады. Бұл үшін әрбір гектарга 60 кг фосфор, 30 кг калий және азот тьщайткыштары әсерлі зат түрінде енгізіледі.

  Егер  көшеттерді отырғызар алдында әр гектарга 60-100 тонна көле мінде көң,топырақ мүкгаждыгына қарай әр қайсысы 6-10  тоннадан   фосфор, калий тыңайтқыштары себілсе,     осы     жылы     үстеп     қоректендірудің қажеті бомлмайды. Келесі жыпдары ерте көктемде. Бүлдіргенимырлары,жапырақтары,гүл сабақтары өсе бастаған лантанцияны курап,солып қалған жапырақтардан азалап болғаннан кейік, әр гектарга орта есеппен100-150 кг әсерлі зат түрінде минералды тыңайтқыштар беріледі.   Бүлдірген гүлдер алдында, яғни арамшөптер өсе бастаганда плантацияны отап,   топырақты қопсытады сондай-ақ әр гектарға тиісінше100 кг шамасында азот селитырасы, 40-50 кг калий тұздары беріледі.  

  Қатараралықтарды 10-12 см терендікке КРН-2,8, КОН-2,8А қопсытқыштарымен қопсытады. Қатардағы арамшөптерді колмен отап отыру   қажет. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінде плантацияны Қазақстанкың оңтүстік аймағында 9-14рет, Оңтүстік шығысында 8-12 рет

суарады, 5-6 рет арам шөптерін отайды. Осы  кезенде топырақ ылғалдылығы толық далалық су симдылығынан 70-80 пайыз деңгейінде ұсталады, суару мөлшері гектарына 350-400 текше метр аралығында болады. Жидектерді жинап алғаннан кейін 10-15 күн өткенде бүлдіргеннің тамыр, жапырақ және мұртшаларының каркынды өсуі басталады, ал тамыздың аяғында біраз баяулайды, қыркүйекте жеміс бүршіктері қалыптаса бастайды.

Көктемде  қалыптасқан жапырактар 30-70 күндей тіршілік етеді. Ал күзде қалыптасқан жапырактар қолайлы жағдайларда жақсы қыстап, өзінің өсуін және тіршілік етуін келесі көктемге дейін, даму циклі аякталғанша жалгастырады. Бүл жапырақгардың тіршілік ету ұзақтығы 230-250 күнге созылады.

    Бүлдірген өнімін жинап алғаннан кейін, ол ары  қарай жақсы есуі үшін көп мөлшерде ылғал және қоректік заттар талап етедітереңдетіп қопсытады, арамшөптерін отап, тыңайтқыштардың толық мөлшерін (200 кг суперфосфат, 100 кг азот селитрасы және 40-50 кг калий тұзы енгізледі. Тыңайтқыштар қатардан 10-15см қашықтықта 7 - 10см  тереңдікте өсімдік қоректендіргішпен немесе қолмен шашып беріледі. жидекті жинап алған соң бір рет, одан кейін 10-15 күн  өткенде екінші және үшінші рет суарылады. тамыз айы ішінде тағы да 2-3  рет суару және отау жұмыстары жүріледі. Гүл бүршіктің дұрыс қалыптасуы үшін тамыз айының екінші жартысында өсімдікке қажетті шамада толық минералды тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру керек. жеміс беруге арналған плантацияларда мұртшаларды міндетті түрде алып тастайды, ал плантация келешекте көшет алуға арналған болса, оларды орнында қалдырады .

       Бүлдірген үшін қолайлы топырақтар  қатарына жеңіл, орташа саздықтар,  шымды қара жерлер, жер беті  тегіс, суаруға қолайлы топырақтар  жатады, әрі көген тамырлы  арам шөптерден зиянкестердің заузаларынан, сым құрттарынан таза жерлер алынады . бүлдіргенге сортаң , ауыр, өте ылғалды , ауа - су өткізбейтін топырақтар жарамсыз. жер асты су деңгейі топырақ бетіне 0.8 - 1 м  ден жақын болмауы керек.

      Бүлдірген мұртшалары арқылы көбейеді ( 5 – сурет ). көшеттері үш категорияға бөлінеді: супер элита, элита және бірінші репродукция. Плантацияға отырғызу үшін  супер элита және элита көшеттерін таза бір –екі жылдық түптерден таңдап алады. Бүлдіргенді көктемде, жазда және күзде де отырғыза беруге болады. Қазақстанның оңтүстік шығыс жағдайында өсімдіктің өнуі және қысқы суықтан сақталуы үшін көктемгі және жазғы кезде отырғызған дұрыс. отырғызудың ең жақсы мерзімі – көктемде, ауа райына байланысты наурыз айынан бастап, сәуірдің аяғына дейін, ал жазда маусым –шілде айларында. күзгі отырғызу тамыз айының басы мен 15- қыркүйек аралығында жүргізіледі.

      Бүлдіргенді механикалық тәсілмен  және қол күшімен отырғызуға  болады. Механикалық жолмен отырғызғанда  Белорусь тракторларына, тіркелген, жүрісін төмендететін (жылдамдығы сағатына 0.5 - 0.6км  ) әртүрлі, суаратын жүйемен (бақтың сыйымдылығы 1100 л ) жабдықталған көшет отырғызғыш машиналар қолданылады. Суару мөлшері – 1м қарық ұзындығына 1.5л су беріледі. Машина бір жүргенде 4 қатарды бірден отырғызады, оған 13адам қызмет етеді, отырғызу өнімділігі сағатына 0.1 гектар. Жартылай механикалық отырғызу әдісінде қолдануға болады, ол үшін КРН - 2.8 қырқушы  (культиватор) пайдаланады. Культиватордың тыңайтқыштарды себетін және өткізгіш аппараттарын алып тастап, олардың орнына көшет отырғызғыш машиналардың суару жүйесін орналастырады. Үстеп қоректендіретін пышақтар салынады, ал жұмысшылар агрегаттың артынан жүріп немесе отырып қолмен қарықтарға көшеттерді қолмен отырғызады жәнеде тамырларын топырақпен тығыздап жабады, агрегатта тракторист, көшет отырғызушылар, және көшеттерді таситын бір адам болады. 7 сағаттық жұмыс күніндегі еңбек өнімділігі 0.3 гектар.  

      Қолмен отырғызғанда алдымен  қарық жасалынады, одан кейін  қарықтарға су жіберіліп, ол сіңген соң, қарықтың бойымен ылғалды топыраққа көшеттерді отырғызады. Отырғызылып болғаннан кейін ылғал жеткілікті болса да егістікті іле-шала суарады.  Ылғал сіңірген соң топырақты қолмен қопсытады, немесе сабанмен, шөппен, ағаш ұнтағымен өсімдік түптерін жауып тастайды, бүл ылғалдың буланып және топырақ бетінің жарылмауы үшін жүргізіледі ,  

       Бүлдірген плантациясын үш жылдан  артық пайдалануға болмайды, себебі  жыл өткен сайын өнімділік  төмендейді(7-сурет).

      Плантацияда бүлдірген сорттарын орналастырғанда, бүлдіргеннің кейбір сорттарының (комсомолка, Ташкентская, Поздняя ) гүлдерінде аталық жыныс мүшелері болмайтындығын ескеру қажет, сондықтанда мұндай сорттарды бір бөлтекке тозаңдандырғыш басқа сорттармен араластырып отырғызу қажет (Урожайная, Героиня Маншук т .б ).                                                                      

      Бүлдірген жидектері бәрі бірдей  бір мезгілде піспейді. Сол себептен 7-9 рет жинау жұмыстары жүргізіледі,  өнімді жинауға орта есеппен  бір жылда жұмсалатын барлық қаржының  80-85 пайзы кетеді.  

      Жидектер жеміс сабағымен бірге  қолмен жиналып,  2 -  4 кг - дық 

жәшікке толтырмай салынады.  Бүлдіргеннің жидегін көп уақыт сақтауға болмайды, оны таңертеңгі кезде (сағат 10-11-ге дейін ) жинаған дұрыс. Кейінгі жылдары бүлдірген жемісін жинауға және оны өткізуге сиымдылығы  1 - 1.5кг- дық қағаз қораптар пайдаланылып жүр.   

      Жидегі сабағынан тез түскіш  келетін Кох, Луи-Готье,  сияқты  сорттардың жидегін күн аралатып  жинау қажет, ал Луиза, Саксонка, Казакстанская сияқты сорттардың жидектерін  4 – 5 күнде бір рет жинауға болады. Жидекті оның түбіндегі тостағанша тәрізді көк жапырағымен және ұзындығы бір сантиметір ге жуық сабағымен қоса жинау керек.   

      Бүлдіргенді жинаған кезде учаскедегі барлық шіріген және зақымданған жидектердің барлығы жиналып алынады. Жиналған бүлдіргенді сол күні, ары кеткенде келесі күні пайдалану керек. Жинап алған бүлдіргенді бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыстыруға сонымен қатар  күн көзінде ұзақ сақтауға болмайды . үйткені жидегі тез бұзылып кетеді.

      ТМД мемлекеттерінде. Сондай-ақ  Қазақстанда техникалық тәсілмен  жинау кең орын алып отырған  жоқ. Оның басты себебі, бүлдіргеннің  өнер кәсіптік сорттарының жидектері  топырақ бетіне өте жақын орналасады, жемістері бір уақытта піспейді,  және тез зақымданады.  Бірақта жидектерді жинау, көпке танымалы механикалық жолмен жүргізілсе, жидектері  арзанырақ болар еді.       

      Бұл тәсілмен жинау үшін, селекция  арқылы бір уақытта пісетін  бүлдірген сорттарын шығару қажет. Бүлдіргенді жартылай механикалық жолмен жинап алу, тарақ тәрізді құралдармен жүргізіледі. Тарақ жоғары қарай иілген тістерімен өсімдіктерді тарайды, сол кезде жеміс сағағы  сынған немесе тостағаншадан босаған жидектер жинап алынады. Бұл машинада доңғалақша иілген 16 тісі бар тарақтар бір – бірімен қосылған. Топырақ бетінен   70-80см биіктікте тарақтар аударылып жидектерді жәшікке немесе басқа ыдыстарға түсіреді. Жиналған өнімдердің негізінен  25пайызына дейіні жарамсыз болады. Сондай-ақ  15-20 күннің ішінде бүлдіргенді жинап алуға жұмсалатын шығын гектарына 1300-1500 адам / сағат, ( шығымның 20-25% і отау жұмысына кетеді ).

      Бүлдірген өсімдігі жылма –  жыл өсу мен қатар топырақ  бетіне жайылып жер үсті бөлігі  көбейеді, соны өсу мен қатар  топырақ бетіне жайылып жер үсті бөлігі көбейеді, соның нәтижесінде өсімдіктің қоректенуі нашарлайды. Негізгі түптен жыл сайын қосымша жас тамырлардың таралуы, жас өсімдіктің өсуін нашарлатады және өнімін кемітеді. Плантацияның өнім беруін онан әрі жақсарта беру үшін оның  топырағын құнарландырып отыру қажет.

      Ескі плантацияны жасартудың  ең жақсы әдісі мынадай: жидекті  жинап алысымен суарып, онан кейін  бүлдіргеннің жер бетіндегі бөлігін  түбіне дейін орып, суару қажет. 2-3күн өткен соң тағыда суарады,  әр гектарға  90 кг толық минералды азот, фосфор, Калий тыңайтқыштарын енгізіп үстеп қоректендіреді. Одан әрі күтудің жалпы әдістері қолданылады. Күзге дейін мұндай өсімдік өсіп жетіледі, ал келесі жылы өнім береді. Жасартқаннан кейін плантация екі жыл бойына жақсы өнім береді, оның өнімділігі шамамен алғанда  30 пайыз жоғарлайды.

Информация о работе Алғы сөз