Қ Р-дағы кәсіпкерлікпен бісекелестікті дамытуға көрсетілетін мемлекеттік көмектер

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 00:04, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................... 1 БӨЛІМ КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ АУҚЫМДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ......... 1.1 КӘСІПКЕРЛІКТІ КЕҢ АУҚЫМДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ТҰҒЫРЫН КЕҢЕЙТУ МЕН НЫҒАЙТУ......................................................................................................................

1.2 КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ................................................. 1.3 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ..

1.4 ҚР-ДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ........................ 2 БӨЛІМ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДАҒЫ “БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020”............................................................................................................................... 2.1 “БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020” БАҒДАРЛАМАСЫ............................... 3 БӨЛІМ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУҒА КӨРСЕТІЛЕТІН КӨМЕКТЕР...................................................................................... 3.1 МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУМЕН ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ................................................................................................................

3.2 ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЗАҢДАРЫ......................................................................................................................

3.3 КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ..............................................

4 БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, ЭТНОМӘДЕНИ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ...........................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................................

Работа содержит 1 файл

Айтуған курсавой 2003.doc

— 302.50 Кб (Скачать)

4 БӨЛІМ   ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ,  ЭТНОМӘДЕНИ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ. 

       Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің  қатарына кіру стратегиясында айтылғандай,  Қазақстан Республикасы жаңа тарихи белеске өтіп отыр. Экономикалық, әлеуметтік және экологиялық үрдістердің бірқалыптылығына – тұрақты даму кезеңіне көшу – қойылған мақсаттардың қозғаушы күші іспеттес болып отыр.

 Қазақстанның  табиғаты – ата-бабамыздан жеткен  мұра. Еліміздің табиғи байлығын  сақтау үшін, мемлекетімізді мекендеген  тұрғындарымыздың денсаулығын жақсартып, әл-ауқатын көтеру үшін, табиғатты қорғау жұмыстарының тиімділігін арттырып, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қызметіне халықаралық стандарттарды ендіруіміз қажет. Осы мақсатта Министрліктің барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері ұстанатын осы Экологиялық саясат қабылданып отыр. Саясат келесі негізгі міндеттерді көздеп отыр: Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің ең негігі әлеуеті, қазақстандық қоғамның барлық қызмет түріне тұрақты даму қағидаларын енгізу, елдің барлық аймақтарының экологиялық жағдайын жақсарту, қазақстандық өнеркәсіпті экологиялық-техникалық жабдықтармен қайта қамсыздандыру, алдыңғы қатарлы, қол жеткізерлік, «озат» технологияларға көшу ісіне демеу көрсету. Қоршаған ортаны жақсарту ісіне елдің барлық мемлекеттік басқару органдарының барынша араласуына ықпал ету. Орнықты даму жөніндегі кеңестің жұмыс органы қызметін белгілеуде Министрліктің ролін жоғарылату. ИСО 14001:2004 халықаралық стандартының қағидалары мен ережелерін қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жұмысына енгізілуін қамтамасыз ету. Экологиялық жағдайды жақсарту ісінде нақты нәтижеге қол жеткізуде Министрліктің әрбір қызметкерлерінің жауапкершілігін белгілеу, мамандарды үнемі және жүйелі түрде оқыту, басшылық тарапынан барлық бөлімшелердің ішкі аудиті мен қызметін талдау жоспарлаудың сапасын арттыру. Министрлік қызметінің «тұрақты жақсару» қағидасын қадағалауға қол жеткізу, жақсы мәндегі өзгерістерді бақылап, талдау. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық стандарттарының енгізілуіне ықпал ету. Экологиялық, ең алдымен энергия мен ресурстарды үнемдеу мәселесі, ұқсас энергия көздерін біртіндеп енгізу  мәселесі, тұрмыстық қалдықтарды қолдана білу мәселесі, көлік шығарындыларын азайту мәселесіндегі Министрліктің қызметін ұйымдастыру барысында экологиялық аспектілерді есепке алу мәселесінде Қазақстан Республикасының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарына үлгі болу. Министрлік қызметінің ұйымдастырушылық аспектісінің сапасын арттыру, біртіндеп «бір терезе» қағидасына өту арқылы ішкі сыртқы қарым-қатынастың неғұрлым эргономикалық және тиімді модельдерге өтуді қамтамасыз ету, қажетсіз ішкі құжат айналымын қысқарту, құжаттарды дайындау, құжатпен жұмыс жасау барысында халықаралық стандартарды ескеру. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеудің қоздыру тетігін дамыту. Таңдау барысындағы экологиялық қағидаларды ескере отырып, экологиялық жобаларды таңдаудың қазіргі заман талабына сай қағидаларды енгізу арқылы қоршаған ортаны қорғау бойынша өткізілетін шаралардың тиімді жоспарлануын қамтамасыз ету.Қоршаған ортаны қорғау мәселесінің шешілуіне қоғамның қатысуын жоғарылауына ықпал ету, қоғамдық экологиялық сараптама мен қоғамдық экологиялық бақылаудың құралдарын барынша белсенді түрде қолдану, көпшілікті экологиялық түсінікті дамыту. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарын мұқият сақтау, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау арқылы, сонымен бірге экологиялық заңнаманы жетілдіре түсу арқылы жүйеленуіне, халықаралық стандарттар мен нормаларға жақындай түсуіне ықпалдасу.Рұқсат етілетін жүйе мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың одан әрі жетіле түсуін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың әдістемелік негіздерін дамытып, жетілдіре түсу. Қоршаған ортаның халық денсаулығына әсерін бағалау бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе жұмыс жасау.Тиімділігін, жеделдігін, қазіргі заман талабына сай техникалық қатылуын, нақты әселелер мен проблемаларға деген бағытталуын қамтамасыз ете отырып, Министрліктің ақпараттық жүйесі мен қоршаған ортаға мониторинг жүйесінің әлеуетті дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық ақпараттың белсенді түрде тарауы мен барлық мүдделі тұлғалармен ақпаратпен алмасудың орнауына ықпалдасу.Экологиялық бақылау құралып, оның ішінде алдын алу шараларын қолдану арқылы, өндірістік экологиялық бақылау жүйесімен барынша мол ақпарат алмасу арқылы, сонымен бірге тәуелсіз кәсіби экологиялық инспекция ретінде экологиялық аудитті жүргізу арқылы дамыта түсу. Негізгі үйлестіру орталықтарға Қоршаған Ораны қорғау министрлігімен қызметтесетін мәртебесін беру арқылы олардың көмегімен Қазақстан Республикасында экологиялық ғылымдарды дамыту бойынша шаралар қолдану, Министрлік қызметінің тәжірибесіне ғылыми әзірлеу қорытындыларының барынша толық енуін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының ағымдағы жағдайы ЖІӨ өндірісі. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда ЖІӨ өндірісі 7,0%-ға өсті.Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚЭИ) 2011 жылғы қаңтарда 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 106,9%-ды құрады. Экономиканың нақты секторы. 2011 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 135,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,8%-ға көп. 2011 жылғы қаңтарда кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 105,0% құрады. Көмір және лигнит (124,8%), шикі мұнай (105,5%), темір кені (100,4%) өндіру өсті.Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде 7,5%-ға өсу болды. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондициялау 5,1%-ға, сумен жабдықтау – 1,9%-ға өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2011 жылғы қаңтарда 54,3 млрд. теңгені құрап 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1,9%-ға ұлғайды.Құрылыс жұмыстарының көлемі 2011 жылғықаңтарда 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2,2%-ға өсті. 2011 жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі 31,7 млрд. ткм (комерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалау есебімен) құрып 2010 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,2%-ға өсті.2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда жолаушылар айналымы 24,2%-ға артып, 13,1 млрд. жкм құрады.Байланыс қызметі 2011 жылғы қаңтарда 10,9%-ға өсті.2011 жылғы қаңтарда бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық тамақтану айналымынсыз) 265,3 млрд. теңгені құрап, 2010 жылғы қаңтарға қарағанда 11,1%-ға ұлғайды. Есепті кезеңде көтерме сауда тауар айналымы 556,2 млрд. теңгені құрап, 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 16,9% артты.Негiзгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемi  2011 жылғы қаңтарда 189,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 4,3%-ға көп. Ресей және Беларусь елдерімен өзара саудасын есепке ала отырып Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда 89,0 млрд. АҚШ долл. құрап, 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 24,3%-ға өсті, оның ішінде экспорт – 59,2 млрд. АҚШ долл. (37,1%-ға өсті), импорт – 29,7 млрд. АҚШ долл. Тұтыну бағаларының индексі 2011 жылғы қаңтарда 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,7%-ды, оның ішінде: азық-түлік тауарлары бағасының индексі – 3,0%, азық-түлік емес тауарларына баға – 0,5% және ақылы қызметтерге 1,2% құрады.Өндірістік сипаттағы қызметтерді қоса өнеркәсіп өнімдерін өндіруші-кәсіпорындар бағалары 2011 жылғы қаңтарда 2010 жылғы қаңтармен салыстырғанда 19,7%-ға өсті.Дүниежұзілік Банк деректері бойынша 2011 жылғы қаңтарда Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы бір баррелі үшін 96,3 АҚШ долларын құрады (2010 жылғы қаңтарда 76,4 АҚШ долл). Еңбек нарығы. 2011 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 486,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5,7%-ына жетті. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2011 жылғы қаңтардың соңына 44,1 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санының 0,5%-ын құрады. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,6%-ын құрады. Халықтың табысы. 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 463,0 мың теңгені құрады. Өсім 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 13,9%-ды, нақты ақшалай табыстар үшін – 6,3%-ды құрады.2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 77,5 мың теңгені құрады. Өсім 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 14,6%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 7,0%-ға өсті. Ақша-кредит және банк статистикасы. Ұлттық қордың валюталық активтерін қоса алғанда (31,4 млрд. долл.) елдің халықаралық резервтері 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдайы бойынша 62,6 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2010 жылғы 1 ақпандағы жағдайдан 22,7% артық.ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша екінші деңгейлі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 2011 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 7 596,5 млрд. теңгені құрады және бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға аз.Депозиттік ұйымдарда депозиттердің көлемі 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 7 397,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 14,3%-ға артық. Жеке тұлғалардың депозиттері 2 194,9 млрд. теңгені құрады және 15,9%-ға ұлғайды. Теңгенің АҚШ долларына ресми айырбас бағамы 2011 жылғы қаңтарда 147,0 теңге болды (2010 жылғы қаңтарда – 148,1 теңге), теңгенің еуроға қатысты бағамы – 196,5 теңге (2010 жылғы қаңтарда – 211,8 теңге) болды. Бiрлiк пен бейбiтшiлiк бесiгi 2011 жыл – ресми түрде Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы болып жарияланғаны белгiлi. «Бейбiтшiлiк пен жасампаздыққа – 20 жыл» ұранымен жер-жерде арнайы шаралар ұйымдастырылып, еркiндiк, бiрлiк, толеранттық ұғымдары сол шаралардың алтын арқауына айналды. 
Әр күнi ғасырға татиын егемен елiмiздiң мерейтойында атқарылған iстер мен алған асуларымыз жайында ой қозғап, өткенiн екшеп, келешегiне көз салғанымыз абзал. Сол дәстүрге салсақ, елiмiздiң берiк дiңгегiне айналған Қазақстан халқының бiрлiгi жайында сөз етпеу тағы мүмкiн емес. Қазақ же-рiне қилы тағдырмен келген ұлт өкiлдерi халқымыздың мейiрiм шуағынан нәр алып, осы топырақта тамырын жайды. Үкiлеген үмiтiн елiмiздiң болаша-ғымен байланыстырып, елмен бiрге жасап, бiрге көгерем деген жүзден аса ұлттар мен ұлыстың өкiлдерi этномәдени бiрлестiктер құрып, Қазақстан халқы Ассамблеясы астында бiрiккенi белгiлi. Ол туралы Президентiмiз Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында сөйлеген сөзiнде: «Ассамблея – елiмiздегi бiрлiк пен келiсiмнiң киелi бесiгi, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Оның әрбiр сессиясында мемлекет өмiрiндегi өзектi мәселелер талқыланып, келелi шешiмдер қабылданып келедi. Бұл саяси құрылым халқымыздың жүрек қалауымен, қоғамның iзгi тiлегiмен құрылған. Сондықтан көпшiлiктiң көкейiнде жүрген маңызды мәселелер осы мiнберде айтылуда. Ассамблея – осы жылдар iшiнде байсалды жолдан өтiп, байыпты тәжiрибе жинақтады. Ол елiмiздегi этносаралық қарым-қатынасты дамытудың iргелi институтына, татулық пен сыйластықтың берекелi бекетiне айналды»-деп, Ассамблея жұмысына жоғары бағасын берген едi. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды ұйымдастыру, бiрлiктi қамтамасыз ету және ұлттық-мемлекеттiк азаматтық бiрегейлiктi қалыптастыру, то-леранттылық пен қоғамдық келiсiмнiң қазақстандық үлгiсiн одан әрi жетiлдiру мақсатында этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттiк ұлттық саясатын әзiрлеуге және iске асыруға белсене қатысуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерiнiң төмендегi ойлары бейбiтшiлiк пен келiсiмнiң қазақстандық үлгiсiн әлемге танытушы қоғамдық институттың құрылған күнiнен бастап қалыптасу кезеңiне дейiнгi сәттерден сыр шертедi.
Қазақстан халқы Ассамблеясы он бес жыл бойы ынтымақ ұйытқысы болып келеді.Қазақстан халқы Ассамблеясы сан ғасырлар бойы қазақтың сайын даласын мекен еткен 130-дан аса ұлт пен ұлыстың ынтымағын нығайтып, арман-тілегін бір арнаға тоғыстыратын күшті дәнекерлеуші құралға айналып отыр. Халықтар арасындағы татулық пен ауызбірліктің арқасында Қазақстан өтпелі кезең қиындықтарын жеңіп, тәуелсіздігін нығайтты, азаматтарының әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік алды.  Көпұлтты қоғамымызды біріктіріп, діні мен тіліне, ата дәстүр-ұстанымына бөліп жармастан, шын құрметтеу арқылы айдай әлемге достық пен бірліктің нағыз үлгісін көрсеттік. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы болып сайлануы да халықаралық қоғамдастықтың біздің табысымызды мойындағандығының белгісі деп қабылдауымыз қажет. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген көсемдігімен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерді дамыта отырып, саяси, құқықтық және мәдени тұрғыда қазақстандық жаңа үлгіні тәжірибеге енгізді. Батыс Қазақстан облысында 30-дан астам этномәдени орталықтар жемісті жұмыс істейді. Олар облыста тұратын барлық ұлттар өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін кең көлемде насихаттауда. «Соның ішінде өз қандастарымызбен қарым-қатынастың маңызы зор. Облысымыз Ресеймен шекаралас болғандықтан көршілермен тығыз байланыстамыз. Бұл істе бізге Мәскеудегі қазақ диаспорасының өкілі Жарқын Өтешева, Самарадан Алтынай Жүнісова, Саратовтан Владимир Тәшпеков секілді ұлтжанды азаматтар көп көмектесуде. Ассамблея жұмысы сан қырлы, ол тек этномәдени бірлестіктерге жан-жақты көмек көрсетіп қана қоймай, тілдерді дамыту, жастар тәрбиесі, тарих және басқа да өзекті мәселелермен айналысады. Елдің ерекше ықыласын тудырған шаралардың қатарында Қызыл мешіттің, Ғабдолла Тоқай мұражайының, А.Пушкин мұражайының, Зеленов ауданындағы Достық үйінің ашылуын атауға болады. Сонымен қатар, "Толеранттылық: тарихи тағылым", "Менің Қазақстаным", "Жайық толқыны", "Қазақстан халқының достығы" т.б. көптеген байқаулар мен фестивальдерінің де маңызы өте зор. Алуан тілде шырқалған әсем ән, ырғақты би, әсерлі өлең рухани жан-дүниемізді байытып, бір-бірімізге деген құрмет сезімін арттыра түсті. Өткен жылы облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған "Батысқазақстандықтардың бағалауындағы ұлтаралық және конфессияаралық диалог" атты әлеуметтік сауалнама нәтижесінде сұрау салынған респонденттердің 77,7 пайызы ұлтаралық қатынастар саласын айрықша маңызды деп есептеген. Жалпы алғанда, облыс тұрғындарының 92 пайызы қазақстандық қоғамдағы этносаралық ынтымақты жоғары бағалайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 15 жылдық даму жолында институттық тұрғыда нығайып, ұйыстырушы және зияткерлік мүмкіндігін жетілдірді, халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Ұлтымызға тән төзімділік, кеңпейілділік, ақжарқын мінез секілді асыл қасиеттерге негізделген Ассамблеяның сан салалы мәдени бұтақтары Қазақстан халқының баға жетпес рухани игілігіне айналды. "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заң қабылданып, әр азаматқа халқы үшін аянбай қызмет ету, елдің патриоты болу міндеті жүктеліп отыр. Ассамблея мүшелері Қазақстанның ел бірлігі доктринасының қабылдануын халықтар арасындағы қоғамдық келісім мен татулық одан әрі нығайта түсетін фактор болады деп санайды. "Қазақстандық этносаралық келісімнің даму моделі" атты форумның мемлекетімізде өтуі халқымыздың арасындағы бірлікті нығайта түсті.  

ҚОРЫТЫНДЫ. 

       Жалпы Қазақстан  Республикасының  жаңа экономикалық саясатқа бағдар  алуына байланысты, күнделiктi өмiрiмiзде  орын кәсіпкерлік секторының ел экономикасын көтерудегi басты қағидаларына тоқталып өттiм. Кәсіпкерлік экономикалық өсудiң басты факторы екендiгi анық, олай болса  оны неге әлемдiк  деңгейге көтермеске. Сондай ақ кәсіпкерлік өзiнен өзi дамитын механизм емес, оған әрине мемлекет, қоғам,  әрбiр тұлға жағдай жасауға талпынулары қажет. Өйткені еліміздің жерінің өте үлкен аймақтарды алып жатуына байланысты кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндігі мен қажеттігі ешкімнің қарсылығын туғызбауы керек. Еліміз аграрлық мемлекет болғандықтан шағын және орта бизнесті ұйымдастыруды және несиелеуді ауылдардан бастау да ел экономикасының дамуына өте үлкен септігін тигізеді. Кәсіпкерлік саласын дамыту елдің дамуындағы бірден-бір көрсеткіш екендігі дамыған  мемлекеттер мысалында да айқын  көрінеді. Нақты айтқанда, өткен  ғасырдың жетпісінші жылдарының ортасында  Англияның премьер-министрі болған Маргарет Тэтчер кәсіпкерлік саласын мемлекет бұғауынан босатып, оған ұйымдастырушы емес, қиналған кезінде қол ұшын беретін көмекші ретінде араласқан саясатының арқасында еркін кәсіпкерлік қызметін дамыта алды. Нәтижесінде, кәсіпкерлік дами отыра екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін тек құлдырау үстінде болған Англия экономикасы дұрыс арнаға түсіп, қәзіргі жетістіктеріне жете алды. Сондықтан кәсіпкерлікті  ұйымдастырудағы дұрыс саясат енді ғана аяғына нық тұрып келе жатқан еліміз үшін дамудың негізгі көздерінің бірі. . Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мыналарды: шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды пайдалануы үшін жағдайлар жасауды.Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеуді.Оңтайлы салық салу режимін белгілеуді. Жеке кәсіпкерлік субъектілері жауаптылығының жалпы жағдайлары. Жеке кәсіпкерлік субъектілері жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға міндетті. Кәсіпкерлікті жүргізуде әр түрлі заңдарға бағынышты жүйелі түрде жүргізіледі.

       Қорытындылай  келгенде мемлекетімізді бәсекелестікке қабілетті ету үшін елбасымыздың бекіткен “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасымен белсенді жұмыс атқаруымыз керек. Біздің мақсат егемен еліміздің экономикасын жақсартып елу дамыған елдердің қатарына кіру болып табылады. Мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектермен қолдаулар арқылы жеке кәсіпкерлікті дамыту еркін әрі жылдам қарқынмен іске асады.    
 
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

1. "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж, 424-құжаты.

2. "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" 2004 ж, 142-құжат. 

3.  "Жеке  кәсiпкерлiк туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж, 185-құжат, 333-құжат; 1999 ж. 931-құжат; 2001 ж, 338-құжат).

4. Ниязбекова  Р. Қ. Кәсіпорын экономикасы                                                                           5. Кәсіпорын экономикасы  Т. Т. Түсіпбеков.

6 . Қазақстан  Республикасының заң кодексі. 

7 .Рахметов  Б.А. Кәсіпорын экономикасы. 

8 .Әбдікерімова  Г. И. Кәсіпорын экономикасы. 

9. Төреғожина  М. Б. Экономиканы мемлекеттік  реттеу.

10. Кәсіпорын  экономикасы : оқу құралы / Г. И. Әбдікерімова. - Алматы

11. Әбдікерімова  Г. И. Кәсіпорын экономикасы. 

12. Егемен Қазақстан  газеті.

13. Елбасынның  халыққа жолдауынан.

14. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы:

15. Экономика Әбдікерімова Г. И. Қаржы  экономикасы.

16. kazref.narod.ru/books_mazmun.

17. Ө. Бейсенова. Экономиканың негіздері.

18.К. Каймулдинова. Кәсіпорынды құру мен тәжірбиелеу.

19. С. Әбілмәжінова  кәсіпорын қаржысын басқару.

Информация о работе Қ Р-дағы кәсіпкерлікпен бісекелестікті дамытуға көрсетілетін мемлекеттік көмектер