Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 13:43, доклад

Описание работы

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ - жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және 45 950 000 теңгені құрайды

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.doc

— 92.00 Кб (Скачать)

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ

 
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ - жарғылық капиталына мемлекеттің  жүз пайыз қатысуымен "Мемлекеттiк  әлеуметтiк сақтандыру қоры" акционерлiк  қоғамын құру туралы» Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды. Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және 45 950 000 теңгені құрайды. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз акционердің шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін.  
2004 жылдың 21 сәуірінде Қор заңды тұлға ретінде тіркелді (тіркеу туралы куәлік №16157-1901-АО). 2004 жылдың 01 шілдесіндегі № 10 қабылдау-беру Актісіне сәйкес, Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлiгiне берілді. Жарғылық капиталы 45 950 000 теңге болғанда акция шығару көлемі номиналды құны 1 000 (бір мың) 45 950 мың теңгені құрайды.Шығарылған акциялардың саны 45 950 жай акцияны құрайды KZ1С51240014, шығу формасы құжатсыз. Акция шығару толықтай төленген, Қорда орналастырылмаған акция жоқ.  
Қордың құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi атынан ҚР Үкіметі болып табылады.  
Жалғыз акционер Қордың жоғарғы органы болып табылады. Жалғыз акционердің құқықтары мен міндеттері әлеуметтік сақтандыру туралы Заңмен белгіленген шектеулері ескеріле отырып, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-11 Заңымен белгіленеді. Директорлар Кеңесі Қордың басқару органы болып табылады. Директорлар Кеңесі Қазақстан Республикасы заңнамасына және Қор Жарғысына жататын жалғыз акционердің ерекше құзырларынан басқа Қор қызметіне жалпы жетекшілікті жүзеге асырады.  
Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты жүргізетін Қор Президенті атқарушы орган болып табылады.  
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым.  
Қор әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға - асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда - әлеуметтік төлемдер төлеуді жүргізеді.  
Қор қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу, әлеуметтік аударымдардың сақталуы мен мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету болып табылады.  
Қордың негізгі қызметтерi:  
- әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асырады;  
- мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушыларға - асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда - әлеуметтік аударымдарды жинап, әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүргізеді  
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына Қор активтерін орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүргізеді  
Қордың  
• мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;  
• бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен айналысуға;  
• Қор қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;  
• қаржы қозғалысы туралы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан ақпарат алуға;  
• мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.  
Қор:  
• Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың әлеуметтiк төлемдердi жүзеге асыруы үшiн қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;  
• Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;  
• Жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;  
• Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттердi атқаруға мiндеттi.  
Қор:  
• Қор активтерiн кепiлге беруге;  
• кәсiпкерлiкпен және Заңмен көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.  
«Ұлттық инновациялық қоры» АҚ  
 
Ұлттық инновациялық қор (ҰИҚ) елдегі жалпы инновациялық белсенділікті арттыру мақсатымен 2003 жылы құрылған.  
ҰИҚ міндеттері:  
- отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп венчурлық қорлар құру  
- түрлі даму кезеңдерінде венчурлық қаржыландыруды іске асыру (идеялар мен прототип жасаудан өндірісті кеңейтуге дейін)  
- инновациялық белсенділікті арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру ;  
Инвестициялау шарттары  
- • Инновациялық жобаларға инвестициялар (үлестік қатысуы 49 % аспайтын 5 млн. долларға дейін)  
- • Тәжірибелік-құрылымдаулық зерттемелерді гранттық қаржыландыру (250 мың долларға дейін)  
- • Венчурлық қорларға инвестициялар (үлестік қатысуы 49 %-ға дейін)  
- • Технопарктер құруды қаржыландыру (үлестік қатысуы 500 мың долларға дейін)  
Қордың артықшылығы  
- • Дамудың бастапқы сатыларында жаңа және әрекет ететін инновациялық компанияларға кепілдіксіз инвестициялар .  
- • Жаңа ашылған компаниялардың халықаралық рынокқа шығуына жәрдемдесу.  
- • Жобаларды іске асыру үшін бүкіл Қазақстан бойынша технопарктердің базасында жұмыс алаңдарын беру.  
- • Технопарктер мен бизнес-инкубаторларда жаңа технологияларды коммерциялау үшін құқықтық, ұйымдастыру, патенттік қызметтерді алуға жәрдемдесу.  
- • Бизнес жоспар дайындауда кеңес беру және жобаның кәсіби менеджментін жүзеге асыруда көмек көрсету.  
- Ұлттық инновациялық қор 2005 жылдан бастап 5 шетелдік венчурлық қордың акционері болып табылады.  
- Құрылып жатқан венчурлық индустрия Қазақстандағы инновациялық бизнесті белсендетеді, ал шетелдік венчурлық қорларға қатысу озық технологиялардың трансфертін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  
- Инновациялық инфрақұрылым  
- Инновациялық инфрақұрылымның басты объектілері – технопарктер инновацияларды құру және енгізу үшін сервистік және өндірістік база болып табылады, оның шеңберінде жаңалық табушылар арнайы қызметтер кешенің ала алады.  
- 2006 жылы Алматыдан 25 километр қашықтықта ақпараттық технологиялардың Alatau IT city бірінші ұлттық паркі ашылды, сондай-ақ Қазақстанда үш өңірлік технопарк жұмыс істейді – “UniScienTech” (Қараған-ды қаласы), “Алгоритм” (Орал қаласы) және “Алматы өңірлік технопаркі”.  
- Сонымен қоса, Қ. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық универ-ситетінің базасында оның алаңында орналасқан жеке және заңды тұлғаларға консалтингтік, заңдық, лизингтік және басқа қызметтер көрсететін технологиялық парк жұмыс істейді.  
Директорлар Кеңесі Қордың басқару органы болып табылады.

Қазақстанның  инвестициялық қоры  
 
Инвестициялық қордың мақсаты қайта құрылған және күшіндегі ұйымдардың жарғы капиталына қатысу жолымен экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс ашу туралы жеке сектор ынтасына қаржылай қолдау көрсету болып табылады.  
Қор қызметінің концептуалдық жағдайы  
Қор тура инвестор жобасына 49% акцияны иелене отырып шыға алады. Инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатының неғұрлым тиімдірек жолы жобаның технико-технологиялық жағын және 50 проценттік акцияны бақылауды жүзеге асыру үшін жеткілікті маркетингтік және технологиялық тәжірибесі бар жобаны орындаушы ұйымдардың сәйкес деңгейін қамтамасыз ететін стратегиялық инвестор болуы тиіс кәсіпорындардың жарғы капиталына қатысу болып табылады.  
Кәсіпорынның жарғы капиталына қатыса отырып, Қор инвестор сияқты жобаны іске асырумен байланысты тәуекел мен түсімдерді бөледі. Қор стратегиялық инвесторларға локальды қауіптерді азайту мен мемлекеттік мекемелермен және сол аймақтағы инвестициялық индустрияның басқа да қатысушыларымен қарым-қатынасты үйлестіруді қамтиды.  
Инвестициялық жобалар  
• Қаржыландырушы жобалар  
• Перспективалық жобалар  
Жоба инициаторына қарауына инвестициялық жоба бойынша ұсынысты қабылдау үшін бірінші кезекті міндетті түрде бекітілген формада өтініш толтырып беруі тиіс.  
Инвестициялық жобаларды қарау мен іске асыру регламенті  
Инвестициялық құжаттар жинағы  
Бүгінгі күні Қор қызметінің акценті құрылымтудырушы маңызы бар ірі перспективалық жобалардың кезеңдік қаржылануына ауыстырылған және ол жаңа әрі жималық экономикалық кластерді толтыруға әсер ететін болады.  
«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ  
«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ Қазақстанның даму институты ретінде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №501 қаулысымен 2003 жылдың 30 мамырында құрылған.  
«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ ның Жалғыз акционері – «Самрук-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ.  
Қордың мақсаты – перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға ықпал ету, экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеке секторының бастамасына қаржылық көмек көрсету.  
Қордың мәселелері:  
1. Шикізат пен материалдарды толығымен қайта өндіретін, жаңа технологияларды пайдаланып, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаратын, сонымен бірге келешегі бар ұйымдарға өндірістік қызмет көрсететін, өздерінің іс әрекеттерін өнеркәсіпте жүзеге асыратын жаңадан құрылған, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;  
2. Инвестициялық жобаларды Қормен қаржыландыру арқылы экономиканың шикізат емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру (ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысу;  
3. Қосымша, аралас өндірістерді дамытатын, отандық және шетелдік ұйымдар арасында өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі инвестициялық жобаларды бірлескен қаржыландыру арқылы шетелдегі қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігін көтеруге ықпал ету;  
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ  
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамы « Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және « Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қ аулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.  
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры ұ лттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.

Қор қызметінің негізгі мақсаттары:  
1) ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;  
2) экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу;  
3) компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.  
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы н, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын, компаниялардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде жаңғырту мен әртараптандыру Қордың және компаниялар қызметінің негізгі бағыты болып табылады.  
Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар тарту, өңірлерде жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту жөніндегі мәселелерді жылдам әрі шұғыл шеше отырып және бар басымдықтар мен мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесу үшін танылған.  
Ұлттық экономиканы тиімді әртараптандыру және жаңғырту, әсіресе, мынадай экономиканың басым секторларында белсенді инвестициялық қызметті іске асыру арқылы жүзеге асырылады:  
- мұнай- газ секторы ; - электр энергетикасы ; - металлургия; - химия,  
мұнай- химия; - инфра құрылым .

Қор қызметінің негізгі қағидаттары мыналар  болып табылады :  
1. Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау ;  
2. Қордың және оның компаниялары қызметінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі ;  
3. шешімдер қабылдауда және оларды іске асыруда кезінде жүйелілік және шұғылдық;  
4. жауаптылық және есептілікте болу .  
Қор қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады :  
1. ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу ;  
2. елдің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу ;  
3. компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру .  
Қордың міндеттері:  
1. өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету ;  
2. Қордың компаниялары топтарының қолданыстағы активтерін қолдау және жаңғырту ;  
3. өңірлерді дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу ;  
4. отандық тауар өндірушілерді, отандық тауарлар мен қызметтерді қолдау .

Бюджетаралық  қатынастар – бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде елдің бюджеттік  жүйесіне түсетін кірістер, шығыс  өкілеттіліктері шектеу, тұрақты  және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу тәртібі бойынша жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызған шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізінде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртурлі мүддесінде, шығындарды қаржыландыру үшін аумақтарды біріктіру бойыншабюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктері мынадай: 
- біріншіден, мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын, бюджеттік үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық тізімі келтірілген; 
- екіншіден, берілген анықтамада бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастар да бюджетаралық қатынастарға жатқызылған. 
Бюджет жүйесі – мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық нышаны болып табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтік әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен мүмкін болатын икемділікті қамтамасыз ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған. 
Бюджетаралық қатынас – мемлекетті басқарудың негізгі мәселелерінің бірі. Саяси тұрақты қоғамды және өнімді өспелі ұлттық экономиканы құру аумақаралық айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейіше мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға мыналар жатады: 
- жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату 
- бюджеттік жүйенің әрбір деңгейінебекітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу; 
- барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздейтін кірістерді тарату. 
Қалыптасатын бюджетаралық мәнін,олардың ұйымдстырылу ретін және ерекшеліктерін зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер деңгейлеріне тәуелді, оларды деңгейаралық қатынастарға және бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға бөлуге болады. Олар: бюджеттік жүйе деңгейлері арасында тұрақты негізде шығыстар және кірістерді толық немесе бөлшектеп шектеу; бюджетаралық реттеу; бірігіп қаржыландыру шаралары бойынша және өзара қатынастарды жедел реттеу, мақсатты қолдау бойынша бюджетаралық қатынастар. 
Республика үшін бюджетаралық қатынастарды реттеу өте көкейтесті және күрделі мәселеге айналып отыр. Бюджеаралық қатынастардың жетілдірілмеуіне байланысты әртүрлі деңгейдегі билік органдарының көптеген қаржылық мәселелері өршуде. Қаржыларды орталық бюджетке шоғырландыру, әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында қарсы қаржылық ағымдардың болуы, жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері деңгейінің төмендігі – осылардың барлығы жергілікті билік органдарының, халықтың өмірлік маңызды мәселелерін шешу мүмкіндігінен айырады, сонымен қатар сәйкес аумақтарда тиімді салықтық-бюджеттік саясатты жүргізуге кедергі жасайды. 

Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы

Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.

Экономикалық  сыныптамасын топтастыру

  • шығыстарды экономикалық белгілерi бойынша топтастыратын санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады;
  • шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негізгі түрлері бойынша топтастыратын сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;
  • шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлері бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтастыратын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады;
  • бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайтын ерекшеліктер. Сыныптамалық коды 3 белгіден тұрады.

Ерекшеліктердiң  сыныптамалық кодтары шығыстардың  экономикалық сыныптамасының жоғары тұрған деңгейлерiнiң сыныптамалық кодтарынан бөлек қолданыла алады және әртүрлі санаттарда, сыныптарда, iшкі сыныптарда қайталанбауға тиіс.

Экономикалық  сыныптама санаттары

  • ағымдағы шығындар - мемлекеттік мекемелердің өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты шығындары;
  • күрделi шығындар - негiзгi капиталды құруға, қалпына келтіруге немесе сатып алуға байланысты шығындар;
  • бюджеттік кредиттер - қайтарымды, мерзімді және ақылы негізде бюджеттен бөлiнетiн ақша;
  • қаржы активтерiн сатып алу - мемлекеттiк меншiкке заңды тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi операциялармен байланысты шығыстар;
  • қарыздарды өтеу - қарыздар бойынша негізгi борышты өтеуге жұмсалатын шығыстар.

Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының негізiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi органымен ерекшелiктердiң анықтамасы мен ерекшелiктер бойынша шығындардың тiзбесi көрсетiлетiн бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінiң құрылымын жасайды және бекiтедi.

Бірыңғай  бюджеттік сыныптамасы

Қазақстан Республикасының  Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасы (бұдан  әрi - Бюджеттік сыныптама) бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектілерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады.

Бюджеттiк сыныптама  Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң  барлық деңгейдегi бюджеттерi көрсеткiштерiнiң  салыстырмалығын қамтамасыз етедi және бюджеттiк сыныптаманы бюджеттi жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган заңнамалық кесiмдердiң, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының негізiнде әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Бюджеттік сыныптама  мыналарға бөлінеді:

  • бюджет түсімдерінің сыныптамасы;
  • бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;
  • бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы.

Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы мыналардан тұрады:

  • түсiмдердiң экономикалық белгілерi бойынша топтамасын бiлдiретiн санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады;
  • түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтайтын сыныптар. Сыныптамалық коды 2 белгіден тұрады;
  • түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтайтын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;
  • бюджетке түсетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайтын ерекшелiктер. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады.

Бюджет түсімдерінің сыныпмасы

  • салықтық түсiмдер;
  • салықтық емес түсiмдер;
  • негізгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;
  • ресми трансферттерден түсетiн түсiмдер;
  • бюджеттік кредиттерді өтеу;
  • мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
  • қарыздардың түсiмi;
  • бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы

Информация о работе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ