Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары
Автореферат, 13 Ноября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Біріншіден, қазіргі кездегі әлемдік экономиканың елдері жаһандану әсерінен әлемнің басқа елдерімен көпжақты ынтымақтастықты интенсивті түрде дамыта бастады. Оның бірден-бір себебі – бірқатар жаһандық проблемаларды бірлескен күштермен шешудің қажеттілігі, табиғи ресурстарды және инфрақұрылымның бірлескен объектілерін тиімді пайдаланудың қажеттілігі және т.б. Ол елдер деңгейінде де, кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінде де интеграцияның барлық формаларын жүзеге асырумен өрнектеледі.
Работа содержит 1 файл
Әлемдік шаруашылық және.doc
— 322.50 Кб (Скачать)
1995 жылы
жасала бастады және соңғы
жылдары өсудің тұрақты
Өзара байланыстың өсуін ІЖӨ-нің елдердің экспорты мен импортының, инвестициясының корреляциясы көрсетеді. Қағида бойынша ішкі сауда айналымының өсуі жоғары болса, ІЖӨ-нің де өсуі жылдамдайды да, халықтың да жан басына шаққандағы тұтынуы өседі. Бұл көрсеткіш айтарлықтай корреляцияланады және зерттеу барысындағы есептеу көрсеткендей Қазақстанда сауда айналымы 1%-ға өзгерсе, ІЖӨ 4% –ға өседі, ал экспорт 1%-ға өссе, ІЖӨ зерттеу кезеңінде орташа есеппен 1,337% –ға, сондай-ақ импорт өссе 1,48% –ға жоғарылайды. Ресейде бұл көрсеткіш одан да жоғары. ТМД елдерінің өзара сауда айналымындағы үлесі №16 кестеде көрсетілген.
Елдердің экономикасы көптеген позиция бойынша бірін-бірі толықтырады, яғни ішкі нарықта бәсекелесуші болып табылады. Егер де тауар номенклатурасын негізгі бөлімдеріне талдау жасасақ ынтымақтастықтың әр түрлі елдерінде тауар топтарының бірдей екенін байқауға болады. Сауда байланыс серіктестерін таңдауда мынадай факторлар ықпал етеді: елдердің арақашықтығы және транспорттық жүктерге тарифтың болуы. Зерттеу жүргізу барысында елдердің интеграциялануының дәрежесін өлшеу қажеттілігі туындады. Нақты бір жағдайды айтуға болады, егер де сыртқы сауда айналымы жедел өссе, әлемдік шаруашылықта елдер экономикасының интеграциялану процесі жоғары болады. Бұл құбылыстың сандық көрінісі екі төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады: республиканың әлемдік шаруашылыққа интеграциялану жылдамдығы және халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу дәрежесі. Елдердің интеграциялануының жылдамдығын тек дамыған немесе экономикасында жағымды қарқыны бар елдер ғана қолданады.
ТМД
елдерінің интеграциялық
Салыстырмалы талдау көрсеткендей интеграцияның мүмкіндіктері жеткіліксіз көлемде іске асты. Оның себебі:
біріншісі: бір жақты тәртіпте әлемдік шаруашылыққа интеграциялану міндеті шешіліп жатыр. Бұл жағдайда көптеген елдер «Үлкен Қытай экономикасы» немесе экономикалық күштер орталықтарының басқа жүйелерінің айналымына тартыла отырып, өте күшті құрылымдар тарапынан жұтылады.
екіншісі: ресурстарды, инфрақұрылымды және басқа құндылықтарды оңтайлы қолдануға қабілетті өзіндік интеграцияланушы қауымдастықтың қалыптасуы жеделдетіледі, ол жаһанданудың күштеріне қарсы тұра отырып, қоғамның мүдделеріне сай, халықаралық істерде дербес рольді атқарады.
Мұның барлығы интеграциялық
процестің қажетті салдарын
Мүмкін
сондықтан да, экономикалық ұйымның
алуан түрлілігі ретіндегі
Үшіншілердің сценариі бойынша посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық қозғалыстардың болашағын әр түрлі бағалау еуроазиялық одақты бағалауға лайық келеді. Егер әлемнің көп полярлық жалпы қозғалысына сүйенсек, онда ірі аймақтық полюстердің бірінің ролін бүкіл посткеңестік кеңістіктің атқаруы өте шынайы деп қарастырылады. Ірі аймақтық полюстер әлемдік-геосаяси тепе-теңдікті сақтауға қатысады, сонымен қатар өзіндік жеке мүдделерін ұмытпайды. Мұнда посткеңестік кеңістіктің ұжымдық қауіпсіздігі жөнінде сөз болып отыр.
Посткеңестік
кеңістіктегі интеграциялық дамудың болашағын
жоспарлай отырып, мынаны айту керек. Интеграциялық
процестерді дамытуға бағытталған негізгі
шаралар және оларды жүзеге асырудан күтілетін
әсерлер Достастық елдерінің экономикалық
ынтымақтастығын дамытудың басымды өзекті
бағыттарын көрсету көзделіп отыр. Бұл
жерде біз шаралар жүйесін былайша дифференциалдауымыз
керек.
Кесте 6 - Елдердің одақтарға табысты интеграциялануының критериялық шарттары
| № | Елдер | Инфляция қарқыны, % | Қойылым деңгейі, % |
Бюджеттің тапшылығы % | ІЖӨ-ге қатыс-ты, тапшылығы % | Мемлекеттік қарыз ІЖӨ-ге % есебінде | Бағалаудың тербелістер шегін сақтау | |
| несие бойынша | депозит бойынша | |||||||
| 1. | Әзірбайжан | 93,78 | 18,2 | 7,0 | +0,01 | 0,7 |
20 | + |
| 2. | Армения | 111,91 | 23,6 | 11,8 | -1,7 | -1,6 | 31 | + |
| 3. | Беларусь | 294,52 | -14,1 | -21,9 | -0,7 | -0,2 | 8 | + |
| 4. | Грузия | 134,37 | 22,6 | 3,1 | - | - | 42 | + |
| 5. | Қазақстан | 142,29 | - | - | +1,2 | -0,03 | 39 | + |
| 6. | Қырғызстан | 190,48 | 30,4 | 5,6 | +0,3 | 1,2 | 109 | + |
| 7. | Молдова | 224,27 | 18,9, | 11,1 | +0,3 | 1,9 | 84 | + |
| 8. | Ресей | 347,76 | -3,6 | -16,7 | +3,4 | 2,7 | 60 | + |
| 9. | Тәжікстан | - | - | - | +1,1 | 1,5 | 100 | |
| 10 | Украина | - | - | - | +1,7 | 2,2 | 38 | |
| Сілтеме - [33] әдебиет бойынша құрастырылды. | ||||||||
Қорытынды
Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде келесі қысқаша қортындылар мен тұжырымдар жасауға болады.
1.
Халықаралық экономикалық
2.Теория
өкілдері халықаралық
- кедендік одақ шеңберінде құрылатын экономикалық алғышарттар. Бұл сауда кедергілерін жоюды, процеске белгілі бір үйлестіруші тәртіпті еңгізуді білдіреді, мүше-елдердегі өндірістің өсуі үшін қажетті алғышарттарды қалыптастырады, халықтың әл-ауқатын жақсартады, халықаралық мамандануға жағдай жасайды оған (өндірісті дамыту, жұмыстастылықты арттыру, әлеуметтік тұрақтылық) қол жеткізу жолындағы ортақ мақсаттарды шешуге және осы жолда бірігіп қызмет етуге мүмкіндік береді;
- экономикалық емес алғышарттар. Халықаралық экономикалық интеграцияның үстем алғышарттарының бірі ретінде сыртқы саяси факторы табылады, ол елдің сенімді қорғалыс қабілеттілігін, «элиталық» клубтарға кіру беделін қамтамасыз етуден көрінеді;
- ғаламдық проблемалар, олар табиғи ресурстардың энергия тасымалдағыштардың, шикізаттың және т.б. «шектеулілік факторын» жою, сондай-ақ технологиялық факторлардың ерекше маңыздылығын көрсетеді;
- қазіргі таңдағы шаруашылық өмірдің интернационализациялануының жоғарғы сатысы ретінде экономикалық интеграция мүше-елдер арасында терең халықаралық еңбек бөлінісін, интенсивті тауар, қызмет, капитал, жұмыс күші айырбасын жүзеге асырады, өндірісті жалпылау процесін неғұрлым жоғары деңгейге көтереді, бұл интеграциялық бірлестіктер көлемінде экономикалық процестерді мақсатты, жоспарлы түрде ұйымдастыруды және реттеуді талап етеді.
3.
Халықаралық экономикалық
байланыстар және ұлттық шаруашылықтар арасындағы еңбек бөлінісі, әр түрлі деңгейдегі және әр түрлі формадағы олардың өндірістік құрылымдарының өзара әрекеттесуі негізінде елдердің шаруашылық-саяси бірлесуі процесі.
4. Зерттеу барысында интеграцияның жалпы заңдылықтары анықталды:
- интеграцияға дейін әрекет еткен кедендік тарифтердің деңгейі неғұрлым жоғары болса, олардың алып тастау нәтижесінде сауданы құру әсері оның ауытқуы әсерінен босым болады деген ықтималдық солғұрлым жоғары болады. Интеграцияға дейін әрекет еткен кезендік тарифтердің деңгейі неғұрлым төмен болса, оларды алып тастау нәтижесінде сауданың ауытқуы әсері оны құру әсерінен басым болады деген ықтималдық солғұрлым жоғары болады;
- интеграцияланушы елдердің үшінші елдерге қатысты белгіленген жалпы кедендік тарифінің деңгейі неғұрлым төмен болса, сауданың ауытқуы әсерінің басым болу ықтималдығы солғұрлым аз болады;
- бір-бірімен неғұрлым көп ел интеграцияланса, және олардың көлемі неғұрлым көп болса, сауданы құру әсерінің басым болу ықтималдығы солғұрлым жоғары болады.
Бұл жағдайда әрбір ел салыстырмалы түрде аз шығынмен өндіре алатын тауарларға маманданады және оларды экспорттайды.
Интеграциялық бірлестікті құруға дейін интеграцияланушы елдер арасындағы сауда көлемі неғұрлым үлкен болса, сауданы құру әсерінің басым болу ықтималдығы солғұрлым жоғары болады.
5.
ТМД-да аймақтық интеграцияның
даму диалектикасына оның
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шешуші ерекшеліктерінің бірі – бұл олардың экономикалық потенциалдарының сәйкессіздігі. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы саудасының басқа елдерге бағдарлануы Достық мемлекеттерінде әр түрлі көзқарастардың туындауымен қатар жүреді. ТМД-ның ішінде эквиваленттіліктің күшеюі тенденциясы байқалды.
Достастыққа кірмейтін мемлекеттермен сауда да олардың саудалық балансындағы теңсіздіктің ұлғаюы байқалды.