Каспий банк
Реферат, 28 Октября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
kaspi bank-і қашанда қызмет сапасы мен бірқалыпты жүйелі түрде дамуға ден қойып, өзінің консерваторлығымен ерекшеленетін. kaspi bank-тің командасы көрші нарықтарды бағындырмаса да ел ішінде қазақстандықтар мен қазақстандық бизнеске ерекше мән береді.
Работа содержит 1 файл
каспий банк.docx
— 146.89 Кб (Скачать)Каспий банк жайлы
Қазақстандық
банктердің бірінен-бірін ажырата алмайтын
кез өтті. Әрқайсының өз стратегиясы, философиясы
мен мақсаты бар.
kaspi bank-і қашанда қызмет сапасы мен
бірқалыпты жүйелі түрде дамуға ден қойып,
өзінің консерваторлығымен ерекшеленетін. kaspi
bank-тің командасы көрші нарықтарды бағындырмаса
да ел ішінде қазақстандықтар мен қазақстандық
бизнеске ерекше мән береді. Мұндай шешімнің
себебі де қарапайым. Біз, тұрғындардың
жақсы банк қызметі мен сенімді қаржы
серіктесіне мұқтаж екенін көріп отырмыз.
Сондайлардың 1 миллионнан астамы бүгінде kaspi
bank-інің клиенті, соның ішінде 8 мыңнан
астамы орта және шағын компаниялар. Банк
ең ірі филиалдар желісінің бірін құрды
және адамдар көптеп сауда жасайтын үлкен
дүкендердің кез келгенінен біздің қызметкерлерді
кездестіре аласыз. Біз солардың біраз
бөлігі, дәлірек айтқанда 1,5 миллионы (берілген
жедел несие көлемі) біздің қатысуымызбен
іске асқанына қуаныштымыз.
Қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарта отырып, kaspi bank-і ең жақсы бөлшекті банк болуға ұмтылуда. Бұл талпыныстың астарында шын мәнінде сапалы өзгерістерге деген ниет бар.
Клиенттеріміз өз ақшалары мен банктің қаражатына емін-еркін қол жеткізу мүмкіндігі мен мобильді болғанды бағалайтындықтан, біз үнемі ақпараттық технологияларды инвестициялаймыз. Банк бұл бағытқа 2 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Қазір сіз жедел несие, ал кейін банктің өзге де өнімдерін орналасқан және тұрғылықты жеріңізге қарамастан ел ішінде, кез келген бөлімшеден ала аласыз.
Банк корпоративтік
басқарудың жоғары стандарттарын қалыптастыруда.
Олай болса,kaspi bank-інің директорлар
кеңесінде ірі компанияларда басқару
тәжірибесін жинаған адамдар жұмыс істейді
деген сөз («Банк жайлы» айдарды қараңыз).
Батыс нарығының мінсіз іскерлік беделі
бар кәсіпқойлары өздерімен бірге жақсы
бизнес-тәжірибелерінkaspi
bank-іне әкеліп енгізуде. kaspi bank-інің
меншік құрылымының түсінікті, қарапайым
әрі ашықтығы – мықты бәсекелі артықшылық.
Бізге сенім артатындықтан, ірі халықаралық
инвесторлардан қаржы аламыз. Алайда біз
салымшыларымыз болып келетін қазақстандықтардың
консервативтік стратегиямызды түсініп,
қолдайтындығын бәрінен де ерекше бағалаймыз.
Бұл сенімнің ең жоғарғы деңгейі. kaspi
bank-і осы жауапкершілікті сезіне отырып
өзінің консервативтік даму стратегиясын
жалғастырады.
АЛМАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТОБЫ
«Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы» сақтандыру компаниясы (АХСТ):
- Қазақстанның сақтандыру нарығында бұрыннан келе жатқан ойыншылардың бірі. АХСТ 1994-жылы Лондондық «City Commercial Services» компаниясымен құрылып, Қазақстанның сақтандыру саласындағы бірінші халықаралық бірлескен кәсіпорын болып орнықты.
- SGS компаниясының швейцариялық кеңсесінің жетекшілігімен сыртқы аудит жүргізіп, ISO 9001:2000 халықаралық стандарттар сапасының сертификаттауынан өткен Орта Азия мен Қазақстандағы тұңғыш сақтандырушы.
- Қазақстан, сондай-ақ шетел нарығындағы Халықаралық брокерлік компаниялардың сенімді клиенті.
МЕНШІК ҚҰРЫЛЫМЫ
«Kaspi Bank» АҚ 2001-жылдың желтоқсанында сақтандыру компаниясының 100% акциясын сатып алды да жалғыз акционері болды.
АХСТ
директорлар кеңесінің
төрағасы
Михаил Ломтадзе
| «Компанияны дамыту үшін жасалатын басты қадам – жаңа сақтандыру өнімдерін жасау және енгізу арқылы сақтандыру қызметі нарығындағы үлесін көбейту. Басымдылықта – бөлшекті сатылымдардың есебінен өсу». |
АХСТ
басқарма төрағасы
Евгений Цхай
| «Компанияның қаржылық тұрақтылығы «үш алып» – тұрақты өсетін меншікті капиталы, қолданыстағы заңның қатаң сақталуы, сондай-ақ шетел нарығындағы қайта сақтандырудың тиімді жүйесі арқылы жасалады. Біздің есептік деректеріміздің шынайылығы «Ernst & Young» (2002-2003) және «Deloitte & Touche» (2004-2006) халықаралық аудиторлық компанияларымен расталған. |
БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ
Қазақстандағы мемлекеттік және коммерциялық, сондай-ақ аккредиттелген шетелдік ұйымдар мен компаниялар бізге өзінің сақтандыру қорғанысын сеніп тапсырады, олар:
- «Kaspi Bank» АҚ
- Азиялық қайта құру және даму банкі
- Kazakhmys
- Saipem
- UNESCO
- Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімдік орталығы
- Buzachi Operating
- Торғай-Петролеум
- «Turkish Petroleum International Company» филиалы
- «Ферст Интернешионал Ойл Корпорейшн Лимитед» филиалы
- «Сазанқұрақ»
- «Адай Петролеум Компани»
- «Сағыз Петролеум Компани»
- «Прикаспиан Петролеум Компани»
- ҚР шет мемлекеттердің елшіліктері және т.б.
|
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Жылдам
- Картаны 15 минутта алуға болады
- Санаулы ғана құжаттар
Тиімді
- Несиені пайдаланғаны үшін 55 күнге пайызсыз әрі тегін*
- Халықаралық VISA картасы тегін ресімделеді
- Тауар мен қызмет ақысын төлегенде ешқандай комиссия төлемейсіз
- Тек қана жұмсалған ақшаға карта бойынша пайыз есептеледі
- Комиссиясыз әрі артық төлемсіз мерзімінен бұрын өтеуге болады
Ыңғайлы
- Карта бүкіл әлем бойынша жұмыс істейді**
- Әрбір төлеген сайын ақша картаға түседі, оны қайтадан пайдалануға болады
НЕГІЗГІ ШАРТТАР
Несиенің шарттары
- Несие сомасы - 350 000 теңгеге дейін
- Несиелеу мерзімі – 20 жылға дейін
- Ең аз төлем – не бары несие лимитінің 7%
Картаны оңай алуға болады
- Банктің кез келген бөлімшесіндегі менеджерге жолығыңыз
- Сауалнаманы толтырыңыз
- Картаны алыңыз да, әрқашан ақшаңыз болсын!
Оңай төлеуге болады
- Банктің Қазақстан бойынша кез келген бөлімшесінде немесе «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелерінде төлеуге болады
Қажетті құжаттар ***
- Жеке куәлік
- СТН
- ӘЖК
* Бас шарттардағы
жеңілдікті кезеңнің қолданылу талаптарына
сәйкес ССК-да (сауда және сервис кәсіпорындары)
сатып алынған тауарларға, жұмыстар мен
қызметтерге электрондық терминалдың
көмегімен және карточканы пайдаланып
ақы төлеген кезде жеңілдікті кезең қолданылады.
Тарифтік жоспарда көзделген шығыс операцияларына
қатысты қолданылатын несиелеудің жеңілдікті
кезеңінің қолданылуы тиісті шығыс операциялары
жасалған Есеп айырысу кезеңі басталған
күннен бастап 55 (елу бес) күнтізбелік
күн өткеннен кейін, атап айтқанда, тиісті
Есеп айырысу кезеңінің қорытындысы бойынша
берілген Шот-көшірмеде көрсетілген несиелеудің
жеңілдікті кезеңі аяқталған күннен кейінгі
келесі күні тоқтатылады.
** VISA қызмет
көрсетілетін барлық сауда кәсіпорындары
мен банктерде
**** Банк қажет
болған кезде қосымша құжаттарды сұрату
құқығын өзіне қалдырады
|
|||||||||
| |||||||||