Катиондар мен аниондарды анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:29, реферат

Описание работы

Қосарласып кездесетін элементгерді талдауда бөлшектеу және жүйелі таддау әдістері қолданылады.
Сапалық талдаудың химиялық әдісіндегі аналитикалық сигнал – бұл химиялық реакция кезіндегі байқалатын сыртқы әсер: тұнба түзілуі, тұнба еруі, тұнба түсінің өзгеруі, ерітінді түсінің өзгеруі, газ бөлінуі, белгілі пішінді кристалдардың түзілуі, жалынның боялуы. Аналитикалық сигнал аналитикалық реакция нәтижесінде байқалады.

Работа содержит 1 файл

лабы аналитика.doc

— 222.00 Кб (Скачать)

Тұнба стаканның түбіне жиналған соң, оның толық түскендігін бірнеше тамшы тұндырғыш қосу арқылы тексереді. Ерітіндідегі тұнба кемеліне жетіп, толық тұнбаға түсу үшін келесі сабаққа дейін қалдырады (тұнба ескіру үшін).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14-ші зертханалық жұмыс

 

Барий сульфатын гравиметрлік әдіспен анықтау (жалғасы)

 

 

Тұнбаны сүзу, жуу, қыздыру. Тұнба тығыз сүзгі (көк түсті белгілі) арқылы сүзіледі. Сонан кейін оны дистилденген сумен (хлорид иондары жоғалғанша) жуу керек. Су тұнбаға аз мөлшерде құйылады. Бірнеше рет жуылғаннан кейін жуынды суларды хлорид-иондарына тексереді. Тұнбаны декантация әдісімен сүзгішке аударады. Қүйғышты сүзгішпен бірге шамалы кептіру үшін кептіргіш шкафқа салады. Сонан соң тұнбаны сүзгішпен коса алдын-ала тұрақты массаға келтірілген тигельге салып  900°С температуралы муфельді пеште күйдіреді. Бірінші рет тигельді бір сағат күйдіреді, содан соң пештен алып, суытып, өлшейді. Екінші рет муфельде 30 минут ұстайды да суытып тағы өлшейді. Осы екі жағдайда өлшеген тигельдің массасы бірдей болмаса, үшінші рет тигельді пеште 20 минут күйдіріп өлшейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15-ші зертханалық жұмыс

 

Барий хлоридінің құрамында барийді есептеу

Гравиметрлік талдау әдісіндегі есептеулер

Өлшеу мәліметтері:

1. Тигельді тұрақты массаға жеткізу.

Бос тигельді 900°-1000°С температуралы муфельді пеште тұрақты

массаға дейін күйдіреді.

Бос тигельдің массасы (mтигель)

1-ші өлшеу - ________

2-ші өлшеу - ________

2. Барий сульфаты тұнбасын өлшеу нәтижесі:

а) Тигельдің BaS04-neн массасы (mтигель  + mBaSO4 )

1-ші өлшеу - ________

2-ші өлшеу - ________

б) BaS04-тiң массасы (m BaSO4)

(mтигель  + mBaSO4 ) - (mтигель) = _________

 

3. Сульфаттың массасын есептеу

Сульфаттардың мөлшерін граммен алып мына формуламен есептейді:

m(S04) = m(BaS04 ) ∙ Mr(SO4)/ Mr(BaS04) = m(BaS04 ) ∙ F

Мүнда m(BaS04) — тұнбаның массасы,

F = Mr(SO4)/ Mr(BaS04) -   гравиметрлік   фактор   (немесе   қайта   есептеу

факторы), ол анықталатын компоненттің салыстырмалы молекулалық массасы мен гравиметрлік формасы қатынасымен стехиометриялық коэффициенттер есепке алынып анықталады.

4. Қорытынды

Анализденген ерітіндідегі сульфаттың массасы _________ (г) тең.

 

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Катиондар мен аниондарды анықтау