Көмірледің қабаттық кокстелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 19:59, реферат

Описание работы

Кокстелу деп - көмірлерді 900 – 10000 С температурада,оларды ауа қатысынсыз қыздырып,кокс деп аталатын қатты көмір қалдығын алу арқылы, сонымен қоса химиялық қосылыстар және заттар ұшқыш булы газды өнімдерден кондицсирленіп және айырылып алынатын көмірлерді (көмірлі қоспаларды) өңдеу процесін атайды. Көрініп турғандағыдай, кокстелу жоғары температуралық процесс, сондықтан да оны кейде жоғары температуралық кокстелу деп те атайды, төменгі температуралық немесе жартылай кокстелуден де айырмашылығы да осында.
Кокстелу көмірлерді термиялық өңдеудің неғұрлым өте кең масштабты саласы болып табылады. Кеңес одағы кокс өндiрiсi бойынша әлемде бiрiншi орын алған, жылдық өндірісі 80 – 85 млн.т . Бұл үшін кокстелетін деп аталатын жылына 150 млн.т тас көмір қайта өңделеді. Бұл көмірлер нақтылы қасиеттерге ие болуы керек, оның ішінде негізгісі болып табылатыны – жымдасуы.

Работа содержит 1 файл

Көмірледің қабаттық кокстелуі.doc

— 207.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

72 – сурет.

Термиялық өңдеу кезіндегі пластикалық көмір массасының тұтқырлығының қисықтық өзгерісі

 

 

 

 

 

 

 

73 – сурет     Гизелер пластометрі

1. калпачок 2. күрекшелермен бірге вал 3. болат түтік 4. көмір 5. муфта 6. түзіле бастаған муфта 7. корпус 8. түтік 9. бұрып жіберетін түтікше 10. ұстағыш 11. подшипник 12. ось 13. шкив 14. шкала 15. көрсеткіш 16. жүк

              Гизелер әдісі: Гизелер пластометрінің негізгі бөлігі болып скребкамен бірге вертикальды стержн түріндегі көмірдің тығыз көлемі болатын және жүктің айналуымен өткізілетін ротор болып табылады. (73 – сурет) Қыздыру кезінде бірдей уақытты қызған көмір қорғасын моншасында пластикалық күйге енеді.

 

74 – сурет

Көмірлердің Газелер бойынша тұтқырлық қыйсықтары

1. Ж маркалы көмір; 2,3,4,5 – Г +Ж қоспасы 6. Г маркалы көмір

 

 

 

 

 

 

 

Кокстағыш пеш

1 - камера; 2 – қыздырғыш кеңістік; 3 – жүктелетін шихтаның деңгейі; 4 - горелкалар; 5 – қыздыру дәрежесі.

Жартылай кокстелуге арналған көмір пештің жоғарғы бөлігіне түседі. Пеш үш бөліктен тұрады: жоғарғы бөлігі ( кептіру және алдын ала қыздыру), ортаңғы (жартылай кокстелу) және төменгі (жартылай коксты салқындату). Жоғарғы бөлікте 150°С – та алдын ала қыздырудан және кептіруден кейін көмір ортаңғы бөлікке түседі. Бұл жерде көмір 600—750 °С дейін қыздырылған токка қарсы енгізілген газдардың көмегімен жартылай кокстелуге ұшырайды. Төменгі бөлігінде 100—150°С – та салқын газдармен жартылай кокстың құрғақ салқындатылуы жүзеге асады. Рециркулирлегіш газдардың температурасын  жоғарғы бөлігінде 280°С – тан төмен емес температурада ұстап тұрады.Жартылай кокстелуден түзілген газ конденсаторда судан және шайырдан босатылады.

Салқын газдың бір бөлігі жартылай кокстың салғындатылу бөлігінде рециркулирленеді. Жүктегіш құрал арқылы жартылай коксты түсіреді. Осындай әдіспен пештің өнімділігі реттеліп отырылады.

 

11 – сурет. Ішкі жылытқыш газды жылутасмалдағыш пештегі жартылай кокстелу
1 — бункер; 2—газды жылутасмалдағышы бар пеш; 3—алдын алу қыздыру және кептіру зонасы; 4— жартылай кокстеу зонасы; 5 —салқындату зонасы; 6—өртеу камералары; 7 — алдын ала салқындату зонасы; 8 — электрофильтр;  9 — салқындатқыш; 10 — айырғыш.

Түсірілген жартылайкокс бункерлік камераларға түседі содан кейін автоматты түрде ленталық конвейерге беріледі. Өртеу камерасы сұйық жанар май үшін форсункамен жабдықталған. 250°С – қа дейін қыздырылған циркулирлендіргіш газ шайыр буымен бірге пештен шығады. Сулы конденсатты бүрку алдын ала салқындатқыштағы температураның 120°С дейін түсуін қамтамасыз етеді. Содан кейін шайырды электрофильтрде толығымен бөліп алады және газды құбырлы салқындатқышта қосымша салқындатады.

 

 

 

        Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

             Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

 

 

Химия факультеті

 

 

Химиялық техология және экология кафедрасы

 

 

 

 

 

        Баяндама

Тақырыбы: «Көмірлердің қабаттық кокстелуі»

 

 

 

 

 

 

Орындаған: ХТНВ-31 тобының

                     студенті Балташ Д. С

Қабылдаған: Каримова А. Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды, 2011

             



Информация о работе Көмірледің қабаттық кокстелуі