Коферменттер

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 16:37, реферат

Описание работы

Коферменттер-құрамында белок жоқ органикалық қосылыстар көптеген ферменттер витаминге жатады немесе витаминдер туындысы болып табылады.Коферменттерге активтік тобы бар витаминдер тиаминпирофосфат (в1 витаминнің туындысы ),никотинамидті коферменттер (РР витамині бар) жатады.

Содержание

I.Кіріспе:
Коферменттер туралы жалпы түсінік
II.Негізгі бөлім:
б)Коферменттердің түрлері
в)Коферменттердің химиялық құрылымы мен қызметі
с)Коферменттердің классификациясы
III.Қорытынды:
Дәрумендер.Олардың түрлері. Маңызы.

Работа содержит 1 файл

Орг. СРС..doc

— 1.17 Мб (Скачать)

Пиридоксальфосфат амин  қышқылдарының трансминаза мен  декрбоксилаза ферменттерінің простетикалық  топтары болып табылады. Трансминаза  – кетоқышқылға NH2- тасымалдануын  катализдейтін фермент, декрбоксилаза –биогенді аминдер түзілуімен  жүретін аминқышқылдарының карбоксил  топтарының СО2 қайтымсыз  үзілуін қамтамасыз етеді. Осыдан басқа, пиридоксальфосфат  құрамында  кқкірт бар амин  қышқылдарының өзгерісіне, серин, треониннің тотықпай дезаминдену, триптофанның тотығу реакцияларына қатысады.    

В6 авитаминозының белгілері: 

Пиридоксин авитаминозында амин қышқылдары мен белок¬тардың алмасуы  бұзылады, қанның түзілуі нашарлайды, жалпы мөлшері азайып, анемия ауруы  пайда болады. Жас балалар мен  мал төлінің бойларының өсуі баяулап, салмақтарын жоғалтады. Жас сәби балалар пиридоксині аз жасанды тамақпен тамақтанғандықтан, В6 авитаминозымен жиі ауырады, ондайда балалардың терісі қабынып, нерв жүйесі зақымданады.

В6 гипервитаминоз белгілері: 

Сезім мүшелеріне зақым келу, дене мүшелері тырыс қалу.

 

                 В12 дәрумені (антианемиялық)

 В12 дәрумені -  кобаламин. Антианемиялық дәрумен. 1948 жылы кристалды түрде бауырдан бөліп алған. В12 дәруменін кейде  цианокобаламин деп атайды. Себебі: молекуласы коррин ядросын  түзетін төрт тотықсызданған пирролды сақинаның азот атомымен, 5-6 диметилбензимидазолдың азотымен және цианид-атомымен байланысқан  орталық үш валентті кобальт атомынан тұрады. Сонымен қатар, В12 дәруменінде CN- тобының орнына ОН-тобы (оксикобаламин), хлор (хлоркобаламин), Н2О (аквокобаламин) және азот қышқылы (нитрокобаламин) сияқты туындылары болады.

 

 

Алмасу процестерінде  В12-кофермент немесе кобаламидтік коферменттер деп аталатын коферменттері қатысады. Кобаламидтік коферменттерде екі түрлі лигандалар: метильді және 5-дезоксиаденозилкобаламин болады. Осыған орай, метилкобаламин (СН3-В12) және дезоксиаденилкобаламин деп аталады. Метилкобаламин трансметилдену реакциясларына қатысады.

В12 витамині авитаминозы

В12 витамині авитаминозында организм қатерлі анемия (пернициоздық анемия) Аддисон-Бирмер ауруына шалдығады. Пернициоздық анемияда қанда мегалоциттер – көлемі үлкен жетілмеген қызыл түйіршіктер көбейіп, олардың қан айналымындағы жалпы саны азаяды. Ауру адам күніне 100-200 мкг В12 витаминін қабылдаса, екі жұмадан соң сауығады. В12 витамині организмде гомоцистеиннен метиониннің синтезделу процесін тездетеді, авитаминозында зәрде гомоцистеин көбейеді де, метионин азаяды. Бұл витамин метилмалонил-КОА-ның сукцинил-КОА-ға айналуын тездетеді. Авитаминозында метилма¬лон қышқылы организмде жиналып, нерв ұлпаларына улы әсер етеді, жұлында дегенерациялық өзгерістер байқалады, асқазан сөлінің қышқылдығы төмендейді.

В12 витамині гипервитаминозы:

Өкпе қызметінің бұзылуы, жүрек-қан тамырына кері әсерін тигізеді. Және т.б

В15 витамині (пангам қышқылы, антианоксикалық)

В15 витамині алғаш рет 1950 жылы ірі қара малдың бауырынан, кейіннен көптеген өсімдіктердің тұқымдарынан бөлініп алынады, сондықтан бұл витаминді пангам (грек. пан – барлық жерде, gamі – тұқым) қышқылы деп атайды. Пангам қышқылы табиғатта өте кең таралған. Химиялық құрылымы, құрамы синтездік жолмен дәлелденген.Химиялық тұрғыдан пангам қышқылы глюкон қышқылы мен диметилглициннің эфирі:

 
 


 
В15 витамині суда жақсы еритін, эфирде, хлороформда, бен–золда ерімейтін кристалды ақ түсті борпылдақ зат. Осы уақытқа дейін бұл витамин адам организмінде синтезделетіндігі, немесе ас арқылы түсетіндігі белгісіз.В15 витаминінің тағам көздері: бауыр, әр түрлі өсімдік дәнде–рі, ашытқы т.б.

Биомедициналық  қызметі

В15 витаминінің биомедициналық маңызы толық зерттелмеген. Пангам қышқылы организмді оттегінің жетіспеушілігінен (аноксия) сақтайды, ұлпалардағы тотығу процесінін энергетикалық мүмкіншілігін арттырады. Витамин құрамындағы глюконат қалдығы бұлшық ет пен бауырдағы гликоген синтезіне ықпал етеді, ал метил топтары оның метил топтарын тасымалдауға қатысатынын байқатады. Пангам қышқылы гуанидилсірке қышқылының метилденуіне, одан креатин мен холиннің пайда болуына әсер етеді. Бұл витаминді организмге енгізгенде креатин мен креатинфосфаттың мөлшері бұлшық етте көбейеді, бауырда холинфосфатидтердің синтезі жеделдейді. Пангам қышқылы майлардың алмасуына ықпал жасап, олардың бауырда жиналуына кедергі келтіреді (липотроптық қасиеті). Қазіргі кезде В15 витамині клиникалық, авиациялық, спорттық медицинада қолданылып жүр. Кальций пангаматы инфаркттың алдын алу және инфаркттан кейінгі емдеу кезінде қолданылады. Пангам қышқылы организмге шамадан тыс функциялық ауыртпалық түскен кезде, жүректің бұлшық еттерінде креатин мен креатинфосфаттың азаюына кедергі келтіреді.

Вс витамині (фоль қышқылы,птероилглютамин, антианемиялық)

Вс витамині ең алғаш 1945 жылдары өсімдік жапырақтарынан бөлінген (лат. folіum – жапырақ). Бұл витамин туралы алғашқы мағлұмат 1940 жылдары балапандарға жасалған тәжірибе нәтижесінде алынып, олардың қалыпты өсуіне қажеттілігі анықталды («с» индексі – ағылшынша chіcken – балапан). Фоль қышқылының химиялық құрылымы анықталмай тұрып кейбір бактериялардың коректік ортада парааминобензой қышқылын керек ететіндігі белгілі болады, керісінше, бұл қышқылға ұқсас сульфаниламидті қосқанда бактериялардың өсуі тежелген. Қазіргі кезде парааминобензой қышқылының өсу процесін тездететіндігі, оның фоль қышқылының құрамына енетіндігі  анықталды. Фоль қышқылы үш құрамнан тұрады: птеридин қалдығы (І), парааминобензой (ІІ) және L-глютамин (ІІІ) қышқылдары:

 
 


 
Фоль  қышқылының бірнеше түрлері белгілі, олар бір-бірінен химиялық құрылымы, құрамы жағынан өзгешеліктері бар, соған байланысты атаулары да өзгеріп  отырады.Фоль қышқылы ұсақ кристалды, сары түсті, дәмсіз, иіссіз, суда орташа еритін (25 мг/л), спирт ерітінділерінде жақсы еритін, эфирде, ацетонда, хлороформда ерімейтін зат. Жарықта көп тұрса бұзылады, ауада сақталады, 250°С балқиды.

Вс витаминінің тағам көздері: бауыр, нан, түсті қырыққабат, саумалдық, сыра, нан ашытқылары және т.б.

Фоль қышқылы көптеген ферменттердің коферменті ретінде  бір көміртегі бар қалдықтарды  тасымалдауға қатынасады. Мысалы: метил тобын (-СН3) – метионин мен тимин, оксиметил 
(-СН2ОН) тобын – серин, формил ( ) тобын – пуриндік негіздер биосинтездерінде тасымалдайды. Жоғарыда аталған заттар мен нуклеин қышқылдарының алмасуында фоль қышқылы негізгі қызмет атқарады. Метионин мен серин – белок, тимин – ДНК, пурин негіздері – ДНК және РНК-ның барлық түрінің биосинтездерінде  маңызды қызмет атқарады. Сондықтан, фоль қышқылы жетіспесе организмде зат алмасу процесі өте терең өзгерістерге ұшырайды.

 
 


 
Фоль  қышқылы жоғарыда айтылған фрагменттерді 5, 6, 7, 8 – тетрагидрофоль қышқылы (ТГФК) түрінде тасымалдайды:Тетрагидрофоль қышқылына бір көміртегі бар  фрагменттер 5-ші және 10-шы азот атомдарымен  коваленттік байланыспен байланысады  (немесе екі атоммен бірдей). Бұған мысал ретінде рибосомада белок биосинтезі басталатын формилметионил – т - РНК биосинтезінде формил тобын тасымалдауын келтіруге болады:

 
 


 
Вс авитаминозының белгілері

Адамдар мен жануарлар  ішек микрофлорасы фоль қышқылын организмге керекті мөлшерде синтездейді. Оларда Вс витамині авитаминозы ішек микрофлорасын антибиотиктермен және сульфаниламидтік препараттармен емдегенде және аш ішектің өткізгіштік функциясы нашарлағанда пайда болады.Вс витамині авитаминозында асқазанның сөл бөлу функциясы төмендейді, соның әсерінен тәбет жоғалады, тері, жүйке жүйесі, көбею органдарының жұмысы нашарлайды. Бұл витамин адам организмінде жетіспегенде аса қауіпті мегалобластикалық анемия ауруы пайда болады. Малдардың өсуі нашарлайды.Егер фоль қышқылын шамадан тыс (100 мг жоғары) пайдаланса, онда организм уланады, аллергиялық, вегетативтік реакциялар пайда болады.В12 витаминінің организмде жетіспеуі Вс витаминінің жетіспеуімен қатар өтеді. Фоль қышқылы жетіспегенде тауық балапандарының өсуі нашарлайды, қаны азайып, жүннің өсуі мен бояуы бұзылады, күрке тауық балапандарының мойны жансызданып, аяқтары әлсізденеді, тұмсығына ақау түсіп, асық жілігі қисаяды, үйректердің қаны азайып, бауыры майланып, үлкейеді, қаздардың балапандары алғашқы екі апта ішінде өліп қалады.

Вт витамині (карнитин)

Карнитин 1948 жылдары белгілі  болды. Бұл ерекше витамин бунақденелілердің  түлеуіне және түлегеннен кейін қалыпты  дамуына әсер етеді.Вт витаминінің физиологиялық әсері алғаш рет ұндағы хрущактан (қоңыздан) (лат. tenebrіo molіtor) анықталған, сондықтан осы сөздегі бірінші әріп t (Т) Вт витаминінде индекс ретінде қолданылады.

 
 


 
Химиялық  құрамы жағынан β-окси-γ-триметиламиномай қышқылы.Вт витамині – ақ түсті, суда жақсы еритін кристалды зат.

Биомедициналық  маңызы

Вт витаминінің физиологиялық әсерінің механизмі әлі белгісіз болса да, ол бунақденелілерде метил тобын тасымалдауға қатынасады деп есептеледі, сондай-ақ, жануарлардада ацил радикалдарын клетка қабырғаларынан өткізуші ретінде қаралады. Карнитин жоғарғы май қышқылдарының түзілуі мен тотығуына қатынасады. Бауырды майланудан қорғайды. Бунақденелілердің түлеу процесін қадағалайды.

Вт авитаминозының белгілері

Вт витамині авитаминозында малдардың бауыры майланады.Бунақденелілердің өсуі тоқтап түлеу кезінде өліп қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Патсаев Ә.Қ, Жайлау С.Ж « Органикалық химия негіздері » Шымкент – 2005
  2. Интернет « www.google.kz »
  3. « www.yandex.kz »

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Коферменттер