Марганец қосылыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 18:15, реферат

Описание работы

Марганецтің оттекті қосылыстары
Марганецтің минералдары
Минералдардың сипаттамасы
Марганецтің физикалық және химиялық қасиеттері
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Тұздар реферат - копия.docx

— 52.32 Кб (Скачать)

Түсі қызылдан қызғылтқа  дейін болатын родохрозит немесе марганецті шпат MnCO3 көбінесе кальций, магний, темір, кобальт, мырыштың карбонаттарының изоморфты қоспаларында және MnSiO3 –пен бірге бір қоспада кездеседі; сонымен қатар ол ыдырағанда негізгі өнімдер ретінде – пиролюзит, псиломелан және т.б. түзіледі. Синтетикалық марганец карбонаты қыздыру әсерінен ыдырағанда 700 кезінде MnO түзіледі, ал белгілі жылдамдықпен 200-3000-та ыдырайды, СО2 газының 1 атм.тең тепе-теңдік қысымы 6320 болады. Бұл температуралардың мәндері әр түрлі табиғи минералдың үлгілері үшін әр мәнде болады. Ал 200-3000 кезінде ауа тогында MnCO3 сәйкесінше Mn3O4, Mn2O3, MnO2 –ге дейін тотығады.

MnO марганец (ІІ) оксиді –  сұр-жасыл түсті негізгі марганец  тотығы, балқу температурасы 17850С, ауада тотығады, қышқылдарда ерігенде әлсіз-алқызыл түсті еківалентті марганец тұздарын түзеді. Mn2+ түздарының ерітіндісінің және кристаллогидраттарының  түсінің алқызыл болуы [Mn(Н2О)4]2+ иондарының болуына байланысты. Сусыз MnSO4 марганец сульфаты түссіз, ал сумен әрекеттесіп 1,4( тек қана метақалыпты), 5 және 7 су молекуласымен қалыпты және метақалыпты кристаллогидраттарды түзеді. Толығымен 2800-тан жоғары температурада сусызданады; ал сусыз тұзы 7000-та балқиды. Fe, Co, Ni сульфаттарымен салыстырғанда термиялық тұрақты. Басқа берілгендері бойынша MnSO4*5 Н2О қыздырған кезде бір уақытта соңғы су молекуласын жоғалта отырып, ауадағы оттекпен Mn2O(SO4)2 түзе тотығады. Температура жоғарылаған сайын MnSO4 тұзының судағы ерігіштігі төмендейді: қаныққан сулы ерітінді құрамында 100 кезінде – 37,4%, 600кезінде – 35,2%, 1000 кезінде – 26,5% MnSO4 болады; 2000-тан жоғарылағанда нөлге жақындайды. Марганец хлориді 580-тан төмен температурада сулы ерітіндіден MnCl2*4H2O формасында кристалданады, бұл температурадан жоғарылағанда MnCl2*2H2O формасында кристалданады; қаныққан ерітінді құрамында 250кезінде – 43,6%, 1000 кезінде – 53,7% MnCl2 болады. Қыздырғанда марганец хлоридінің тетрагидраты 1200 кезінде бірінші су молекуласын, 1500 кезінде екінші су молекуласын, ал соңғы екі молекуласын 2200 кезінде жоғалтады, толық сусыздану гидролизбен жүреді. MnCl2 қыздырылған су моншасында 350-4500 кезінде MnО және НCl – ға дейін ыдырайды, оттекпен 5000 кезінде әрекеттесе бастайды; балқу температурасынан төмен (6500 кезінде) сутекпен тотықсызданбайды.

Марганец тотығы Mn2О3 қоңыр түсті, әлсіз негіздік қасиетке ие. Үшвалентті марганец тұздары ерітіндіде тек бос қышқылдар қатысында тұрақты болады; гидролиздене отырып, олар гидраттанған марганец тотығының тұнбасын немесе еківалентті марганец тұзын және гидраттанған марганец қос тотығын түзеді.

Марганец қос тотығы MnО2 – амфотерлі оксид, ол қышқылдармен әрекеттесіп төрт валентті марганец тұзын түзеді, ол сумен жеңіл әрекеттесіп гидраттанған марганец қос тотығына ыдырайды, ал қышқылдық оксид – марганецлылау қышқылының тұздары – манганиттер. Марганец қос тотығы – суда ерімейтін қара түсті ұсақ кристалды зат. Түзілу тәсілдеріне байланысты  MnО2 физикалық қасиеттерімен ерекшеленетін әр түрлі модификацияда болады.

Пиролюзиттің және манганиттің  термиялық ыдырауын келесі схемамен көрсетуге болады:

-MnO2 (пиролюзит) 0  -Mn2O3( 0 -Mn3O4 (Гаусманит) 0    -Mn3O4 (Гаусманит)

MnO*ОН (манганит)  0  -Mn2O3(( →MnO2 (пиролюзит) 0 -Mn2O3( 0 -Mn3O4 (Гаусманит)

Алты және жеті валентті марганец қосылыстарына қышқылдық  қасиет тән. Олар сәйкесінше, манганат және перманганат тұздарын түзеді. Марганецті қышқыл Н2MnO4 тұрақсыз, және де марганец қышқылы НMnO4 және MnO2-ге ыдырайды. Қышқыл ортада манганаттар ыдырап, төрт және жеті валентті марганец қосылыстары түзіледі, тұнба ретінде марганец қос тотығы бөлінсе, ерітіндіде перманганат түзіледі. Калий перманганаты КMnO4 қою-пурпур күлгін түсті ромб тәрізді қара кристалл күйінде болады. Қаныққан сулы ерітінді құрамында 00 кезінде – 2,75%, 200кезінде – 6%, 650 кезінде –20,0% КMnO4 болады. Концентрациясы 41,4%-тен кіші NaMnO4 ерітінділерін салқындатқанда, концентрациясы шамамен 41,4-75,2%, балқу температурасы 68,70 - NaMnO4*3Н2О мұз күйінде кристалданады.Сілтілі ерітіндіде перманганат ыдырайды

4MnO4- +4ОН- = 4MnO42- + 3Н2О+О2

MnO42- ионының қосылыстары жасыл түсті болады. Калий перманганатының концентрлі КОН(0,9-13,8М)  ерітіндісімен тотықсыздануының бастапқы жылдамдығы 180 кезінде өте жоғары, одан соң реакция жылдамдығы төмендейді және тотығу дәрежелері облысында, сәйкесінше төрт және бес валентті марганец қосылыстары, нөлге ұмтылады. Бұл облыста реакцияны жарық және ультракүлгін сәулелер жылдамдатады, ал оттегі керісінше баяулатады. КMnO4 тотықсыздануы үш саты арқылы жүреді:

  1. MnO4- +ОН- = MnO42- + ОН

MnO4- +ОН = MnO42- + Н+ + О

  1. MnO42+ +ОН- = MnO43- + ОН

MnO42- +ОН = MnO43- + Н+ + О

  1. MnO43- MnO2 – ге айналады.

КОН-тың аз концентрациясында  иондардың ыдырауы мүмкін:

2MnO43- + 2Н2О = MnO42- + MnO2 + 4ОН- (~1M KOH)

3MnO42- +2Н2О = 2MnO4- + MnO2 + 4ОН- (~0,01M KOH)

2000С – тан жоғары температурада қыздырғанда КMnO4 оттегін жоғалта отырып ыдырайды:

2 КMnO4 = К2MnO4 + MnO2 + O2

3KMnO4 = К3MnO4 + 2MnO2 + 2O2

Термиялық ыдырау температура  артқан сайын және металл алюминий қатысында жылдам жүре бастайды. Ал 3500 кезінде таза КMnO4 3 есе жылдам ыдырайды, ал 16,5 % ұнтақ тәрізді алюминий қатысында 5 есе жылдам ыдырайды. Алюминийді қосу ыдыраудың максимал жылдамдығына жету уақытын азайтады.

Перманганаттар және манганаттар  сілтілік ортада гипоманганаттарға  дейін тотықсызданады. Сонымен, К3MnO4 7000С-қа дейін К2MnO4 немесе КMnO4 пен 40-45% КОН ерітіндісімен бірге қоспада қыздырғанда алынады ( К:Mn, 3:2 қатынасына тең). Калий гипоманганаты сонымен қатар концентрлі КОН ерітіндісін жаңа тұнған MnO2 буландырғанда түзіледі( К:Mn, 3,3-3,6 қатынасына тең), оттек атмосферасында 750-8000 –қа дейін қыздырғанда және осы температурада 8 сағат ұстағанда түзіледі. NaMnO4*10H2O көгілдір түсті кристалдары NaMnO4 және Na2MnO4 –ты сілті ерітіндісімен тотықсыздандырғыш қатысында( мысалы Na2SO3) өңдегенде түзіледі.

КMnO4 Н2SO4-мен салқында әрекеттескенде марганецтің жоғары тотығы Mn2O7 түзіледі. Бұл арнайы иісті май тәрізді сұйықтық, шағылысқан және қою-көк өткір жарықта балқу температурасы +5,90 және тығыздығы 200 кезінде 2,396г/см3болатын жасыл зат. 550 кезінде -Mn2O3-ге және оттегіге ыдырайды, тез қыза отырып, 900 кезінде жарылады; детонация жылдамдығы ~400м/сек; соққыға сезімталдығы күркіреуік сынаптың сезімталдығымен бірдей. Mn2O7 ауадағы ылғалмен әрекеттескенде MnO2-ге дейін O2 және О3 бөле отырып ыдырайды, бірақ ылғал болмаған жерде жабық ыдыста -100 кезінде ұзақ уақыт сақталады. Mn2O7 – күшті тотықтырғыш, мысалы NaCl және NaI-н NaClO3 және NaIO3-ге дейін тотықтырады.

Марганец қосылыстары, әсіресе  Mn2+ сақталмалы улануды тудыратын у болып саналады. Марганец қосылыстарының шаңын жұту жылдар бойы сақталатын, тіпті өлімге дейін әкелетін жүйке жүйесін бұзуы мүмкін.Марганец қосылыстарының (MnO2 ге шағып есептегенде) шекті концентрациясы жұмыс ғимаратындағы ауада 0,0003мг/л-дан аспауы тиіс.

 

 

 


Информация о работе Марганец қосылыстары