Саяси процесс туралы ұғым

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 20:43, реферат

Описание работы

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол коғамның саяси жүйесінің уакыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудын өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т. с. с.

Работа содержит 1 файл

Саяси процесс туралы ұғым.docx

— 24.98 Кб (Скачать)

 Мұнда шешім қабылдаушы саяси басқарушылар мен оны орындаушы бағыныштылардың арасында тығыз байланыс болуы керек. Бұрынғы Кеңес өкіметінде шешімді партияның бірінші хатшылары қабылдайтын. Олар ештеңеге жауап бермейтін. Жауапты партаппараттың айтқанын орындап, соның бұйрық, нұсқауларын, шешімдерін іске асырушы мемлекеттік органдар мекемелердің жауапты қызметкерлеріне артатын. Сондықтан ақылға сыйымсыз жағдай туған шешімді қабылдаушылар ештеңеге жауап бермейтін, ал жауап берушілер оны қабылдауға қатыспайтын. Мұның бәрі қандай нәтижеге әкелетіндігін өмір өзі көрсетті.

4. Саяси жүйенің жағдайымен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында шыға қойған бағдар, мақсат-мүддеден ауытқушылықты, жан сақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді.Ол екі жолмен жүргізіледі. Біріншісі — мемлекеттік мекемелер, партия органдары, қоғамдық ұйымдар мен козғалыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау қызметтері, партиялық бақылау, ресми баспасөз органдары енеді. Бұл — саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет бабында атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін-өзі бақылауы. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Мұны "төменнен бакылау" десе де болады. Бұл үшін қоғам демократиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады, тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді.

 Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге асырушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да білдіреді. Оны үшке бөлуге болады.

 Саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі. Мұнда саяси процесс басқарушылар мен сайлаушылар, азаматтар мен мемлекет арасындағы қалыптасқан қатынастарды сапа жағынан айтарлықтай өзгертпей, күнделікті орнына келтіріп, құр қайталайды. Яғни, мемлекет үйреншікті қалпында, әдеттегі ырғағында қызметін жүргізе береді. Онда саяси субъектілердің іс-әрекетінде жанашылдык, өзгерістен гөрі дәстүр мен саяси сабақтастық басты рөл аткарады.

 Саяси тәртіптің дамуы. Ел ішіндегі және халықаралық аренада саяси күштердің ара салмағында немесе әлеуметтік құрылымда өзгерістер болуы мүмкін. Басқарушы органдар өмірдің бұл жаңа талабын байқап, өз жұмысын соған орай бейімдейді. Саяси даму биліктің жоғарғы және төменгі сатыларының өзара әрекеттестігімен, сан қилы ағымдар мен үрдістердің күресімен қоса қабаттаса жүреді. Мұның бәрі әлеуметтік және саяси құбылыстарды сәйкестендіруге жәрдемдеседі.

 Саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы. Бұл жағдайда саяси процестің даму бағыты саяси жүйенің тұтас өмір сүруіне келеңсіз әсерін тигізеді. Кірігу, жинақгалудың орнына саяси субъектілердің бөлшектену үрдісі басымдық алады. Билеуші тәртіптің ыдырауы күмән тудырмайды. Оның шешімдері басқару қабілетін жояды. Мұндай процеске Еуропа және Азия аймақгарындағы бұрынғы социалистік елдердің құлдырау, ыдырау тағдыры толық мысал бола алады. Билеушілер тобы өмірдің әлеуметтік-экономикалық және рухани талабына сай тиісті жауабын таба алмады.

 Сонымен, саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардын, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, козғалысын айтады.

Информация о работе Саяси процесс туралы ұғым