Витамин тәрізді заттар

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 12:53, реферат

Описание работы

Биологиялық маңызы: Фосфотидтердің, ацетилхолиннің синтезіне қатысады. Ал, ацетилхолин болса, жүйке және ет клеткаларын байланыстырушы химиялық медиатор болады.
Холин сонымен бірге адреналин, креатин , метионин сияқты биологиялық активті заттар түзілуіндегі метил топтарының донаторы болып табылады, трансметилдену реакцияларына қатысады.
Холиннің жеткіліксіз болуы сипатталмаған, холиннің жеткіліксіздігі эксперимент арқылы бауырдың май және липидтердің синтезі бузылуы түрінде көрінеді.

Работа содержит 1 файл

Витамин тәрізді заттар 10 стр..DOC

— 384.50 Кб (Скачать)

Витамин тәрізді  заттар.

 

Холин (витамин В4) аминоэтил

 

Алғашқы рет 1892 жылы А. Стрекер холинді жұмыртқаның сары уызынан бөліп алды. Кейіннен ол ми ұлпаларындағы лецитінннің құрамынан да табылды.

Химиялық табиғаты мен қасиеттері: холин аммоний гидратының туындысы. Холин− түссіз, сироп тәріздес зат, сілтілік қасиеті бар, сумен спирттерде тез ериді. өте оңай комплексті тұздар түзе алады.

 

 

Биологиялық маңызы: Фосфотидтердің, ацетилхолиннің синтезіне қатысады. Ал, ацетилхолин болса, жүйке және ет клеткаларын байланыстырушы химиялық медиатор болады.

Холин сонымен бірге  адреналин, креатин , метионин сияқты биологиялық  активті заттар түзілуіндегі метил  топтарының донаторы болып табылады, трансметилдену реакцияларына қатысады.

Холиннің жеткіліксіз  болуы сипатталмаған, холиннің жеткіліксіздігі эксперимент арқылы бауырдың май және липидтердің синтезі бузылуы түрінде көрінеді.

Табиғатта таралуы: Ет және астық тұқымдас өнімдерде кездеседі. Ағзада ол тотығып бетаинге айналады. Ішек микрофлорасында синтезделеді. Тәуліктік қажеттілігі 250-600 мг.

 

 

Инозит (витамин В8) − алты атомды циклдік спирт.

1895 жылы атақты орыс  ғалымы В.И.Палладин өсімдіктерден  фосфор қышқылымен қосылысқан  алты атомды циклды спиртті  бөліп алды. Инозит − ми липидтерінде  табылған. Емдік қасиет көрсеткен зат − алопецке қарсы фактор болып аталған, кейіннен инозиттың фосфорлы эфирі болып табылды.

Химиялық табиғаты мен қасиеттері: бұл витамин химиялық құрылысы жағынан гексозаларға ұқсас, ол гексиддердің 9 изомерінің бірі.

Инозит кристалды зат, суда жақсы ериді. Биологиялық активтілігі жағынан күштісі, оның стереоизомері − мезоинозитол.

 

 

Биологиялық маңызы: Жануарлар  организмінде инозит липотропты заттың рөлін атқарады. Инозит фосфолипидтердің құрамына кіреді. Инозиттің биологиялық қызметі де құрамында осы аталған заттармен байланысты.

Оның жеткіліксіз болуы  нәтижесінде ФЛ синтезі бұзылады, бауырда ТАГ жиналып, бауырда май басу дистрофиясы дамиды. Бұлшықет  дистрофиясынды липотропты препарат ретінде қолданылады.

Табиғатта таралуы: Инозит бауыр, ет, жұмыртқа белогі, картоп, саңырауқұлақтарда көп. Тәуліктік қажеттілігі: 1 − 1.5 гр.

 

Липой қышқылы (витамин N)

Липой қышқылы (витамин N) – 8 көміртегінен тұратын органикалық қышқыл. Көп компанентті жүйенің құрамында ацил топтарын тасымалдауда қолдаынады. Негізгі қызметі тіндерде α − кето қышқыл олардың тотығуыдан декорбоксилденуіне тікелей қатысады. Липой қышқылы тиаминпирофосфот пен КоА мультиферменттік пируват және кетоглутарат − дегидрогеназды жүйесінде простетикалық топ ретінде қызмет атқарады. Алайда, микроорганизмдерде, жануарлар тіндерінде, өсімдіктерде липой қышқылының синтезі толық анықталмаған.  

Биологиялық маңызы: Тотыққан және тотықсызданған формада болуына байланысты түрлі белоктың ішінде күшейеді. Дене еңбегі кезінде бауырда гликоген сақталады, артық мөлшерде жиналмайды.

Препараттарды бауыр зақымданғанда, қант диабетінде, ауыр уланғанда қолданылады.

 

Карнитин (витамин В7)

Биологиялық маңызы: Карнитин ұзын тізбекті май қышқылдарының цитоплазмадан митохондрияларға тасымалдануына қатысады. Осыған байланысты БМҚ тотығуын тездетіп, энергия түзілуіне ықпал етеді. Ұйқы безінің сыртқы секрециялық қызметін және спермотогенезді стимулдейді. Бұлшықет қызметінде миокардиоситрофияға қолданылады.

Табиғатта таралуы: ет тағамдары карнитинге бай. Тәуліктік мөлшері: 500 мг

 

 

 

 

 

Орот қышқылы (витамин  В13) урацил − 4 − карбон қышқылы.

Биологиялық маңызы: Активті формасы оротидин − 5 − фосфат пиримидин негіздерінің, нуклеотидтердің синтезіне қажет. Белок синтезін, жасушалардың бөлінуін, жануарлардың өсуі мен дамуын стимулдейді.

Шала туылған балалардың бойын өсіруге, анемияда, миокард  инфарктында,  бұлшық ет дистрофиясында, регенеративті процестердің күшеюі үшін қолданылады.

Табиғатта таралуы: Жануартекті өнімдерде кең таралған. Грек тілінде Horos – молозиво деген ұғымды білдіреді. өсіп келе жатқан организм үшін және регенерация кезінде қажеттілігі артады.

 

S – аденозилметионин (витамин U) − жараға қарсы витамин.

Витамин кристалды түрде  бөлінген, ол метиониннің метилденген  туындысы.

Биологиялық маңызы: активті метил топтарының доноры, холин, креатин, лецитин, тимин және тағы басқа метил бар заттардың синтезіне қатысады. АҚЖ кілегей қабаттардың регенерациясын қамтамасыз ететін процестерге оң әсер ететіндігі анықталған.

Асқазан және он екі елі ішектің  жарасын емдеуге қолданылады. Жараға қарсы фактор деп аталады.

Табиғатта таралуы: шикі көкөністерде, әсіресе капустада, жаңа сауылған сүтте, бауырды кездеседі. Жараларды емдеу кезінде қолданылатын бір күндік мөлшері 250− 300 мг.

Пангам қышқылы (витамин В15 − антианоксикалық) глюкон қышқылының N – диметил глицин эфирі.

 

Ең алғаш рет 1950 жылы өгіздің бауырынан табылған, кейіннен ол көптеген өсімдіктердің тұқымдарынан табылған. Оның авитаминозы да, гипервитаминозы да анықталмаған. Алайда, оны медицинада кейбір зат алмасу үрдісінің бұзылуымен  байланыста ауруларға қолданылады.

Химиялық табиғаты мен қасиеттері: Пангам қышқылы Д − глюкон мен диметиламиносірке қышқылдарының күрделі эфирі болады, суда жақсы ериді, ал хлороформ, эфир, бензолда ерімейді. Оның құрылымдық формуласы төмендегідей:

 

Биологиялық маңызы: Толық зерттелмеген, метионин сияқты метил топтарының көзі болып табылады. Холиннің, ФЛ креатин және сол сияқты биосинтезіне қатысады. В15 фитаминін еңгізгенде оттектік тапшылыққа деген төзімділік артады, тіндерде оттегінің пайдалануы күшейеді.

 Бауыр аурулары  кезінде, атеросклерозда липотроптық  зат ретінде қолданылады. 

Табиғатта таралуы: Көптеген тағамдардың құрамында бар. Ол ашытқыда, картоп шырынында, сүтте, орамдапырақта, өсімдік тұқымдарында, бауырда кездеседі. Тәуліктік мөлшері анықталмаған.

 

 

Парааминобензой қышқылы (ПАБҚ)

 

1940 жылы Вудс сульфаниламидті препараттардың гемолитикалық стрептокактарға бактериостатикалы әсер ететіндігін анықтады. Түрлі жануарларға жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде, парааминобензой қышқылы жетіспесе, онда шаштың, жүннің, қауырсынның пигментациясы қалыпта жағдайдағыдай жүрмейтіндігі дәлелденді. Химиялық табиғаты мен қасиеттері: Парааминобензой қышқылы − бензой қышқылының туындысы, молекуласында пара − жағдайда амин тобы бар. Бұл витамин суда, спиртте, эфирде жақсы ериді. Кристалдары түссіз, қыздыруға төзімді келеді. Парааминобензой қышқылының диэтиламиноэтил эфирінің хлоро сутек тұзы новокаин деп аталатындығы белгілі. Оны жансыздандырғыш дәрі − дәрмек ретінде қолданылады. Оны формуласы:

Биологиялық маңызы: адам организмінде атқаратын басты функциясы − коферменттік Фолоциннің құрамына кіреді, шөжелерді өсіруде фактор болып табылады, ішек микрофлорасының тіршілік етуі үшін қажет. Бұл витаман тирозиназаның әсеріне белсенді түрде әсер етеді, тирозиназа бұл терідегі меланиннің биосинтезінде негізгі фермент болып табылады.

Медицинада ПАБҚ құрылымдық аналогы кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, антибактериальдық қасиет көрсететін - сульфаниламид.

Парааминосалиация қышқылының антагонисті, соның әсерінен бактерияларда Вс синтезі бұзылады, сондықтан бактериялардың көбеюі тоқтатылады, күнге күюден қорғайтын косметикалық заттарда қолданылады

Табиғатта таралуы: күріштің кебегінде, басқа да астық тұқымдастарда,бауыр, сүт, жұмыртқа, ашытқыда көп.

 

Убихинон (КоQ)

 

1955 жылы жануарлар  майынан Q липовитамині немесе  убихинон бөлініп алынды. Бұл  әсіресе мембрананың митохондрияларында  көп кездеседі.

Химиялық табиғаты мен қаситтері: Бұған К және Е витамині құрылымы жағынан ұқсас болып келеді. Суда ерімейді. Q витамині хинонның туындысы болады. Оның сақинасында екі метоксилді топтар кездесумен бірге, бүйір тармағында 6-10  изопрен бөліктерінен тұратын изопрен топшасы бар, формуласы төмендегідей:  

 

 

. Биологиялық маңызы: Митохондрияның тотығу тізбегіндегі электронды ДТ − дан цитохромдарға тасымалдап, тотығу − тотықсыздану реакцияларына қатысады. Организмде синтезделеді.

Бұлшықет дистрофияларында, жүректің жиырылу қызметі бұзылғанда, анемияның кейбір түрін емдеуге  қолданылады

 

Ғ   витамині (қанықпаған май қышқылдары).

 

 

Эссенциалды май қышқылдары − линол, линолен, арахидон қышқылдары: C17H31COOH, C17H29COOH, C19H31COOH.

Биологиялық маңызы: мембрана фосфолипидтерінің құрамына кіреді. Липидтердің агрегаттық күйін қалыптастырады. Простагландиндер синтезінің көзі ретінде пайдаланылады.Глицериннің ерігіштігін (антиатерогендік әсері) арттырады. Тромбо түзілуін азайтады.

Ғ − витаминоз сырқаты  кезінде адамдарда холестерол алмасуының бұзылуы салдарынан адамдарда склероз  құбылысы байқалады, бұл кезде қан  тамырлары қабырғасында қатпарлар пайда болады. медицинада атеросклероз бен күресу де peros линетол құрамында линол, линолен, арахидон қышқылдарының эфирі бар препаратын қолданады, сонымен бірге дененің сәулеленуден және жоғары температураның әсерінен терісі күйген кезде де осы препаратты пайдаланады.

Линол қышқылы мен  линолен қышқылы өсімдік тектес және жануар тектес өнімдердегі триглицеридтер мен фосфолипидтер құрылымында  болады. Арахидон қышқылы тек қана жануарлар липидінде кездеседі. 

Табиғатта таралуы: өсімдік майларында көп кездеседі. Арахидон қышқылының бір тәуліктегі адамға қажет мөлшері оның рационының 0.1% немесе линол қышқылының не линолен қышқылының 1% шамасындай. Тәуліктік қажеттілігі: 5-10 гр.

 

 

                              ЖОСПАР:

  1. Витамин тәрізді заттар.
  2. Химиялық табиғаты мен қасиеті.
  3. Биологиялық маңызы.
  4. Табиғатта таралуы.

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

    1. Т.Т.Березов, Б.Ф. Коровкин «Биологическая химия»
    2. Н.Р. Аблаев «Биохимия»
    3. Т.Ш. Шарманов, С.М. Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии»
    4. К.С. Сағатов «Биохимия»
    5. www.google.kz

 

 


Информация о работе Витамин тәрізді заттар