Витаминдер

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 11:44, реферат

Описание работы

Белоктар, майлар, көмірсулар және тұздан басқа организмге тағаммен бірге өте аз мөлшерде келетін, бірақ тамақтық басқа затпен алмастыруға болмайтын құрам бөлігі ретінде кездесетін қосылыстар да болады.

Работа содержит 1 файл

38. Витаминдер.docx

— 15.85 Кб (Скачать)

§ 38. ВИТАМИНДЕР

 

Витаминдер.

Авитаминоз.

Белоктар, майлар, көмірсулар және тұздан басқа организмге тағаммен бірге өте аз мөлшерде келетін, бірақ  тамақтық басқа затпен алмастыруға  болмайтын құрам бөлігі ретінде кездесетін қосылыстар да болады. Оны 1880 жылы Н.И.Лунин тышқандарға тәжірибе жасай отырып дәлелдеді. Ол тышқандардың бір тобын сүтпен, екінші тобын сүтте болатын қоректік заттардың жасанды қоспасымен тамақтандырды. Сонда біраз уақыттан кейін тышқандардың бір тобы – ауырмай, өмірлерін жалғастырса, екінші тобы түрлі ауруларға шалдығып, ақыры өсуін тоқтатқан.

Сондай-ақ қабығынан тазартылған  күрішті пайдаланған елдерде бери-бери деген ауру етек алған. Сонда күріш қабығынан бөлініп алынған кристалдық заттардың кішкене мөлшері сол аурудан жазылуға себепші болады. Мұны 1911 жылы дәлелдеген К.Функ деген ғалым ол затты «витамин» - («vita» - тіршілік) деп атады. Осыдан кейін теңізде жүзушілер арасында ылғал мен суықтан, жұқпадан пайда болған деп жүрген құрқұлақ ауруының себебі анықталды. Ол аурудың да осындай бір витаминнің жетіспеушілігінен болғандығы дәлелденді. Витаминдер жетіспеушілігінен болатын ауру авитаминоз деп аталады.

Сонымен витаминдер дегеніміз – химиялық табиғаты әр түрлі, тірі организмдегі маңызды процестердің жүруіне қатысатын кіші молекулалы органикалық қосылыстар.

Жеткіліксіз болған кезде құрқұлақ ауруына ұшырататын зат осы аурудан емдейтін өнімдерде, яғни қарағай бұтақтары мен лимонда болады.                     Н.А.Бессонов 1922 жылы оны бөліп алып зерттеп, аскорбин қышқылы немесе С витамині деп атады.

Витаминдердің негізгі көзі, көбінесе – өсімдіктер және микроорганизм-дер.

Егер тағамда көкөністер мен жемістер жеткілікті мөлшерде болса, организм витаминдерді тиісті мөлшерде ала алады. Ұзақ сақталған тағамдар өз құрамындағы витаминдердің біраз  бөлігін жоғалтады. Көптеген витаминдер пісірген кезде бұзылады.

Тағамда витамин мол болса, организмнің жұпалы ауруға төзімділігі  артып, қартаю процесі тежеледі, дәрілік заттардың тиімді әрекеті артады.

Витаминдер организмнің  күнделікті тіршілігінде, әсіресе жұмыс  істегенде және ауырған жағдайда жұмсалып отырады. Сондықтан күнделікті витаминдер қорын толтырып отыру  қажет. Тәулігіне бір адамға, барлығын қосқанда,                200 мг-дай витамин қажет.

Витаминдердің құрамында  С, О, Н элементтерінен басқа N, S, CI элементтері, сондай-ақ әр түрлі функционалдық: гидроксил, карбоксил, амин т.б. топтар кіреді. Бұл – витаминдердің реакцияларға өте белсенді қатысатынын көрсетеді. Витаминдер химиялық құрамы және физикалық күйі тұрғысынан бір-біріне ұқсамайды, бірақ барлығы да ферменттермен бірге май, көмірсу, белок алмасуына қатысады, катализдік рөл атқарады.

Қазіргі кезде витаминдердің  түрі көп. Көпшілігінің химиялық құрылысы және биологиялық қызметі анықталған. Енді соладың кейбіреуімен танысайық.

А витамині. Ол жетпесе, адам қараңғыда көре алмайтын «Тауық соқыр» ауруына шалдығады, сондай-ақ А витамині организмнің өсуіне қатысады. А витамині каротині бар тағамдарды пайдаланғанда қалпына келеді. Каротин өзі витамин емес, бірақ бауырда А витаминіне айналады:

C40H56 + 2H2O → 2C20H29OH

                β-каротин              А витамині

Каротин – сәбізде, томатта, жұмыртқаның сары уызында, сары майда  болатын қанықпаған көмірсутек. Демек, осы заттарды пайдалану А витаминіне деген қажеттілікті қамтамасыз етеді.

Каротиннің тамаша қасиеті  – организмде тез жиналады және өзі бір жылға дейін сақталады.

В1 – витамині.Орталық және шеткі жүйке жүйелерінің дұрыс қызметін қамтамасыз етеді. Май және көмірсу алмасуын реттейді.

В2 – витамині. Тотығу-тотықсыздану процесіне қатысады.

В6 – витамині. Аминқышқылдары, май және май қышқылдары айналыстарына қатысады.

В9 – витамині. Қан түзілуіне қатысады, бір көміртекті радикалдарды тасымалдайды. Амин және нуклеин қышқылдарының, холиннің синтездеріне қатысады.

В12 – витамині. Құрамында 4,5% кобальт кіретіндіктен кобальтоамин деп аталады. Сүйек кемігінде қанның түзілу процесіне қатысып, қан азаю ауруының алдын алуға себеп болады.

Д – витаминін мешелге қарсы қолданады. Балық, сүт тағамдарында болады.

С – витамині (аскорбин қышқылы). Құрқұлақ ауруына қарсы препарат, ақ кристалды зат. Аскорбин қышқылы кәдімгі суық тиюден болатын тұмауға да таптырмайтын ем. Әсіресе лимон шырынын табиғи түрде пайдаланған жөн, себебі онда С витаминінен басқа тағы бір витамин бар екендігі дәлелденген. Екеуін бірге қолданғанда, өте жақсы нәтиже береді.

Е – витамині. Липидтердің тотығуын болдырмайды. Ферметтер синтезіне әсер етеді. Белсенді – антитотықтырғыш.

Сонымен организмнің қорғанғыштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Олар оргнизмге тағам арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, минерал тұздардың алмасуын тездетеді және реттейді. Витаминдерге дәрі ретінде қарамау керек, өйткені олар тағамдық заттардың негізгі бөлігі.

Витаминдер –  тағамдық заттардың негізгі құрам  бөлігі. Олар организмге зат алмасу процесіне қатысып, тіршілік әрекетінің дұрыс болуын реттеп отырады.



Информация о работе Витаминдер