Азаматтық заңдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 10:48, курсовая работа

Описание работы

АК-ның Жалпы бөлімі 1995 ж. 1 наурыздан, ал Ерекше бөлімі — 1999 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізілді.
1124 баптан тұратын, Қазақстан Республикасының көлемі жөнінен ең үлкен заң актісі — Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық реттеу нысанасының құрамына кіретін — жалпы ережелер бөліміндегі және жеке институттардың ерекшеліктері бөліміндегі — қоғамдық қатынастардың барлық салаларындағы маңызды барлық азаматтық-құқықтық нормаларды қамтып, жүйелеп отырады. Нақ осы әрекет азаматтық құқықты біртұтас, үйлестірілген құқық саласы ретінде дамытуға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3 бет
I. Негізгі бөлім
1.1 Азаматтық заңдар ұғымы ........................................................5 бет
1.2 Азаматтық заңдардың құрамы...................................................8 бет
2.1 Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары...................14 бет
2.2 Азаматтық заңдардың уақытқа қарай және кеңістікте
қолданылуы..................................................................................................16 бет
2.3 Заң ұғымдарын саралау............................................................26 бет
III. Қорытынды......................................................................................30 бет
IV. Қолданылған әдебиеттер.................

Работа содержит 1 файл

Готовый курсавой Аяжан.doc

— 249.00 Кб (Скачать)
    • Шетелдiк азаматтардың немесе шетелдiк заңды тұлғалардың қатысуымен не өзге де шетелдік элемент шиеленістірген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылуға тиiстi құқық осы Кодекстiң, өзге де заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың және танылған халықаралық ғұрыптардың негiзiнде анықталады.
 
    • Егер осы  баптың 1-тармағына сәйкес қолданылуға тиiстi құқықты анықтау мүмкiн болмаса, шетелдiк элемент шиеленiстiрген азаматтық-құқықтық қатынастармен неғұрлым тығыз байланысты құқық қолданылады.
 
 
    • Осы бөлiмнiң  сот қолдануға тиiстi құқықты анықтау  туралы ережелерiн тиiсiнше қолданылуға тиiстi құқық туралы мәселенi шешуге өкілеттік берілген басқа органдар да қолданады.
 

                         
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау

    

    • Шетел құқығын қолданған кезде сот оның нормаларының мазмұнын олардың ресми түсіндірілуіне, қолданылу практикасына және тиiстi шет мемлекеттегi доктринаға сәйкес анықтайды.
 
    • Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау мақсатында сот жәрдем және түсiнiк алу үшiн  Қазақстан Республикасының Әдiлет  министрлiгiне және Қазақстан Республикасының өзге де құзыреттi органдары мен мекемелерiне, соның iшiнде шетелдерде орналасқандарына белгiленген тәртiппен жүгiнуi не сарапшылар тартуы мүмкiн.
 
 
    • Iске қатысушы  тұлғалар өз талаптарын немесе  қарсылықтарын негiздеуде сiлтеме  жасаған шетел құқығы нормаларының мазмұнын растайтын құжаттар табыс етуге және осы нормалардың мазмұнын анықтауда сотқа өзге де түрде жәрдемдесуге құқылы.
 
    • Егер осы  бапқа сәйкес қолданылған шараларға  қарамастан, шетелдiк құқық нормаларының мазмұны орынды мерзiмдерде анықталмаса, Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
 
 

     Керi сiлтеме жасау  және үшiншi елдiң  құқығына сiлтеме  жасау  

    • Осы бөлiмнiң  ережелерiне сәйкес кез келген шетел  құқығына сiлтеме жасау, осы бапта  көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi елдiң коллизиялық емес, материалдық  құқығына сiлтеме жасау ретiнде  қарастырылуға тиiс.

       

    • Қазақстан Республикасының құқығына керi сiлтеме жасау және үшiншi елдiң құқығына сiлтеме жасау осы Кодекстiң 1094-бабына, 1095-бабының, 3, 5-тармақтарына, 1097-бабына сәйкес шетел құқығы қолданылған жағдайларда қолданылады.
 
 
 
 
 
 
 

     Заңды айналып өтудiң  салдары  

   Қатынастарға  қатысушылардың осы Кодекспен реттелетiн, осы бөлiмнiң қолданылуға тиiстi құқық туралы ережелерiн айналып өтiп тiгiстi қатынастарды өзге құқыққа жатқызуға бағытталған келiсiмдерi мен өзге де iс-әрекеттерi жарамсыз болады.

   Бұл жағдайда осы бөлiмге сәйкес қолданылуға  тиiстi құқық қолданылады.

         Өзара түсiнiстiк  

    • Шетел құқығын  өзара түсiнiстiк негiзiнде қолдану Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi шет мемлекеттегi ұқсас қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығын қолдануға болатын-болмайтындығына қарамастан, сот шетел құқығын қолданады.
 
    • Егер шетел  құқығын қолдану өзара түсiнiстiкке байланысты болса, өзгеше дәлелденбегендiктен, ол бар деп ұйғарылады.
 
 

         Жария тәртiп туралы ескерту

    

    • Шетел құқығы оны қолдану Қазақстан Республикасы құқықтық тәртiбiнiң негiздерiне (Қазақстан Республикасының жария тәртiбiне) қайшы келерлiк жағдайларда қолданылмайды. Бұл жағдайларда Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
 
    • Шетел құқығын  қолданудан бас тартуды тиiстi шет  мемлекеттiң саяси немесе экономикалық жүйесiнiң Қазақстан Республикасының  саяси немесе экономикалық жүйесiнен  айырмашылығына ғана негiздеуге болмайды.
 

         Императивтiк  нормаларды қолдану  

      •     Норманың өзiнде көрсетiлуi салдарынан немесе азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн олардың ерекше маңызы болуына байланысты, қолданылуға тиісті құқыққа қарамастан, Қазақстан Республикасы заңдарының тиiстi қатынастарды реттейтiн императивтiк нормаларының қолданылуына бұл бөлiм ережелерiнiң қатысы болмайды.
 
      •      Осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес, қандай да болсын бiр елдiң құқығын қолданған кезде сот, егер сол басқа елдiң құқығына сәйкес мұндай нормалар, қолданылуға тиісті құқыққа қарамастан, тиiстi қатынастарды реттеуге тиiс болса, басқа ел құқықтарының қатынаспен тығыз байланысы бар императивтiк нормаларын қолдана алады. Бұл орайда сот мұндай нормалардың мақсаты мен сипатын, сондай-ақ оларды қолданудың салдарын назарға алуға тиіс.
 
 

         Көп құқықтық жүйелерi бар  елдiң құқығын  қолдану  

   Бiрнеше  аумақтық немесе құқықтық жүйелер қолданылатын елдiң құқығы қолданылуға тиiс  болған жағдайларда, осы елдiң құқығына сәйкес құқықтық жүйе қолданылады.

         Реторсиялар  

   Қазақсфтан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарына арнайы шектеулерi бар мемлекеттердiң азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарына қатысты Қазақстан Республикасы қарсы шектеулер (реторсиялар) белгiлеуi мүмкiн. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                            Қорытынды 

     Курстық жұмысты қорытындылай келе құқық пен зандардың айырмашылығы мынада: құқық дегеніміз — бұл заңдық нормалардың жиынтығы, ал заң дегеніміз — осы нормаларды біріктіретін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. 

     Құқық пен зандардың құрылымында өзара  айырмашылықтар бар. Құқық нормаларының тобы бір ғана іргелі заң — Азаматтық  кодекске сүйенетіндіктен және барлық нормалар үшін бірынғай объективтік белгі — реттеу нысанасы мен әдісі бойынша құрылатындықтан, құқықтың бір саласы — азаматтық құқық аталған белгілер бойынша біртекті нормаларды ғана қамтиды. 

        Заң актілеріне сілтеме жасау тиісті норманы тек Парламент немесе Президенттің заң күші бар жарлығы қабылдай алатынын білдіреді (АК-ның 8-бабының 2-тармағы). Егер зандарға сілтеме жасалатын болса, онда тиісті норма Президенттің Жарлығында да, не Үкіметтің қаулысында да болуы мүмкін.

     Азаматтық зандардың нормалары императивтік және диспозитивтік болып бөлінуі мүмкін. Мұның алташқысы міндетті түрде қолданылады, тараптардың келісімімен өзгертілмейді. Мысалы, АК-ның 178-бабы талап қоюдың жалпы мерзімі үш жыл болып белгіленеді деп көрсетеді (1-тармақ).

     Бұл — сөзсіз талап, сондықтан тараптар шартта талап қою мерзімінің өзгеше ұзақтығын көздей алмайды.

     Егер  олар осылай істеген болса, дау туатын жағдайда бәрі бір 3 жылдық талап қою мерзімі қолданылады.

     Қазақстан Республикасы құрамына азаматтық құқықтың нормалары енгізілген көптеген халықаралық конвенңиялар мен екі жақты шарттардың қатысушысы болып табылады. Мысалға, халықаралық жүктерді тасымалдау шарты туралы Конвенцияны, Еуразия патенттік конвенциясын, Женевалық вексель конвенцияларын, Күрделі қаржы жұмсауды мадақтау және өзара қорғау туралы Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы шартты, Сауда қатынастары туралы Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы Келісімді және басқаларын атауға болады. 

     Занды дұрыс қолдану, практиканың қателіктерін жою, зандарды жетілдіру үшін мұндай түсіндірудің зор маңызы бар. Алайда тіпті көпгеген мамандар қолдаған және конференңияларда пайдалануға ұсынылған мұндай пікірлердің ресми міндеттілігі жоқ. Оларда "биліктің беделі" емес, "беделдің билігі" бар. 

     Азаматгық заңдарды қолдануда көп ретте  азаматтық-құқықтық актілердің нормалары белгілі бір қатынастарды реттеуді түрліше қарас-тыратын жағдайлар да пайда болады, яғни азаматтық-құқықтық нормалардың үйлесімсіздігіне және тіпті олардың арасындағы қарама-қайшылықтарға тап болуға тура келеді. 

     Азаматтық кодекс, мысалы, көптеген мемлекеттердің, оның ішінде Ресей зандарына мәлім агенттік шартты тікелей реттемейді. Алайда АК агенттік шарт жасасуға тыйым салмайды.

     Егер  оларға қатысушылардың іс-әрекеттерін  бағлауда тікелей заң ұйғарымдарының жоқтығына байланысты қиындықтар туатын болса, онда ұқсастығына қарай тапсырма шартын немесе комиссия шартын реттейтін нормалар қолданылуы ықтимал.

     Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары  Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарынан, Парламенттiң қаулыларынан, Парламенттiң Сенаты мен Мәжiлiсiнiң қаулыларынан (заң актiлерiнен), сондай-ақ осы Кодекстiң 1-бабының 1,2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларынан тұрады. 
 
 
 
 
 
 

     Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасы Констатуциясының 2-бабы.
  2. "Валюталық реттеу туралы" 1996 ж. 24 желтоқсандағы (7-бап), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 1997 ж. 5 наурыздағы (11-бап), "Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы" 1997 ж. 5 наурыздағы (1-бап) және басқа Заңдар.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексының Жалпы бөлімі 1995 ж. 1 наурыз.
  4. 1998 ж. 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Зандары.
  5. ҚР Үкіметінің қаулылары және Конституциялық заңдар.
  6. Ресей Федерациясының Модельдік Азаматтық кодексі мен Азаматтық кодексі.
  7. Красавчиков О.А. Советская наука гражданского права (понятие, предмет, состав и система). Свердловск, 1961г.
  8. Иоффе О.С. Развитие цивилистической мысли в СССР. Ч. 1. Л., 1975, Ч. 2. Л., №78 (Бұл ғылыми еңбек АҚШ-та қайта басып шығарылған).
  9. "Валюталық реттеу туралы" 1996 ж. 24 желтоқсандағы (7-бап)
  10. Президенттің жарлықтары, президенттің заң актілері, нормативтік жарлықтары немесе қаулылары (конституциялық не әдеттегі заң күші бар жарлықтардың осы иерархиялық сатыда конституциялық не әдеттегі заңдар).
  11. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 1997 ж. 5 наурыздағы (11-бап)
  12. "Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы" 1997 ж. 5 наурыздағы (1-бап) және басқа Заңдар.
  13.   Казахстанская правда. 1998. 28 наурыз.
  14.   ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 ж. 30 қаңтардағы "Экономикалық реформалар жүргізу кезеңінде азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу туралы" Қаулысымен КСР Одағы мен одақтас республикалардың Азаматтық заң негіздері ҚР азаматтық зандары.
  1. 1969 ж. 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясы.
  1. ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1996 ж. 25 шілдедегі "Соттардың тұтынушылардың құқықтарьн қорғау жөніндегі зандарды қолдану тәжірибесі туралы" №7 Қаулысы.
  1. Басин Ю.Г. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, 1997, 8-бет.
  1. Ведомости Верховного Совета Казахской ССР. 1990, №51, 484-бет.
  2. ҚР Президентiнiң 31.08.95 ж. № 2447 заң күші бар Жарлығы;

Информация о работе Азаматтық заңдар