Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 00:10, реферат

Описание работы

Тарихтың тереңіне бой тартсақ, қазіргі Қазақ мемлекетінің ел болып еңсе көтерген дәуірден бергі табиғи болмыс-бітімімен бірге қайнасып, бойына сіңген әдет ғұрып, салт-санасынан екшеліп шыққан заңдар үлгісі – билер бітімі сот ісін биік беделге жеткізгенін дәлелдейді.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы.doc

— 125.00 Кб (Скачать)

Қазақстан үшін 1925 жыл елеулі оқиғаларға толы болды. Мемлекеттік құрылым жүйелерінде  ішінара өзгерістер, территориялық  басқаруда бірігулер жүріп жатты. Ең маңыздысы патшалық дәуірден жаңсақ аталып келе жатқан ұлтымыздың төл атауы — "Қазақ" сөзі өз орнын тапты. Бұдан былай "Қырғыз" атауы қолданылмайтын болды. Сонымен қатар, бұрын Ресейдің басқару билігімен қазақ халқы екіге бөлініп, оңтүстік облыстар Түркістан өлкесіне (республикасына) қарап келген еді. 1924 жылы Жетісу, Сырдария облыстары Қазақ АССР-нің қүрамына енді.

Бұл жылдары  РСФСР Жоғарғы Сотының Қазақ  бөлімі де өзінің сот құрылымы жөніндегі  ережесін қайта қарап, бекітудің  жобасын жасады. Бұған бірден-бір себеп болған нәрсе — 1925 жылға дейін Жоғарғы Соттың Казақ бөлімінде азаматгық сот істерін қарайтын алка болмаған еді. Азаматтық істер губерниялық (облыстық) соттарда ғана қаралып, шағымдану тәртібі мен наразылық келтіру тікелей РСФСР Жоғарғы Сотына жіберілетін.

Одақтас республика дәрежесіндегі Қазақ  АССР-нің Жоғарғы Сотында азаматтық  істер жөнінде сот алқасының  міндетті түрде қажет екенін сезінген БОАК-тың Төралқасы 1925 жылғы 1 маусымдағы мәжілісінде "РСФСР Жоғарғы Сотының  Қазақ бөлімі жанынан азаматтық сот істері жөніндегі алқа және кассациялық алқа құру туралы" мәселені тыңдап, қаулы алған. Онда:

"1. РСФСР  Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің  жанынан:

а) Азаматтық  істер жөніндегі кассациялық  алқа белгілі мақсатпен құрылсын;

2. РСФСР  Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің 1923 жылғы 11 сәуірдегі БОАК-тың төралқасы бекіткен ережесіне жеке баптармен өзгерістер мен толықтырулар енгізу РСФСР Жоғарғы Сотына тапсырылсын. Аталған сот алқасының құзыреттік шегін, сондай-ақ қаншалықты талап құны мөлшерінде іс қарайтынын анықтасын.

3 РСФСР  Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің  ережесі туралы жоба мәтініндегі  өзгерістерді БОАК-тың төралқасы  мен РСФСР Халық Комиссарлары  Кеңесіне ұсынсын4, — делінген. РСФСР  Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің  1925 жылы 24 тамыз күнгі өткен төралқа мәжілісінің № 9 хаттамасында: БОАК-тың 1923 жылғы 11 сәуірдегі және 1925 жылдың 1 маусымындағы қаулыларына сәйкес ережедегі 1-баптың "б", "в" тармақтары мынандай редакцияда жазылды:

б) Қылмыстық  істер жөніндегі сот алқасы және азаматтық істер жөніндегі сот алқасы.

… 2) 2-баптағы "бөлімнің төрағасы" деген сөзден кейін "Қылмыстық істер жөніндегі  кассациялық сот алқасының және Азаматтық сот істері жөніндегі  кассациялық алқаның төрағалары деп жазылсын", — делінген. Сондай-ақ, сот істеріне қатысты басқа да толықтырулар енгізген.

РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімі ережесінің жаңа жобасы мемлекеттік заң орындарының  барлығында талқыланып, бекітілді. Ережеге  енгізілген ең басты толықтыру —  Азаматтық сот істері жөніндегі  алқа және кассациялық алқа сатыларын  Қазақ АССР-і Жоғарғы Сотының құрамына енгізу болды.

Сол 1925 жылғы БОАК-тың төралқасы қарап, қаулы алған жобадағы ереженің 6-бабында:

"... Жоғарғы  Сот Қазақ бөлімінің азаматтық  істер жөніндегі кассациялық  алқа сатылары Қазақ Советтік  Социалистік Республикасындағы  облыстық және губерниялық соттардың азаматтық істер бойынша жіберген талап кұнын 10000 сомнан асырмайды. Егер іске қатысты талап құны 10000 сомнан асса, кассациялық шағым мен қадағалау тәртібі бұрынғыдай РСФСР Жоғарғы Сотында тікелей қаралады5, — делінген. Азаматтық сот алқасына жататын барлық сот істерінің талапкерлері және жауапкерлері болып ҚазОАК Халық Комиссарлар Кеңесі, Халық комиссариаттары мен оған теңестірілген орталық басқармалар, губерниялық, облыстық атқару комитеттері және астананың қалалық кеңесі танылды. Осы жобамен келіскен БОАК пен РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1926 жылғы 18 қаңтарда "РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің ережесі туралы" қаулысын шығарды.

РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінде  азаматтық істер жөніндегі сот  алқасының құрылуына айтарлықтай үлес қосып, тиісті мемлекеттік атқару орындарынан талап етуде Жоғарғы Соттың Қазақ бөлімінің Төрағасы Мырзағұл Атаниязовтың сіңірген еңбегі зор. 1925 жылдың маусым айынан 1927 жылдың каңтарына дейін Жоғарғы Соттың Қазақ бөлімін басқарған ол бұған дейін Ақтөбе губерниялық трибуналының әскери алқасында төрағаның орынбасары, төраға (1921-1922 жылдар) болған. Одан кейін 1922 жылы Қазақ АССР-нің Әділет Халық Комиссары лауазымын атқарған білікті заңгер ретінде республикаға кеңінен танылған маман еді. 1937 жылы сталиндік репрессияға М.Атаниязов та ұшырады...

Жоғарғы Соттың Қазақ бөлімі өзіне тән  жүйесі мен құрылымын бір арнаға түсірген кезі 1926 жылмен шектеледі. Кеңестік социалистік заңдардың бағыт-бағдарына  сүйеніп іс жүргізген соттар 1926 жылдан 1936 жылдар аралығында кеңестік социализм құру жолындағы коммунистік қоғамға лайықты заңдарды міндеттілікпен орындады, соған лайықты сот шешімдерін шығарып отырды.

1936 жылы  кеңестік қоғамдағы мемлекеттік  құрылым жүйесіндегі заңдылықтар  Кеңестердің Бүкілодақтық VIII төтенше съезі бекіткен жаңа Конституциямен нығайтылды. Бұл кезде Қазақстанда да мемлекеттік басқару жүйесінде өзгерістер болып жатты. Автономиялық республикадан жеке одақтас республика болып құрылды. Одан кейін республиканың жеке мемлекеттік құрылымы, билік жүргізу, заң шығару, оны орындайтын өз республикасына тән Конституциясы қабылданды.

1936 жылы 9 шілдеде ҚазОАК-тың төралқасы  Л.И.Мирзоянның төрағалық етуімен  конституциялық комиссия құрылды. 1937 жылы 3 ақпанда ҚазОАК "Қазақ  ССР-нің Конституциясы туралы" мәселе қарады. Комиссия талдап, пысықтаған Конституция жобасын көріп, енді еңбекшілер мен халық арасында кеңінен талқылау керек деп шешті.

1937 жылы 26 наурызда Бүкілқазақстандық Кеңестердің  X съезі "Кеңестік Социалистік  Қазақстанның жаңа Конституциясын" қабылдау туралы қаулы алды.6 СССР Конституциясының "IX тарауы мен Қазақ ССР Конституциясының VII тарауы сот ұйымдары мен прокуратура қызметін үйымдастыру, құру тәртібіне арналған. Қазақ ССР-інің Конституциясы бойынша сот жүйесі әкімшілік бөліністегі еңбекші депутаттардың кеңестік ұйымына негізделіп құрылды. Азаматтық, қылмыстық істерді қарайтын халық соттарының учаскесі барлық ауданда болды. Бүл ең төменгі сатыдағы сот ұйымы болып есептелінді. Бұдан кейінгі сатыда облыстық соттар тұрды. Ол облыс көлеміндегі азаматтық, қылмыстық істерді қарап, шешім кабылдады және халық сотының шешімдері мен үкімдері бойынша келіп түскен қассациялық шағым мен наразылықтарды қарап, билік айтты.

Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты — республикадағы ең жоғарғы сот үйымы болып  танылды. Өзінен төменгі соттар қарап, шешім қабылдаған істер бойынша шыққан үкімдерді наразылық келтіру тәртібімен қайта қарауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, соттардың кассациялық шағымды қарау барысында күшінде қалдырылған шешімдерді немесе кассациялық шағым заңда көрсетілген мезгілде сотқа берілмесе, оны наразылық келтіріп, қайта қарау құқығын иеленді.

1936 жылғы  СССР және Қазақ ССР-нің негізгі  заңдары принциптеріне сәйкес  халық соттарының судьяларын  аудан халқы жалпыға тән төте  және тең сайлау құқығымен  жабық дауыста 3 жыл мерзімге сайлады. Халық соттарына судьялардың кандидаттарын, халық заседательдерін ұсынуға еңбекшілердің қоғамдық ұйымдары, коммунистік партия ұйымы, кәсіподақ ұйымдарының жалпы жиналысы құқықты болды. Облыстық соттың судьяларын еңбекшілердің облыстық депутаттарының кеңесі 5 жыл мерзімге сайлады. Ал, Жоғарғы Соттың судьяларын Казақ ССР-нің Жоғарғы Советі 5 жылға сайлады.

Конституцияда "сот ісін жүргізу тілі" қазақ  тілінде, жекелеген аудандарда, яғни орыс, ұйғыр, өзбек ұлты басым жерлерде халық санының басымдылығына қарай белгіленді. Іс материадары толығымен қажетті тілге аудармашы арқылы тәржімаланып берілді. Әр ұлттың өкілі сотта өз ана тілінде жауап беруге құқықты деп көрсетілді.

Қазақстан өз алдына жеке республика болып одақтас  республикалармен теңестірілген соң жарияланған алғашқы Конституция сот істерін жетілдіруде көптеген заң шараларын жүзеге асыруға септігін тигізді. Атап айтқанда, халық соттарының ықпалы артып, оларды ұйымдастыру барлық аудандарда кеңінен өрістеді. Мәселен, 1936 жылы Қазақстан бойынша 223 халық сотының учаскесі іс жүргізсе, Конституция жарияланған 1937 жылдың соңына қарай халық соттарының саны 240-қа жетті. Ал, 1938 жылы Қазақстан бойынша 287 халық соттарының учаскесі 192 аудан бойынша сот ісін жүргізген. Облыстық соттардың саны 1937 жылы 8 ғана болса, жаңадан құрылған облыстардың есебінен 1940 жылы 14-ке жеткен.

Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Конституциядағы 85-баптың талабына сай республикадағы барлық сот істеріне билік етті. Аталған бапта: "Қазақ ССР-нің  Жоғарғы Соты — Қазақ ССР-індегі ең жоғарғы сот ұйымы болып  табылады. Қазақ ССР-нің Жоғарғы  Сотына Қазақ ССР-індегі және облыстық сот ұйымдарындағы барлық сот істері мен қызметтерін қадағалау жүктелген", — деп көрсетілген. Мұндағы еске сақтар бір нәрсе — Қазақстан территориясындағы арнайы соттардың сот ісін, қызметтерін қадағалау КСРО Жоғарғы Сотының қарауында болған.

Республика  Жоғарғы Сотының құрамын Қазақ  ССР-нің Жоғарғы Кеңесі 5 жылға  сайлап, бекітті. Оның құрамына Төраға, төрағаның орынбасары, Жоғарғы Соттың мүшелері және халық заседательдері енді. Қазақ ССР Жоғарғы Сотының  құрамында қылмыстық істер жөніндегі  сот алқасы және азаматтық істер жөніндегі сот алқасы іс жүргізді.

Аталған екі сот алқасы Жоғарғы Соттағы  тең дәрежедегі, өз еркімен іс жүргізетін ұйым болып табылды. Өзінен төменгі  сатыдағы соттардың ұйғарымдары  мен шешімдерін, үкімдерін қадағалау  тәртібімен заңды күшіне енген істерді қайта қарауды жүзеге асырды. Сондай-ақ, Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Төрағасы мен Қазақ ССР Бас прокурорының наразылығымен облыстық соттардың заңды күшіне енбеген ұйғарымдары мен шешімдеріне, үкімдеріне наразылық келтірілген шағымдар бойынша істі қайта қарауға құқық берілді. Мұның мынадай ішкі себептері болды.

1938 жылы "Сот құрылымы туралы" шыққан  жаңа заңдағы ережелерге байланысты  облыстық соттардың іс қарау  құзырындағы төралқа мен пленум  өткізу қысқартылып, қадағалау  тәртібі Республика Жоғарғы Соты мен КСРО Жоғарғы Сотының қарауына берілген еді. Оған қоса облыстық соттың құзырындағы сот басқармасы қызметі де жойылған болатын. Қысқасын айтқанда, 1938 жылғы "Сот құрылымы туралы" заңға байланысты Қазақстандағы барлық соттар "белгіленген тәртіп" шеңберінде ғана сот істерімен айналысты.

1939 жылы  Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің  екінші сессиясы Жоғарғы Соттың  судьялығына 25 мүше, 43 халық заседательдерін  сайлап, бекітті.

"Ел  басына күн туған" Ұлы Отан  соғысы жылдарында КСРО-дағы барлық  соттар әскери жағдайға көшірілді. Өйткені соғыс басталысымен сот ұйымдарын тез арада қайта құрып, соғыс жылдарының талаптарына сай қызмет жасауды жеделдете түсті. Осындай қиын кезеңге байланысты 1941 жылғы 22 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы "Әскери жағдай туралы" жарлығын шығарды. Бұл қоғамдық тәртіп пен мемлекет қауіпсіздігін сақтаудың негізгі бағдары болып есептелді. Соғыс қимылдары жүріп жатқан аудандардағы барлық сот ұйымдары қорғанысқа көшіп, майдандағы Әскери кеңестерге, Әскери округтерге қарады. Ал, соғыс майданынан тысқары жатқан аймақтар әскери соғыс жағдайына кірмеді. Қазақстандағы соттардың барлығы тылдағы ел тыныштығы мен халық байлығын талан-таражға түсірмей, майданға азық-түлік, киім-кешек жөнелтудегі социалистік зандылықтардың дүрыс сақталып, ел ішінде спекуляция мен мемлекет мүлкін жымқырудың етек алмауын кадағалады. Бұл тұрғыдан халық соттары ерекше қызмет көрсетті. Соғыс жылдарында Қазақстандағы халық соттары да белсенділік танытты. Мемлекетке, қоғамға аса кауіпті сатқындық ниеттегі қылмыскерлерді, соғыстан қашқандарды, жаудың жеңетіні туралы өсек-аяң таратқандарды сотқа тартып, тиісті кесім шығарып отырды.

Соғыс жылдарының алғашқы кезеңіңде Қазақстандағы  халық соттары білікті кадрлары мен судьяларын майданға аттандыруға  тура келді. Атап айтқанда, Кеңес әскерінің қатарына 1942 жылы 130 халық сотының судьясы, 31 облыстық соттың мүшесі соғыска аттанса, 1943 жылы 77 халық сотының судьясы, 13 облыстық сот мүшесі майдан шебіне кеткен. Олардың орнын майданнан жараланып қайтқан заң мамандары, өзге де партия ұйымының қызметкерлері ауыстырған...

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталуына байланысты 1945 жылғы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесі әскер қатарыңдағы жасы егде жауынгерлерді  босату туралы заң қабылдады. Бұл  бейбіт өмірге көшкен еліміздегі қалпына келтіру жұмыстарында еңбек етіп жаткан еңбекшілер санын көбейте түсті.

Соғыс жылдарынан кейінгі бейбіт өмірде соғыс  жағдайына негізделген төтенше  ұйымдар, арнайы соттарға тән құқықтық актілер күшін жоя бастады. Әскери жағдайға көшірілген өндіріс орындары қайтадан халық шаруашылығына ауыстырылды. Соғыс жылдарында әкімшілік жазаға тартылғандардың көбі рақымшылық заңы бойынша жазасы жеңілдетілді. Істеген қылмыс түрлерінің жеңілдігіне қарай сотталған азаматтар да жазадан босатылды. 1947 жылы 26 мамырдағы социалистік гуманизмнің салтанат құруына орай бейбіт өмірде өлім жазасын қолдануды қысқарту үшін "Өлім жазасын жою туралы" Жарлық шықты. Мұның өзі халықтың жабырқаңқы көңілін бір көтеріп тастады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы