Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 00:10, реферат

Описание работы

Тарихтың тереңіне бой тартсақ, қазіргі Қазақ мемлекетінің ел болып еңсе көтерген дәуірден бергі табиғи болмыс-бітімімен бірге қайнасып, бойына сіңген әдет ғұрып, салт-санасынан екшеліп шыққан заңдар үлгісі – билер бітімі сот ісін биік беделге жеткізгенін дәлелдейді.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы.doc

— 125.00 Кб (Скачать)

Жоғарғы Сот Республикадағы жалпы соттардың  ең жоғарғы ұйымы болып табылатыны атап көрсетілді. Оның қүзыретіне ең жоғарғы  лауазымды түлғалардың қылмыстық  істері жөніңдегі сот істерін қарау, сондай-ақ, кассациялық, қадағалау сатыларының міндеттері және заңдарды қолдану жөніндегі мәселелерге түсінік беруді жүзеге асыру кірді.

Бұл қаулыда  Қазақстан Республикасының Жоғарғы  Соты арнайы сот алқаларына бөлініп  құрылатыны, судьялар құрамы да соған қарай іріктелетіні көрсетілді. Сондай-ақ, облыстық соттың құрылымы, оның төрағасы, алқа төрағалары, оған теңестірілген қалалық соттың да құрылым жүйесі осы негізде болды. Ал, Қазақстан аумағындағы әскери сот дәрежесіне міндетіне қарай Республика Жоғарғы Соты Пленумының құрамына кіретіні айтылды. Осы уақытқа дейін барлық сот сатыларында сот ісіне қатысып келген халық заседательдерінің институтын жою керектігі көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы  осы қаулысының, еліміздегі құқық қорғау органдары мен заң шығару орындарында және сот құрылымындағы құқықтық реформалар негізінде 1995 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан Республикасындағы соттар жөне судьялардың мәртебесі туралы" заң күші бар Жарлығы шықты. 84 баптан тұратын бұл жарлық республикадағы тәуелсіз сот билігі мен судьялардың мәртебесі туралы әлемдік өркениеттегі құқықтық нормаларға сай келетін жаңаша заңдар ережесін жасап, бекітіп берді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 75 жылдық тарихындағы еліміздегі құқықтық қатынастарға сай сот әділдігін жүзеге асыруда, оның құрылымдық жүйесін әр жылдардағы замана саясатына сәйкес жетілдіріп, қоғам мен халық мүддесіне орай сот әділдігін жүргізуде Жоғарғы Сот осындай биік белестен өтті.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы