Сыйға тарту шарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2011 в 17:22, реферат

Описание работы

Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.

Работа содержит 1 файл

Реферат.сыйга тарту шарты.doc

— 92.00 Кб (Скачать)

            Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе  беруге міндеттенеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.

Қайтарымсыздылық  —сыйға тарту шартының ең негізгі  белгісі болып табылады. Затты  немесе құқықты қарсы беру не қарсы  міндеттеме болған кезде шарт сыйға  тарту шарты деп танылмайды. Сыйға  тарту (кей кездері) белгілі жағдайларда азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік аймағындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру қызметін атқарады. Сыйға тарту шарты -мүлікке билік жүргізудің заңды амалы. Ол мүлікті ерікті беру актісін бекітеді және меншік құқығының ауысуын реттейді. Осы арқылы сый алушының айналадағыларға қатысты мүдделері камтамасыз етіледі және ол өзше берілген құқықты заңсыз араласудан қорғау қабілетіне ие болады. Енді түпкілікті және біржола заттың иесінің ауысуы болады. Сондықтан, сыйға тарту шарты мерзімсіз болып табылады.

            Сый тартушы  сый алушының арасындағы қатынастары (не себептен сыйлағаны) әртүрлі болуы мүмкін, оларды анықтаудың сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану кезінде маңызы болады. Қазіргі жағдайда сыйға беру маңызды әлеуметтік функцияларды атқарады. Ұйымдар мен азаматтардың сандары өсе түсті, олар басқа тұлғаларға көмек ретінде олардың өмір сүруі үшін аса қажетті заттарды қайтарымсыз береді. Мысалы: азық-түлік, киім-кешек, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау берілуде, кей-кездері сыйға тарту шет ел элементінің қатысуымен де жүргізіледі. 

          Қоғамды әрі қарай адамгершілік тұрғысына тарту барысында сыйға тарту қатынастары басқа да азаматтық-құқықтың қатынастар қатарынан нақты орын алады.

          ҚР АҚ бір уақтылы кәсіпкерлік сипаттағы қатынастарды реттегеннен сыйға тарту шарты осы кодекс реттеу көзқарасынан үйренішсіз болып көрінеді. Сөзсіз, ақша-мүліктік қатынастарында қайтарымсыздыққа орын жоқ болып көрінеді.

        Ал, егер сауда саттық құқықтық нормаларынан бөлек азаматтық құқыққа тоқталсақ, онда сыйға тарту шарты басқа шарттық құқықтық қатынастарын арасында да салмақтылау көрінер еді.

Шартта азаматтық-құқықтың ықпалы бар екені айқын еді, егер қазіргі шет ел және құқық жүйесіндегі шартты салауға жүгінетін болсақ, сыйға тарту шарты басқа шарттармен сатып алу-сату, айырбас және т.б. коммутативті шарт табылады. Мұндай шарттың мәнісі бойынша шартты кезде әр тараптың пайдасы мен шығыны мүмкін.

Қолданыстағы (күшіндегі) азаматтық заңнамаға сәйкес сыйға  тарту шарты реалды немесе консенсуалды шарт болуы мүмкін. Бұл едәуір өзгеріс  осы қоғамдық қатынастарды реттеу барысын  да пайда болған.

         Кеңес Одағы уақытындағы азаматтық заңда сыйға тарту шарты тек қана реалды болуы мүмкін еді Сыйға тарту шартына қатысушылары өздерінің еріктері бойынша реалды немесе консенсуалды мінез беруі жалпы алғаңда қазіргі заман талабына сай келеді.

         Мүлік шартты жасасу сәтінде берілетін болса, онда сыйға тарту шарты реалды болып келеді. Ал басқа жағдайда, егер мүлік болашақта берілетін болса, (шартта осыған қатысты талап бекітілсе) онда ол консенсуалды болып табылады. Әлдекімге затты немесе- мүлікті құқықты тегін беруге уәде ету не әлдекімді мүліктік міндеттен босату уәдесі егер ол уәде тиісті (жазбаша) нысанда жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегін беру не оны мүліктік міндеттен босатуға айқын ниет білдірген болса, сыйға тарту шарты (болашақта сыйға тарту уәдесі) болып саналады және уәде берушіні босатпай тастайды.

              Сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы жоғарыда атап кеткендей оған қарсы берілетін заттың немесе құқықтың болмауында көрініс табады. Ал егер мүлікке ақы төленетін болса және ол бірнеше мәрте өз құнынан аз төленетін болса да бұл шартты сыйға тарту деп қарастыруға болмайды.

Заңнамада басқа  адамның ауыртпалығы бар мүлікті  беруге болмайды деп көрсетілмеген. Сонда да М.В.Елисеевтің пікірі онша нақты емес. Оның ойынша, берілетін  мүлікке сыйға берушінің өзінің де құқықтарының ауыртпалығын орнатып сыйға тарту шартын жасауға болады.

Біріншіден, мүлікті  бергенге дейін оған иесінің ауыртпалығы  болмайды. Бұл жерде несие беруші мен борышкер бір түллі болып  қалуына байланысты міндеттеменің тоқтатылу ережесі бойынша қолдануға болады. Екіншіден, сый әдейі өз ауыртпалық орната отырып, осы арқылы сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы талабын бұзады. Бұл айтылған елдеріміз мүлікке бұрынғы ие құқықтарының ауыртпалығы алу мүмкшдіғін мүлдем жоймайды. Бірақ бұл ауыртпалықтар шарт негізінде емес, заң негізінде болу керек және шектелген мөлшерде, жағдайда ғана қолданылады. Мысалы: ортақ меншік режиміндегі, кондиминумдегі, меншік иелерінің, занды сервигутпен байланысты ауыртпалықтарынан құтыла алмайсыз. Бірінші екі жағдайда ауыртпалық өзара болып келеді. Үшіншіде сый алушының жер учаскесі қасында орналасқан сый берушінің жер учаскісіне қызмет етуі мүмкін. Сый алушыға басқа да мүліктік міндеттер жүктелуі мүмкін. Сыйды берген соң сый беруші оны жалпыға пайдалы мақсатта қолданылуын міндеттеуі мүмкін.                  Сыйға тарту шарты біржақты шарт болып танылады және негізгі құқықтар сый алушы тарабында болады. Сый беруші шарт бойынша негізгі міндеттерді жүзеге асырады.

               Сыйға тарту шартының нысаны. Сыйға тарту шартының азаматтық айналымдағы ерекшеліктеріне қарай заң шығарушы шарт нысанына арнайы талаптар қояды. Егер нақты сыйға тарту шарты жасалса, жалпы ереже бойынша ауызша нысанда жасалады, бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 151, 152-баптарының нормалары қолданылады.

          Заң кейбір нақты сыйға тарту шартын жазбаша түрде жасауды талап етеді. Жазбаша нысаны жасау, егер сыйға тартушы заңды тұлға болып және сый мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен асатын болса талап етіледі. Мұндай талап заңды тұлғаның балансындағы мүліктің тіркелу ережелерімен байланысты. Егер мүлік заң негізінде қайтарымсыз берілсе онда тиісінше дәлелдемелерде болу керек (чек немесе құжаттардың болмауы анық) ал кері жағдайда заңды тұлға органдарды (материалды жауапты тұлғалар) жетіспеушілік үшін жауапты болады. Бірақ бұл міндетті талап емес, сыйға тартудың жазбаша нысанын сақтамаған жағдайда шарт жасалғаны басқа да жазбаша жасалған құжаттармен дәлелденуі мүмкін. Сыйға тартуды заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұратын жұмысшыларды материалдық нысанындағы көтермелеуден ажырата білу керек, бірақ та мұндай қатыстар еңбек заңымен реттелмеген бөлігінде сыйға тарту нормаларымен реттелуі мүмкін.

             Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларында дәл көрсетілмегендігіне қарамастан, егер сыйға тарту шартын мемлекеттік тіркеу талап етсе, ол жазбаша жасалады. Өйткені қозғалмайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін осы мүлікке құқықты беретін құжаттар керек (Қозғалмайтын мүлік және онымен жасалатын мәмілелерді" мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар Жарлығының 14-бабы 2-тармағы 25 желтоқсан, 1995).

Алдағы уақытта  сыйға тартуға уәде беру —консенсуалды  шарт болып табылады және әрқашан  жазбаша түрде жасалады Осы шарттың заң талап ететін жай жазбаша нысанының сақталмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 508-бабы 2-тармағы).

            Сыйға тарту шартының элементтері. Қазіргі кезде сыйға тарту шартының пәні болып зат сонымен қатар мүліктік құқықтар да табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 506-6. 2-тармағы). Нақты сыйға тарту затын көрсетпей-ақ өзінің барлық мүлкін сыйға тартуға уәде беру жарамсыз болады. Бұл жағдайда сыйға тарту пәні болмайды.

Қандай да бір игілікті қайтарымсыз алу әрқашан сыйға тарту болып танылмайды. Рим құқығында қайтарымсыз пайдалану, процентсіз займ және қайтарымсыз сақтау сыйға тарту деп қарастырылмаған. Сыйға тарту болып бір нәрсені уақытша пайдалануға беру немесе ақысыз қызметті жүзеге асыру болып келмейді, тек сезілетін нәрсені (субстанцияны) беру сыйға тарту болып бағалануы мүмкін. Айтылған Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық доктринасында қалыптасқан сыйға тарту шартының түсінігіне және оның пәніне қарама-қарсы келмейді. Егер де сыйға тарту белгілі бір міндеттемеден босатса, онда, бұл әрекетте біз азаматтық-құқықтық міндеттемен борышты кешіру арқылы тоқтату сияқты Азаматтық кодексінің 373-бабымен көзделген әрекеттен өзгешелікті байқай алмаймыз.

          Сыйға тарту шартының нысанасын ол қандай түрге жататындығы әсер етеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 516-бабына сәйкес жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту қайырымдылық деп танылады.

Әрекет қабілеттігі  жоқ тұлға ешқандай шектеусіз сый алушы ретінде бола алады, ал сыйды оның атынан қорғаншылары (ата-аналары, асырап алушылары) алады. Қамқоршыларының келісімімен 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар және әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтар сый алады (ал ұсақ сыйларды олар жеке өздері алуға болады).

Ресей Федерациясының кәмелетке толмағандармен немесе олардың  қатысуымен жасалатын сыйға тарту  біздің елге қарағанда басқаша тұрғыдан жол тапқан. Ол кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттігі құқықтарын реттейтін  батыс елдерінің заңдылықтарына ұқсас.

Мысалы, РФ АҚ 26-бабының 2-тармағына және 28-бабының 2-тармағына  сәйкес 6 жастан 14 жасқа дейінгі және 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке  толмағандар өз беттерімен нотариаттық  куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап етпейтін ақысыз (орнына өтем жасаусыз) пайда алуға бағытталған мәмілелерді жасай алады.

Осындай шешімдермен  келісуге болады, бірақ балалардың тәрбиесіне, жүйкесіне, моральдық дамуына  зиян келтіруі мүмкін сыйларды табыс  етуге тыйым салу керек.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 509-бабына сәйкес, құны он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда, емдеу, тәрбиелеу одардың емдеуіндегі, асырауындағы не тәрбиесіндегі азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарынан сый алуға тыйым салады. Құны он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілерге олардың лауазымды жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сыйға тартуға жол бермейді. Сыйға тартуды пара алудан айыра білу керек.

         Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 220-бабына сәйкес сыйға тартушы бірлескен меншіктің қатысушысы болса онда сыйға тартуға бірлескен меншікке қатысушылардың барлығының келісімімен ғана жол беріледі. Мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан бірлескен меншіктегі мүлікке билік етуге өзге қатысушылардың келісімі бар деп есептеледі. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 220-6 2-тармағы).

Бірақ, сыйға тарту шартын қалған қатысушылардың келісімі бар болжанылуы мүмкін шарттарға жатқызбау керек. Мүлікті жеке басымен сыйға тартатын ортақ бірлескен меншік құқығының қатысушысы ортақ мүддеде әрекет етпегесін қалған қатысушыларға мәмілені жарамсыз деп таныттыру құқығы берілуі керек. Нотариаттың куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәміле жасалғанда бұл мәселе туындайды, ондай жағдайларда мәмлені жасауға бірлескен меншікте барлық қатысушылардың келісімі алдын ала нотариатты расталуы тиіс.

            Әлдекiмге затты немесе мүлiктiк құқықты тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға уәде беруден) босату сыйға тарту шарты болып танылады және егер уәде тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегiн беру не оны мүлiктiк мiндеттен босатуға айқын ниет бiлдiрiлген болса, уәде берушiнi босатпай тастайды. 

Нақты сыйға  тарту затын зат, құқық түрiнде  көрсетпей-ақ, өзiнiң барлық мүлкiн  немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру немесе мiндеттемеден босату жарамсыз болады. 

           Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейiн сый алушыға сый берудi көздейтiн шарт жарамсыз болады. 

Мұндай сыйға  тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк  туралы ережелерi қолданылады. 

          Сый алушының сыйды алудан бас тартуы:

Сый алушы өзiне сый берiлгенге дейiн кез келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сыйға тарту шарты  бұзылған деп есептеледi. 

Егер сыйға  тарту шарты жазбаша түрде  жасалса, сыйдан бас тарту да жазбаша түрде жасалуға тиiс. Сыйға тарту шарты тiркелген жағдайда (508-баптың 3-тармағы) сыйды алудан бас тарту да мемлекеттiк тiркелуге тиiс. 

Егер сыйға  тарту шарты жазбаша түрде  жасалған болса, сый берушi сый алушыдан сыйды алудан бас тартқаны үшiн өзiне келтiрiлген нақты зиянды өтеуiн талап етуге құқылы. 

          Сыйға тарту шартының нысаны. Сый алушыға сыймен қоса сыйға тарту осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауызша жасалуы мүмкiн. Сыйды беру оны тапсыру, символдық беру (кiлттердi табыс ету және т.б.) не құқық белгiлейтiн құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады. 

         Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты:

1. заңды тұлға  сый берушi болған және сыйдың  құны заң актiлерiнде белгiленген  он айлық есептiк көрсеткiштен асатын;

2. шартта алдағы  уақытта сыйға тартуға уәде  етiлген жағдайларда жазбаша түрде  жасалуға тиiс. 

Ауызша жасалған сыйға тарту шарты осы тармақта көзделген жағдайларда жарамсыз болады. 

Қозғалмайтын  мүлiктi сыйға тарту шарты мемлекеттiк  тiркелуге тиiс. 

Сыйға тартуға  тыйым салу.    Құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда: 

Информация о работе Сыйға тарту шарты