Азаматтық іс жүргізу қатынастарының құқықтық объетісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 07:48, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынасы – азаматтық іс-жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс бойынша соттық әділеттілікті жіберу кезінде сот пен іс-жүргізуге қатысушылардың біреуі арасында пайда болатын қоғамдық қатынас.
Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарына құқықтық қатынастардың әр түрінің нышандарын біркелкі құқық қатынастары мыналармен мінезделеді:
құқық нормаларының негізінде пайда болады;
арнайы субъектілер арасында болуы мүмкін;
қатынастардың қатысушыларының мінез-құлықтарын алып жүреді;
құқық бұзу кезінде қатынастың қатысушысымен мемлекеттік күш қолдау шараларын қолдану мүмкіндігімен қамтамасыз етілген.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І. Азаматтық іс-жүргізу қатынастарының теориялық негіздері
1.1 Азаматтық іс-жүргізу қатынастарының түсінігі және олардың ерекшеліктері...........................................................................................................6
1.2 Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттары...................13
ІІ. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының түрлері мен жіктелуі
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының түрлері, құрылымы.........17
Азаматтық іс жүргізудің құқығы қатынастарының жіктелуі.......................20

Қорытынды..........................................................................................................23
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................26

Работа содержит 1 файл

Азаматтык ис жургизу кукыктык катынастары.doc

— 129.50 Кб (Скачать)

    Ғылыми  әдебиеттерде іс-жүргізу құқық қатынастары  соттан басқа іс-жүргізудің бөлек қатысушылары арасында пайда болуы мүмкін деген айтулар бар. Солай, И.А.Жеруолис іс-жүргізу қатынастары жақтар арасында істе шығуы мүмкін. А.Ф.Казловтың пікірі бойынша, сондай құқық қатынастарының шығуы тек ақана жақтар арасында емес, және де сот өкілі мен іске қатысатын тұлға арасында.

    2) азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастары  тек қана құқықтық пішінде  пайда болып шыға алады, құқықтық  емес пішінде олар бола алмайды.  «Фактілі» іс-әрекет қарым-қатынастар (факт бойынша қатынастар) болмайды. Азаматтық іс-әрекет құқығының нормаларымен қаралған қатынастар пайда бола алады, өйткені іс-жүргізудің субъъектілерінің барлық әрекеттері азаматтық іс-жүргізу заңымен реттелген. Осы нышан азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарын азаматық және басқа метиралдық құқықтық қатынастардан айырады.

    3) барлық азаматтық іс-жүргізу құқық  қатынастары бір бірімен жақын  байланыста және іс-жүргізу құқық  қатынастарының жүйесін құрайды,  әрбір азаматтық іс үшін және  осы құқық қатынастары іс-жүргізу  стадияларына сәйкес құралады, қысқаша айтқанда анықталған кезекпен шығады.

    Кеңестік  кезеңнің ғылыми әдебиеттерінде жүйенің  іс-жүргізу құқық қатынастары  процестің қозғалу шарасымен  дамитын бірлік күрделі азаматтық  іс-жүргізу құқық қатынастарын құрайтынына  сәйкес көзқарас айтылды (В.Ш.Семенов, В.Н.Щеглов). берілген көзқарас құқық қатынастары туралы жалпы танылған жағдайлармен қайшылыққа түседі.

    Біздің  ойымызша, сот пен процестің қатысушылары арасында пайда болатын құқық  қатынастарының жиынтығы азаматтық  істі қарау және шешумен, және де іс бойынша шығарылған сотық актіні орындаумен байланысты бір-бірін ауыстыратын және дәйекті түрде дамитын бөлек азаматтық іс-жүргізу қатынастарының жүйесі болып табылады. Шығу негіздері, субъектілі құрамы, мазмұны бойынша бір-бірінен айырылып, сот қарым-қатынастар бір-бірімен өзара байланыста және өзара шарттастықта, біріс жүргізу құқық қатынасының шығуы басқа құқық қатынастарының шығуын, немесе өзгеруін, немесе тоқтатылуын тартады[7, 89 б.].

  1. азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының шығуы (пайда болуы), өзгеруі, тоқтатылуы іске қатысатын тұлғалардың, - біріншіден, тараптардың ерікті көңіл білдіруіне байланысты.

    Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастары  ғылыми әдебиеттерде сипаттамасының келесі критерийлерінен шығып келесі түрлерге бөлінеді:

    1) іс-жүргізу құқық қатынастарының субъектілі құрамы. М.А.Турвич берілген критерий негізінде азаматтық іс-жүргізу қатынастарының 3 түрін бөлген: негізгі, қосымша – және қызметтік-көмекші.

    2) негізгі (басты) құқық қатынастары – азаматтық істерді қарау мен шешу бойынша әрекет пайда бола және орындала алмайтын құқық қатынастары. Қосымша құқық қатынастары әр кездерде сот өндірісіне қатысатын тұлғалар мен сот арасында пайда болады.

    Арнайы  соттық процесске осы тұлғалардың  қатысуы үшін негіз болып олардың  нәтижесіне деген заңды құштарлығы табылады. Қызметтік-көмекші құқық қатынастары қызметтік-көмекші рөл атқаратын процесске қатысушылар мен сот арасында пайда болады.

    Осындай сипаттамамен келісіп, іс-жүргізу қатынастарының бөлек түрлерінің ұсынылған құрамы қарсылық шақыратынын айта кету қажет.

    Біздің  ойымызша, азаматтық іс-жүргізу құқық  қатынастарының субъектілік құрамы мынандай болу қажет:

    1. басты (негізгі) құқық қатынастары – мына тұлғалар арасында пайда болатын қатынастар: сот пен даулаушы; сот пен жауапкер; сот пен негізгі өндіріс істері бойынша арыз беруші; сот пен АІЖК-нің 55 және 56 баптарына сәйкес құқықтар мен заңды әуестіктерді қорғау үшін іс қозғайтын тұлға;
    2. қосымша құқық қатынастары – 4 типтердің қарым-қатынастары:

    а) сот  – құқық туралы дау пәніне дербес талаптарға арыз беретін 3-ші тұлға;

    б) сот  – дербес талаптарға арыз беретін 3-ші тұлға;

    в) сот  – бағытталған іске кіріскен прокурор;

    г) сот  – іс бойынша қорытынды беру мақсатымен процеске түсетін мемлекеттік орган  немесе жергілікті өз-өзін басқару  органы;

    3) қызметтік  – көмекші құқық қатынастары – қатысушылар болып бір жғынан сот, басқа жағынан – куә, сарапшы, маман, тілмаш және т.б. болып шығатын қарым-қатынастар[8, 261 б.].

    Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының соңғы түрлерін туынды мінезін атап шығу керек. Олар тек басты іс-жүргізу құқық қатынастарының қолда барында пайда бола алады.

      Азаматтық процес  кезеңдері. Берілген критерий негізінде көбінесе келесі түрлерінің қарым-қатынастарын бөледі:

    1) бірінші сатының соты-процесске  қатысушылар; 

    2) аппеляциялық сатының соты – процесске қатысушылар;

    3) кассациялық сатының соты –  процесске қатысушылар; 

    4) қадағалау сатының соты – процеске  қатысушылар; 

    5) төменде тұрған сот – жоғарыдағы  соттар.  
 
 

    1.2 Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының алғышарттары 

    Құқықтық  жалпы теориясының жалпы таныған жағдайына сәйкес құқық қатынастарының пайда болуының алғышарттары деп аталатыны анықталған, заңды түрде бекітілген шарттарды қолда барында пайда болады.

    Сол алғышарттар екі түрге бөлінеді: жалпы (абстрактілі) және арнайы (нақты).

    Жалпы алғышарттарға жатады: а) құқық нормалары; б) құқық субъективтілігі.

    Арнайы  алғышарт болып құқық қатынасының  пайда болуының тікелей негізі танылады: заңды факт (әрекет, әрекетсіздік, оқиға, жағдай) немесе заңды фактілердің  жиынтығы.

    Сондай-ақ, азаматтық іс-әрекет құқық қатынастарының пайда болуы үшін келесі 3 алғышарттар қажет:

  1. азаматтық іс-жүргізу құқықтарының нормалары;
  2. іс-жүргізу құқық қатынастарының қатысушыларының құқық субъектілігі;
  3. заңды факт (заңды құрам)
  4. Азаматтық іс-жүргізу құқығының нормалары әділеттігін орындау кезіндегі сот пен процесс қатысушыларының мінез-құлықтарының жалпы түрде міндетті ережелері.

    Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастары  сәйкестендірілген іс-жүргізу норманың тек қолда бар кезінде пайда  болады. Азаматтық іс-жүргізу құқығының ғылымындағы аксиома болып келесі жағдай болып табылады: іс-жүргізу нормасы жоқ – іс-жүргізу қарым-қатынасы да жоқ.

    Азаматтық іс-жүргізу құқығының нормалары  үшін анықталған белгілер мінезді. Сол  нормалар:

  • тек қана мемлекетпен құрылады;
  • жалпы түрде міндетті болып табылады;
  • тек азаматтық сот өндірісі саласында ғана қатынастарды реттейді, қысқаша айтқанда азаматтық істерді қарау және шешумен және олар бойынша шығарылған сотық актілердің орындалуымен байланысты пайда болатын қатынастар;
  • оларды бұзу кезінде мемлекеттік күш қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі.

    Іс-жүргізу  қатынастарының қатысушыларының құқық  субъектілігі құқық қабілеті мен  әрекетке қабілетсіздігін біріктіретін түсінік болып табылады.

    Азаматтық іс-жүргізудің құқық қабілеті –  азаматтық іс-жүргізу құқықтары мен іс-жүргізу міндеттерімен ие болуға қабілеті. Ол тең шарада метиралдық құқықтық субъектілері болып табылатын барлық азаматтармен және ұйымдармен танылады (АІЖК-нің 45 б.). Азаматтық іс-жүргізудің құқық қабілеті азаматта оның туылу кезінен басталады және оның қайтыс болу кезінен бастап аяқталады. Заңды тұлғаның құқық субъектілігі оны құру кезінен бастап (заңды тұлға ретінде заң бойынша тіркеу) пайда болады және заңды тұлғаның әрекетінің аяқталуымен байланысты аяқталады (бірігу, бөліну, жаңадан құру формасындағы жою немесе жаңадан ұйымдастыру) [9, 116 б.].

    Құқық қабілеті және әрекетке қабілесіздігінің пайда болу мен аяқталу кездері  заңды тұлғада сәйкес келеді.

    Азаматтық іс-жүргізудің әрекетке қабілетсіздігі өз әрекеттерімен өз құқықтарын қорғау мен міндеттерін орындауға, өкілге істің жүргізілуін тапсыруға қабілеті (АІЖК 46б.1бөлігі).

    Әрекетке  қабілетсіздігі өзінің жеке әрекеттерімен  өз іс-жүргізу құқықтарын іске асыру, және міндеттерін орындап өзбетінше  жауапкершілік әкелуді білдіреді.

    Азаматтық іс жүргізуге әрекетке қабілетсіздігі оның жасы мен психикалық жағдайына  байланысты. Іс-жүргізуге әрекетке қабілетсіздігімен толық көлемде 18 жасқа жеткен азаматтар, және де 18 жасқа жетпей некеге түскен тұлғалар ие болады.

    14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың және әрекетке шектелген қабілеттілігі бар деп танылған азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңға қызығушылығы сотта өз заң өкілдерімен – ата-аналарымен, асырап алушыларымен қорғалынады. Бірақ сот осындай істерге қатысуға кәмелетке толмағандардың өздерін немесе әрекетке шектелген қабілеттілігі бар азаматтарды тартуға міндетті. Азаматтық, отбасылық, еңбектік, кооперативтік, әкімшілік және басқа құқық қатынастарынан және тапқан айлығын орналастырумен немесе кәсіпкерлік әрекеттен түскен табыстармен байланысты мәміледен шығатын істер бойынша, заңмен қаралған жағдайларда, 14 жастан 18 жасқа дейін кәмелетке толмағандардың сотта өз құқықтары мен заңға қызығушылығын жеке қорғауға құқығы бар. Осындай ітерде оларға көмектесу үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін қатысуға тартуы соттың қарауына байланысты (АІЖК 46 б. 2 мен 4 п.)

    Келтірілген нормалар АІЖК 63 б. 1 п. Нормаға қарсы  болып келеді, онда әрекетке толық  қабілеті жоқ тұлғалардың құқықтары, бостандықтарымен заңға қызығушылығын  сотта олардығ ата-аналары, асырап алушылары қорғайды деп белгіленген. АК 22 б. 2 мен 4 п. Келесі ережелер бекітіледі: 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өз айлығын, шәкіртақысын, басқадай табыстарын және олармен құрылған интелектуалдық мүлік құқығының объектілерін өзбетінше бөлуге, және де тұрмыстық мәміле жасауға құқығы бар.

    14 жасқа жетпеген кәмелетке толмағандардың, және де әрекетке қабілетсіз  азаматтардың құқықтары, бостандықтары  мен заңға қызығушылығы сотта  олардың заңды өкілдерімен –  ата-аналарымен, асырап алушыларымен қорғалынады.        

    Заңды факт (заңды құрамы) – заң іс-әрекет қатынастарының пайда болуын, өзгеруін және тоқтатылуын байланыстыратын  азаматтық іс-жүргізу құқығының  нормаларымен қаралған өмірлік жағдай. Азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастары  ережедегідей, әрекеттер (әрекетсіздік) сияқты заңды фактілердің негізінде пайда болады.

    Субъективтік  іс-жүргізу құқығы іске асатын немесе заңды міндет орындалатын әрбір  әрекет заңды факт болып табылады (В.Н.Щеглов).

    Заңды факт – оқиға (жағдай) - өзімен өзі  азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының пайда болуы үшін негіз болып табылады. Ол тек қана азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастарының пайда болуын, өзгеруін және тоқтатылуын алып жүретін әрекеттерді орындау үшін негіз болып табылады. Осы жағдайда азаматтық іс-жүргізу құқық қатынастары заңды фактілердің жиынтығы (жағдайлар мен әрекеттер) негізінде пайда болады.                           

    Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге: 
1) заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы; 
2) азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы; 
3) азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы; 
4) азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы; 
5) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы; 
6) жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы; 
7) азаматтық хал актілері жазуларының дұрыс еместігін анықтау туралы; 
8) нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша; 
9) бағалы қағаздар көрсетуші адамның жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар (шақырту ісін жүргізу) бойынша құқықтарын қалпына келтіру туралы; 
10) бала асырап алу туралы; 
11) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмдi немесе террористiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористiк ұйым деп тану туралы iстер жатады. 
2. Заңда ерекше іс жүргізу тәртібімен басқа да істерді қарау көзделуі мүмкін
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу қатынастарының құқықтық объетісі