Керамикалық еден плиткалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 08:44, курсовая работа

Работа содержит 1 файл

керамикалык еден плиткалары .docx

— 367.74 Кб (Скачать)

Ауалық бассейн ластануының  елеулі факторы, сонымен бірге, жыныс  беттерінің түтін өнімдері, шаңның, газ тәріздес, оның ішінде улы заттардың  белгілі мөлшерінің бөлінуі болып  табылады.

Өндіріс шығарулар кәсіпорын  маңында орналасқан өсімдіктер жағдайына  да әсер етеді.

Газды ағынның өлшенген бөлшектер  құрайтын негізгі параметрлерге: көлемдік, м³/сағ, немесе массалық, кг/сағ, шығыны, өлшенген бөлшектер концентрациясы %, мг/м³, температура, қысым, ылғалдылық жатады.

Аппараттардың аэрозольден  газдарды тазалау жұмысы, бір немесе бірнеше механизмдердің шөгуіне  негізделген. Олар:

- гравитациялық шөгу (седиментация) – ауырлық күш әсерінен вертикалды  шөгу нәтежесінде болады;

- инерционды шөгу –  бөлшектердің массасы немесе  олардың қозғалыс жылдамдығы  өте жоғары болғандықтан, кедергілерді  өтетін газ ағынына ілесе алмайды  да, қозғалысты инерция бойынша  жалғастырып, бөгетке соғылып  және оған шөгеді;

- центрлік шөгу – газ   ағынның қисық сызықты қозғалысы  кезінде болады, центрлік күштер  пайда болған кезде, бөлшектер  шөгудің бетіне келіп түседі;

- түйісу (жанасу) – газды  ағында орналасқан бөлшек пен  жанасу бетінің арасы кіші  немесе оның радиусына тең;

- диффузиялық шөгу –  газды ағында орналасқан бөлшектер,  өте кішкентай болғандықтан, броундық  қимылдағы газ молекулаларының  соқтығысының әрекетімен, өз траекторияларын  өзгертіп, жанасу бетіне немесе  аппарат корпусына шөгуі мүмкін;

- электрлі шөгу – газ  молекулаларының электр разряд  үрдісі кезінде газдағы бөлшектердің  зарядталуы жүреді, олар электр  өрісі арқылы электродтарда шөгеді.

Өлшенген бөлшектерден газдың тазалануы негізгі көрсетілген  шөгу механизмдерден басқа магнит өрісі, термофорез, диффузиофорез  әсерінен болу да мүмкні.

Өлшенген бөлшектерден газдарды тазалау әдісі келесі негізгі  топтарға бөлуге болады:

- құрғақ механикалық тазалану  – газда өлшенген бөлшектің  сыртқы механикалық күш әсеріне  бөлінуі;

- дымқыл тазалану –  газды өлшенген бөлшектерді жұтатын  сұйықпен жуу;

- газды өлшенген бөлшектреді  ұстап қалатын, кеуек арқашалар  арқылы сүзу;

- электрлі тазалану - өлшенген  бөлшектердің электр өрісінде  шөгуі;

Тазалау әдісінің әр қайсысы  арттықшылықтары мен кемшіліктер,сондай-ақ өздерінің қолдану облысы бар.

 

Кесте – 7

Газдарды тазалау  аппараттардың негізгі типтері  мен сипаттамасы пайдалану облысы

 

Аппарат типі

Өлшенген бөлшектер өлшемі, мкм

Тазарту дәрежесі, %

Шаң ұстаушы камера

40…1000

60 дейін

Циклон

5…1000

85 дейін

Скруббер

20…100

99 дейін

Маталы фильтр

0,9…100

99 дейін

Қылтанды фильтр

0,05…100

99 дейін

Электрфильтр 

0,01..10

99 дейін


 

Атмосфераға зиянды заттардың  шығарылу жұмысы екі бағытта жүреді: түтінді газдың тазалануы мен  зиянды заттардың себебін жою. Мысалы, құрылыс өндірісінде жағу үрдістер кезінде отын жағуда азот пен күкірт оксидтерін түзілуін төмендететін құралдар қатарын орындайды.

Газды шығарулардың тазалау  әдістері келесідей жіктеледі:

- ластану түрі бойынша  – шаңды шығарулардан, тұман мен  шашыратқыштардан, газ тәрізді және  бу түзетін қосылыстардан;

- тазалау үрдісі бойынша  – механикалық (циклондар, фильтрлер,  дымқыл шаң ұстағыштар, электрфильтрлер)  және физика-химиялық (абсорберлер,  адсорберлер, каталитикалық реакторлар, пештер).

ЖЭС негізінен көпкүлді көмірлерді, сланецтерді және торфты шаңтәріздес  күйінде жағып қолданады. Әкетілмелі күл және шлак түріндегі отын шығындары  отвалдарға тасымалданады. Жылу электр станцияларындағы күл отвалдарының көлемі 20-40млн.м3-қа дейін жетіп 500-ден 1000га-ге дейінгі жер ауданын алып жатады. ЖЭС-нан орташа ара-қашықтығы шамамен 7-9км-ді құрайды. Осындай ара-қашықтыққа әр 5-10 жыл сайын ауыстыраты, күлді-шлакты пульпаны тасымалдайтын құбырлар орнату керек. Күл мен шлакты тасымалдау үшін ЖЭС-тің өндірілетін электроэнергиясының 1%-і кетеді.

Тас көмір – құрылымы бірқалыпсыз шөгінді тау жынысы. Аса көп күлділік өсімдік материалының аллахтоннды қорларынан пайда болады. Екібастұз көмірлері ең көпкүлді болып келеді. Олардың орташа күлділігі  шамамен 40-50%-ті құрайды. Күлділіктің  осындай үлкен көрсеткіші бұл  көмірдің құрамында минералды қоспалардың  ауқымды мөлшерінен болады. Күлдің балқыған бөлшектері қосылып шлакты түзеді. Шлак қатайған күйінде шыны тәріздес және темір тотықтарымен боялған  қүңгір түсті болады. Түтін газдарымен кететін күлді ұшқын күл дейді. Түтін газдары арқылы шығарылатын  ұшқын күл мен жанбай қалған отыннан  тұратын бөлшектер әкетілім деп  аталады.

  Құрылыс классификациясы  жағынан күл – бұл ірілігі  0,25мм-ге дейін  болатын отын  жанғанда пайда болатын өнім. Ол күлді ұстайтын құрылғылармен  (циклондар, электрофильтрлер) отырғызылады. Шлакқа отынның минералды бөлігінің  балқымасынан түзілетін ірілігі  0,25мм-ден көп түйіршікті материал. Ол күл мен шлактың бөлшкетеп   жою немесе отвалдарда күлді-шлакты  қоспаның өңделуі нәтижесінде  пайда болады.

Күл мен шлактарды әкетілмелі күлге,  құрғақ жою шлактарына және сулы жою күлді-шлакты материалдарына бөледі. Қазақстан рспубликасының Жылу электр орталықтары Қарағанды, Екібастұз, Торғай, Майкөбе бассейні, Самара, Куучекті қорларымен жұмыс істейді.

Әкетілмелі күл  мен  шлак мыналарға байланысты жіктеледі:

  1. Отынның түрі мен сапасы жағынан көмірлі, сланцты, торфты.

Көмірлі күлдерді антрацитті, тасты және қоңыр көмірлі етіп бөледі.

2. Отынды дайындау және  жану шартттарына байланысты  шаңтәрізді және қабатты жанатын. 

3. Пештердегі күлдің жатынына  байланысты:

- провал, отынды торларда  жағу нәтижесінде пайда болатын;

- подовые, топканың түбіне  түсетін;

- құбырүстілі, пештің  құбырларынды қалатын;

- қабырғалық, пештің қабырғаларынна  жабысатын;

- мұржалы, газ арқылы  мұрждаларға баратын.

Мұржалы күлдердің көп  бөлігі газдарды арнайы құрылғылармен  тазалау кезінде ұсталынады. Бұл - әкетілмелі күл. Мұржалы күлдердің  құрамы басқаларға қарағанда аса  тұрақты.

4. Ұстау әдісі бойынша:

- құрғақ әдіспен –  электрофильтрлермен және циклондармен; Электорфильтрлермен ұсталынған  әкетілмелі күлдің түйіршікті  құрамы ұсақ, сондықтан олар аса  белсенді болып келеді.

- сулы әдіспен – сумен  тазалайтын циклондармен.

Күлдердің негізгі қасиеттері болып олардың минералогиялық және химиялық құрамы, орташа тығыздығы, дисперстілігі  табылады. Әр түрлі күлді-шлакты шығындардың  құрамында 100-ден астам минералдар бар. Алайда, минералдардың  тек 40 бірлігі  ғана әрқашан болады.

Негізгі күлді-шлакты минералдарды үш топқа бөлуге болады:

1) өздік гидравликалық  қасиеттері бар минералдар;

2) сулы-жылулық өңдеу кезінде  белсене түсетін минералдар;

3) инертті минералдар (20-2500С температурасында және 0-4МПа қысымда гидролизге және активизаторлармен әсерге түсуге қабілетсіз).

Бірінші екі топқа:

- кальций және магний  силикаты (жанғыш сланецтерді, қоңыр  көмір мен торфтарды жағудан  пайда болған күл мен шлактарда)  жатады;

- тотықтар (кесекті отынды  шлактарда темір тотығы болуы  мүмкін). Сланецті, торфты және кейбір  қоңыр көмірлік күлдерде Al2O3, SiO2 кездеседі.

 

 

10 Техника қауіпсіздігі

10.1 Еңбекті қорғау

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуден бұрын әр құрылыс объектісі  міндетті түрде жобалау құжаттармен  қамтамасыз етілу керек, яғни құрылысты  ұйымдастыру жобасы жобасы (ҚҰЖ) және жұмыстарды жүргізу жобасы (ЖЖЖ) жасалынады.

ҚҰЖ және құжаттарында құрылыстың барлық кезеңінде еңбек қауіпсіздігін  қамтамасыз ететін шаралар белгіленеді, ал ЖЖЖ құжаттарында құрылыс конструкцияларын монтаждау кезеңіндегі қауіпсіздік  шаралары көрсетіледі.

Құрылыста ұйымдастыру жобасын  бас мердігер немесе оның тапсырмасы бойынша арнайы жобалау институты  жасайды, ал жұмысты жүргізу жобасын  жобалау ұйымдары немесе құрылыс-монтаж басқармаларынын жобалау бөлімдері  жасайды.

Еңбек қорғау жөнінде жобалау  шешімдері нақтылы түрде болып, әр құрылыстың деректі жағдайларына сәйкес болу керек.

Еңбек қорғау шаралары құрылысты  ұйымдастыру мәселелері және жұмыс  өндіру технологиясымен тығыз байланысты болуға тиіс.

Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік санитария мәселелерін  шешу барысында негізгі мәліметтерге: инженерлік шешімдерінің құрылыс ерекшелігіне сәйкестігі, нормативтерді қолдану, еңбек қорғау жөнінде типтік шешімдер болу, қауіпсіздік техникалық құралдарының каталогтары, өндірістік травматизм себептерін талдау материалдары жатады.

Жобалау құжаттарында қаралатын  еңбек қорғау мәселелерін үш топқа  бөлуге болады: жалпы алаңдық, технолгиялық және арнайы мәселелер.

Жалпы алаңдық мәселелерге  жататын: құрылыс алаңы өтетін жерлерді, жұмыс орындарын жарықтандыру жүйесін  анықтау; қауіпті аймақтарды белгілеп, оларды қоршау; электр желілері маңайында  жұмыс жағдайын қауіпсіздендіру; жұмысшылардың  санитарлы-гигиеналық жабдықтауын  дұрыс ұйымдастыру болып табылады.

Технологиялық мәселелерге  жататындар: құрылыс-монтаж жұмыстарын қауіпсіз монтаждау үшін инженерлік шешімдерді белгілеу; конструкцияларды монтаждау үшін қолайлы құралдарды тағайындау монтаж крандары мен механизмдерінің қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету; электр қауіпсіздігі жөнінде шараларды анықтау.

Арнайы мәселерге құрылыстың геологиялық және метеорологиялық  өзгешелігін қамтитын шаралар жатады.

Еңбек қорғау жөніндегі технологиялық  шаралар технологиялық карталар, күнтүзбелік жоспарлар және торлы  графиктер түрінде көрсетілуі тиіс.

Технологиялық карталар жаңа және күрделі жұмыстарға жасалынады.

Оларда технологиялық  үрдістер мен операциялардың реті, әдістері және тәсілдері; жұмысшылардың  орындары және олардың дербес қорғану  құралдарымен жабдықтану мәселелері шешілуі  тиісті.

 Әр технологиялық карта  графикалық, кестелік не жазу  бөлімдерінен тұрады.

Технологиялық картада белегіленген барлық шешімдер құрылыстың күнтізбелік  жоспарын жасалуының негізгі және бастама  мәліметтер болып табылады.

Бұл жоспарда құрылыс-монтаж жұмыстарын орындалу мерзімі, реті және көлемі белгіленеді; сонымен қатар  еңбек қорғау еңбек қорғау шаралары көрсетіледі.

Технологиялық картада қыс  мезгілінде, котлованда, траншеяда  жұмыстардың қауіпсіздігі  және жиналатын суларда ағызу мәселесі жөнінде шаралар белгіленеді.

Торлы графиктер құрылысты  жоспарлау, оперативті бақылау және басқару жөнінде прогресшіл форма  болып табылады.

Олар жұмыстарын технологиялық  реті, құрылыс көлемінде олардың  өзара байланысы туралы көрнекті түсінік береді, негізгі құрылыс  жүргізуге мүмкіншілік туғызады.

Күнтүзбелік жоспарлар мен  торлы графиктерде жұмыстар қауіпсіз жүргізу жөнінде нақтылы инженерлік шешімдерді алдын-ала анықтамай  операцияларды орындау мерзімін қысқартуға болмайды.

Зиянды заттар деп –  қазіргі  заман әдістермен жұмыс  үрдісінің кезінде және басқа  тұрмыс жағдайларында туындайтын,  адам ағзасын зақым туғызатын  кәсіпқой ауруларды немесе денсаулық  жағдайының ауытқуларын айтамыз.

Құрылыс алаңдардағы өндіріс  үрдістерінің негізгі саны қоршаған  айналаға зиянды заттардың бөлінуімен байланысты: әртүрлі лакты-бояу материалдар  мен ертінділердің қолдануымен  жүретін сылау жұмыстары, электрпісіру, жабынды, мұнай-битумды материалдардың пайдалануымен жүретін паркетті және жол жұмыстары, изоляциялы және гуммирлі жұмыстар және т.б.

Кейінгі уақытта құрылыста  әртүрлі синтетикалық, полимерлі  материалдар мен содан жасалатын  бұйымдар кең қолдануда.

Олардың қолдануы ерекше қауіпсіздік  пен техникалық шарттарды қатаң  бақылауды талап етеді.

Зиянды заттардың классификациясы  және жалпы қауіпсіздік талаптары  МЕСТ 12.1.007 – 76. енгізілген.

Информация о работе Керамикалық еден плиткалары

Описание работы

Керамикалық плиткалар – бұл әртүрлі өлшемдегі пластинкалар. Оларды балшықты және фаянсты массадан қалыптау және күйдіру жолымен алады. Керамикалық плиткалар жоғары эксплуотациялық қасиетімен ерекшеленеді, сондықтан, олар құрылыста кең қолданылады. Олар тұрғын ғимараттарының санузелдерінде, емханалардың операция бөлмелерінде, душтарда, моншаларда, тамақ өндірісінің цехтарында және метрода төселеді. Керамикалық плиткалар ұзақ ғұмырлығымен және жоғары декоративті қасиеттерімен басқа қаптама заттардан асады. Оларды тұрғын үйлердің, өнеркәсіптік және қоғамдық ғимараттар мен үймереттердің ішкі және сыртқы қаптамасы үшін қолданады. Плиткалар үш түрлі болып шығарылады: фасадты, еденге арналған плиткалар және қаптама (қабырғаларды қаптауға арналған).

Содержание

Кіріспе… … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..3
1. Шикізат пен қосымша материалдардың негізгі қасиеттері… … … … … … .4
2. Өндірілетін өнімнің номенклатурасы мен қасиеттері… … … … … … … … 9
3. Процесстің технологиялық схемасы… … … … … … … … … … … … … .11
4. Негізгі цехтердің, заводтардың жұмыс істеу режимі… … … … … … … ...19
5. Процесстің материалдық есептері… … … … … … … … … … … … … … 21
6. Апаратың есебі… … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .21
7. Жабдықтарды қабылдау және олардың спецификациясын құрастыру… ....25
8. Процессті бақылау мен автоматтандыру… … … … … … … … … … … …26
9. Қоршау алаңды қорғау шаралары… … … … … … … … … … … … … .26
10. Техника қауіпсіздігі… … … … … … … … … … … … … … … … … … .33
Қолданылған әдебиеттер… … … … … … … … … … … … … … … … … …39