Еңбек дауларын сотта қарау

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 08:00, курсовая работа

Описание работы

Сабақ мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Работа содержит 1 файл

Айгуль тате.doc

— 59.00 Кб (Скачать)

Балалар мен жасөспірімдер  шығармашылық орталығы 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сабақтан  тыс іс-шара

Тақырыбы: 

 
 
 
 
 
 
 
 

Қосымша білім

беретін педагог:

Құсайынова  А.А. 
 
 
 
 
 
 

Қордай-2011

«Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл» тақырыбына арналған іс-шара

Сабақ мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі: ҚР 1991-2010 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, үн қағаздар , буклеттер, карта, фотосуреттер, үнтаспа.

Тәрбие  сағатының түрі: таным сағаты

Жүргізуші: Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991жыл алтын әріптермен жазылды... Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.

Әнұранды  орындау

Жүргізуші: 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мепн қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.

1-оқушы

Мұз жастанып азатықтың жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында

Сойыл таяқ ойнаса да жанында

Отан  үшін жанын қиды ұлдарың,

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың. 

2-оқушы

Күйініштен ауырды жүрегім,

Естігенде желтоқсанның ызғарын

Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе

Ұрпақ өсер айналатын тірекке,

Егемендік тиді бүгін еншіме

Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке. 

3-оқушы

Егемендік иесі мен деген сөз,

Көптен  бері естілмеген ерен сөз

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған

Көркем  жігіт болып өссе көрген сөз. 

4-оқушы

Егемендік ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.

«Егемендік» деген сөзден естілер,

Ата жұртың арысы мен бергісі.

Жүргізуші:  1991 жылы желттоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.

5-оқушы

Шықты тарап ой данадан,

Бері  қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап  сайлап алған,

Елімнің бар Президенті. 

6-оқушы 
Шырақ етіп өмір нұрын,

Алыс  жатты алдағы жол.

Ел намысын, елдің жүгін,

Арқалаған ардағым-ол.

Жүргізуші: 1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайланды. Ал, 2005 жылы желтоқсан айының тқртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен  Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды. 

7-оқушы

Күнісіз қазақ көгінің,

Шуағын  шашқан халқына.

Қазығы  бостандығымның,

Қажымас қайсар нар тұлға. 

8-оқушы

Ұшырдың алыс айға адам

Халқымның мақсат арманың,

Түсінер сіздей қайда адам?!

Бес қару белге буынып. 

9-оқушы

Қол бастар көсем өзіңсің,

Жаныңды қиып берерсің,

Қазақтың  байтақ жері үшін. 

Жүргізуші: 1992 жылы 4 маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол  қойды.

10-оқушы

Рәмізім-елдігімнің белгісі,

Білу  керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді  жатқа білген жөн кісі. 

11-оқушы:

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек

Елдің ашық қабығы.

Ақ ниеті  алтын күн,

Асқақ арман қыраны,

Жалауы  бұл халқымның,

Мәртебесі, мақтаны! 

12-оқушы:

Елтаңбасы елімнің 

Неткен  әйбәт, әдемі!

Тұнығындай  көңілдің

Ортада-аспан  әлемі. 

13-оқушы:

Құт, береке, шаңырақ,

Орын  алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген. 

14-оқушы:

Тәуелсіздің жолында,

Талай-талай  тер тамған...

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-елтаңбам. 

15-оқушы:

Әнұраным-жанұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым,

Мың қайталап айтар мұңы.

Жүргізуші: «Қара бауыр қасқалдақ» әнін үнтаспадан тыңдау.

Сұрақ-жауап  сайысы:

  1. Қазақстан қандай ел?
  2. Қазақстанның қанша халқы бар?
  3. Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер?
  4. Біздің еліміздің астанасы қай қала?
  5. Біздің еліміздің басшысы кім?
  6. Еліміздің президенті кім бола алады?

Мақал-мәтелдер сайысы

«Жалғастыр»

  1. Еңбек түбі береке,

    (Көптің  тұбі береке)

  1. Еліне безген-ер оңбас,

    (Көлінен  безген қаз оңбас)

  1. Ер бір рет өледі,

    (Қорқақ  мың рет өледі)

  1. Сөз атасы – құлақ,

    Жол атасы – тұяқ,

    (Су  атасы – бұлақ)

  1. Өлеңді жерде

    Өгіз  семіреді.

    Өлімді  жерде

    (Молда  семіред)

Сөзжұмбақты шешу:

  1. Біздің ел қай ұлтқа жатады?
  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізін ата?
  3. Көктем мерекесі?
  4. Қазақтың ұлы ақыны?
  5. Космодром?
  6. Қазақта тағамды тағы қалай атайды?
  7. Қазақстан Республикасының рәмізі?
  8. Қазақстандағы көлді ата?
  9. Қазақстан Республикасынығ мемлекеттік рәмізін ата?
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 

Жүргізуші: Ал енді қазір сіздерге проектордан «Желтоқсан» оқиғасының видеосын көріңіздер.

Мұғалім: Ал, балалар бүгінгі сабағымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!

Информация о работе Еңбек дауларын сотта қарау