Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 06:39, дипломная работа

Описание работы

Дүниежүзілік құқықтық кеңістікке кіре отыра, бүгін Қазақстан Республикасы халықаралық БҰҰ Ең төменгі стандартты ережелеріне сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету ісінде және кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға сот төрелігін іске асыруда алғашқы қадамдарын жасауда.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………..3
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
1.1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
ерекшеліктері………...................................................................................7
1.2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату..............
2. Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
2.1 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері....…..................................................………………………………31
2.2 Кәмелетке толмағандарға жаза қолданудың ерекшеліктері.....……..…................................……………………………38
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары
3.1 Бүгінгі күнгі кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі жүйесінің ұтымдылығы туралы сұрақ …………………………………....……..................50
3.2 Кәмелетке толмаған құқықбұзушылармен жұмыс істеу тәсілдерін өзгерту бойынша шаралар ….........…….…………………………………….....54
3.3. Пайда болған жағдайды шешу тәсілінің бірі ретіндегі - ювеналды әділет..........................................................................................................................
3.4. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары ................................................................................................................
Қорытынды……………....…………………………………………………........60
Қолданылған әдебиеттер тізімі …....……

Работа содержит 1 файл

Копия Угол отв несов каз фин.doc

— 279.00 Кб (Скачать)

      Кәмелетке толмағандардың жас шегін анықтай отырып, заң шығарушы барлық жағдайларды ескереді, дегенмен шешуші маңызды кәмелетке толмағандардың жасына сәйкес келетін психологиялық ерекшеліктерге, әрекетінің қоғамдық қауіпті екендігін сезіну қабілетінің дәрежесіне береді. Кәмелетке толмағандардың көбісіне типтік болып келетін нақты жасқа жеткен, оның интелекті мен еркінің даму ерекшеліктері ескеріледі /10, 12б./.

      Кәмелетке толмағандар саналы түрде тиісті тәртіп нұсқасын таңдай алады, яғни құқық  нормаларының және адамдық ережелердің  талаптарына сәйкес  әрекет ете алады. Ең бірінші кезекте осымен, заңмен қылмыстық жауаптылық он жас емес, нақты кейбір қылмыстар үшін он төрт жастан, ал қалғандары үшін, ережедегідей  он алты жастан белгіленетіндігі түсініледі.

      Он  төрт пен он алты жасқа жеткен кәмелетке толмағандар, жеткілікті деңгейде өздерінің әрекеттерінің заңмен қылмыс деп танылатынын, олардың қоғамдық қауіптілігін ұғына алады. Егер, кәмелетке толмағандар осыған қарамастан қылмыстардың сәйкес түрін жасайтын болса, олар толық негізде қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін, және де тартылуға міндетті /6, 52б./.

      Заңмен  көзделген жасқа жету кәмелетке  толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартудың міндетті шарттарының бірі болғандықтан, әрбір жағдайда олардың  қылмыс жасау сәтіндегі жасын  дәл анықтау қажет /11, 63б./.

      Қылмыстарды тергегенде және қылмыстық істерді  қарағанда тергеу органдары, прокуратуражәне  сот қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатқан кәмелетке толмағанның жасын  анықтауға міндетті. Әдетте тиісті құжаттар (төл құжат, туу туралы куәлік) бойынша жас шамасы тез әрі жеңіл анықталады /12, 124б./.

      Егер  жас шамасын анықтайтын құжат  жоқ болатын болса, онда жас шамасы сот-дәрігерлік сараптама сияқты басқа  да дәлелдемелер арқылы анықталады. Жас  өспірім қайсыбір жасқа туған  күнінде емес, келесі күнен, яғни келесі күнгі нөл сағаттан бастап, толған деп саналады. Сараптама тағайындалған жағдайда, туған күні болып сарапшылар көрсеткен жылдың соңғы күні саналады. Сарапшылар жасты ең аз және ең көп жылдар санымен анықтағанда (мысалы, 14 пен 15 жасқа дейін), сараптама ұсынған ең аз мөлшердегі жасымен тоқталады /13/.

      Тағы  бір айта кетуге қажет, кәмелетке  толмағандар жауаптылығының ерекшелігі, олар кейбір қылмыстардың субъектісі бола алмайтындығы. Олардың санына ең біріншіден қылмыстардың екі санаты жатады:

      1. Кәмелетке толмағандардың өздері жәбірленуші болып табылатын қылмыстырда, мысалы, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту (ҚР ҚК 131-бабы) , кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту (ҚР ҚК 132-бабы), кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау (ҚР ҚК 137-бабы);

      2. Субъектілері он сегізден жастан  үлкен тұлғалар болып табылатын  қылмыстарда, мысалы (депутаттар  – 21 жас, сот пен прокурорлар  – 25 жас және т.б.)

      Қылмыстық жауаптылықтың жасы мен есі дұрыстықтан  басқа, онсыз қылмыстық жауаптылық туындамайтын маңызды шарты қылмыс жасаудағы кінә болып табылады. Кінә қасақаналық немесе абайсыздық түрінде болуы мүмкін.

      Он  төрт пен он алты жас аралығындағы тұлғалар ұйымдасқан қылмыстық топты  немесе қылмыстық қаудастықты (қылмыстық ұйымды), құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысуүшін жауаптылыққа тартылмайды (ҚР ҚК 235-бабы). Мұндай жағдайда, жасалаған әрекеттердің сипатына қарай оларға он төрт жастан жауаптылыққа тартылатын қандай да бір қылмысқа мысалы, кісі өлтіру, қарақшылық шабуылына (ҚР ҚК 96, 179-баптары) дайындық үшін ҚР ҚК 24-бабы 1 және 2 тармақтарына сілтеме жасап, жаза тағайындалады не аяқталған қылмыс үшін жаза тартады.

      Кәмелетке толмағандар, ересектер сияқты қылмысты аяғына дейін жасаудан өз еркімен бас тартқаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

      Сот тәжірбиесін зерттеу көрсеткендей, қылмыстардың жартысына жуығы кәмелетке  толмағандармен қылмысқа қатысумен  топпен жасалады.  Ұйымдастырушы, айдап  салушы, бірлесе орындаушы ретінде  көбіне қылмыстық тәжірбиесі бар ересек тұлғалар болып табылады. Осындай жағдайларда кәмелетке толмағандардың әртүрлі жастарына байланысты қылмысты саралаудың әрқандай нұсқасы болуы мүмкін. Кәмелетке толмаған қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жеткен жағдайларда, ересек тұлға жасалған қылмыс үшін ҚР ҚК 28-бабы бойынша ортақ қатысушы ретінде жауап береді.

      Кәмелетке толмаған қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпеген жағдайларда, ересек тұлға тек қана ҚР ҚК 28-бабы бойынша  ғана емес, кәмелетке толмағанмен (біреу арқылы орындау) жасалған қылмыс үшін осы қылмыс қарастырылған ҚК бабы бойынша жауап береді. Бұл бірнеше басқа жағдайларда да растығын табады. Осылай, қарақшылық шабуылын немесе тонауды, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпеген кәмелетке толмағанмен жасағанда, ересек адамның әрекеті, ҚР ҚК 179-бабының 2-тармағы «а» тармақшасы немесе ҚР ҚК 178-бабының 2-тармағы «а» тармақшасы бойынша сәйкесінше сараланады. Кәмелетке толмағандар көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмағанына қарамастан ересек тұлға жауапқа тартылады. Кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған жағдайда, қылмыстық топ құрамымен жасалған зорлау бойынша ересек қатысушыларға қылмыс топпен жасалды деп саналмайды және ҚР ҚК 120-бабының 1-тармағына сәйкес саралауға жатады /4/.

      Ересектердің  қатысуымен жасалған, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы туралы істерді қарағанда, ересек пен жасөспірім арасындағы өзара  қатынастардың сипатын мұқият айқындау қажет, өйткені ересектің кәмелетке  толмаған адамды қылмыстық немесе басқа қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту бойынша ролін белгілеуде бұл мәліметтердің шешуші маңызы бар.

      Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылық ерекшеліктерін айқындап, заңнама ҚРҚК Жалпы бөлімінде не кәмелетке  толмағандар жауаптылығын әдейі регламенттейтін, не кәмелетке толмағандарға таралатын бірқатар жағдайлардың бар екендігінен шығады. Нақтырақ айтқанда олар: он сегіз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін соттылығы қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді (ҚР ҚК 13-бабы), қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жастың шегі жалпы және кейбір қылмыстар үшін белгіленетіні (ҚР ҚК 15-бабы), кінәлінің кәмелетке толмауы жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылады (ҚР ҚК 53-бабы). Осыдан туындайтыны, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мәселелерін шешкенде тергеушілер, прокурорлар және соттар тек қана жаңа ҚК Ерекше бөлімнің жағдайларын ғана емес, ҚК Жалпы бөлімі жағдайларын да жетекшілікке алуға міндетті.  
 

     1.2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату 

     Кәмелетке толмаған жалпы негіздер бойынша да, тек қана осы санаттағы тұлғаларға қатысты арнайы жағдайлар бойынша да қылмыстық Кәмелетке толмаған жалпы негіздер бойынша да, тек қана осы санаттағы тұлғаларға қатысты арнайы жағдайлар бойынша да қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Есте боларлық бір жайт, қылмыстық жауаптылықтан босатудың жалпы түрлерін қолданғанда он сегіз жасқа толмаған тұлғаларды қылмыстылық жауаптылыққа тарту ерекшеліктері ескеріледі. Кәмелетке толмаған қылмыстық жауаптылықтан шын өкінуіне байланысты (ҚР ҚК 65-бабы), жәбірленушімен татуласуына байланысты (ҚР ҚК 67-бабы), ескіру мерзімінің өтуіне байланысты (ҚР ҚК 69-бабы) босатылуы мүмкін. Оларға қатысты жоғарыда көрсетілген негіздер жалпы ережелерден қандай да бір алып тастауларды қарастырмайды. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты (ҚР ҚК 69-бабы) кәмелетке толмаған тұлғаны қылмыстылық жауаптылықтан босатқанда, кәмелетке толмағандарға қолданылатын ескіру мерзімідерінің ерекшеліктерін есте ұстау қажет. ҚР ҚК 85-бабына сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты бұл мерзімдер тең жартысына қысқартылды. Ересек қылмыскерлерге сияқты он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға да, рақымшылық пен кешірім жасау қолданылуы мүмкін.

     Заңнамада қылмыстық жауаптылықтан босатудың  жалпы түрлерімен бірге, он сегіз  жасқа толмаған тұлғаларға ғана қолданылатын арнайы түрлері де бар. ҚР ҚК 81-бабының 1-тармағына сәйкес: «Кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе бірінші рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгiленсе, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн».

     Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелік әсері  бар мәжбүрлеу шараларын қолдану  арқылы қылмыстық жауаптылықтан  босату төмендегі өзара байланысқан  үш түрлі жағдай міндетті түрде болғанда мүмкін:

     1. кәмелетке толмаған адамдның  кішігірім немесе орташа ауырлықтағы  қылмыс істеуі;

     2. осы санаттағы қылмысты бірінші  рет істеуі;

     3. кәмелетке толмағанды түзеуге  қылмыстық жауаптылықпен емес, тәрбиелік  әсері бар мәжбүрлеу шараларын  қолдану жолымен қол жеткізуге болатындығы жөнінде сендіретін жағымды мінездеменің болуы.

     Мұндай  соттың сенімі кәмелетке толмағанның  істеген әрекетін, сондай-ақ, оның тұлғасын, істің мән-жайын, құқықтық сана-сезім  деңгейін, адамгершілік қасиетін, ата-анасымен, айналасындағылармен өзара қарым-қатынасын жан-жақты талдау негізінде қалыптасады.

     Жоғарыда  айтылған жағдайдардың болғанына, сондай-ақ жасалған қылмыстың уәжі мен кінәлінің  қылмыс жасағаннан кейін тәртібі, бұрын  оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу  шараларын қолданды ма және қандайы қолданғаны туралы сұрақтар анықталғаннан кейін, оған тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе шешіледі. Бұл тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сұрақ тергеу сатысында да, соттық қарау сатысында да қойылуы мүмкін.

     Алдын-ала  тергеу сатысында тергеуші прокурордың  келісімімен, не прокурордың өзі  қылмыстық істі қысқарту және оның материалдарын ҚР ҚК 82-бабының ережелеріне  сәйкес, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу  шараларын тағайындайтын арнайы мемлекеттік органға  беру туралы қаулы шығарады. Сотта істі қарау сатысында соттың өзі кәмелетке толмағанды қылмыстық жауаптылытан босату туралы қаулы шығарады және бір немесе бірнеше тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын тағайындайды.

     Он  сегізге толмаған тұлғаларды қылмыстық жауаптылықтан босатудың барлың арнайы түрлері тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолданумен байланысыты, яғни кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс істеген кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартпай, педагогикалық құралдардың көмегімен оларды түзеу мақсатымен, заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын  қолдану. Мәжбүрлеу деп аталдығының себебі, олар кәмелетке толмағаннң немесе оның заңды өкілінің еркіне қарамастан тағайындалады және орындалады, әрі қылмыс жасаған тұлғаларғада, басқа азаматтарға міндетті болып табылады. Олардың жүзеге асырылуы арнайы өкілеттіктері бар мемлекеттік органдардың күшімен қамтамасыз етіледі.Тағайындалған шараны орындамау заңда тікелій қарастырылған, жағымсық құқықтық салдарларға алып келеді.

           ҚР ҚК 82-бабында қарастырылған шаралар, өздерінің мазмұны жағынан тәрбиелік сипаты бар. Оларды қолданғанда кәмелетке толмағанға әсер ету, ең алдымен оны сендіру, санасына қылығының жағымсыз бағалауын жеткізу, қоғамға қауіпті тәртіптің жол берілмейтіндігіні әдістерімен жүзеге асырылады. Жасөспірімді қылмыстық жауаптылыққа тартпай және қылмыстық жазаны қолданбай, қылмыстық қуғын-сүргін шараларын үнемдеп түзету мақсатына жетеміз /15, 96б./.

     Бұдан шығатыны, жоғарыда айтылған шаралар  мазмұны жағынан тәрбиелік, ал орындау сипаты бойынша – мәжбүрлік болып табылады. Қылмыстық жазамен олардың тек қана сыртқы ұқсастықтары бар. Олардың арасында әрқандай құқықтық табиғатын анықтайтын, сапалық әртүрліліктербар. Мәжбүрлеу шараларында жаза беру элеметі жоқ. Олар негізгі және қосымша болып бөлінбейді, салдар ретінде соттылықты болдырмайды. Кәмелетке толмағанға бұл шараларды тағайындайтын органның өзі істің барлық мән-жайы мен кінәлінің жеке қасиеттері мәліметтеріне негізделіп, олардың мерзімін анықтайды. Кәмелетке толмағанмен тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын орындамаудың салдары болып, арнайы мемлекеттік органның ұсынынмымен және материалдарды сотқа жіберумен, оны қылмыстық жауаптылыққа тарту мүкіндігі табылады. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларды тағайындау сәтінде кәмелетке толмағандарға ғана қолданылады да, тұлғамен он сегіз жасқа жету оларды қолдануды болдырмайды.

     ҚР  ҚК 82-бабының 1-тармағы былай дейді, сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік  әсері бар мынадай мәжбүрлеу  шараларын тағайындауы мүмкін:

     а) ескерту;

     ә)ата-аналардың  немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

     б) келтірілген зиянды қалпына келтіру  міндетін жүктеу;

     в) бос уақытын шектеу және кәмелетке  толмаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;

     г)кәмелетке  толмағандарға арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.

     Адам  мен азаматтың құқықтарын шектейтін  тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу  шараларын (ҚР ҚК 82-бабында айтылған) қолдану ҚР Конституциясының 16-бабына сәйкес заңмен қарастырылған жағдайларда ғана жүзеге асырылады /16/. 

     Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының  мазмұны ҚР ҚК 83-бабында ашылады.

Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі