Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 06:39, дипломная работа

Описание работы

Дүниежүзілік құқықтық кеңістікке кіре отыра, бүгін Қазақстан Республикасы халықаралық БҰҰ Ең төменгі стандартты ережелеріне сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету ісінде және кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға сот төрелігін іске асыруда алғашқы қадамдарын жасауда.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………..3
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
1.1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
ерекшеліктері………...................................................................................7
1.2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату..............
2. Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
2.1 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері....…..................................................………………………………31
2.2 Кәмелетке толмағандарға жаза қолданудың ерекшеліктері.....……..…................................……………………………38
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары
3.1 Бүгінгі күнгі кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі жүйесінің ұтымдылығы туралы сұрақ …………………………………....……..................50
3.2 Кәмелетке толмаған құқықбұзушылармен жұмыс істеу тәсілдерін өзгерту бойынша шаралар ….........…….…………………………………….....54
3.3. Пайда болған жағдайды шешу тәсілінің бірі ретіндегі - ювеналды әділет..........................................................................................................................
3.4. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары ................................................................................................................
Қорытынды……………....…………………………………………………........60
Қолданылған әдебиеттер тізімі …....……

Работа содержит 1 файл

Копия Угол отв несов каз фин.doc

— 279.00 Кб (Скачать)

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………..3 

1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі

1.1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

      ерекшеліктері………...................................................................................7

1.2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату..............

2. Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері

2.1 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның  түрлері....…..................................................………………………………31

2.2 Кәмелетке толмағандарға жаза қолданудың  ерекшеліктері.....……..…................................……………………………38

3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары

3.1 Бүгінгі күнгі кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі жүйесінің ұтымдылығы туралы сұрақ …………………………………....……..................50

3.2 Кәмелетке толмаған құқықбұзушылармен жұмыс істеу тәсілдерін өзгерту бойынша шаралар ….........…….…………………………………….....54

3.3. Пайда болған жағдайды шешу тәсілінің бірі ретіндегі - ювеналды әділет..........................................................................................................................

3.4. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары ................................................................................................................ 

Қорытынды……………....…………………………………………………........60 

Қолданылған әдебиеттер тізімі …....……….........…………………………......62 
 
 

      Кіріспе 

      Дүниежүзілік  құқықтық кеңістікке кіре отыра, бүгін  Қазақстан Республикасы халықаралық БҰҰ Ең төменгі стандартты ережелеріне сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету ісінде және кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға сот төрелігін іске асыруда алғашқы қадамдарын жасауда.

      Бұдан басқа кәмелетке толмағандар қылмыстылығының ерекше белгілері Қазақстан Республикасында заң шығарушыны қылмыстылық жауаптылық пен жазалаудың ортақ ережесі мен бастамаларынан ауытқитын , кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын мұқият регламенттеу қажеттілігіне әкелді. Заңнамамен кәмелетке толмағандарға жаза түрлерін белгілеудің, оларға жаза тағайындаудың, оларды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың, ескеру мерзімі есептелуінің және соттылықты жоюдың ерекше шарттары көзделген.

      Тақырыптың  актуальдығы мынада, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының өсуі қоғамның қарқынды жіктелуі, тұрғындардың көпшілік бөлігінің өмірлік деңгейі төмендеуі, неке-отбасы қатынастарының қолайсыз дамуы, кәмелетке толмағандарға қатал қараудың көрініс табуы  жағдайында болатындығы. Мұндай жағдайда әлеуметтік, экономикалық және тәрбие-профилактикалы шаралардың басты маңызы бар. Дегенмен, қылмыс жасалғаннан кейін кәмелетке толмағанның қылмыстық жауаптылығы мәселесі туындайды.

      Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарын  алдын-алу бойынша бірқатар тұжырымдамалар әзірленгене, заңнама гуманизацияланғанына, осыған байланысты нормативтік-құқықтық актілердің өзгеруіне қарамастан жасалған құқықбұзушылықтар санының өсуі қолданылып жатқан шаралардың жеткіліксіз екендігін куәландырады.

      Статистикалық мәліметтерге сәйкес Қазақстанда қылмыстылықтың өсуімен қатар кәмелетке толмағандар қылмыстылығының төмендеуі байқалады. Егер Павлодар облысында 2001 жылы кәмелетке толмағандармен жасалған 7021 қылмыс тіркелсе, онда 2007 жылы - 5137. Жалпы қылмыстылықтың құрамында кәмелетке толмағандар қылмыстылығының үлесі сәйкесінше 2001 жылы -12,2 % және 2007 жылы -11, 5%.

      Қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке  толмағандардың үлес салмағы қылмыс жасаған тұлғалардың жалпы санының 15,8% құрайды, бұл 2004 жылғы 18,7% қарсы. Сондай-ақ абсолюттік көріністе де тенденция төмендеу жағына қарай байқалады (2004 жылы - 926, 2005 жылы – 694, 2006 жылы – 551) /1/.

      Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық  жауаптылықты жеңілдету нәтижесінде, көрсетілген санаттағы тұлғалардың  негізгі бөлігі, қылмыс жасағанына қарамастан (әдетінше, ауырлығы орташа және онша ауыр емес), іс жүзінде жазасыз қалады да, бұл өз кезегінде қылмыстық әрекеттердің екінші жасалуына, яғни қылмыстың қайталануына алып келеді.

      Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпегендіктен, ақтау емес негіздері бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған кәмелетке толмағандар саны көбейді.

      Ерекше  уайымды тудыратын факт, бүгінгі  күнге қылмыстылық «жасарды», құқыққа  қарсы әрекеттер жасаған 14 жасқа  дейінгі тұлғалар саны өсті.

      Осылай, егер статистикалық мәліметтерді қарстырмай, негізге қоғамымыздағы іс жүзіндегі жағдайды алсақ, кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғауды жетілдіру және кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері, өздерін, қылмыс жасауда айыпталған кәмелетке толмаған  сот алдында болғанда ғана танытады.

      Тап осы кезеңде проблемалар туындайды: әлде кәмелетке толмағанды бар заңның қаталдығымен жазалау ма, әлде негізінен  біздің қоғамымыздың сапалы субъектісі ретінде, кейініректе өзінің қызметін игілікке жүзеге асырауға қабілетті жас өспірімнің сақталуына жағдай жасайтын бұл проблеманы шешудің басқа ең ұтымды жолын іздеу ма.

      Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы  мәселелерін зерттеуде ең үлкен  үлес қосқандар М.Б. Нәрікбаев, Н.И. Архипцев, Л.А. Андреева, Б.А. Жетпісбаев, М.П. Евтеев, У.Б. Джекебаев, М.М. Бабаев, И.И. Астимиров және т.б.

      Бұл жұмыстың мақсаты – қылмыстық-құқықтық мәселелерді зерттеу мен талдау, қылмыстық құқық теориясында, сондай-ақ тергеушілік және соттық тәжірбиеде туындайтын кәмелетке толмағандар жауаптылығының даулы сұрақтары мен қарама-қайшылықтарын анықтау.

      Қойылған  мақсатқа жету жолында келесі нақты  міндеттерді шешу мақсатқа лайық  деп ойламыз:

      1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігіне зерттеу жүргізу.

      2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық  жауаптылығына қатысты мәселелі  сұрақтарды айқындау мен талдау  жүргізу.

      3. Теориялық қортындылар мен тәжірбиелік  ұсыныстарды алу.

      Бұл міндеттерді шешу үшін келесі әдістерді  қолдану қажет:

      а) құрылымдық талдауды;

      ә) синтезді;

      б) салыстырмалы құқықтануды (кәмелетке  толмағандардың жауаптылығын алдын-алудағы  ортақтықты және әртүрлілікті айқындау үшін);

      в) қисынды жинақтауды ( көрсетілген  мәселелерді талдағаннан кейін, белгілі қортындылар жасап, даулы сұрақтар мен қарама-қайшылықтарды айқындау үшін). 
 

      1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі 

      1.1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы  ерекшеліктері 

      Қолданыстағы  заңнама алғаш рет кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктеріне арналған дербес тарауды қарастырады.

      Гуманизм  қағидасына негізделген мұндай тәжірбие, БҰҰ мақұлдаған, қазіргі шетелдік қылмыстық заңнамаға сәйкес келеді. /2/

      Арнайы тарауды енгізу, ақырында, қылмыстық және қылмыстық іс-жүргізу құқығы нормаларын сәйкестікке келтіреді. ҚР ҚІЖК «Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу» тарауы бар және онда мұндай процессуалдық әрекеттердің ерекшеліктеріне жататын барлық нормалар жинақталған /3/. Жағымды болып табылатыны, 1997 жылғы ҚР ҚК алғаш рет «кәмелетке толмағандар» ұғымына түсінік берілген: жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар. Жасы он төртке толмаған тұлғалар – жас балалар, он сегіз жастан үлкендері –кәмелетке толғандар.

      Арнайы  тарауды енгізу, кәмелетке толмағандарға  ҚР ҚК ересектердің қылмыстық жауаптылығы мен жазалау мәселелерін регламенттейтін кейбір баптарын қолдану мүмкіндігін болғыза алмайды. Мысалы, қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау, бас бостандығынан айырудың ең аз мерзімдері және т.б. Біздің заң шығарушыға бұрын белгілі болмаған басты ерекшелік, психикасы бұзылумен байланысты емес, психикалық дамуы қалып қоюы нәтижесінде өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айырылған, қылмыстық жауаптылық жасына жеткен, кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартпау құқығын сот және тергеу органдарына беру болып табылады /4/.

      Бұл өте маңызды ереженің заңға енгізілуімен көпжылдық теориялық кішірейтілген  есі дұрыстық мәселесі мен оның жас өспірімдік жастағы тұлғаларға жауапкершілігіне әсері туралы теориялық пікірталастар аяқталды.

      Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы  ерекшеліктерін дербес бөлімге бөлу, бұл тұлғаларға қатысты қылмысты жауаптылық туралы нормалар, осы бөлімде көзделген ерекше жағдайларды ескере отырып қолданылатынын білдіреді. Мұндай ерекше жағдайлардың ҚР ҚК енгізілуі, осы жас санатындағы тұлғалардың әлеуметтік-психологиялық ерешеліктерімен байланысты. Он төрт жастан он сегіз жас аралығындағы кәмелетке толмағандар, бір жағынан социализацияның жеткілікті жоғары деңгейіне жетеді (оларда дербестік, қайсарлық, өз тәртібін бақылау қабілеті, өзін ұстай білу қабілеті пайда болады), екінші жағынан – жеке тұлғаның онан арғы социализациясы жалғасады (мектепте немесе колледжде оқуы жалғасады немесе бітеді, қоғамдағы өз орнын анықтайды, жеке адам аралық қатынастары жиналады).

       Тәжірбие  көрсеткендей кәмелетке толмаған құқықбұзушылардың  көбінде өлшем мен борыш сезімі, жөнсіздік пен тәртіптілік туралы түсінік жоқ. Жасөспірім өздерінің құмарлықтары мен құшартарлықтарының құлы болып кетеді. Мұндай жасөспірімдердің өмірлік қажеттіліктеі көбіне примитивті, материалдық қажеттіліктері руханиға қарағанда басымырақ /5, 7б./.

       Бұд балалар өздерінің құмарлықтарын  қанағаттандырудаға қол жеткізуді қандай болса да бағамен үйренген, тіпті құқықбұзушылық арқылы. Ұрлық, тонау пен бұзақылық әрекеттерін жасап, сотталған жасөспірімдердің сұралғандарының жартысы оларға шығарылған үкім шли қатал деп шешті, өйткені олар «ерекше ештеңе істеген жоқ». Сұралғандардың әрбір үшіншісі өзінің «ынжықтығын, ерік күші жоқтығын» белгілеген. Көбісі қылмыстық жауаптылықтан жалтаруға үміттенеді, оларда жазаның бұлтартпастығы сезімі жоқ /6, 45б./.

       ҚазКСР  ҚК да сияқты, жаңа ҚР ҚК қылмыстық жауаптылық туындайтын екі жас деңгейін  белгіледі. Жалпы ереже бойынша көптеген қылмыстарды жасаған үшін қылмыстық жауаптылық он алты жастан туындайды. Тек қана, көп жылғы тәжірбие көрсеткендей, қоғамдық қауіптілігі мен құқыққа қайшылығын он төрт жасқа жеткен жасөспірімдерге де белгілі  кейбір қылмыстар үшін ғана, қылмыстық жауаптылық осы жасқа жеткенде басталады.

       Он  төрт жастан қылмыстық жауаптылық басталатын қылмыстардың тізімі ҚР ҚК 15-бабының 2-тармағында берілген. Бұд тізім толыққанды болып  табылады және сот пен тергеу органдарына кәмелетке толмағандар жауаптылығының мәселелерін шешкенде орындауға міндетті. Сонымен бірге ескере кететіні, он алты жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылатын қылмыстарда,  он төрт жастан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылатын қылмыстардың элементтері бар /8, 86б./.

      Осылай, бандаитаизм үшін (ҚР ҚК 237-бабы) қыдлмыстық жауаптылық он алты жастан ғана туындайды. Бірақ, бандитизм күрделі қылмыс болғандықтан, ұрлық, тонау, қарақшылық, кісі өлтіру және т.б. тұруы мүмкін. Бандиттік шабуылға қатысқан, он төрт жасқа толған жасөспірімдер, сәйкесінше басқа айтылған қылмыстар үшін  қылмыстық жауаптылыққа тартылады, бірақ бандитизм үшін емес.

      Ұқсас жағдай, осындай жас өспірімдердің  басқа кейбір қылмыстары үшін, қылмыстық  жауаптылығы туралы мәселелерді шешкенде  туындауы мүмкін, мысалы, тонаудан (ҚР ҚК 178-бабы), бұзақылықтан (ҚР ҚК 257-бабы), және тағылықтан (ҚР ҚК 258-бабы)   тұратын жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқанда (ҚР ҚК 241-бабы). Олардың әрекеттері сәйкесінше, тек қана 178, 257, 258 баптармен сараланады, бірақ ҚР ҚК 241-бабымен емес.

      Он  алты жастан қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қоғамға қауіпті әрекеттерді  жасағанда және ҚР ҚК 15-бабы 2-тармағында көзделген қылмыстардың элементтері  болмаған жағдайда, он алты жасқа толмаған жас өспірімдер қылмыстық жауаптылыққа тартылмыйды. Осыларға және қоғамдық қауіпті әрекет жасаған, он төрт жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстылық жауаптылыққа тартпай, оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданады.

Информация о работе Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі