Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 12:48, реферат

Описание работы

Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік.docx

— 22.16 Кб (Скачать)

Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік


Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

Қылмыстық процесс — бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады, Қылмыстық процестің екі мақсаты бар:

  • тікелей — әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын;
  • жалпы — заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу.

Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану.

[өңдеу]Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары


Қылмыстық іс жүргізу қағидалары қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидаларымен сәйкес келеді. Бұлар — заңдылық, жариялылығы, судьялардың тәуелсіз болуы және олардың тек заңға бағынуы, азаматтардың заң және сот алдында тең дәрежеде болуы. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу құқығының төмендегідей негізгі қағидалары бар:

— Қылмыстық процестегі жариялылық — мемлекеттіліктің негізін белгілейді, оның мәні азаматтардың ісі имес, құқық қорғау органдарының маңызды және жауапты міндеті қоғам мен азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау болып табылатындығында. Мемлекет өзіне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыс жасаған адамға зиян шегушінің (жәбірленушінің) өз еркімен немесе еркінен тыс жағдайда қылмыстық қудалауды қозғау міндетін жүктейді.

— Іс мән-жайларының жан-жақтылығы, толықтығы объективтілік қағидасы. Сот, прокурор, тергеуші және жауап алуды жүргізуші адам істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін жауапкершілікті жеңілдететін және қылмысты әшкерелейтін мән- жайларын да анықтауға міндетті. Олардың дәлелдеу міндетін айыпталушыға жүктеуге құқықтары жоқ. Айыптаушылардан, іске қатысушы басқа адамдардан күш көрсету, қорқыту және өзге де заңсыз тәсілдер арқылы жауап алуға тыйым салынады.

Істің мен-жайын жан-жақты зерттеу, іс бойынша шығарылған барлық болжамдарды тексеруді, айыпталушыны (күдіктіні) әшкерелейтін немесе ақтайтын мән-жайды зерттеуді білдіреді. Зерттеудің толықтығы, дөлелденуі тиіс барлық мән-жайлар Зіррттеліп болғанда ғана істің толық қаралғандығын білдіреді. Дәлелдеудің объективтілігі іс жүргізуде тек бір тергеушінің (анықтау жүргізетін адам) ғана емес, сонымен бірге кез келген бақылаушы немесе қадағалаушы органның көзқарасына ғана сүйенбейтіндігін көздейді.

— Айыпталушының қорғалу  құқығын, қамтамасыз ету қағидасы. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы. Мемлекеттік органдар күдіктінің, айыптаушының жеке және мүліктік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.

— Кінәсіздік презумпциясы қағидасы. Презумпция дәлелдеуді талап етпейтін топшылама. Кінәсіздік презумпциясы адамның кінәсіздігі туралы топшылама. Қарапайым сөзбен айтқанда: «Ұсталмаса ұры емес».

Кінәсіздік презумпциясы қағидасының негізгі идеялары:

  • Айыпталушы соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады.
  • Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Адамды оның мойындауына негіздегі қана кінәлі деп тануға болмайды.
  • Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына түсіндіріледі.
  • Ешкім өзіне-өзі қарсы айғақ беруге міндетті емес.
  • Сот төрелігін жүзеге асырған кезде заңды бұзып алған дәлелдемелерді қолдануға жол берілмейді.

— Тараптардың бәсекелестік қағидасы. Тараптардың бәсекелестігі  мынадай төрт ережені білдіреді:

  • дәлелдемелерді зерттеуді айыптау (мелекеттік айыптау, жәбірленуші, aзаматтық талапкер және оның өкілдері және қорғау (қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның әкілі) тараптары арқылы жүзеге асырады.
  • тараптардың құқықтары тең.
  • сот істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге қажетті барлық шартты жағдайларды жасай, процеске басшылық етеді.

— Қылмыстық процестің  жариялылығы. Барлық соттарда және сот төрелігін жүзеге асырудың кез келген тәртібінде істі қарау ашық түрде жүргізіледі. Істі жабық сот отырысында қарауға заңда қарастырылған жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Соттың үкімдері барлық жағдайларда көпшілікке жария етіледі.

— Сот төрелігін жүзеге асыруға қоғамның қатысуы. Тергеуші тергеуді жүзеге асырғанда, қылмысты ашуға және оны жасаған адамдарға іздеу салуға, сондай-ақ қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен шартты жағдайларды анықтауға және жоюға қоғамның көмегін кеңінен пайдалануы тиіс. Қылмыстық істер бойынша сотта іс қаралғанда қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуына жол беріледі.

Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін құқықтық нормалар жүйесі. Ол қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу,прокуратура жене соттың қызметін және үкімнің орындалуының іс жүргізу мәселелерін реттейді.


Информация о работе Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік