Қылмыстық іс жүргізу құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 12:16, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыс қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу мәселелеріне, қылмыс туралы хабарламалар мен арыздарды алдын ала тексеру амалдары, жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін дәлелдеме ретінде қолданудың тәртіптері мен осы тәртіптері мен осы сатыдағы дәлелдеу қызметі мен дәлелдемелерді бағалаудың ерекшеліктеріне арналады. Қылмыстық іс қозғау сатысында қылмыс белгілерінің бар немесе жоқ екенідігін дәлелдеуді қаматамасыз етуге байланысты пайда болатын құқықтық қатынастар зертеудің объектісі болып табылады. Ал қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдемелер мен дәлелдеу қызметі, қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүделерінің мәселелері мен оны қаматамасыз етуге бағытталған қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен құқық қолдану қызметі зерттеудің пәні болып табылады.

Содержание

I. Кіріспе
Қылмыстық іс жүргізу құықының түсінігі, пәні, заңдары.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары мен қайнар көздері
II. Қорытынды
III. Қолданған әдебитеттер

Работа содержит 1 файл

БАҚЫЛАУ ЖҮМЫСЫ.doc

— 97.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҚЫЛАУ ЖҮМЫСЫ

Қылмыстық іс жүргізу құқығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР

I. Кіріспе

  1. Қылмыстық іс жүргізу құықының түсінігі, пәні, заңдары.

 

  1. Қылмыстық  іс жүргізу құқығының қағидалары мен қайнар көздері 

 

II. Қорытынды

 

III. Қолданған әдебитеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыс  қылмыстық іс қозғау сатысындағы  дәлелдеу мәселелеріне, қылмыс туралы хабарламалар мен арыздарды алдын  ала тексеру амалдары, жедел іздестіру  қызметінің нәтижелерін дәлелдеме  ретінде қолданудың тәртіптері мен осы тәртіптері мен осы сатыдағы дәлелдеу қызметі мен дәлелдемелерді бағалаудың ерекшеліктеріне арналады. Қылмыстық іс қозғау сатысында қылмыс белгілерінің бар немесе жоқ екенідігін дәлелдеуді қаматамасыз етуге байланысты пайда болатын құқықтық қатынастар зертеудің объектісі болып табылады. Ал қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдемелер мен дәлелдеу қызметі, қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүделерінің мәселелері мен оны қаматамасыз етуге бағытталған қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен құқық қолдану қызметі зерттеудің пәні болып табылады.       

Қазақстан Республикасының   Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында «біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз» деп көрсеткен болатын. Қазіргі таңда мемлекетіміз алға дамып келеді, яғни заман талабына, қоғам талаптарына сай өзгерістер болуда. Оны қоғамдағы болып жатқан қылмыстық құбылыстарда көрсетуге болады. Қылмыстық істерді тергеу, сотта қарау мен шешудегі анықтаушы, тергеуші, прокуратура, сот және анықтама органдарының қызметтері жариялы құқықтық сипатта болады. Қылмыс  құқықбұзушылықтың қауіпті түрлерінің бірі бола тұра ол азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, қоғамға , мемлекетке көп мөлшерде зиян келтіреді,мемлекеттің өкілетті органдарына қылмыстық заң нормаларының таралуын қамтамасыз етудегі заңда көзделген шараларады қолдануын міндеттеді. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына енгізілген соңғы толықтырулар мемлекеттің құқық қорғау жүйесінің дамуына оң әсерін тигізуде, себебі оның халықаралық жағдайларымен байланысты болуы және дәлелдеу құқығы, жедел іздестіру қызметінің нәтижелерін дәлелдеме ретінде қолдану салаларында көптеген өзгерістер енгізілуі де ықпал етуде. Зертеу тақырыбын қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеудің өзекті мәселелері деуіміз, қылмыстық іс қозғау, ең алдымен, процестің жеке бастапқы, міндетті сатыларының бірі екендігі ескеріледі. Сондай –ақ аталған тақырып бойынша зертелулердің көбі кеңестік дәуірде жүргізілген. Қазіргі таңда қылмыстық процес ғылымының зертеуді қажет ететін проблемалары жеткілікті. Олай дейтініміз, ғылыми білім үрдісінің даму заңдылығына сай әр бір жаңа проблеманы уақыт туғызады.

Мемлекет нарықтық экономикаға өтіп, нарықтық-экономикалық құқықтық сананың қалыптасу кезеңінде қылымыстардың жасалу технологиясы да өзгерді. Сол себебті ондай құбылыстар мен күресу үшін тәжірибелі теориялық деңгейдегі зертеулерді жетілдіру қажеттілігі туындайды. Осы курыстық жұмысымды мен қылмыстық іс қозғау сатысының маңызды жақтарын қарастыру арқылы мәнін ашып, оның қылмыстық іс жүргізуде өзге де сатылармен байланысты болатынын және осы сатыдағы дәлелдеу қызметінің жүзеге асырылудағы мәселереі мен ерекшеліктерін зерделеп,  мән-мағанасына қарай жіктеп, олардың жетілдіру жақтарын қарастырдым. Өйткені Қазақстан Республикасында қылмыстық іс қозғау сатысындағы дәлелдеу мәселелері мен ерекшеліктері, қылмыстық іс жүргізу ғылымында жеткіліксіз деңгейде зертелген, тіпті жоқтың қасы. Яғни курыстық жұмыста қылмыстық іс озғау сатысындағы дәледеу мәселелерін, олардың ерекшеліктерін зертеу мен теориялық ой-өрістен өткізу және дәлелдеуге байланысты заңдардың бастапқы ережелері мен қылмыстық іс жүргізу ғылымының, тергеу және сот тәжірибесінің мәселелерімен салыстырмалы түрде қарастыруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қылмыстық құқық түсінігі, пәні, заңдары.

 

  Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды  және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы – ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.

Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Бірақ қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау сала. Себебі, ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса, пәрменді кушпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді. Мысалы,мүлікті қалай пайдалану, иелену, билік ету мәселесіне қылмыстық құқық араласпайды, оны азаматтық құқық реттейді. Ал алдын-ала біреу осы құқықтарды бұзатын болса (ұрылық, тонау, қарақшылық т.б.) онда оны қылмыстық құқық қорғайды.

 Қылмыстық құқық  жалпы және ерекше бөлімнен  тұрады.

 Жалпы бөлім қылмыстық  жауаптылықтың негіздерін, міндеттері  мен принциптерін, жекелеген жаза  түрлерінің қолдану шегін, оларды  тағайындау тәртібін белгілейтін  нормалардан, шартты түрде жаза  қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да жалпы бөліммен реттеледі. Жалпы бөлімнің нормалары өзара ерекше бөлімнің нормаларымен тығыз байланысты. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.

Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібін айқындайтын заңдар

Қазақстан Республикасы аумағына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiмен айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібін реттейтiн өзге заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге тиiс. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібін реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық iс жүргiзу құқығының құрамдас бөлiгi болып табылады. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе әкiмшiлiк құқықтарға сәйкес шешiлуi тиiс мәселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртібімен шешiледi.

Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде басым күшi бар құқықтық нормаларды қолдану Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заң күшi болады және ол тiкелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының Конституциясы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекс пен өзге де заңдар ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару қажет екендiгi айтылған жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қылмыс жасалған жерге қарамастан осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше ережелерi белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Қазақстан Республикасының  аумағында шет мемлекеттiң тергеу органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық  процестi жүргiзушi органның шет мемлекеттiң  қылмыстық iс жүргiзу құқығын, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделсе, қолдануға болады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу iс жүргiзу әрекетiн орындау, iс жүргiзу шешiмiн қабылдау кезiне дейiн күшiне енген қылмыстық iс жүргiзу заңына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа мiндеттер жүктейтiн, процеске қатысушыларға тиесiлi құқықтардың күшiн жоятын немесе оларды кемiтетiн, оның пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтiн қылмыстық iс жүргiзу заңының керi күшi болмайды. Дәлелдердiң жарамдылығы олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес айқындалады. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзу осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылықтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң ерекшелiктерi осы Кодекстiң 53-тарауына сәйкес айқындалады.

2. Қылмыстық  іс жүргізудің қағидалары мен  қайнар көздері.

 

  Қылмыстық құқықтың қағидалары деп – қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз.

 Қылмыстық құқықтың  негізгі принциптеріне мыналар  жататады:

1. Заңдылық принципі  – бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.

2. Адамдардың заң алдындағы  теңдігі принципі – бұл принцип  адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді.

3. Жауаптылық принципі – бұл  принцип бойынша кез келген  адам лауазымдық және басқа  да жағдайларға қарамастан өзінің  істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет.

4. Әділеттілік принципі – бұл  принциптің мәні қылмыстық жазаға  іс-әрекетінде қылмыс құрамының  толық белгілері бар адамдар  тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз  қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.

5. Демократизм принципі – бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.

6. Гуманзим принципі – бұл  принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады.

7. Интернационализм принципі –  бұл принцип ұлттық теңдікті  бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің  мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.

 Қылмыстық заң –  Қазақстан Республикасының Конституциясына  сәйкес республика Парламенті  қабылдаған құқықтық ережелер  болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығытардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екенін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқықтық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыстық заң қандай әрекеттер (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктер) қылмыс болып табылатынын, оларды жасаушылар қандай жаза қолдану керектігін, қылмыстық жауапкершіліктің маңызды принциптері мен жалпы ережелерін анықтайды. Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқық режимдері жоғарғы соттың нормативтік қаулыларында және 1997 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексте тура көрсетіледі.

 

 Қылмыстық заң Қылмыстық  кодекстің 1 бабында көрсетілгендей, қылмыстық құқықтың бірден-бір  қайнар көзі болып табылады. Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауатылықтың талаптары мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама белгілердің, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктер шәңберін, қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді. Қылмыстық заң әр түрлі мазмұнда болуы мүмкін. Ол көлеміне байланысты жеке нормалардан тұратын, бірқатар нормалардан тұратын, қылмыстық құқықтық нормалардың аяқталған жүйесінен тұратын қылмыстық заң болып үшке бөлінеді.

Қылмыстық іс жүргізу  қағидасы – бұл заңда көрсетілген  қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде тұлғаның құқықтарын кепілдендіретін жалпы басшылыққа алатын ережелер.  
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды.

Қағидалардың теориялық-құқықтық маңызы - тиісті құбылыс мәнінің  талданған, объективті орын алып отырған  ақиқат және онда қолданылатын заңдылықтарды  бейнелейтін көрінісі. Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген қағидалар жүйесі қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін ескере дәйектелгендіктен ҚІЖК-де мынадай жүйе құрушы элементтермен берілген: 

Информация о работе Қылмыстық іс жүргізу құқығы