Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 10:50, курсовая работа

Описание работы

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы».
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді.

Содержание

Кіріспе

I Тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы.
1.1.Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы.
II Тарау. Қылмыстық істі қысқартудың негізі және шарттары.
2.1.Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.
2.2.Ақтайтын негіздері бойынша өндірісті қысқарту
2.3.Ақтамайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту
III Тарау. Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы.
3.1.Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық тәртібі.
Қорытынды.

Нормативті құқықтық актілер
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық істер бойынша өндірісті қысқарту түсінігі және оның маңызы.DOC

— 458.00 Кб (Скачать)

         Есі дұрыс күйінде қылмыс жасаған, бірақ сот үкім шығарғанға дейін өзінің әрекеті жөнінде өзіне есеп беру немесе өзінің әрекетін басқару мүмкіндігінен айырылып қалған, есі ауысу дертімен ауырып қалған адамды жазаға сот тартпайды және ол жөнінде қылмыстық іс қозғалмайды.

          Сондай-ақ есі ауысқан адам сот процесінің мәнін, жазаның мақсаттары мен мазмұнын дұрыс түсінбейді.

 

________________________________________

 

 

1  Д.С. Темирова  Соотношение вменяемости, невменяемости и психических расстройств не исключающих   вменяемости   Караганда. 2001г.  С.50-56 

2 Уголовно процессуальный кодекс РК. ( Общая часть ) Комментарийй / Под ред.     И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами , Алматы: Жеті жарғы , 2002г. С.44

 

 

              Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлігі 7-тармағында өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты. Соттың заңды күшіне енген үкімі тиісті тұлғаға қатысты бұрын қаралған шешімінің болуы.

               Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы 3– бөлігі  2-тармағында «бір құқық бұзылушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауаупқа тартуға болмайды» - деп    көрсетілген.

                Сондай-ақ ата заңның 77-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен  танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес.                                                           

               Тиісті тұлғаның қылмысқа қатысты міндетті шішімді қамтитын қылмыстық іс жүргізуді жүргізіп жатқан заңды күшіне енген үкімі, қаулысы, ол туралы іс қарастырылып кеткен болса, шығарылуы мүмкін емес .

               Ия, қылмыстық іс жүргізуші органның заңды күшіне енген үкімін немесе қаулысын белгіленген тәртіп бойынша күшін жою, сотталған (ақталған) тұлғаға қатысты белгі - бір процесуалдық әрекеттерді жүргізу мүмкіндігі жойылады.

             Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлігі 7-тармағы бойынша  өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты қылмыстық істің қысқартылуы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 20-бабына сәйкес іс бойынша ары қарай өндірісті жалғастыру мүмкіндігін жояды, соттың шешімінің қылмыстық іс бойынша міндетті күшін көрсетеді, осы жағдай орын алған кезде қылмыстық жауаптылыққа негіз бойынша қайталап тарту мүмкіндігі жойылады.

            Сот шешімін немесе қаулысын шығарған кезде судьяға белгісіз болған жаңадан ашылған мән-жайлар анықталған кезде, олар күшін жоюы мүмкін.

             Қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық қудалауды тоқтату туралы күшін жоймаған қаулысы бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша өндіріс ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 20-бабына сәйкес жойылады, яғни ешкімді де нақ бір қылмыс үшін қайтадан қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

 

__________________________________                

 

 

1 Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Алматы 2000ж.               212-бет                                                                                                                                               2Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. Под ред.     И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – С. 92

 

 

 

Әрбір  қылмыстық  іс соңғы  шешімін сотта табады. Соттың  үкімі,

Құқық қорғау органының қаулысы не ұйғарымы заңдылық, негізділік және әділдік талаптарына жауап беруі тиіс.

           Алдын ала тергеу соттық емес билік болып табылады, алдын ала тергеу қылмыстық істі қысқартуға құқылы бола отырып, сотты алмастыра алмайды.

           Көптеген ғалымдардың пікірінше қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту тек қана оған қатысты қылмыстық іс қысқартылатын тұлғаға қатысты жасаған жағдайда мүмкін. Өзгеше жағдайда осы негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту жосықсыз. Қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту тұлға қылмыс емес, әрекет жасағаны үшін емес, қылмыстық жаза қолдану қажеттігін белгілейтін қылмысты жасаған тұлға мен қылмыстың сол қоғамдық қауіптілік дәрежесінің болмағаны үшін жүргізіледі1.

          Бұл пікірді А.М.Ларин де қолдайды2. Оның ойынша, қылмыстық істі қысқарту қылмысты айып не кінәға ауыстыруға емес, қылмыстық жазаның мақсаттарына оны қолданусыз жетудің дәлелденген мүмкіндігіне негізделеді. Ондай ауыстыру айып не кінә осы ережедегі ішкі сәйкессіздіктің өзінен-ақ мүмкін емес – ақтамайтын негіз қылмыстың болуын, ал қылмысты айып не кінәға ауыстыру қылмыстың жоқтығын білдіреді. Қылмысты айып қатырына ауыстыру туралы айтылған тұжырым, сонымен бірге қылмыстық құқықтың негізгі қағидаларының біріне сәйкес келмейді, оған сәйкес іс-әрекеттің қылмыстылығымен жазаланушылығы ол әрекетті жасау кезіндегі әрекет еткен заңмен анықталады.

         Әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығын жоюды, яғни «декриминализациялауды» тек қана одан кейін шыққан заң жүзеге асырады, себебі сол келесі заң ғана кері күшке ие. Тиісінше, бұл сот, прокурор, тергеуші немесе анықтау органының емес, заң шығарушы органдардың қызметі.

              Жоғарыда келтірілген аргументтер жеткілікті дәрежеде болды. Бірақ бұл оларды жоққа шығарудың мүмкін еместігін білдірмейді.

              Біріншіден, қылмыстық заңның бірде-бір нормасында құқық қолданушы деңгейінде қылмыстық – құқықтық нормалармен қарастырылған әрекеттерді де декриминализациялауға тікелей тыйым салынбаған.

 

_______________________________

 

1 В.В.Шимановский Прекращение уголовного дела в стадии предварительного расследования. Л.; 1979. С.28

2 А.М.Ларин Презумпция невиновности и прекращение уголовного дела по нереабилитирующим основаниям М.; 1982г. С.88. 

 

 

              Екіншіден, алдын ала тергеу органдарымен кешірім немесе амнистия (рақымшылық) қолдануға байланысты қылмыстық істер қысқартылып жатады. Және де қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқартуға қарсы болатындардың мұндай ереже ешқандай қарсылық тудырмайды.

              Үшіншіден, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша істі қысқарту кезінде тұлға жасаған іс-әрекеттің қылмыс болып табылмайтыны анықталды және де тергеуші мұндай жағдайда істі қысқартуға міндетті.

              Тергеуші әрбір жеке жағдайда өзінше іс-әрекетті қылмыстар қатарынан оның мардымсыздығына байланысты құқыққа қайшы болса да, бірақ қылмыстық емес өзге де түрге ауыстырудың болатын – болмайтынын және осы арқылы оны декриминализациялау мен қылмыстық істі қысқарту мәселесін шешуі тиіс.

              Келесі бір байыпты тұжырым болып қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер Конституцияға қайшы келмейтіні туралы ұйғарымның пайдасына айтылған істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту кезінде құзыретті органның белгілі бір тұлғаның қылмыс жасағаны туралы шешімі оның қылмыстағы кінәлілігін білдірмейтіндік жағдайы табылады, себебі үкіммен салыстырғанда ондай шешім жалпыға міндетті болып табылмайды және заңдық зардаптарды тудырмайды.

         М.С. Строгович осыған байланысты қылмыс жасауда тұлғаның «ең алдымен қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы өзіне қатысты қылмыстық іс қысқартылатын тұлғаны кінәлі деп тану актісі ешқандай бола алмайтындығын» жазған1.   

          Оны бұл тұжырымда Б.А. Галкин2, Н.Е. Жогин мен Ф.Н. Фаткуллин3, А.А.Рзаев4 қолдайды. Я.О. Мотовиловкер аталған көзқарасты аргументтей отырып, «қылмыстық істі (ақтамайтын негіздер бойынша) қысқарту туралы қаулыда тұлға ресми түрде кінәлі болып жарияланбауы тезисінің пайдасына қаулының өзі айыптау үкіміне теңестірілмейтіндігін, оның соттылықты тудырмайтынын, кінәсіздік презумпциясын жоққа шығармайтынын және үлкен маңызға ие болмайтынын атап көрсетеді, «бұл институттың ресми; мемлекет атынан тұлғаның қылмыс жасаудағы кінәлілігін жалпыға міндетті куәландыруды емес, қылмыстық істі шындығында, яғни кінәлілік немесе кінәлі еместік туралы мәселені зерттеу

 

______________________________

 

1 М.С.Строгович Курс советского уголовного процесса. Том1. М.;1968г. С.17

2  Б.А. Галкин Советский уголовно – процессуальный закон. М.:Госюриздат , 1962. С.249.

3 Н.В.Жогин, Ф.Н.Фаткуллин Предварительное следствие в советском уголовном процессе. М.:Юрид. Лит., 1965.  С.34.

4 А.А.Рзаев Прекращение уголовного дела по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования:  Учеб. Пос. Караганда, 1982г. С.14.

қажеттілігі жойылу себебінен қысқартуды білдіретінін» көрсетеді1.

          Осылайша, қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту институтының болуы Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейді.

         Күшіндегі заңнама олардың әрқайсысын анықтау кезінде тергеуші қылмыстық істі қысқартуға құқылы болып келетін ақтамайтын негіздерді қарастырады2:

             1. Жазықсыз зиян келтіру (ҚР ҚК 23-б. 2,4-б).

             2. Қылмысқа дайындалу және оқталу (ҚР ҚК 24-б. Ауыр немесе                      орташа ауырлықтағы қылмыс бойынша).

             3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 26-бабының                  1-бөлігі бойынша қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту.

              4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-37                     баптар (қажетті қорғану, қол сұғушылық жасаған адамды ұстау                  кезінде зияе келтіру, аса қажеттілік орынды тәуекел ету, күштеп                  немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты немесе өкімді                  орындау).

         Аталған негіздердің айырмашылықтарының барлығына қарамастан, оларды біріншіден, олардың әрқайсысының ақтамайтын негіз болып табылатыны біріктіреді: тұлға нақты бір қоғамға қауіпті әркет жасаған, бірақ осы нақты жағдайда алдын ала тергеу органы оны фактілі түрде олай деп саналмайды3.

          Екіншіден, тергеуші міндетті емес, тек аталған негіздердің кез-келгені бойынша істі қысқартуға немесе  нақты негізі болған жағдайда қысқартпауға құқылы.

          Үшіншіден, бұл негіздерді барлық негіздерге  белгілі бір ортақ шарттардың болуымен байланысты оларды қолдану мүмкіндігі жағдайы біріктіреді.

              Мұндайлардың қатарына мыналарды жатқызу керек:

1.        Қылмыс фактісінің өзін анықтау, егер іс бойынша қылмыс оқиғасының өзі анықталмаса немесе іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы дәлелденбесе, онда іс ақтайтын негіздер бойынша қысқартылуы тиіс.

2.        Тұлғаның  ол  үшін   қылмыстық   жауаптылықтан      босатылатын

 

_______________________________

 

1 Я.О. Мотовиловкер О принципах объективной истины, презумпции невиновности и состязательности процесса:  Уч. Пос. М.;1984г. С.92.

2 Уголовно процессуальный кодекс РК. ( Общая часть ) Комментарий / Под ред.     И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами , Алматы: Жеті жарғы , 2002г. С.44

3 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85.

 

 

қылмыс жасаудағы кінәлілік фактісін нақтылау. Осыған байланысты қандай процесуалдық актімен тұлғаның кінәлілігі белгіленетіндігі туралы мәселе туындайды.  Ондай процессуалдық акт ретінде жауапқа тарту туралы қаулысы болуы мүмкін. Бұдан Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабында көзделген негіз бойынша қылмыстық істі қысқарту тұлғаны айыпталушы ретінде тартудан кейін мүмкін болатыны туралы қорытынды шығаруға болады.

3.        Тұлға қылмыс белгілеріне жататын қоғамға қауіпті әрекетті бірінші рет жасаған.

4.        Қылмыстық заңмен ол іс-әрекет ауыр немесе аса ауыр дәрежедегі қылмыс қатарына жатқызылмаса.

5.        Тұлға өзіне қатысты қылмыстық істің қысқартылуына жалпы және дәл осы нақты негіз бойынша қысқартылуына келіседі.

6.        Істің қысқартылуымен прокурор келіседі.

              Сонымен қатар қылмыстық істі шын өкінуге байланысты қысқарту мүмкіндігі қарастырылған. Шын өкіну алғаш рет ауырлығы онша емес қылмыс жасаған тұлға өзін кінәлі деп есептейді және ол үшін өкініп, жасалған әрекеттің құқыққа қайшы сипатын сезінеді1.

              Қылмыстық заң шынайы өкінудің белгілері ретінде ерікті түрде кінәсін мойындап келуі, қылмысты ашуға әрекеттесуді, келтірілген зардаптың орнын толтыру немесе өзге де түрде қылмыс нәтижесінде келтірілген зиянды өтеуді атайды.

              Бұл жағдайлар қылмыстық істі тек қана сотпен емес, сонымен бірге құқық қорғау органымен алдын ала тергеу стадиясында қысқартуды мүмкін етеді.  Қылмыстық істі қысқартуға дейін тұлғаға істерді қысқарту негіздері және осы негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіру құқығы түсіндірілуі тиіс.

              Оған қатысты қылмыстық іс қысқартылатын тұлғаға істі қысқартудың құқықтық негіздерін және шешім қабылдауға қарсылық білдіру мүмкіндігін түсіндіруі – бұл істі қысқарту мен қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғалардың  құқықтарының заңдылығы мен негізділігінің қосымша кепілдігі.

 

_______________________

 

Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы