Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 10:50, курсовая работа

Описание работы

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы».
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді.

Содержание

Кіріспе

I Тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы.
1.1.Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы.
II Тарау. Қылмыстық істі қысқартудың негізі және шарттары.
2.1.Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.
2.2.Ақтайтын негіздері бойынша өндірісті қысқарту
2.3.Ақтамайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту
III Тарау. Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы.
3.1.Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық тәртібі.
Қорытынды.

Нормативті құқықтық актілер
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық істер бойынша өндірісті қысқарту түсінігі және оның маңызы.DOC

— 458.00 Кб (Скачать)

1 Н.В. Жогин, Ф.Н.Фаткуллин Предварительное следствие в советском уголовном процессе. М., 1965г .  С.114 

2 Уголовно процессуальный кодекс РК. ( Общая часть ) Комментарий / Под ред.     И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами , Алматы: Жеті жарғы , 2002г. С.44

3 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85.

 

 

 

 

 

3.Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді         болуы.       

3.1.Қылмыстық  істі қысқартудың процесуалдық тәртібі

        Күшіндегі қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту құқығын анықтау органына, тергеушіге, прокурорға және сотқа береді. Сонымен бірге, қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту процедурасын қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын (ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы) және қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайларға сілтеме жасай отырып регламенттейді. Бұл мән-жайлардың әрқайсысында қарастырылып отырған шешімді қабылдаудың іс жүргізушілік тәртібінің белгілі бір спецификасы бар. Жоғарыда аталып өткендей, қылмыстық іс бойынша ақтайтын және ақтамайтын негіздермен  байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босату, қылмыстық іс бойынша өндірісті жүргізуші органдардың  (ҚР ҚІЖК-нің 38-бабы) құқығы және міндеті (ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы) де болуы да мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздерін белгілейтін Қылмыстық кодекстің кейбір баптары, өздерінің мазмұнында, іс жүргізушілік элемент – оларды қолдану субъектілерін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  66,68-баптарының, аталған кодексінің 69-бабының бесінші бөлігінің, 372,373,375-баптарының ескертпелерінің негізінде адамды қылмыстық жауаптылықтан босату арқылы қылмыстық істі қысқарту соттың ерекше құқығы болып табылады.  Осылайша, алдын ала тергеу кезінде адамды қылмыстық жауаптылықтан  ақтамайтын негіздерге байланысты   қылмыстық іс бойынша өндіріс қысқартылуға жатады:

1)                Императивтік тәртіппен рақымшылық ету актісі салдары (ҚР ҚІЖК 37-бабының 1-бөлігінің 3-тармағы, ҚР ҚК 76-бабы), мерзімінің ескіруіне байланысты (ҚР ҚІЖК 37-бабының 1-бөлігінің 4-тармағы, ҚР ҚК 69-бабының 1-бөлігі), ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты (ҚР ҚІЖК 37-бабы 1-бөлігінің 5-тармағы, ҚР ҚК 67-бабының бірінші бөлігі), қайтыс болған адамға қатысты ҚР ҚІЖК 37-бабының 1-бөлігінің 11-тармағы), ҚР ҚК ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты (ҚР ҚІЖК 37-бабының 1-бөлігінің 12-тармағы, 5-бап, 15-баптың үшінші бөлігі, 24-баптың екінші және төртінші бөліктері, ҚР ҚК 26,125,165,193,233,234,236-баптарының ескертулері және т.б.);

2)                Факультативтік тәртіппен орташа ауыр қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен  татуласуына байланысты (ҚР ҚІЖК 38-бабының бірінші бөлігі, ҚР ҚК 67-бабының екінші бөлігі), шын өкінуіне байланысты (ҚР ҚІЖК 38-бабының бірінші бөлігі, ҚР ҚК 65-бабы), ҚР ҚК ерекше бөлімінің баптарының ескертулерінің негізінде (ҚР ҚІЖК 38-бабының бірінші бөлігі, ҚР ҚК 376-379,381-баптарының ескертулері).

         Қылмыстық іс сотпен, прокурор, тергеушімен және анықтау органымен тиісті құжаттың негізінде, яғни қылмыстық іс бойынша туындаған сұрақтарды толық көлемде ұйғарым немесе қаулы шығарумен өндіріс қысқартылады.

         Қылмыстық істі дұрыс қолдану барысында қылмыстық және қылмысты дарды дұрыс қолдану міндетті болып табылады.

                Әрекетті дұрыс саралау (квалификациялау) мен барлық процесуалдық әрекеттерді қатаң сақтау үшін заңды дұрыс қолдану іс үшін өте маңызды.

         Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны тергеуші шығарады, ал пркурор тиісті  құжаттың заңдылығын тексеріп, қысқарту мен келіскен жағдайда істі толығымен қысқартуға рұқсат береді.

       Мұндай шешім қабылдау барысында қылмыс оқиғасын, фактісін, қылмыс жасаған адамды және оның әрекетін өзге де заңмен белгіленген негіздерді анықтау керек.

       Қылмыстық істі тергеу барысында барлық заңмен белгілнеген тиісті  тергеу әрекеттері орындалуы тиіс. Қылмыс жасаған адамды жауапқа тарту , яғни айыпталушы ретінде  немесе сезікті ретінде тану керек, қылмыстық әрекеттен залал көрген жәбірленуші ретінде танып өзгедей тергеу әрекеттерін жүргізу.

       Құқық қорғау органдарының  шығаратын құжаттарына, яғни қаулысы мен ұйғарымына, соттың шығаратын нормативтік құжаты – үкімге қойылатын заңдылық және негізділік қағидасына мынадай талаптар қойылады:

               Қаулы мен ұйғарым негізді болуы үшін келесідей талаптарға сәйкес болуы тиіс:

           1. Процесуалдық құжаттығы келтірілген қорытындылар мен          шешімдер іс бойыша жиналған дәлелдемелерге негізделген; 

   2.    Жиналған барлық дәлелдемелер басшылыққа алынған;        

         3.   Бұл жиналған дәлелдемелер жиынтық бойынша жиналған;

         4.   Дәлелдемелердің негізінде тек бір ғана нақты қорытындының            

                            болуы ;

            5.  Қорытындылардың фактілік жағдайларға қайшы келмеуі;

         6. Процесуалдық құжаттың дәлелдеу бөлімі толығымен сипаттау бөліміне қайшылықсыз сәйкес болуы қажет.

                 Қылмыстық істі қысқарту барысында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік заңдарды дұрыс қолдану міндетті болып табылады.

                  Заңды дұрыс қолдану әрекетті дұрыс саралау (квалификациялау) мен барлық іс жүргізушілік тәртіпті  қатал сақтауы үшін қажет.

                 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізушілік кодексінің 8-бабында қылмытық процестің міндеттерінің  бірі ретінде қылмыстық заңды дұрыс қолдану деп көрсетілген. Қылмыстық процесуалдық заңның талабын дұрыс орындау – бұл іс бойынша өндірісті дұрыс жүргізудің маңызды кепілдігі. Материалдық және процесуалдық құқықтың нормалары бұзылмауы үшін тиісті құзіретті тұлғаның қылмыстық істі шешуі үшін Қылмыстық Кодекс пен Қылмыстық іс жүргізу кодекстің тиісті баптарына сілтеме жасауы қажет.

         Іс бойынша өндірісті қысқарту туралы шешім ҚР ҚІЖК 7-бабының 33 және 34-тармақтарының мазмұнында көрсетілгендей, ҚР ҚІЖК 202,269-баптарында бекітілген талаптарға сәйкес дәлелді қаулы нысанында шығарылады.    

                  Қылмыстық істі қысқарту туралы процесуалдық акт үш бөлімнен тұрады. Мұндай іс жүргізушілік құжатты дәстүрлі түрде үш құрамдас, яғни:

1.      Кіріспе

2.      Сипаттама – дәлелдеу

3.      Қарар  бөліктеріне бөлу қарастырылған.

                 Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізушілік кодекстің 269-бабы 5-бөлігіне сәйкес қаулының кіріспе бөлімінде оның жасалған уақыты мен орны, тергеушінің аты – жөні мен лауазымы көрсетіледі. Тәжірибеде бұған қоса қылмыстық іс номері және осы іс қозғалған ҚР ҚК Ерекше бөлімінің бабы көрсетіледі.

                 Ал қаулының сипаттама – дәлелдеу бөлімінде істі қозғауға себеп пен негіз болған жағдайлар, іс бойынша қылмыс жасады деп сезік келтірілген немесе айыпталған адамдар, олардың мәнісі, қылмыстық – құқықтық біліктілік және бұлтарттпау шаралары туралы деректерді көрсете отырып, оны тергеу нәтижелері баяндалады. Сонымен қатар, қаулының сипаттама – дәлелдеу бөлімінде іс бойынша өндірістің барысы: қылмыстық істерді біріктіру немесе қылмыстық істерді бөлектеу, негіздерін көрсете отырып іс бойынша өндірісті тоқтата тұру көрініс табады.

                  Адам айыпталушы ретінде тартылды ма, қылмыстың жолын кесу шаралары қолданылды ма бұлар да көрсетіледі. Сипаттама – дәлелдеу бөлімінде адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз болған қылмыстық заң нормалары және іс бойынша өндірісті қысқартуға негізді көздейтін қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары көрсетіледі. Бұл бөлім қабылданатын шешімнің негізділігін көрсетеді.

                  Әдебиеттерде іс жүргізушілік құжаттағы дәлелдеу нысанының дұрыстығын растайды, шешімдегі қорытындыларды тексеруге көмектеседі. Сондай-ақ, сенімді дәйектелген құжат оған қатысты тұлғаларға тәрбиелік етеді.

                   Дәлелдеу қылмыстық істі қысқартуға негіздердің бар екендігін және тергеу барысында анықталған мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің тура, логикалық және бірізділік жүйесін қамтиды. Әдебиеттерде қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартқан кездегі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларын дұрыс қолданудың қажеттігі көрсетіледі. Қылмыстық заңның дұрыс қолданылуы әрекетті дәл саралау және ҚР ҚК Ерекше бөлімінің барлық ережелерін қатаң сақтаумен көрініс табады. Қылмыстық істі қысқарту кезінде қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарын орындау – бұл іс бойынша өндірістің дұрылыс жүзеге асырлуының қажетті кепілі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің  269-бабының 6-бөлігі.

                  Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының сипаттама – дәлелдеу бөлігінде көбінесе қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдары нормаларының мазмұны келтіріледі, олардың түсініктемелері беріледі және іс бойынша анықталған мән-жайлармен байлагысы көрсетіледі. Сонымен, қаулыда «Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-бабына сәйкес тергеуші прокурордың келісімімен жәбірленушімен татуласуына байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық істі қысқартуға құқылы» екендігі көрсетілуі мүмкін. ҚР ҚК 67-бабына сәйкес ауыр емес немесе орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін».

   «ҚР ҚК 9-бабының екінші бөлігіне сәйкес қоғамға қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға не мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады».

                 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 269-бабының жетінші бөлігіне сәйкес қаулының қарар бөлімінде істі қысқарту үшін негіз болған осы Кодекстің бабын (бөлігі, тармағын) көрсете отырып, істі қысқарту туралы шешім, сондай-ақ бұлтартпау шарасын қолданбау туралы, мүлікті тұтқындауды алып тастау туралы, қызметінен уақытша босатуды тоқтатуды алып тастау туралы, хат-хабарды тұтқындау, сөйлескен сөдерді тыңдау мен жазып алу, заттай дәлелдердің тағдыры туралы нұсқау баяндалады.

                 Әдебиеттерде көрсетілгендей, қаулының қарар бөлігі оның сипаттама бөлігінен логикалық түрде шығуы тиіс.             

                                     Заң бойынша істі қысқартуға айыпталушының немесе жәбірленушінің келісімі бойынша ғана жол берілетін жағдайларда мұндай келісімнің бар екені қаулыда көрсетілуі тиіс.

                                          Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының бірінші бөлігінің, 1,2-тамақтарында және үшінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша қысқартылған ретте қаулыға оларға қатысты іс қысқартылған адамдардың кінәсіз екеніне күмән келтіретін сөз орамдарын енгізуге жол берілмейді. Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі прокурорға жіберіледі.

                            Істі қысқарту туралы және қысқарту негіздері туралы тергеуші сезіктіге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, жәбірленушіге және оның өкіліне азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне, сондай-ақ арызы бойынша іс қозғалған адамға немесе ұйымға жазбаша хабарланады. Тиісті адамдардың іс материалдарымен танысу құқығы және істі қысқарту туралы қаулыға шағым жасау тәртібі түсіндіріледі. Осы адамдардан келіп түскен өтініш бойынша оларға істі қысқарту туралы қаулының көшімесі тапсырылады.

                           Тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысына сезікті, айыпталушы, олардың қорғаушылары, жәбірленуші оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, сондай-ақ арызы бойынша іс қозғалған адам немесе мемлекеттік органның немесе ұйымның өкілі тергеуге қадағалау жасап отырған прокурорға шағымдана алады. Іс прокурордың келісімімен қысқартылған жағдайда қаулыға жоғары тұрған прокурорға шағымдануға болады.Сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органы шығарған қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі 24 сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі. Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының күші жойылған жағдайда іс бойынша іс жүргізу қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескірілуі шегінде жаңартылады.

                  Айыпталушы ретінде жауапқа тартуға дейін немесе кейін, сипаттама – дәлелдеу бөлімде қылмыстық істі қозғаудың негіздері мен тиісті адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту, айыптаудың мәні баяндалады, қылмыстық істі қысқартудың негізі мен нақты дәлелдемелер көрсетіледі. Істі қысқартудың дәлелдерін келтіру ерекше орынға ие, яғни жүйелі түрде ойды өндірісті қысқартудың заңға сәйкестігін анықтау қажет1.

            Қылмыстық істі қысқартудың негізін баяндағаннан кейін Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарына сілтеме жасалып, осы негіздерді қарастыратын, сондай-ақ баптарға да, қылмыстық істі қысқартуға арналған тәртіпте  құжат толтырылады2.

                 Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының күшін тергеуші өзі жоя алмайды. Шығарылған қаулыған қаулының заңдылығы мен негізділігін прокурор тексеріп, істің сотқа жіберілуін немесе қысқартылуына рұқсат етеді. Егер прокурор қылмыстық істің қысқартылуын заңсыз немесе негізсіз деп шешсе , мұндай жағдайда прокурор істі өзі қайта жалғастырады не тергеу бөлімінің бастығына нұсқау береді. Өндіріс бойынша қылмыстық істі қайта қарауды жалғастыру жүзеге асырылады, егер қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі ескірмесе3.

                 Қысқартылған қылмыстық іс бойынша мынадай жағдайларда4

Информация о работе Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы