Қылмыстың ұғымы мен міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 16:55, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі.
Қоғамдық қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің құқықтық базасын жасақтау болып табылады. Осы бағытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................3
І-тарау. Қылмыстың ұғымы мен міндеттері
1.1.Қылмыстың түсінігі және өзге
жатқылықтардан айырмашылығы.......................................................5
1.2.Қылмыстың жиынтығы.................................................................10
ІІ-тарау. Қылмыстың белгілері
2.1.Қылмыстың заңға қайшылығы.....................................................16
2.2.Қоғамға қауіптілігі.........................................................................19
2.3.Кінәлінің жауапкершілігі..............................................................22
Қорытынды.........................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................31

Работа содержит 1 файл

айгуль.doc

— 209.50 Кб (Скачать)

Мазмұны 

Кіріспе....................................................................................................3 

І-тарау. Қылмыстың ұғымы  мен міндеттері

1.1.Қылмыстың түсінігі және өзге

жатқылықтардан  айырмашылығы.......................................................5

1.2.Қылмыстың  жиынтығы.................................................................10 

ІІ-тарау. Қылмыстың белгілері

2.1.Қылмыстың  заңға қайшылығы.....................................................16

2.2.Қоғамға  қауіптілігі.........................................................................19

2.3.Кінәлінің  жауапкершілігі..............................................................22

Қорытынды.........................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................31 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                        Кіріспе 

      Қазақстан Республикасы егемен мемлекет ретінде  халықаралық құқықтың дербес субъектісіне айналғанына он бес жылға жетер жетпес уақыт ғана өткен. Мыңдаған жылдарға созылатын адамзат тарихы үшін бұл мерзім теңіздегі тамшыдай ғана болсада біздің еліміз үшін өміршең маңызы бар жасампаз өзгерістер мен қайта құруларға толы жылдар болғандығы белгілі.

      Қоғамдық  қатынастарды түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысындағы мемлекеттің  ең басты міндеттерінің бірі ол өзгерістердің  құқықтық базасын жасақтау болып  табылады. Осы бағытта Қазақстан  Республикасында мемлекеттік маңызы бар көптеген шаралар жасақталып жүзеге асырылды.

      Құқықтану тарихының дәлелдеуі бойынша  қоғамдық құбылыс ретіндегі құқықтың қайнар көздері болып: өзінің мақсаттары, қажеттіліктері және іс-әрекеттерімен  адам және тұлғаның көрініс беру өрісі  ретінде қоғам танылады. Адам өмірінің барлық үрдісінде құқық нормалары адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы әртүрлі қатынастарды реттейді белгілі бір құқықтар мен міндеттерді орната отырып олардың мүдделерін ажыратады. 
 Мемлекеттің жоғары заң шығарушы органымен қабылданған құқықтық акт, қылмыстық заң қылмыстық құқықтың бірден-бір бастауы болып табылады. Басқа заңдардан оның айырмашылығы ол қылмыстылық пен қоғамдық-қауіпті іс-әрекеттердің жазаланушылығын анықтайды. Жекелеген қылмыстық-құқылық нормалардың болуының өзі ескертпелік маңызға ие болады, яғни позитивтік сипатқа ие.

      Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің әлеуметтік функциясын орындауы үшін ол жүзеге асырылуы тиіс. Құқықты жүзеге асырудың сақтау,орындау,пайдалану  және қолдану сияқты нысандары болатындығы  бізге жалпы құқық теориясынан белгілі. Сонымен қатар құқық қолданудың тек соған өкілетті мемлекеттік органдар арқылы орындалатын құқықты жүзеге асырудың ерекше формасы екендігін біз білеміз. Ендеше қылмыстық құқықтық нормаларды жүзеге асыру үшін оларды дұрыс қолдана білудің маңызы жоғары екендігі айтпасада түсінікті. Ол заңдылықпен ажырамас байланыста, себебі заңдылықтың нақтылығы мен өміршеңдігінің саяси және құқықтық кепілдемесі болып табылып, заңдардың дәл және бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етеді.

      Қылмыстық құқықта заңдылық үшін күрес, ең алдымен қылмыстың заңи анықтамаларын дұрыс,дәл түсіну мен қолдану, қылмыс құрамдарын дұрыс түсіну және осының негізінде қылмыстық қудалауды, тек әрекеттерінде қылмыс белгілері, дәлірек айтқанда қылмыс құрамы белгілері бар адамдарға ғана қолдану үшін күрес болып табылады. Қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану үрдісі, олардың қылмыстық істе жүзеге асырылуы, әрдайым құқық қолдану актілерінде көрініс табады.

      Қылмыстық заңды дұрыс қолдана білу оны  дұрыс түсіне білумен тікелей  байланыста. Жалпы құқықты түсіндіру деп өзара байланысты болсада белгілі бір дербестікке ие екі ұғымды түсінеміз біріншіден бұл құқық нормасының мазмұнын анықтауға бағытталған белгілі бір ойлау процессі болып табылса, екіншіден түсіндірілетін нормалардың мазмұнын ашуға бағытталған сөйлемдердің жиынтығынан көрінетін ойлау процессінің нәтижесі болып табылады.

      Бұдан шығатын қортынды түсіндіру құқықты  танудың әдісі ретінде құқықтық реттеудің барлық сатысында орын алады, соның ішінде құқықты қолдануда  ерекше маңызға ие болады. Жалпы құқықтық әдебиетте қылмыстық заңды түсіндіру әрдайым оны қолданумен байланыстырылады және заңды қолданудың бөлшегі немесе белгілі бір кезеңі ретінде қарастырылады.

      Қылмыстық құқықтың нақты әрекеттілігі үш негізгі  ұғымға сүйенеді және солар арқылы көрініс табады.

1) қылмыстық  заңды қолдану; 

2) қылмыстық-құқықтық  нормаларды түсіндіру; 

3) қылмысты  саралау—яғни іс-әрекет белгілерінің  қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестендірілуі. 
Аталған түсініктер бір тектес, тығыз байланысты және түпкі негізінде бір мемлекеттік міндетті шешуге бағытталған, ол міндет Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқада заң актілерімен бекітілген құқық тәртібін сақтау және күшейту болып табылады. 
 Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қылмыстың ұғымы және белгілері» деп аталады. Аталған тақырыптың маңыздылығы біздің пікірімізше төмендегілерден айырықша байқалады. Біріншіден қылмыстық заңды қолдану әрдайым қылмыстық жазаны қолданумен ұштастырылады ал, қылмыстық жазаны қолданудың кез келген тұлға үшін туғызатын құқылық салдары ерекше маңызға ие болады. Екішіден қылмысты саралаудың теориялық мәселелерін жеткілікті меңгермеу құқық қолданушының тарапынан болуы ықтимал заң талаптарын бұзушылықтың негізгі себебі болуы мүмкін. Үшіншіден қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс болып табылатын қылмысты әділ бағалауға жол бермейді, ал ол өз кезегінде қоғамда салтанат құруы тиіс әділеттілік, заңдылық қағидаларына қарама қайшы келеді қоғам мүшелерінің мемлекетке, заңнамаға деген сенімін жоғалтуға бастау болады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І-тарау. Қылмыстың ұғымы  мен міндеттері.

1.1. Қылмыстың түсінігі өзге жатқылықтардан айырмашылығы. 

      Қылмыс  – бұл құқық бұзушылықтың бір  түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен  және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.

        «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 9 – бабында  берілген: «жазалау қатерімен тыйым  салынған қоғамдық қауіпті әрекет  – қылмыс деп танылады».

Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.

1.  Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.

2. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.

3. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.

4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.

5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.

      Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.

      Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет – онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

      Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза жасалған әрекет – орташа ауыр  қылмыс деп танылады.

      Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет – ауыр  қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астам  мерзімге бас бостандығынан айыру  түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет – аса ауыр  қылмыс деп танылады.

      Қандай  қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс  құрамы» сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық. Қылмыс құрамы деп  қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.

      Қылмыс  құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл –  объект және объективті жағы, субъект  және субъективті жағы. Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек. Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.

      Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген  жалпы ұғымды беретін адамның  әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы  сыртқы көрінісі. Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс –  қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.

      Кінә - бұл адамның қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті  іс – қимылды жасауға деген  психикалық көзқарасы. Кінә мынадай  элементтерден тұрады: сана (интеллектуалдық  элементі) және ерік (ерік элементі). Қылмыстың ниеті – қылмыс жсаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті, яғни пайдакүнемдік, қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т.б. болуы мүмкін. Қылмыстың мақсаты – тілейтін нәтиже туралы ой, оған кінәлі қол жеткізуге тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін органдарды немесе тканьдарды пайдалану мақсаты, сату мақсаты, халықты қорқыту мақсаты және т.б.

      Қылмыс  құрамының жоғарыда көрсетілген  өзіндік ерекшеліктері әр түрлі  санаттағы қылмыстарды ажыратуды  да қамтамасыз етеді. Абсолютті түрде бірдей қылмыс құрамының болмайтындағы түсінікті қылмыстардың барлық құрамдары өзара бір белгісімен болсада өзгешелікке ие болады.

Құрамдар  арасында айырмашылықтардың болмауы  аралас құрамды қылмыстарды ажыратуға  мүмкіндік бермес еді. Қылмыс құрамының ажыратушылық функциясы практикалық жағынан да өте маңызды, себебі әртүрлі қылмыстардың қоғамдық қауіптілігіне тәуелді түрде жауаптылықты дербестендіруге қылмыстың берілген түрімен күресу үшін заң шығарушы барынша тиімді деп санайтын құқықтық салдарды таңдап алуға мүмкіндік береді1
 Қылмыс құрамында ажыратушылық рөл атқармайтын белгілер болмайды. Олардың әрқайсысы қылмыстың берілген түрін басқа түрлерінен бөлектейді немесе қылмысты өзге құқықбұзушылықтардан ия қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерден ажыратады. Құрамның ажыратушылық функциясын талдай отырып оның белгілерінің басым көпшілігі жоғарыда аталған бірінші қызметті ал кейде бір уақытта екеуінде орындайтынын байқауға болады. Мысалы, «жасырын» (талан-тараж) ұғымы ұрлық құрамында ұрлықты тонаудан ажыратуға мүмкіндік береді. Аталған құрамдардың барлық қалған белгілері ұқсас болады бірақ ұрлық пен тонауды қылмыстардың өзге түрінен ажыратуға мүмкіндік береді. «Талан-тараж» түсінігі ұрлық пен тонауды меншікке қарсы қылмыстардың кейбір түрлерінен (мысалы, мүлікті құрту) айырып ғана қоймайды және оларды азаматтық деликтерден де ажыратады. 
Қазіргі уақытта қылмыс құрамы ұғымының мазмұнына кірістірілетін белгілер жинағында бір қылмысты өзгесінен ажырату рөлін атқармайтын тек бір белгі бар сияқты. Бұл-заңи көзқарас тұрғысынан барлық қылмыстар үшін бірдей болып табылатын есі дұрыстық. Егер қылмыстық-құқылық нормада гипотезаны барлық қылмыстар үшін бірдей олардың жасалуының шарттарының жиынтығы ретінде бөліп қарасақ онда есі дұрыстықты гипотезаға жатқызуға болады.

      Есі дұрыстықтың қылмыс субъектісінің  белгісі ретіндегі тұлғаның өзінің жүріс-тұрысына психикалық қатынасының  нысандарымен тығыз байланысты болуы  ондай ғылыми көзқарасқа кедергі  келтіреді. Одан басқа есі дұрыстық қылмысты қылмыстық жауаптылықты туындатпайтын қоғамдық қауіпті жағдайда тиісті ескертпелер жасай отырып құрам белгісі ретінде қарастыратын боламыз.  Құрамның дерексіздігі, оның жалпыламалық мәнісі белгілі бір жағымсыздыққа ие болады.

Ол заңның тек белгілі бір белгілердің  жиынтығының барысында ғана қылмыстық жауапкершілікті қарастыратындығынан және көптеген мән-жайларды есепке алмайтындығынан көрініс табады. Кез-келген құқықтың әртүрлі адамдарға бірдей көлемді қолдану болып табылатындығы белгілі. Алайда құрамның дерексіздігі және жоғарыда атап өтілген заң нормасының формализмі шешуді талап ететін жағымсыз жақтарға ғана ие емес аталған кемшіліктердің орнын толтырарлықтай жағымды қасиеттерге де ие болады. 
 Олар неден көрініс табады? Бірінші кезекте заңмен азаматтардың барлығына қойылатын талаптардың бірлігі мен айқындығы. Олардың барлығы ұлттық, әлеуметтік, діни және басқа да айырмашылықтарына қарамастан заң алдында тең. Ол қылмыстық заңнаманың қ тұлғаларға бірдей талаптар қоюынан көрініс табады. Ұрлық құрамы оны кімнің жасағанына қарамай барлығы үшін бірдей және бұл алдын алу мен тәрбиелеуде үлкен маңызға ие болады. Қылмыстық-құқылық норманы дұрыс құрастыру құрам дерексіздігінің жағымсыз жақтарын жоюдың негізгі шарты болып табылады. Норма заңшығарушы қарастыруға және тиым салуға тырысатын қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерді ғана барынша дәлдік және толықтықпен көрсетуі тиіс. Бұл өз кезегінде заңшығарушыдан өте жоғарғы деңгейдегі заң техникасын меңгеруді талап ететіндігі айқын. Осы тұрғыдан алғанда біздің әліде болса кемшін соғып жатқан тұстарымыздың басым екендігі жасырын емес 
 Алайда заңның барынша жетілдірілген мәтінінің барысында да норманың абстрактивті талабы мен өмірдегі ситуациялардың нақты ерекшеліктерінің арасында қайшылықтар пайда болуы мүмкін. Осындай жағдайларда бұлар қылмыстық жауаптылықты болдырмайтын ерекше мән-жайларды қарастыратын ҚК-тің Жалпы және Ерекше бөлімдерінің нормалары арқылы шешіледі. Қылмыс құрамы белгілі бір құрылымға ие болғандықтан оған оны құрайтын белгілер арасындағы байланыстардың түрін, сипатын білдіретін белгілі бір конструкция тиісті болады. Құрамның белгілері әртүрлі болғандықтан және өзара комбинациялардан тұрады бұл өз кезегінде қылмыс құрамдарының әралуандығына алып келеді. Көптеген жағдайларда құрамдардың бірнеше белгілері бір негізде топтастырылады, басқаша айтқанда қылмыс құрамының жекелеген бөліктерін құрастырудың типтік үлгілері бар. Мысалы, ұрлықтың және тонаудың тиісінше адам өлтірудің және денсаулыққа жеңіл зардап келтірудің құрамдары бірдей конструкцияға ие.  Екінші жағынан көптеген құрамдар өзара конструкциясы бойынша айырмашылыққа ие болады.

Информация о работе Қылмыстың ұғымы мен міндеттері